5
1-сабақ.
1тарау.Кіріспе. Құжат, оның қызметі және құжаттау тәсілдері
«Құжат» - латын тілінде «куәлік», дәлелдеу тәсілі деген мағынаны білдіреді.
Оның бүгінгі қолданыста негізгі
үш мағынасы бар:
1.Қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген
құқықты растайтын іс қағазы
(жол жүруге)
2. Жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат).
3. Бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (ескі грамоталар)
Үш міндеті бар:
1. Құжаттау (құжаттарды дайындау, ресімдеу)
2. Басқару ісін жүзеге асыру барысында құжат қозғалысын ұйымдастыру
3. Құжат мұрағатын жүйелеу
Құжаттар
мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар
және азаматтар арасындағы,
заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастар үшін қызмет етеді. Құжаттар
басқарудың
құралы ретінде жоспарлауда,
қаржыландыруда, несие беруде т.б.
түрде қолданылады. Іс жүргізу құжаттары - хабар-мәліметтің қайнар көзі және
таратушысы, заң арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі болып табылады.
Кәсіпорындарда жасалатын құжаттар хат-хабар деп аталады. Құжаттардың
жасалуына,
олардың тіркелуіне, жіктелуіне,
қозғалысына,
есепке алынуы мен
сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс-қағаздарын жүргізу деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: