51
Ә.
Білім беру мекемелерінің балалар мен жасөспірімдердің
девиантты мінез-құлықтары, іс-қимылдарының алдын алуын
және оны жеңу жолдарының тәрбиелік рөлін арттыру.
Мектептерде арнайы дайындалған педагогтар қызмет атқара-
ды. Бұл мамандарға балалар мен жасөспірімдер оқу және тәрбие
барысында сенім артады. Оқытушылардың қызметіндегі басты
бағыт тәрбиеге беріледі. Педагогтардың педагогикалық қызмет-
теріндегі жіберген қателіктері мен кемшіліктері, олардың тәрбие-
ленушілеріне қымбатқа түседі.
Білім беру мекемелеріндегі тәрбиені арттыру жолы ретінде
мыналар анықталады:
– оқытушылар дайындығының
құрамдық сапасын және
олардың жоғары педагогикалық мәдениетін қалыптастыру;
– білім мекемелерінде педагогикалық қызметке мейлінше
жағымды жағдай тудыру;
– оқытушылар құрамының өзбетінше білімін жетілдіруге
түрткі болу, педагогикалық шеберліктері мен мәдениетін жетіл-
діру;
– білім мекемелерінде әлеуметтік қызмет ұйымдастыру,
девиантты іс-қимылды балалармен және жасөспірімдермен жеке
жұмыс жүргізу, мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу;
– білім беру мекемелеріндегі сабақтан тыс тәрбие жұмысы-
ның жүйесін дамыту;
– ата-аналарды тәрбие жұмысына қамту, олардың педаго-
гикалық дайындығын жетілдіру.
Б.
Отбасы мен мектептің өзара мақсатты әрекеттесуі отбасы-
ның, мектеп пен тұрғылықты жердегі әкімшілік органдардың ба-
лалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық іс-қимылда-
рының алдын алу және оны жеңу жолдарын қарастыру.
Мектеп пен отбасының бірлескен
әрекеттері балалар мен
жасөспірімдердің тәрбиесінде оң нәтиже береді. Сол мақсатта
мынадай тәжірибелерді басшылыққа алуға болады:
– мектепте ата-аналарға арналған әдістемелік семинар ұйы-
мдастыру ( ата-аналарға дәрістер мен семинарлар);
– бала бақшадағы, мектептегі ата-аналар комитетінің рөлін
арттыру, ата-аналар мен мұғалімдердің байланысын күшейту;
– білім беру мекемелерінде балаларға қамқорлық көрсету
ұйымдарын құру және оларға ата-аналарды белсенді араластыру;
52
– мұғалімдер балалардың үйіне барып,
олардың тұрмыс
жағдайларымен танысуы тиіс;
– мұғалім, әлеуметтік педагог тарапынан ата-аналардың
тәрбие жұмысына көмек көрсетіп, қолдау.
Балалардың қарым-қатынас ортасын анықтап, өзара әрекет-
тесуін басқару және оны дамыту, тәрбиелеу. Баланың дамуы мен
тәрбиесіне онымен тікелей қарым-қатынастағы адамдардың әре-
кеттесуінің маңызы зор. Олардың беделі, күші, балаларды ұйы-
туы, ерік-жігерін билеуіне қарай оларды қандай бағытта дамыту-
ға ықпал жасауға болатынын анықтайды. Осыған орай тәрбиеші
тәрбиеленушінің қарым-қатынас ортасын анықтап, олардың ай-
наласындағы адамдармен әрекеттесу үдерістерін педагогикалық
тұрғыдан басқарады.
В.
Мектептен тыс тәрбие жүйесіне консультация беру, отба-
сына және балаларға девиантты мінез-құлықтарын, іс-қимылда-
рын жеңуге көмектесу.
Қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан және мемлекеттен тыс
отбасымен жұмыс істейтін орталықтар құрылған. Онда білікті
мамандар қызмет етеді, девиантты
балалардың мінез-құлқына,
іс-қимылдарына диагностика жасап, олармен отбасында қалай
жұмыс жүргізу керектігіне кеңес береді.
Г.
Девиантты мінез-құлықтағы балалар мен жасөспірімдерді
қайта тәрбиелеу және түзету мекемелерінің қызметін жақсарту.
Арнайы тәрбиелеу (қайта тәрбиелеу) орталықтары мектеп-
терге комиссия жібереді немесе балалардың өздері орталыққа ке-
леді және мектептің ұсынысына байланысты кәмелетке толмаған
балалар бөлімінің қызметкерлері
отбасына барып кеңес береді
және балаларды зерттеу үшін өз орталықтарына шақырады.
Ғ.
Балалар, жасөспірімдер мен бозбалалардың әлеуметтік-
педагогикалық мәселелерін шешетін орталықтар жүйесін дамыту:
– педагогикалық коррекция және педагогикалық реабили-
тация;
– медициналық-әлеуметтік-психологиялық орталықтарда ба-
лалар мен жасөспірімдердің маскүнемдігі мен нашақорлығын
жеңу, зорлық құрбандарын сауықтыру, әлеуметтік виктимология.
Д.
Ақпарат құралдарының жағымды мүмкіндіктерін қолдану
және балалар мен жасөспірімдерді жағымсыз ықпалдардан сақ-
тандыру.
53
Балалар мен жасөспірімдердің дүниетанымына ақпарат құ-
ралдарының ықпалы зор екені белгілі жайт. Ақпарат құралдары
көрермендердің
сұраныстарын ескерместен, түрлі тақырыптар-
дағы ақпараттарды таратады. Қазіргі отбасы тұрмысында бейне-
техникалардың ауқымды ақпарат мүмкіндіктері кеңінен қолда-
нылады.
Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері бойынша
жастарға ақпараттар мен бейнефильмдер күш көрсету культін,
еркін секс, жеңіл жолмен ақша табуды көп насихаттайды. Мұн-
дай ақпараттар ешбір бақылаусыз және белсенді түрде
барлық
арналар және бейнефильмдер арқылы кеңінен таратылады. Олар
(теледидар, бейнефильмдер) орнықты адамгершілік негіздері
жоқ адамдардың кейіптерін қалыптастырып, қылмыстық әрекет-
терді насихаттайтын оқу құралдарына айналып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: