Кіріспе
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімнің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек. phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы
Тұрақты тіркес түрлерінің ішінде бірден ерекшеленетін мақал мен мəтелдер. Сондықтан да мақал-мəтелдер қазақ тілінде ауыз əдебиетінің үлгілері ретінде фразеологизмдерге қарағанда ертерек жинастырылып, хатқа түскен. Қазақ ауыз əдебиеті үшін мақал-мəтелдер халықтық мəдени мұраның қайнар көздерінің бірі болып танылады. Мақал-мəтелдер тілдік тұрғыдан гөрі фольклорлық əдебиетте көбірек сөз етілген. Алайда халықтың танымдық-əлеуметтік деңгейінен хабардар ететін мақал-мəтелдер сөйлеу кезінде фразеологизмдер сияқты даяр қалпында қолданылады.
Тұрақты тіркес деген термин мақал-мəтелдерге де, фразеологизмдерге де қатысты жалпы атау. Бұл олардың тұрақты қолданысына қарай берілген ұғым. Мақал-мəтелдерді паремиологиялық қорға жатқызса, фразеологизмдерді фразеологиялық қорға жатқызады. Сонда тұрақтылықтарына қарай ғана бір атаудың аясында аталып жүр.
Мақал-мəтелдердің танымдық-прагматикалық негіздері фразеологизмдер сияқты өзінің сарқылмас байлығын ұлт тіліндегі бейнелі сөздер мен шешендік өнердің сарқылмас қазынасынан алады. Бұл мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің арақатысының өзара терең байланысын көрсетеді. Кез келген тілде бұлар қатарласа келіп, ойдың қисынын қиюластырады, сөздің мəнерлілігін арттырады, сөйлеушінің тіл байлығын көрсетеді, шеберлігін ұштайды.
Мақал – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Сондықтан да бұрыннан келе жатқан даяр материал болғандығына қарамастан жұрт мақалдарды айтуға да, сонымен қабат тыңдауға да соншалықты құмартып тұрады.
Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы
Мақал-мəтелдер мен фразеологизмдер қолданыс ыңғайында үнемі қатар жүретіндіктен, əсіресе тұлғалық жағының ұқсастығынан ойды бейнелі мағынамен жеткізуде бір-бірімен астасып жатады. Əдетте мақал-мəтелдер ұзақ уақыт бойы өмір тəжірибесінен екшеліп, ойлау процесінде сұрыпталып барып қалыптасады. Сондықтан мақал-мəтелдердің пайда болуына ұзақ уақыт өтеді. Ал тілімізде фразеологизмдер түрлі ситуацияға қарай сөйлеу үстінде аяқ-астынан пайда болады. Егер айтушы, сөйлеуші өзі естіген, ұнаған фразеологизмдерін неғұрлым жиі-жиі қолданатын болса, онда естуші, қабылдаушы (адресат) тіркестің тұрақталуына да соғұрлым ықпал етіп, келесі кезекте сол тіркес басқа адресантттың қолданысына ие болады. Мысалы, арам өлу – малдың бауыздалмай тұрып, өліп кетуін суреттейтін тұрақты тіркес. Мұсылман заңы бойынша малға бата жасап, аяқтарын буып бауыздап барып сояды. Сонда бұл малдың еті жеуге жарамды деп есептелінеді. Ал өзінен-өзі өліп қалған малды арам өлген деп, жеуге жарамсыз етіп пайдаланбайды. Демек бұл тіркес бұрыннан бар, мал баққан халыққа етене таныс жағдай.
Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы
Тұрақты қолданыста бар тіркес енді Қойшы көп болса, арам өледі деген мақалдың тууына себепкер болады. Осындай модельде жасалған:
Ағын су → Ағын суда арамдық жоқ;
Əдет болу → Əдет əдет емес, жөн əдет;
Туған жер → Туған жерге туың тік;
Бадырақ көз → Ақымақ басқа бадырақ көз бітеді;
Келтірілген мысалдарда фразеологизмдер мен мақал-мəтелдердің бір тамырдан тараған, діңі ортақ бірі – жапырағы, бірі – гүлі іспеттес тұтас дүние екендігін байқауға болады. Бұл мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің өзара мағыналық байланысын көрсетеді.
Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы
Айырмашылықтары:
- Мақал-мəтелдердің мағынасы құрамындағы сөз сыңарларының /компоненттерінің / бір-бірімен байланыссыз өзара жеке тұрып тақолданыла беретін сөздерден шығады. Мысалы, Көрдім – көп сөз,көрмедім – бір сөз; Шегірткеден қорыққан егін екпес.
- Фразеологизмдердегі əрбір жеке сөздердің барлығы бірігіп бір фразеологиялық мағынаны білдіреді. Мысалы, жүрегі тас төбесіне шығу – қорқу; Қыпша бел – жіңішке бел; Мұрнына су жетпеу – қолы тимеу, уақыты жетпеу,
- Фразеологизмдерді фразеологизм деп тану үшін қойылатын үш түрлі басты ерекшелік бар. Олар: мағына тұтастығы; тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы. Ал мақал-мəтелдерде тек тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы байқалады.
- Фразеологизмдер функционалдық қызметіне қарай бейтарап, кітаби, ауызекі сөйлеу тіліндегі жəне қарапайым, дөрекі мəнде қоланылатын стильдік қабаттарға жіктеледі.
- Фразеологизмдердің сөйлем ішінде жұмсалуы үшін белгілі бір оралымға негізделеді. Сүйемел сөздер жұмсалады.
- Айтылатын ойды жеткізудегі пресуппозициялық ерекшеліктеріне қарай, мақал жəне мəтелдер деп бөлінеді. Мақал ойды толық аяқтайды. Мысалы: Қазанға жолама, қарасы жұғар, Жаманға жолама бəлесі жұғар. Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар. Мəтелде айтылатын ой тұспалдап жеткізіледі: Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме; Жығылсаң нардан жығыл.
Ұқсастықтары:
- Тұрақты тіркестер ретінде мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің құрылымдық ерекшеліктері сөз тіркесі, сөйлем құрылымдас, ұқсас болып келеді.
- Екеуі де ұлт менталдығы мен ұлт рухын сипаттайды.
- Мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің мағыналық қалыптасу үрдісіне қарай прагматикалық мəніне этнолингвистикалық талдау жасалынады.
- Фразеологизмдерге қойылатын кртеритерийлердің қолдану тұрақтылығы мен тіркес тиянақтылығы мақал-мəтелдерге де ортақ.
Достарыңызбен бөлісу: |