Северное селолық округі әкімінің 2013 жылдың 9 ай көлеміндегі жұмысы туралы есебі



Дата23.02.2016
өлшемі120.09 Kb.
#4087
Северное селолық округі әкімінің

2013 жылдың 9 ай көлеміндегі жұмысы туралы

есебі
Северное селолық округін 3 елді мекен қосады – Феклистовка, Северное, Ермаковка, жалпы есеп бойынша - 698 адам Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны- 457 адам. Олардың ішінде жұмыс істейтіндер – 234 адам, өзін – өзі қамтитындар- 140 адам, оқушылар – 64, мектепке дейінгі балалар саны – 41. Аз қамтамасыз етілген отбасы саны- 3. Жағдайы төмен – 3 отбасы. Барлық зейнеткерлер саны- 125 адам.

2013 жылдың 1 шілдедегі санақ бойынша округ халқының қосалқы шаруашылығы мынадай:

Ірі қара мал- 1118 бас, ұсақ мал-1417, шошқа саны-630, жылқы саны-154, құстар- 4100, қояндар – 77, омарта – 581. 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында несие алуына байланысты ІҚМ және ұсақ мал басының көбейіуі жоспарланып отыр. Есеп бойынша округте 3558 ц.ет , 10093 ц сүт сауылса, 203 000 дана жұмыртқа алынған.

Округ аймағында 40 субъект шағын бизнес тіркелген, соның ішінде 5 дүкен және киоск, 2 жолаушыларды тасымалдайтын жеке кәсіпкерлер. Округтегі кәсіпкерліктердің негізгі бағыты ауыл шаруашылық өнімдер болып табылады. Осы бағытта 23 ЖШС мен ауыл шаруашылығы, 1 кредит серіктестігі жұмыс атқарады.

2013 жылға аумағы 4770 га жерге дәнді-дақылдар мен күнбағыс, аумағы 300 га жерге көпжылдық шөп салынды. Шағын бизнес шаруашылығында 120 адамнан астам жұмыс істейді.

Жыртылатын жердің барлығы шаруа қожалықтарына өзара бөлінген Аталған ауылшаруашылық бірлестіктің салық және жалақыны төлеу бойынша қарыздары жоқ.

Северное ауылында құрылған «Тандем - Север» несиелі бірлестік өз жұмысын ары қарай жалғастыруда, алынған өнімдерін (жұмыртқа) Өскемен қаласы, Жаңа Бұқтырмада және Серебрянск қаласында сатады.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында округтің 9 тұрғыны 23,0 млн теңге көлемінде мал өсіру мақсатында несие рәсімдеді. Алынған несие сомасына мал, техника және құрылыс материалдары алынды.

Северное селолық округінде 5 дүкен және киоск жұмыс істейді, олар халықты нанмен, ет- сүт, ұн тағамдарымен қамтамасыз етіп отырады. Үнемі сатылымда жеміс- жидектер, кондитер тағамдары болып тұрады. Жазғы айларда Өскемен-Рахман қайнарлары жолының 55 км қымыз сату ұйымдастырылған.

Округ кәсіпкерлері ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуы жөніндегі сұрақтарға белсене қатысады. Жыл сайын шағын бизнес кәсіпорын басшылары әр түрлі шаралар мен мереке күндеріне демеушіліктерін ақшалай, сыйлықтар ретінде көмек көрсетіп тұрады. Олардың демеушілік көмегімен өз деңгейінде Наурыз мейрамы, Жеңіс күні және қарттар күні, «Мектепке жол акциясы» өткізілді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындау кезінде демеушілік көмек көрсеткендер: «Еламан» ш/қ, «ТАН» ЖШС, округтін әкім аппараты, Воробьева С.Д, мектеп мұғалімдері, «Алтай Альпісі» ЖШС, ЖК Г. Акказина мен И.Евдокимова.

Округ аумағында «Таулы – Үлбі орман шаруашылығы»ММ орналасқан, (басшысы Воробьев А.Ю.) ауылдағы тұрғындардан 24 адам жұмыс істейді. Олар барлығы 20,0 мың әр түрлі ағаш түрінің жас шыбықтарын отырғызды.

2013 жылыдың 9 айы бойынша «Зырян ауданы жұмыспен қамту орталығы» ММ есепте тұрған тұрғындар саны 14 адам құрады, оның ішінде 8 адам бақшашылық бригадада жұмыс істеді.

Округ ауылдарында жеке меншік малды жаю түйінді мәселелердің бірі болып отыр.

Северное және Феклистовка ауылдарындағы су құбырлары иесіз қалып округ әкім аппараты балансына берілген. Барлық ауылдарда су құбырлары істен шыққан, алайда Ермаковка және Северное ауылдарының тұрғындарында жеке скважиналар мен құдықтар бар Ағымды жылдың мамыр айында Феклистовка ауылында скважинаны бұрғылау жұмыстарына конкурс жарияланды. Берілген жұмыс бойынша смета орындалмады, себебі сайыс жабдықтаушының жоқтығына байланысты орындалмады. Қоғам өкілдерінің жиынында Феклистовка ауылының тұрғындарын ауыз сумен қазан айынан бастап сәуір айы аралығында тасмалдау әдісімен қамтамасыздандырылады деп шешілді.

Бүгінгі таңда округ тұрғындары бұлақ, құдық суларын пайдаланады. Ауыз су сапасы Санитарлық ереже нормаларының талабына сай. Ағымдағы жылы Киров орта мектебінде ауыз су және дәретхана мәселелері шешілді.

2013 жылдың 9 айдың ішінде тұрғындар денсаулығын сақтау жөнінде үлкен көлемде жұмыстар атқарылды. Басты назарда тұрғындарды қолжетімді және тегін алғашқы медико - санитарлық көмекпен қамту мәселесі. 5 жасқа дейінгі балалар тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етіліп отыр. Ағымды жылдың тоғыз айы аралығында округ бойынша 8 адам дүние салды ( егде жастағы адамдар), округ бойынша 1 нәресте дүниеге келді, дамуында ауытқулар жоқ. Округ бойынша құрт ауыруымен ауыратын науқас – 1, ауыр науқас-1 адам, бала және ана өлімі жоқ. Диспансерлік есепте 100 адам, барлығы тексеруден өткен, жеңілдік бойынша дәрі – дәрмекпен жабдықталған. ФАП медициналық қызметкерлермен қамтылған. Ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген, қысқа дайындық жасалынған.

Әкім аппараты төтенше жағдайлар орын алып, науқасқа көмек қажет болғанда үнемі ауруханаға жеткізу шараларында көмек қолын ұсынып отырады. 2013 жылға арналған әкім аппаратының басты мақсаттары: округ тұрғындарын сапалы және қол жетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, 16 жасқа дейінгі балалар мен ер адам, әйел адамдардың ауруларының алдын алу, кең ерекшеліктермен диагностикалау және емдеу, округ халқының флюротексеруден 100% қамтылуы, ана және бала өлімінің алдын алу.

Жыл сайын жас бойынша зейнеткерлікке шыққандарға, асыраушысынан айырылғандарға, мүгедектерге арналған әлеуметтік жәрдемақы өсіп келеді. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мекен- жайлық сипат алуда. Феклистовка, Ермаковка және Северное ауылдарында қарт жалғызбасты азаматтардың тұрмысын жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың қамқорлығында - 8 адам.

Округтің әкім аппаратында 11 адам жұмыс істеді, олардың 4-еуі мемлекет қызметкері. Ағымдағы жылда мал ауруларының алдын алу бойынша белгілі жұмыстар атқарылды, мәселен, идентификация , мал басының өсуі мен есепке тіркеу жұмыстары. Малды идентификациялау жұмысы ары қарай жалғастырылады. 2014 жылы мал жемтіктерін тастайтын орынның құрылысын анықтау жұмыстары атқарылмақ. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында иесіз иттерді жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

Міндеттер мамандар арасында бөлінген, өзіне жүктелген жұмыстарды өз құзіреттіліктері шегінде орындап жатыр.

Округтегі белгілі жұмыстарды атқару үшін әкім аппаратында Жұртшылықпен кеңес және әлеуметтік экономикалық даму бойынша комиссиялар құрылған. Комиссия отырыстары өткізіліп, құқықбұзушылықтың алдын алу, ішімдікке әуес әрі жұрттың шырқын бұзатын адамдармен кездесулер, округ дамуы бойынша мәселелер де қаралады. Халыққа көмек көрсету мақсатында 2013 жылдың басынан аппарат қызметкерлері келесі құжаттарды ресімдеді: зейнеткерлер құжаты -13. Ауыл тұрғындарына шабындық үлескелер – 7 тұрғынға берлген, тіркелген және қайтадан тіркелген – 14 адам, несиені рәсімдеуге көрсетілген көмек -9 адамға, маскүнемдіктен құтқару мақсатында - 3 адамға көмек көрсетілді. Сонымен қатар жаңа туған сәбилерге берілетін жәрдемақы –1 адамға, мекенжайлық әлеуметтік көмек – жоқ, ал 18 – ге дейін төленетін жәрдемақы - ешкімге тағайындалған жоқ.

Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде әкім аппаратына жеке тұлғалардан 83 және заңды тұлғалардан 1 үндеу түсті. Олардың бәрі қанағаттандырылып, толық ақпараттандырылды. 2012 жылы қаңтар айынан бастап әкім жанында келіспеушіліктер, даудамайларды сотқа дейін реттейтін мамандандырылмаған медиатор жұмысын жасап жатыр.

Северное селолық округі әкім аппараты өз құзырлығында Қазақстан Республикасы заңдарын орындауда, соның ішінде әскери міндеттер, азаматтық қорғаныс сауалдары бойынша өз уақытында мәліметтер беріліп отырылады. 2013 жылдың басынан бастап медициналық тексерістен барлығы 19 адам өтті.

Кеңсе ғимараты мен Березовка шатқалындағы ЛЭП сот тергеуінен өтіп, кеңсе әкімшіліктің құзырлығына берілді, ал ЛЭП Зырян ауданының ТҮКШ берілді.

Ветдәріхана мен ветдәрігердің кабинетіне әкімшілік ғимаратынан бөлме таңдалып, бөлмені «Зырянветтің» құзырлығына беру туралы келісім-шарт жасалынды. Құрылғылар мен жиһаз, компьютер әкелінді.

ҚР заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Тұрғындардың әртүрлі деңгейлерімен 65 кездесулер өткізілді.

Феклистовка ауылында балаларға арналған ойын алаңының құрылысына 1,5 млн. теңге мөлшеріндегі смета дайындалды. Бұл қаражат «Региондардың дамуы» бағдарламасы бойынша бөлінген. Мамыр айында алаң құрылысының жұмыстары бойынша конкурс жарияланып, конкурсты Курчатов қаласының ЖК «Фирсов» ұтып алды. Жұмыс уақытылы орындалмады. Әкім аппараты Өскемен қаласында орналасқан экономикалық сотқа шағымданды, сот өз шешімінде жабдықтаушыны мемлекеттік сатып алудың алақол кәсіпкер ретінде танып, 36 ай мерзімге конкурстарға қатысу құқығынан айырды. Қазіргі таңда конкурсты Өскемен қаласының ЖК «Попова» ұтып алды.

Жиналған барлық салықтың мөлшері 397 838 теңгені құрады.

Әкім аппаратының бюджеті ай сайын 100% орындалып отырады. Жалақы төлеу және басқа да төлемдер бойынша қарыздар жоқ.

Округте ХДП «НұрОтан» бар. Партия қатарында барлығы 33 адам бар, оның ішінде 5 зейнеткер, 4- уақытша жұмыссыздар. Жыл сайын партия қатары жастардың есебінен толығып отыр: өткен жылы партия қатарына 3 адам қабылданса, биылғы жылы партия қатары 3 адамға толықты.

Северный селолық округінің қызметкерлері мен жергілікті учаскелік полиция инспекторы елді мекендердегі санитарлық тазалық пен аббаттандыру бойынша жұмысқа бақылау жүргізеді. Жалпы округтегі санитарлық тазалық қанағаттанарлық. 2013 жылы санитарлық тазалық, көгалдандыру мен абаттандыруға 28 000 теңге бөлінді. Ол қаражат қатты қоқыс қалдықтарын шығаратын орынды тазалау үшін жұмсалады.

Мәдениет және білім мекемесінің қызметкерлері адамның рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жолында өз жұмыстарын жалғастыруда. Феклистовка мен Северное ауылдарында кітапханашы және музыка жетекшілері жұмыс істейді. Барлық мейрам күндері мен мемлекеттік мейрамдарда мерекелік концерттер, КВН, спорт шаралары,дөңгелек үстел мен мерекелік дастарханда кездесулер өткізіледі. Жыл сайын аудандық және облыстық деңгейде өтетін сайыстарға қатысып тұрамыз.

Ауыл тұрғындарының рухани дамуын арттыруда біздің мектептер көмек көрсетіп келеді. Округте 2 мектеп бар: Феклистовка ауылында аралас орысша- қазақша мектеп, ал Северное ауылында толық емес орта мектеп. Мектептептерді жұмыс өтілі жоғары педагогтар басқарады. Мұғалімдер білімінің көрсеткіштері – жоғары. ҚР тілі мен білімі туралы заңдар орындалады. Мектеп оқушылары мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Дайындық тобы өз жұмысын жалғастыруда. 1 қыркүйектен бастап шағын – орталық жұмыс істеп жатыр. Дегенмен ыстық тамақпен қамту мәселесі әлі шешілген жоқ. Северное ауылында 4 жастан балалар дайындық тобына барады. Үкіметтік бағдарлама бойынша мультимедиялык кабинет, физика кабинеті, медицина кабинеті, информатика кабинеті жұмыс істейді. Округ мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, Киров орта мектебінде ауыз су мен дәретханалар жөнделіп, іске қосылған. Мектепішілік бақылауда оқушылар жоқ, құқықбұзушылыққа жол беруге қауіпті оқушы да жоқ.

2013 жылға және одан арғы жылдарға білім беру саласында мынадай мақсат – міндеттер қойылған: округтегі бала санының 100% көрсеткішімен және толық жұмыс күнімен қамтылған шағын орталық пен мектепке дейінгі дайындық тобының арығарай жұмыс жасауы, мектепте сапалы білім алу үшін инновациялық әдіс- тәсілдерді қолдану, ҰБТ көрсеткіштерін жақсарту, мектептерді педагогикалық кадрлармен қамтамасыздандыру, үш тілдікті енгізуді жалғастыру, өскелең ұрпақты Қазақ елінің патриот ұландары болуына тәрбиелеу, Жалпы Қоғамдық Еңбек өміріне дайындау, және жаңа қазақ алфавитін өмірге енгізу жұмыстарына қатысу.

Жергілікті жолдарды тазалау округ әкім аппаратына жүктелген. 2013ж. жолды тазалауға 2195 мың теңге бөлінген (1294 мың теңгесі игерілді). Қосымша 2,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Қыс уақыттарында жолдарды тазалап тұруға «Еламан» жеке кәсіпкерлігімен 1,796 мың теңге сомасына келісімшарт жасалды. «ОблШығысжол»ЖШС Северное аулына дейінгі жолға тазалық жүргізеді.

Автобус қатынасы округте бар, бірақ жетіспеушілік те жол алған. Жолаушылар жеңіл көлікпен де жол жүреді. Қысқы уақыттарда жол жақсы.

Округте телефон мәселесі шешуін тауып, барлық тұрғындарға радиотелефондар орнатылған. «Мегалайн» жүйесі де қолжетімді болды .

Северный селолық округінде қылмыстың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Учаскелік полиция инспекторы тағайындалып, қызметтік автокөлік бөлінді. Жылдың басынан округте келесі құқықбұзушылық анықталды: маскүнемдік ксірінен 2 адам өлтіру (қолмақол ашылды), жеке мүлікке 2 ұрлық жасалды (1- жеке мүлік, 1- мемлекеттік мүлік): 2 қылмыс ашылды, отбасы - тұрмыстық жағдайға байланысты қорғауға 8 хаттама, ҚР әкімшілік – құқықтық Кодексінің 1 бөлім 75-5 бабы бойынша жазылды, ұсақ - түйек бас бұзақылық (1 б.330 бап) - 4 адам, қоғамдық орындарда мас күйінде болғандар – 18 адам, (ҚР әкімшілік – құқықтық Кодекстің 1 бөлім 336 бап.), тыныштық бұзғандар (1 б. 333б) – 11. Жыл көлемінде жасалынған хаттамалар саны- 48, бос жүрген иттерге- 12, ауланы лас ұстағаны үшін-24, тыныштық бұзған үшін– 11, көлікті рұқсат қағазсыз жүргізген үшін – 1 хаттама.

Біздің округте қазіргі уақытта 13 ҚХР көшіп келген отбасы тұрады. Олардың ішінен зейнеткер – 3 (жасы бойынша -2, 1 –і көпбалалы ана), медаль алған – 1, жұмыс істейтіндер – 16 адам, оқытылып, жұмысқа орналастырылған - 1. Азаматтық статусты – 34адам алды, 5 отбасы іқтиярхат арқылы тұрып жатыр. Әр отбасы картоп отырғызып, бақшашылықпен айналысуда және мал өсіреді. 5 адам қоғамдық жұмысқа алынды. Көбінде ҚХР- нан әкелген және Қазақстанда сатып алған техникалары, автокөліктері бар. ҚР Заңдарына сай оралмандармен түсіндіру жұмыстарына байланысты отырыстар болып тұрады. Осы отырыстарда аудан әкімінің аппарат бөлімінің басшылары мен көші- қон басқармасы қатысып тұрады. Кез келген мерекелік шараларға белсене қатысады, әсіресе аудан және облыс көлемінде өткізілген қолөнер бұйымдары көрмелеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Соңғы 2 жылда округтен ҚХР келген 2 отбасы шығып кетті, «Нұрлы – Көш» бағдарламасы бойынша-3 отбасы, Ұлан ауданына – 1отбасы, Астана маңына 3 отбасы, Алматы облысына 2 отбасы көшіп кетті.

Округтің әкім аппаратының мамандары көшіп келген оралман отбасыларға құжаттарын ресімдеуде, жұмысқа орналасуда, несие және т.б жұмыстарда үлкен көмек көрсетеді

Әкім аппараты мақсатты түрде оралмандарды өзінің тарихи отанына бейімделу жұмыстарын жалғастырып, құжаттар рәсімдеуде, оқуда және қайта оқу мен жұмысқа орналасуларына, оралмандар арасында аз қамтылған отбасыларына қол ұшын беріп, балаларына әкім гранттарын иеленулеріне көмек көрсетеді.

2013 жылға міндеттер:
Округ аумағындағы елді мекендерді кешенді абаттандыру және көркейту жұмыстарымен, инфрақұрылым қызметімен қамтамасыз ету. Иесіз үйлердің санын азайту және әкім аппараты мекемесіндегі қызметкерлер үшін материалды-техникалық базаны жақсарту,округ бойынша жұмыссыздар санын азайту, мал шаруашылығын кеңейту үшін несиелеуді арттыру, негізгі рейтингті мониторинг көрсеткіш үшін жаңа бағдарлама енгізу, округтің даму тұрақтылығы мен тұрғындардың өмір сүру ортасына тиімді жағдай жасау, округтегі қаражатты толықтай меңгеріп, халыққа жүргізілген жұмыс туралы ақпараттарды жеткізу.
2013 жылдың қаңтар айында өткен Северное селолық округі әкімінің халықпен есептік кездесуінде айтылған ұсыныстар мен түйінді мәселелері.


№ р/н

Елді-мекен

Ұсыныстар,

Түйінді мәселелер



орындалу

1.

Феклистовка ауылы

Автобустық қатынас реттелген.

Ұялы байланыс мәселесі (Интернет).


Балалар алаңының құрылысы

Ағаштардың бұтақтарын кесу.


Сумен жабдықтау.

Көшелерді жарықтандыруды жалғастыру.


Конкурс ұтып алынған.

Автобустық қатынас реттелген


«Мегалайн» қосылған

Бөлінген қаражат мөлшері

1576 000 тенге. Конкурсты ЖК Попова Г.В. ұтып алды. Құрылыс мерзімі ағымды жылдың қазан айында.
Ағымды жылдың қазан айында «Сәулет» ЖШС ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізеді.

Қазан-сәуір айларында Феклистовка ауылының тұрғындары сумен қамтамасыз етіледі.


Феклистовка ауылының Школьная, Кирова көшелерінде жарықтандыру жалғасты.

2.

Северное ауылы

ФП дәрі-дәрімектерін сатуды ұйымдастыру.
Жұмыртқа әкелетін тауықтардың өнімдерін

сертификаттауға көмек көрсету.


«ТАН» ЖШС иесіз қалған нысандарды беру.

Фельдшер дәрі-дәрімекті тапсырыс бойынша әкеледі.
Көмек көрсетіліп келеді.
Иесіз қалған нысандар жоқ.

3.

Ермаковка ауылы

Жол тазалау автобус павильоны

Кож. овод.

ЖШС «ТАН» (шабындықтар)


Павильонның құрылысы ағымды жылдың қазан айына жоспарланған.
Орындалды.

Тұрғындар шабындықтармен қамтылды.





Северное селолық округі

әкімінің міндетін атқарушы Ғ.Воробьева.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет