Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң, жол болсын!



Дата29.01.2024
өлшемі1.56 Mb.
#490178
түріСабақ
13-сабақ Жылға жақсы тілек


Сабақтың тақырыбы: Жылға жақсы тілек
Сенің меңгеретінің:
  • Жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап беру;
  • Мәтінді өз қиялыңмен өзгертіп, әңгіме құрау;
  • Мәтіннің құрылымын анықтау;

Батаны оқып, мағынасын түсіндір

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Мұхтар Омарханұлы Әуезов


Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының академигі
Қазақтың заңғар жазушысы артына мол әрі бай мұра қалдырды. 20 жасында Әуезов өзінің тұңғыш көлемді туындысы "Еңлік-Кебек" пьесасын жазды.
Он тоғыз жасынан Абай туралы жазуды ойға алып, он жеті жыл үздіксіз ізденіп, он екі жыл ішінде төрт томдық "Абай жолы" роман-эпопеясын жазып шықты.
1897-1961ж

Түсініп оқы. «Отамалы» деген-не?

Қарашоқыны бөктерлеп, Аймаңдай аттың жол жорғасымен жүріп отырып, Абай:

-Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау!-деп, айналаға көз жіберіп келе жатты. Аласа, алкүрең бетеге даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, жасарта бастаған. Бірақ аспан ашық емес...

-Осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен!-деді Абай.

Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқтанып, бір суық жел білінуші еді.

-Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты, суық болатын әдеті ғой!.. «Сәуір болмай, тәуір болмас»,-деп бұрынғылар текке айтпаған. «Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды»,-деген,-деп Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады.

Бұл жөнінде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен.


Қарабас-Құнанбайдың атқосшысы, шабарманы
Жолаушылар әңгіме қылған күн райының сипаты қандай еді?
Аспан шайдай ашық
Күн бұлтты, суық жел соғып тұр
Бұлыңғыр бұлтты, жаңбырлы

Түсініп оқы

«Сәуір»-бұл айдың арабша аты...

Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып, жаттап алды. Жазға салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді.

-Осы «отамалы»-немене? Не деген сөз-өзі?-деп Абай соны сұрады.

-Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді.Қыстың ең соңғы зәрі сонда. «Отамалы» деп атанғаны-бір байдың «Отамалы» деген қойшысы болған екен. Көкектің суығы басталған уақытта әлгі: «Қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан айрыласың», -десе,бай діні қатты адам екен. «Сен тоғышарлық қып, алдап отырсың»,-деп, Отамалыны сабап, қойды жайылысқа шығартады. Сол күні, Құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, үш күн, үш түн соғып,бар қойы ығып кетіп, қырылыпты.Қойдан қалмаймын деп Отамалы пақыр да үсіп өліпті. Көкектің суығы «отамалы» атанғаны содан. Әжең пақыр соны біледі ғой,-деді Қарабас.


Пақыр- «байғұс» деген сөз
Отамалы деген - не?
Айдың аты
Қойшы жігіттің есімі
Жазға салымның ең жайсыз кезі

Ойлан

  • Оқиғаның басталуына не себеп болды?
  • Күн райын болжауды адам қалай, қайдан үйренуі мүмкін?
  • Өз қиялыңмен әңгіме желісін өзгертіп, Отамалы қойшының аман қалғаны туралы әңгіме құрастырып жаз.

Сұрақ-жауап


Жеңіл сұрақтар

Күрделі сұрақтар
  • Абайдың әкесінің аты кім?
  • Сәуір сөзі қай тілден енген?
  • Сәуір айы мәтінде тағы қалай аталады?
  • Адам суықтан үси ме, ыстықтан үси ме?
  • «Бай» деп қандай адамды айтамыз?
  • « «Сәуір болмай, тәуір болмас»,-деп бұрынғылар текке айтпаған» деген сөйлемдегі бұрынғылар кімдер?
  • Қалай ойлайсың, Отамалы күн райының бұзыларын қалай білді?

Өзіңді тексер


Жеңіл сұрақтар

Күрделі сұрақтар

1.Абайдың әкесінің аты-Құнанбай.
2.Сәуір сөзі араб тілінен енген.
3.Сәуір айы көкек айы деп те аталады.
4.Адам суықтан үсиді.
  • «Бай» деп- есепсіз төрт түлік жиған мал иесі, яғни қора-қора қойы, табын-табын сиыры, мыңдаған жылқысы бар адам.
  • « «Сәуір болмай, тәуір болмас»,-деп бұрынғылар текке айтпаған» деген сөйлемдегі бұрынғылар-біздің ата-бабаларымыз.
  • Отамалы күн райының бұзыларын аспанды торлаған бұлттан, желдің соғуынан немесе қойлардың әрекетінен де білуі мүмкін.

Бүгінгі сабақта:

Қорытынды
  • Жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бердің;
  • Мәтінді өз қиялыңмен өзгертіп, әңгіме құрастырдың;
  • Мәтіннің құрылымын анықтадың;


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет