Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар



бет1/4
Дата29.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#166631
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2009 жылғы «15» сәуірдегі

№ 13 бұйрығымен

келісілген

Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша

әдістемелік ұсынымдар
Шахталардағы аэрогазды бақылау жүйесі бойынша (бұдан әрі-АГБ) методикалық ұсынымдар мыналарға қолданылады:

құруға (техникалық құрылғыны дайындау, компьютерлік бағдарламаны ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету);

жобалауға;

монтаждауға;

пайдалануға.

Әдістеме әрекеті мыналарға қолданылмайды:

газсыздандыруға;

шахта ауасын кондиционерлеу жүйесіне;

ұңғымаларда, теспелерде кенішті газдардың болуын бақылаудың арнайы аппаратына;

аэрогазды бақылаудың тасымалданатын аспаптарына.

Бұл ұсынымдар мына талаптарды қарастырады:

АГБ жүйесінде озық компьютерлік технологияны қолдану;

тау кен қазбаларында қауіпсіз аэрогазды тәртіпті сақтау қондырғылары мен жабдықтарын басқару мен бақылау бойынша алдын ала бөлектенген функцияларды біркелкі жиынтыққа біріктіру (желдеткіштер, шлюзді желдеткіш есіктер, газсоратын қондырғылар және сол сияқтылар);

отандық және шетелдік әртүрлі техникалық құралдарды қолдану;

АГБ жүйесін қолдану аумағында бақыланатын параметрлер мен функциялардың санын ұлғайту.

Әдістеме қашықтан орталықтандырылған басқару бойынша ұсынымдардан тұрады:

шахталық ауада метан және басқа газдарды стационарлық құралдармен ұстау;

қазылған бөліктер мен тұйық өндіру орындарында ауаның қолданылуы;

негізгі желдеткіш қондырғыларымен және жергілікті желдету желдеткіштерімен басқару (бұдан әрі-ЖЖЖ);

шлюздерде желдету есіктерінің орналасуы;

газ соратын қондырғылардың жұмысы.

1-тарау. АГБ жүйесін тағайындау, құрамы және қолдану аумағы
АГБ жүйесі қамтамасыз етеді:

кеніш ауасының жағдайына тікелей не жанама әсер ететін табиғи және техногенді қауіптіліктерді ағымды (жедел) табу мақсатында, кенішті ауа параметрін үзіліссіз орталықтандырылған байқау (газдардың шоғырлануы, ауа қозғалысының жылдамдығы, температура, қысым, ылғал);

кеніш ауасының параметрлерін қалыптандыру жолымен немесе тау-кен жұмыстарын тоқтатқанда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қазіргі заманғы шаралар қолдану;

қауіпсіздік бойынша жалпы шахталық жиынтық шараларды дайындауда газ пайда болу бойынша шахта санатын тағайындау үшін тау-кен өндірісіне берілетін ауа мөлшері есебінде ақпаратты сақтау және оны кейін қолдану.

2. АГБ жүйесінің құрамына мына техникалық құралдар кіреді:

шахта ауасының параметрі мен құрамын бақылайтын көрсеткішті белгілегіштер;

ауаның жұмсалуын автоматты бақылау аппаратурасы;

ауаның жұмсалуын телебақылау аппаратурасы;

жергілікті желдету желдеткіштермен телебасқару (ЖЖЖ) және жұмысты автоматты бақылау аппаратурасы;

шлюздерде желдеткіш есіктерінің орналасуын орталықтандырылған басқару аппаратурасы;

жұмысты автоматты бақылау және желдеткіш қондырғыларымен телебасқару аппаратурасы;

бақыланатын объектілердегі авариялық жағдай туралы жерасты өндіру орындарына дыбыстық хабарландыру және (немесе) жарықтық белгі беру құралы;

жарылыстан қорғалған қоректену көздері (оның ішінде АГБ жүйесін авариялық электрмен жабдықтау үшін тоқтың химиялық немесе басқа көздерімен);

дабыл беру аппараттары;

жерасты басқару және бақылау станциялары;

ұшқынқауіпсіз және ұшқынқауіпті шынжырларды бөлуге арналған тосқауылдар;

үстіңгі бетте телеөлшеу қабылдағыштарының тіреуіштері.

АГБ жүйесінің құрамына үстіңгі бетте орнатылатын көпфункциялы түрлендіргіштер мен компьютерлер кіре алады.

Шахтаның АГБ жүйесінің нақты құрамы жобалық және техникалық құжаттамамен анықталады.

3. АГБ жүйесі анықталған қауіпті байқалуларды қалыптандыруды немесе авариялық жағдайда бақыланатын бөліктегі өндірістік қызметті блокировкалауды жүзеге асыратын механизмдерге (құрылғыларға) басқару командасын беруді қамтамасыз етеді.

4. АГБ жүйесі қамтиды:

әрбір өндірістік бөлік бойынша бақыланатын параметр мен қауіпсіздік жағдайы туралы диспетчер пунктіне ақпараттарды таңдау, беру және ұсыну үшін құралдарды техникалық қамтамасыз ету;

АГБ операторы мен тау-кен диспетчерінің қабылдауына ыңғайлы болуы үшін түсетін ақпарат түрін қалыпқа келтіру үшін ақпараттық қамтамасыз ету;

ақпаратты қабылданушыларға дейін жеткізу үшін ұйымдастырылған қамтамасыз ету, шешімдерді қабылдау мен орындау, жүйені жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау.

5. АГБ жүйелерін техникалық қамтамасыз етуде қабылданатын ақпараттың толықтығын, нақтылығын және бір мағыналылығын қамтамасыз ететін құрал болады.

6. АГБ жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету тау-кен диспетчерінің оңтайлы шешім қабылдауына, ал авариялық жағдай туындағанда-аварияны жоюдың жауапты жетекшісі болуына әсер ететін бақылаудың реттелген нәтижесін қамтиды.



1-параграф. Қауіпті және зиянды газдардың болуын бақылау
7. АГБ жүйесімен ІІІ санатты шахталардың кенішті ауасында, газ бен көмірдің (жыныстың) тосын лақтырылуы бойынша қауіпті және метан бойынша санаттылықтан басым метанның шоғырлануын бақылау жүзеге асырылады. Оттегі мен қауіпті газдар (көмірқышқыл оксиді, көмірқышқыл диоксиді, сутек, күкіртті сутек, азот оксиді, азот диоксиді, күкіртті ангидрид) қажеттілігі болған жағдайда бақылана алады.

8. Газ бойынша, газ бен көмірдің (жыныстың) тосын лақтырылуы бойынша қауіпті және газ метан бойынша санаттылықтан басым ІІІ санатты шахталарда стационарлы аппаратурамен метанның болуын бақылау жүргізіледі:

егер өндірулерде электр энергиясы қолданылып және метан бөлінсе, ұзындығы 10 м асатын тұйық өндірілулердің және өндірулер ұзындығы 50 м артық болғанда шығатын ағыстардың тіреуішті кеңістігінде; өндірудің тұйық бөлігінде жылжымалы аралықстанция болғанда-аралықстанция алдында; егер өндіру сілкінте жарылту тәртібінде қарқынды жарылыс жұмыстарын қолданумен жүргізілсе-электр энергиясын қолдануға қарамастан, ұзындығы 100 м асатын метанның қабаттала жинақталуы бойынша қауіпті тұйық өндірулерде, егер оларда электр энергиясы қолданылса-қосымша жинақталуы мүмкін орындарда;

тосын лақтырылу бойынша қауіпті қабаттарды дайындауда электр қозғалтқышты ЖЖЖ-да, тазалайтын және тұйық өндірулерден шығатын ауа ағыстарымен өндірулерде желдеткіштерді орнатуда;

төмен желдетілгенде, дәйекті желдетілгенде, көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті, қабаттарды дайындағанда, тазалау өндірулеріне желдеткішті ағыс қозғалысының бағытына тәуелсіз электр энергиясын қолданумен тазалау өндірулеріне түсетін ағыстарда;

электр энергиясы қолданылатын тазалау өндірулерінің шығатын ағыстарында және электр энергиясының қолданылуына тәуелсіз қазылған бөліктердің шығатын ағыстарында;

тазалау үңгубеттердің артынан өшірілетін желдету өндірулерінің тұйықтарында;

ауаның шығатын ағынымен желдетілетін машиналар мен электр жабдықтарына арналған камераларда; кенді қалыпты орындаудағы электр жабдықтары мен жалпы қолданылатын электр жабдықтарын орнату орындарында;

қазылған бөліктерден (оқпандардан) тыс, егер оларда электр жабдықтары мен кабельдер болса, ауа шығатын ағындары бар өндірулерде;

көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша шахталар мен қанаттардың шығатын ағындарында;

газ соратын құрылғылардың араластырғыш камераларында (араластырғыштар);

газ соратын желдеткіштердің камераларында.

9. Көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті шахталарда, электр энергиясын қолданумен дөңгелек қабаттарды дайындайтын, 8-пункте қарастырылған бақылауға қосымша, электр энергиясы қолданылатын қазылған бөліктердің түсетін ағындарында стационарлық аппаратпен метанның шоғырлануына бақылау жүргізіледі.

10. Газды тәртіпке келтірілген көлденең бағаналардың тереңдеуінде немесе ұңғымасында, метанның шоғырлануын стационарлы автоматты аспаптармен бақылау бағанадан желдету ағынымен шығатын ұңғымалы сөрелер мен шайқау камераларында жүргізіледі.

11. Метанның болуын бақылайтын стационарлы аппаратураның көрсеткішті белгілегіштері мынадай орындарда орнатылады:

тұйық өндірулердің тіреуішті кеңістігінде-желдетілетін құбырөткізгішке қарама-қарсы жағындағы тіреуіштен жабын астында 3-5 м қашықтықта;

қабатты жиынтықтарды бақылау үшін-желдетілетін құбырөткізгішке қарама-қарсы жағындағы жабын тартылған тұйық өндіру тіреуішінен 20-30 м қашықтықта;

тұйықталған өндірулердің шығатын ағындарында-желдетілетін құбырөткізгішке қарама-қарсы жағынан, жабын астында өндіру сағасынан 10-20 м қашықтықта;

жылжымалы қосалқы бекет жанында-желдетілетін құбырөткізгішке қарама-қарсы жағынан, жабын астындағы тіреуіш жағына қосалқы бекеттен 10-15 м қашықтықта;

электр қозғалтқышты ЖЖЖ жанында-көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті қабаттарды дайындауда тұйық өндіру тіреуіші жағынан желдеткіштен 10 м кем емес қашықтықта және басқа тұйық өндірулерден шығатын ауа ағыны түсетін, оның өндіруде орнатылғанында, желдеткіш ағынына жақындау жағынан ЖЖЖ алдынан 3-5 м қашықтықта;

төмендетілген желдеткіштерде тазаланған өндірулердің түсетін ағындарында-лаваға қарама-қарсы жақтан өндіру қиылысының жоғарғы бөлігінде, лавадан 5 м артық емес қашықтықта. Көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті қабаттарда тазалау өндірулерін шығатын желдетулерде-лавадан 50 м артық емес қашықтықтағы лава мен тарату пункті арасында;

тазаланған өндірулердің түсетін ағындарында-өндірудің жоғарғы жағындағы лавадан қарама-қарсы шығатын қабырға алдындағы таза тіреуіштен 10-20 м. Ауаның жалпы шығатын ағынымен қосарланған лаваларда немесе шығатын желдеткіш ағынын жаңартумен қазылған бөлігін желдету сұлбасында-одан 15 м артық емес қашықтықтан шығатын тазарту өндіруінде;

тазарту тіреуіштерінің соңынан сөндірілетін желдету өндірулерінің тұйықтарында, жергілікті жинақталуды бақылау үшін-өндірудің сөндірілген бөлігін бөлектейтін үйінді немесе тосқауылдың, лавадан қарама-қарсы шығатын өндіру қабырғасының өндіру жабынының астында;

қазылған бөліктердің шығатын ағындарында-жүрісжол, еңіс, бремсберг немесе аралық квершлагтан 10-20 м желдететін қуақаздың басында;

қазылған бөліктердің кіретін ағындарында-бөлікке кіретін ағынның 10-20 м кіру орнынан;

қазылған бөліктерден тыс ауа ағындары шығатын өндірулерде-олардың телімдердің желдететін қуақаздарымен қиылысуы 10-20 м және орталықтандырылған жерасты қосалқы бекетінің теліміне жақын орналасқан желдететін қуақаздармен қиылысатын желдететін ағынның бағыты 10 м артық емес қашықтықта;

өтетін сөренің аралық не төменгі қабатының астындағы тік оқпандарда, нөльдік рама астында, ал оқпанда арнадан 1,5-2 м төмен желдеткіш арна болса, су соратын сорғыш камераларда;

ауаның шығатын ағынымен желдетілетін машиналар мен электр жабдықтарына арналған камераларда, камераға желдететін ағын кіретін жағынан камераға шығатын жердегі жабында;

газ соратын қондырғылардың араластырғыш камераларында (араластырғыш)-араластырғыш камераның (араластырғыш) орналасқан жағынан өндіру қабырғасында желдететін ағын жолы бойынша камераның шығатын саңылауынан 15-20 м;

газ соратын қондырғылардың камерасында-газ соратын желдеткіш астындағы жабында.

12. Метанның болуын бақылайтын стационарлы автоматты аппаратура электр энергиясын сөндіруді метанның шоғырлануына төмендегідей орналастырылғанында жүргізеді:

2,0 %-тұйық өндірулердің тіреуішті кеңістігінде, тік оқпандардың өтпелі не аралық сөрелерінде;

1,0 %-тұйық өндірулердің шығатын ағындарында, оның ішінде тік оқпандардың шығатын ағындарында;

1,0 %-қазылған бөліктер мен тазаланған өндірулердің шығатын ағындарында;

1,0 %-тұйық өндірулерде орнатылған жылжымалы электрқосалқы бекеттерінде;

1,0 %-тік оқпандардың су төгетін шайқау камераларында;

0,5 %-қазылған бөліктер мен тазаланған өндірулердің электр қозғалтқышты ВМП алдында түсетін ағындарында;

түсетін ағында метанның шоғырлануы 0,5 % артқанда тұйық және тазаланған өндірулердің барлық электр қабылдағыштарында кернеу автоматты тоқтатылатындай шартпен, газдануды ескерту үшін көрсеткішті белгілегішті қалпына келтіруге ЖЖЖ 1,0 % сөндіруге жол беріледі;

1,0 %-желдетілетін қуақаздармен байланысқан қазылған бөліктерден тыс ауаның төмендетілген ағынды өндірулерінде;

1,0 %-ОЖҚБ алдында қазылған бөліктерден тыс ауаның шығатын ағынды өндірулерінде;

1,0 %-ауаның шығатын ағынымен желдетілетін машиналар мен электр жабдықтарына арналған камераларда;

2,0 %-тау-кен жыныстарында метанның қабаттала және басқа жергілікті жинақталуын бақылауда;

1,0 %-газ соратын қондырғылардың араластырғыш камераларында (араластырғыш), қазылған бөліктердің желдеткішті өндірулерінде және қазылған бөліктердің тыс аумағынан;

1,0 %-газ соратын қондырғылардың камераларында.

13. Стационарлы автоматты аппаратурадан телеөлшеу кез келген көрсеткішті белгілегіш АГБ операторының пультіне енгізіліне алады. Өзі жазатын аппаратта жазылған немесе компъютер жадындағы телеөлшеу көрсеткішті белгілегіштен төмендегідей орнатылғанда шығарылады:

тұйық өндірулер мен қазылған бөліктердің шығатын ағындарында;

көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті шахталарда,-қосымша шахталар мен қанаттарының шығатын ағындарында;

тазартылған үңгубеттің артынан сөндірілетін желдеткіш өндірулердің тұйықтарында, метан көптігі 3 м/мин және одан артық қазылған бөліктерде;

сілкіне жарылу тәртібінде бұрғылау жарылыс тәсілімен жүргізілетін тұйық өндірулердің үңгубет бөлігінде, 50 м артық ұзындықтағы тұйық өндірулерді, 10° артық көлбеу бұрышпен 20 м артық ұзындықта тұйық өрлеме өндірулерді;

газ соратын қондырғылардың араластырғыш камераларында;

жабын жынысын торпедалау бойынша жұмыстарды орындау сорғыларында. Сілкіне жарылуда және жабын жынысын торпедалауда метанның болуын бақылаудың үзіліссіздігі аталған жұмыстарды жүргізген кезде олардан тоқ түсірілмейтіндей көрсеткішті белгілегішпен қамтамасыз етіледі.

14. Телеөлшеуді өзінен жаздыру бойынша да, сақтаудың техникалық құралымен де шығаруға және ақпаратты есептеу техникасын қолданумен оқуға жол беріледі.

15. Тау-кен өндірулерінде қолданылатын басқа да қауіпті және зиянды газдарды автоматты бақылау қажеттілігі жобалық құжаттаманың әрбір нақты жағдайында анықталады.

16. Метанның және басқа газдардың болуын бақылайтын стационарлық аппаратураның көрсеткішті белгілегішін, телеөлшеуді үстіне шығарумен ауа шығынын көрсету белгілегіштерін орнату орындарында құрамды тексеру және ауа шығынын өлшеу айына бір реттен кем емес жүргізіледі.

Метан болуын бақылайтын стационарлы аппараттың ақаулығы табылғанда бақылаушы тұлға бұл туралы тау-кен диспетчеріне жедел хабарлап жұмысты тоқтатады.

17. Көміртек тотығы көрсеткішін белгілегіштерді орнату орындары және оның шекті орнатпалары шахтада қызмет көрсететін ӘАҚҚ командирімен келісіледі, бірақ көлемі бойынша 0,00170 % аспайды.

Келісілген шекті орнатпаларға жеткенде АГБ жүйесімен ескертпе дабыл бергіш белгісі беріледі.

18. Қайтадан енгізілген АГБ жүйесі үшін көміртек тотығының болуы туралы ақпарат үстіндегі АГБ операторына беріледі. АГБ жүйесімен электр энергиясын автоматты сөндіру қажеттілігі әрбір нақты жағдайда жобамен анықталады.

19. Сутек көрсеткішін белгілегіш зарядты камераларда зарядтау кезінде неғұрлым көп шоғырланудың пайда болатын жерлерінде орнатылады. Орнатпа 0,5 % ға ретке келтіріледі. Оған жеткенде зарядтау камерасында кернеу автоматты тоқтатылады. Қайтадан енгізілген АГБ жүйесі үшін сутектің болуы туралы ақпарат үстіндегі АГБ операторының пультіне беріледі және авария жағдайында дабыл және дыбыс бергіштермен жабдықталады.

20. Адам болуы мүмкін, не болатын өндіру ауасында оттегінің болуы (көлемі бойынша) 20 % төмен болмайды.

Жұмыс орындарында және қазылған бөліктердің шығатын ағындарында және тұйық өндірулерде кен ауасында көміртек диоксидінің болуы 0,5 %, шахта, қабат, қанат шығатын ағында өндірулерде жалпы-0,75 % , үйінді бойынша өндірулерді жүргізу мен қалпына келтіруде-1 % аспайды.

Басқа қауіпті және зиянды газдардың орнатпалары келесі шектерден аспайды:


Азот тотығы

(азот диоксидіне қайта есептегенде) 0,00025 % көлемі бойынша

Азот диоксиді 0,00010 % көлемі бойынша

Күкіртті ангидрид 0,00038 % көлемі бойынша

Күкіртсутек 0,00070 % көлемі бойынша

2-параграф. Қауіпсіз аэрогазды тәртіпті ұстауға арналған қондырғылар мен жабдықтарды басқару мен бақылау
21. Негізгі желдеткіш қондырғылар.

22. Негізгі желдеткіш қондырғылары қашықтан басқару және бақылау аппаратымен жабдықталады.

23. Қашықтан басқару және бақылау аппаратымен жабдықталмаған қолданыстағы негізгі желдеткіш қондырғылар машинистпен басқарылады.

24. Қашықтан басқару және бақылау аппаратымен:

желдеткішті қондырғының машинисімен жүргізілетін көлемде бақылау;

жұмыс желдеткішінен қордағыға және керісінше ауысу;

ауа ағынын реверстеу мүмкіндігі қамтылады.

25. Негізгі желдеткіш қондырғы жұмысын қашықтан басқару және бақылау пульті шахтаның диспетчер пунктінде болады.

26. Негізгі желдеткіш қондырғысының кезекші машинисі немесе бұл қондырғының жұмысын қашықтан басқару және бақылау пультін басқаратын тұлға, желдеткіш қондырғысының жұмысын есепке алатын кітабын жүргізеді, желдеткіш қондырғысының жұмысын есепке алатын кітабын компьютер көмегімен жүргізуге рұқсат беріледі.

27. Тұйық өндірулер ЖЖЖ.

28. ЖЖЖ үзіліссіз жұмыс істейді және телебасқару және телебақылау автоматты аппаратурасының көмегімен шахтаның диспетчер пунктінен басқарылады. Бұнымен қоса телебақылау автоматты аппаратурасының көмегімен қамтамасыз етіледі:

жұмыс және қордағы ЖЖЖ жұмысын бақылау;

олардың тоқтауы туралы дыбыстық және жарықтық белгі беру;

жұмыс істейтін ЖЖЖ қордағыға ауысу мүмкіндігі немесе керісінше.

29. ЖЖЖ тоқтатылғанда немесе желдетудің ақаулығында тұйық өндіруде жұмыс тоқтатылады, ал кернеу ЖЖЖ есепке алмағанда, электр жабдықтан автоматты түсіріледі.

30. Газ бойынша ІІІ санатты және одан жоғары шахталарда ұзындығы 100 метрден асатын тұйық өндірулер қордағы электр қоректендіргішпен қордағы ЖЖЖ жабдықталады. Бұл жағдайда келесі шарттар орындалады:

жұмыс істейтін және қордағы ЖЖЖ әр түрлі жылжымалы учаскелік жерасты қосалқы бекеттерімен (бұдан әрі-ЖУЖҚБ) (трансформатор) немесе жұмыс істейтін және қордағы ЖЖЖ қоректендіру үшін екі шығатын жері бар және жұмыс істейтін ЖЖЖ жүйесі сөндірілгенде қордағы ЖЖЖ автоматты сөндіруді қамтамасыз ететін бір ЖУЖҚБ жүзеге асырылады;

қордағы ЖЖЖ электр желісі ЖУЖҚБ басқа электр қабылдағыштардан автоматты сөндіргіш көмегімен бөлінеді.

31. Тұйық өндірулердегі барлық газ бойынша қауіпті шахталарда электр энергиясын және желдетілетін ЖЖЖ қолданумен жүргізілетін, көлденең оқпандар мен шурфтардан басқа ауа шығынын автоматты бақылау аппараты қолданылады.

Газ бойынша ІІІ санатты және одан жоғары шахталарда жұмысты автоматты бақылау аппараты мен электр жетекпен ЖЖЖ телебасқару қолданылады.

32. Тұйық өндірулерде ауаны бақылайтын көрсеткішті белгілегіштерді орнату мен тарату тәртібі қолданылатын аппаратураның техникалық құжаттамасымен айқындалады.

33. Шлюздердегі желдеткіш есіктер.

34. Газ бойынша ІІІ санатты және одан жоғары шахталарда диспетчер пунктінде орналасқан қашықтан бақылау пультінен қазылған бөліктер тобына, панель, қанатқа түсетін желдетілетін ағындардың қысқаруының алдын алуға арналған шлюздердегі желдеткіш есіктердің орналасуына орталықтандырылған бақылау жүргізіледі. Орталықтандырылған бақылаулы желдеткіш есіктердің нақты тізімін техникалық қауіпсіздік пен желдету учаскесінің (бұдан әрі-ТҚЖ) бастығы дайындайды және шахтаның техникалық басшысы бекітеді.

35. Өндіру телімдеріндегі желдеткіш есіктердің орналасуын бақылау жүйесінің, тиісті объектілерге шлюздерде ауаның желдетілетін ағынының қысқаруында электр энергиясының берілуіне кедергі келтіретін электрмен жабдықтау сұлбасы бар блокировкасы болады. Осындайда диспетчер пунктіне:

шлюздегі есіктердің әрқайсысының орналасуы туралы ақпарат;

желдету тәртібінің бұзылғандығы туралы дабыл (дыбыстық және жарықтық) беру;

желдету тәртібі бұзылғанда объектіде электр энергиясының болуы туралы дабыл беру.

36. Қазылған бөліктердегі ауа шығынын бақылау.

37. Газ бойынша ІІІ санатты және одан жоғары шахталарда қазылған бөліктерде ауа шығынына орталықтандырылған телебақылау қолданылады. АГБ операторының пультіне телеөлшеу, төменде көрсетілген орындарда орнатылған көрсеткішті белгілегіштерден шығарылады:

қазылған бөліктердің шығатын ағындарында;

қосымша көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті шахталардың қазылған бөліктеріне түсетін ағындарында.

38. Ауа шығынын бақылау лек жылдамдығының көрсеткішін белгілегіш көмегімен жанама әдіспен жүргізіледі. Сонымен қатар өндірулердің қиысуы көрсеткішті белгілегішті орнату орнында АГБ жүйесін пайдалану қызметімен бақыланады. Ауа легінің жылдамдығын бақылау көрсеткішті белгілегіш мына орындарда орнатылады:

қазылған бөліктердің шығатын ағындарында-10-20 м жүрісжол, еңіс, бремсберг немесе аралық квершлагпен байланысатын желдететін қуақаздың басында;

қазылған бөліктердің кіретін ағындарында-бөлікке кіретін ағынның 10-20 м кіру орнынан.

39. Диспетчер пунктіне шығарылады:

ауа жылдамдығын көрсеткішін белгілегіштерден берілетін ақпарат;

ауаның есептелгеннен төмен мөлшерде түскенінде жарықтық және дыбыстық белгі бергіш.

40. Жерүсті және жерасты газ соратын қондырғылар.

41. Өндіріліген кеңістіктен метанның оқшауланған шығарылымы құбырөткізгіштер бойымен өндіру телімдерінен тыс газ соратын қондырғы көмегімен не ұсталмайтын өндірулер бойымен келесі талаптар сақталғанда орындалады:

қордағы электр қоректендірумен қордағы газ соратын қондырғының болуы;

газ соратын қондырғыны метанның болуын автоматты бақылау көрсеткішті белгілегішімен жабдықтау;

газ соратын қондырғылар негізгі желдеткішті жабдықтарға теңестіріледі, осы ұсынымның 21-тармағына сәйкес қызмет көрсетіледі және жабдықталады.



3-параграф. АГБ жүйесінің техникалық жабдықтарының жиынтығы
42. АГБ жүйесінің техникалық жабдықтарының жиынтығы шахтада орнатылған ақпаратты жинақтайтын стационарлы құралдардан (көрсеткішті белгілегіш), басқару және бақылау құралдарынан, ақпаратты жинақтап диспетчер пунктіне беретін құралдардан, диспетчер пунктіне ақпаратты қабылдау, ұсыну және сақтау құралдарынан тұрады.

43. Шахтада орнатылған АГБ жүйесінің барлық техникалық құралдарының қолданылуға рұқсаты болады.

44. АГБ жүйесі (бекітілуіне байланысты) ақпаратты іріктеудің төмендегідей негізгі құралдарынан тұрады:

метанның шоғырлануын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (М);

ауаның шығындалуын немесе ауа легінің жылдамдығын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (Ж);

көміртек тотығының шоғырлануын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (КТ).

45. АГБ жүйесінің жерасты бөлігін қоректендіру қоректендірудің жарылыстан қорғалған көздерімен қамтамасыз етіледі.

Шахта жүйесінен электр энергиясын берудің үзілістерінде қоректендірудің жарылыстан қорғалған көздерінің химиялық немесе басқа тоқ көздері АГБ жүйесінің жерасты бөлігінің 8 сағаттан кем емес тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бұл талап «Метан» жиынтығы көрсеткіштік белгілегішін электрмен қоректендіру тәсіліне таратылмайды.

46. Негізгі көрсеткіштік белгілегіш (ақпаратты дабыл бергіш болмағанда) АГБ жүйесі қорғалатын объектінің өнеркәсіптік қызметін блокировкалауға дабыл береді.

47. АГБ жүйесі оның функционалдық мүмкіндігін кеңейтетін, алынған ақпараттың нақтылығын арттыратын, жұмысты қауіпсіз жүргізетін ақпаратты іріктеудің қосымша құралдарын қолдана алады. Оларға мыналар жатады:

көміртек диоксидінің (көмірқышқыл газының) (СО2) шоғырлануын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер;

оттегінің шоғырлануын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (О2);

сутегінің шоғырлануын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (Н2);

күкіртті ангидридтің шоғырлануын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (SO);

күкіртсутегінің шоғырлануын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (HS);

азот диоксидінің шоғырлануын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (NO);

ауа қысымын өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (P);

депрессияны өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер(P);

температураны өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (T);

ылғалды өлшейтін көрсеткіштік белгілегіштер (W);

шаңданудың көрсеткіштік белгілегіштері (Z);

қауіпті лақтырылулардың көрсеткіштік белгілегіштері (A);

жарылыстың көрсеткіштік белгілегіштері (В);

түтіннің көрсеткіштік белгілегіштері (S).

48. Авариялық жағдайларда АГБ жүйесінің көрсеткіштік белгілегіштері немесе олармен байланысты бақылау мен басқарудың жерасты қосалқы бекеттері бақыланатын учаскедегі өндірістік қызметті блокировкалауды орындау жабдығына дабыл береді.

49. АГБ жүйесіне ақпарат жинақтау мен беру құралдары көрсеткішті белгілегіштер мен диспетчер пунктінің арасындағы байланысты жүзеге асыруға арналған кабельді желіден және жарылыс қауіпті аумақтан тыс орнатылатын ұшқынқауіпсіз және ұшқынқауіпті шынжырларды бөлетін бөлгіштерден тұрады. Жабдық құрамына қосымша мыналар кіре алады:

көпсымды желі байланысын азсымды желіге айналдыратын концентраторлар (оның ішінде микропроцессорлы);

азсымды желі байланысы бойынша ақпарат беруге арналған телемеханикалық модемдер;

ақпарат ретрансляторы мен таратқыштары.

50. Ақпаратты ұсыну мен сақтаудың қабылдау құралы байланыс желілерінен ақпаратты дабылға түсетін дабылдарды жинақтайтын, ақпаратты ұсыну мен сақтауға жарамды құрылғыдан тұрады.

51. Ақпаратты қабылдау құрылғысы ретінде электронды блоктарды, оның ішінде микропроцессорлық қолдануға, ал орындалатын жұмысты қайталау шартында ақпаратты талдау, ұсыну және сақтау құрылғысы ретінде компьютерді (екеуден кем емес) қолдануға жол беріледі.

52. Компьютерленген АГБ жүйесін қолданғанда бақылау және басқару объектілеріне электр энергиясын қосу командасынан басқа, қажетті командаларды автоматты беруге жол беріледі.

53. АГБ жүйесінде бақылаудың үзіліссіз болуын қамтамасыз ету үшін компьютерлерді қорлық электроқоректендіру қарастырылады.

54. АГБ жүйесінде мәліметтерді жинақтау автоматты жүргізіледі, үзіліссіз немесе циклді тәртіпте бақыланатын параметрге айналу аралығы:

негізгіге (44-тармақ)-100 с артық емес;

қосымшаға (47-тармақ) 5 минуттан артық емес.

55. АГБ жүйесіне ақпарат беру құралы басқарылатын дабыл бергіштердің мәліметтерді жинақтау цикліндегі диспетчерден «қосу»-«тоқтату» түрінің басым (5 с артық емес уақыт үшін) өтуін қамтамасыз етеді.

56. АГБ жүйесінде ақпаратты іріктеу техникалық құралының, қалыптастырылуға жауапты және өндірістік қызметті блокировкалауға команда беру құралының ақаусыздығына (өзін өзі бақылау) тестілеу жүргізу қарастырылады. Тестілеу үзіліссіз және автоматты жүргізіледі.

Бұл талап «Метан» комплексіне таратылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет