Шағын орталықта өткен ертеңгіліктің әзірлемесі Құрастырған: І санатты тәрбиеші Сагинбаева Райхангуль Турсуновна



Дата11.07.2016
өлшемі66.52 Kb.
#190546
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп


«Құтты болсын, НАУРЫЗ!»

(шағын орталықта өткен ертеңгіліктің әзірлемесі)

Құрастырған: І санатты тәрбиеші

Сагинбаева Райхангуль Турсуновна

Төртүй ауылы

2016 жыл

«Құтты болсын, НАУРЫЗ!»

Мақсаты:

Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

Қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары, ұлттық дәстүрімен таныстыру. Халқымыздың салт-дәстүрін қадірлеп, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:

Наурыз мерекесіне арналған суреттер, наурыз көже, ойынға арналған атрибуттар.


Ертеңгіліктің барысы:

Музыка әуенімен залға кіреді. (Балалар шеңбер бойымен тұрады).



Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін,

Күн нұрындай жылуын төге берсін!

Күндей жарық көңілді күн кешейік,

Бәріміз дос болып бөлісейік.

Тәрбиеші: «Наурыз –жыл басы» көктем мейрамы. Оны тойлап жатқанда айнала тегіс көгеріп, ағаштар бүршік жарып, құстар сайрап, жер беті құлпырып, адам жүрегінде ғажайып сезім оянады. Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастарқан жайылып, адамдар ұлттық киімдерін киеді. Бір-бірінің үйлеріне қыдырып барады. Наурызда алтыбақан құрылып, ән салады, би билейді. Ұлттық ойындар ойналады. Наурыз күні ағаш егіледі. «Наурызда бір тал ексең, жер көгерер»,

«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген мақалдар содан қалған.

Сондықтан балалар наурыз күні біз тал егуге шығып, жерді көгертейік.



(Екі жақтан 4 бала жаршылар. Музыка ойнап болған соң, олар қауымға бас иеді, кезегімен жар салады.)

1 –кернейші:

О,жараңдар, жараңдар!

Бәрін мыңда қараңдар!

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар!

2-кернейші:

Әуелесін армандар,

Үміті от боп жанғандар.

Бақ дарып, Қызыр дарысын,

Мерекеден қалмаңдар.
3 –кернейші:

О, жараңдар, жараңдар!

Тамашадан қалмаңдар.

Құс қанатты көңілмен,

Жер-әлемді шарлаңдар.

4-кернейші:

Оятып шың мен асқарды,

Ертіп мұз бен ақ қарды.

Нұрландырған даланы,

Наурыз-көктем бастады!

(Сахнаға ұлттық киіммен 1 ұл, 1 қыз шығады).

1-ұл:

Ассалаумағайлейкум, барша халық,

Қартқа құрмет, сыйлайық жасқа шабыт.

Салты солай Наурыздың...

Ей, адамдар, бауырларша, келіңдер, бас қосайық.
2-қыз:

Көктем сайын арда емген Ана-Күнді,

Дүбірлесін думаннан дала күллі.

Салты солай Наурыздың...

Ей, адамдар, туыстарша тойлайық жаңа жылды.
3-ұл:

Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,

Сол ізгі елдің ұрпағы мына біздер.

Ей, адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер.


Жүргізуші:

Тілейді олар:

-Болсын, -деп, ырыс жылы!

Жер бетінің болсын деп тыныштығы.

Салты солай Наурыздың...

Ей, адамдар, тым болмаса

Ұлы бол, Ұлыс күні!

Құрметті халайық! Көктемнің тамаша мерекесі,

Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын,

Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін.

Бүгінгі Наурыз тойына қош келдіңіздер!
Ән: «Наурыз келді»
1-бала:

Ау, жараңдар, жараңдар!

Қызыққа мына қараңдар!

Ұлыс күні Жаңаша,

Болыпты бір тамаша.

2-бала:

Түк татырмас Шығайбай,

Тек Алдардан ығар бай.

Мырза болып көл-көсір,

Өнерді бір шығарды-ай.

Жүргізуші:

Оңға да, солға да шашылыды,

Бүгінгі мейрамда Шығайбай көңілді.

Бұрыңғы өмірмен шорт кесіп құйрықты,

Бастамақ қайтадан жаңаша өмірді.

(көрініске кезек)



Алдар:

Уа, кім бар екен! Құдайы қонақпыз!



Шығайбай:

Қош келдің, қош келдің қонағым!



Алдар:

Ассалаумағайлейкум, байеке!



Шығайбай:

Уалейкумассалам!

(екеуі тос түйістіріп амандасады).

Алдар:

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, байеке!



Шығайбай:

Болсын, болсын, бірге болсын! Әй, бәйбіше, Алдакең келді, құтты қонақ келді. Қазан көтеріңдер, ас салыңдар!



Бәйбіше:

Е, өзіміздің Алдаржан екен ғой. Жоғары шық, қарағым, төрлет. Бізбикешжан, қонақ келді. Көрпе төсе, сусын әкел!



Шығайбай:

Ал, Алдеке, көптен көрінбей кеттің, Аман-саусың ба? Мал-жан аман ба? Не жаңалығың бар, айта отыр?.



Алдар:

Жаңалығым сол, жер –жерде жұрт наурызды тойлап жатыр екен. Елдің еңсесі биік, соған қуанам.



Шығайбай:

Иә, наурыз-құт-береке дарыған той ғой, ылайым солай болғай. (Бізбике сусын әкеп береді). Міне, сусын ала отыр, Алдеке.



Алдар:

Қазақта «Қонақ кәде» деген болады. Мойнымызда қарыз болып қалмасың, содан құтылайық. Мына жолдастарым жақсы ән айтып берсін.



Би: «Керуен»

ІІ көрініс:

Бала: Сүйінші, сүйінші дүниеге сәби келді!

Бәйбіше: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей, сүйіншінді ала ғой (сыйлық береді).

Шығайбай:

Бәйбіше, бүгінгі дастарханның ең үлкен асы-Наурыз көжең қайда? Әкелсеңдерші! (Бәйбіше қыздар жағалай наурызкөже таратады).



Бәйбіше:

Уа, халайық! Ауыз тиіңдер, қалмаңдар!



Шығайбай:

Алдеке, біз енді басқа ауылдың наурыз мерекелерін тамашалап, көріп қайтайық, той күні үйде отырғанымыз жарамас.



Алдар: Әрине, жүріңіз, барсақ, барайық! (бәрі кетеді).

Ән: «Домбырасыз сән қайда»

Жүргізуші:

Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, жинап ал несібенді,

Ризығың болсын көл-көсір!

Шашу!Шашу!Шашу!

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Көңілім дархан,

Несібем мол болсын деп,

Дәм тат, мынау шашылған көп шашудан!

Ойын: «Көкпар»

Жүргізуші:

Ой, қандай керемет, дүниеге сәби келді ,дүниеге бір қазақ келді! Балаға қандай ат қояды екен? Қазақтың ғұрыптарының бірі-



«Ат қою» рәсімі, кәне соңы тамашалайық.

ІІІ көрініс

«Ат қою» рәсімі

Әже:

Келін, балаға ат қоюды әулеттің үлкені Құнанбай атаңа берейік, немеремнің атын қойсын.



Құнанбай ақсақал:

(Баланы қолына алып) Балам, сенің атың Наурызбай болсын, Ұлыстың Ұлы күні дүниеге келдің, Наурызбай батырдай қайратты,ержүрек азамат болып өс! Үш рет құлағына сыбырлайды: -Сенің атың Наурызбай! («Балаға ат қою» рәсімі жасалады).



Әже:

Немеремнің аты қойылды, енді тойды бастап, ойын ойнайық!

Ойын: «Көшеттен -ағашқа»

Жүргізуші:

Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын екенін көріп тұрмыз. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсімі, кәне соңы тамашалайық.



4 көрініс

«Бесікке салу» рәсімі.

Әже:

Балаларым, дұрыс айтады. Немеремнің атын қойдық, енді бесікке саламын, кәне, балам, көрші маңайды, қонаққа шақырып кел, Наурызжанды бесікке салайық. (сырттан әжелер, жас келіншектер келеді).



Әже:

Төрлетіңіздер, жайғасып отырыңыздар. Мен бүгін немеремді бесікке салуға барлығыңызды жинап отырмын. Қуанышымның куәсі болыңыздар. Бесікке салуды құдайы көршім, ауылымыздың ұлағатты әжесі Зереге бергім келіп отыр. Кәне, Зере, бесікке өзін сал. («Бесікке салу» рәсімін жасап, бесік жырын айтады.

Әлди-әлди әнін орындайды.

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші:

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта «Тұсаукесер» рәсімі бар.

Әже:

Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауыңды кесейік,

Күрмеуінді шешейік.

(Сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі)

Шашу шашайық.



Ойын:«Арқан тартыс»

Жүргізуші:

Ұлы күнде халайық,

Қалай қарап қалайық

Сәйгүлектей ағайық

Жасын болып жанайық,

Ортамызға шақырып,

Бабамыздың Қыдырдай

Ақ батасын алайық!



5 көрініс.

Бала: (жүгіріп шығады)

Алақай, алақай!

Қыдыр ата,

Қыдыр ата келеді,

Қыдыр ата бізге бата береді.

Қыдыр ата:

Ау, аман ба, жараңдар!

Алтын таңға қараңдар!

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттақ ән.

Наурыз:

Сәлем, ата-аналар!

Айналайын балалар!

Қыдыр ата,аман ба?

Құтты болсын мерекең!

Сәлем анам-Алтын күн

Сәлем қарты халқымның

Уақытыма риза боп

Бақытыма шалқыдым.

Уа, Қыдыр атамыз

Айтылсын бізге батаңыз.

Қыдыр ата:

Ал, тыңдаңдар батамды,

Ардақтаңдар атаны,

Көйлектерің көк болсын,

Қарындарың тоқ болсын,

Қуаныш-шаттық көп болсын,

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Күлімдесін көкте күн,

Шуақ шашсын көктемнің.

Орындалсын ойларың



Тойға ұлассын тойларың!
Жүргізуші:

Қызыр бабам қолдады, ақ батасын бергені,

Ырыс-дәулет молшылық төрімізге енгені.

Мәз-мейрам боп халқымыз қуанышқа кенелсін.

Мол береке бастауы-Наурыз-думан келгелі.
Мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры: Ошимова А.Е., ата-аналарға береміз.

Осымен мерекелік бағдарламамыз аяқталды.

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Еліміз аман болсын!

Деңіміз сау болсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет