Качир ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 4 қаңтардағы
№ 1/1 қаулысымен
бекітілген
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды
ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" № 1119 қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес дайындалды.
2. Мемлекеттік қызмет Качир ауданы ауылдық, (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша демалыс пен мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін ұсынылады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама немесе қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет
(өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну 5 жұмыс күнін құрайды;
2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
7. Стандарттың 16-тармағында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет алу үшін стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тұтынушының уәкілетті органға тікелей өтініш беруі кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:
1) әкімдіктің бас маманы;
2) ауылдың және ауылдық округтің әкімі.
11. Осы регламенттің 2-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық-функционалды бірліктер қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.
12. Осы регламенттің 3-қосымшасында олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен құрылымдық-функционалды бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін нобайы ұсынылған.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
13. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олардың шешім қабылдау мен әрекетімен (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне кері тегін
тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар
қабылдау" мемлекеттік қызметінің
регламентіне
1-қосымша
Качир ауданының ауылдар, ауылдық округтер
әкімдері аппараттарының тізбесі
р/с №
|
Ауылдық округі әкімі аппаратының толық атауы
|
Елді мекен атауы
|
Байланыс
телефоны
|
Заңды мекен жайы
|
Сайт мекен жайы
|
1
|
"Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Байқоныс а.,
Қызылтаң а.,
Тілеубай а.
|
(871833)95490
|
Байқоныс а, Гвардейский к., 15
|
жоқ
|
2
|
"Береговой ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Береговой а.,
Осьмерыжск а.,
Зеленая Роща а.,
Луговое а.,
Тихомировка а.
|
(871833)94396
|
Береговой а., Намазбаев к., 1
|
жоқ
|
3
|
"Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Березовка а.,
Малые–Березняки а.
|
(871833)98642
|
Березовка а., Советов к., 1
|
жоқ
|
4
|
"Бобровка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
|
Жаңабет а.,
Жасқайрат а.,
Бобровка а.
|
(871833)93450
|
Жаңабет а., 60 лет Октября к., 25
|
жоқ
|
5
|
"Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Львовка а.
|
(871833)40637
|
Львовка а., Киров к., 25
|
жоқ
|
6
|
"Воскресен ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
|
Воскресенка а.
|
(871833)23131
|
Воскресен а., 70 лет Октября к., 1
|
жоқ
|
7
|
"Жаңа-Құрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
|
Трофимовка а.,
Тегістік а.,
Покровка а.,
Жаңа-Құрылыс а.
|
(871833)91597
|
Трофимовка а., М-Горького к. 13
|
жоқ
|
8
|
"Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
|
Ивановка а.,
Новоспасовка а.
|
(871833)40390
|
Ивановка а., Советов к., 21
|
жоқ
|
9
|
"Калиновка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Калиновка а.,
Қызылдау а.,
Қаратал а.
|
(871833)21386
|
Калиновка а., Победы к.,50
|
жоқ
|
10
|
"Коммунар ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ
|
Фрументьевка а.
|
(871833)40738
|
Коммунар а., Школьная к., 29
|
жоқ
|
11
|
"Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Октябрьск а.,
Мотоғұл а.,
Первомай а.,
Лесное а.,
Благовещенка а.
|
(871833)97585
|
Октябрьск а., Панфилова к., 3
|
жоқ
|
12
|
"Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Песчаное а.,
Қарасуық а.
|
(871833)26897
|
Песчаное а., Шоссейная к., 5
|
жоқ
|
13
|
"Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Тереңкөл а,
Ынталы а.,
Юбилейное а.
|
(871833)21494
|
Тереңкөл а., Тургенев к., 85а
|
жоқ
|
14
|
"Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
|
Федоровка а.,
Конторка а.,
Воронцовка а.
|
(871833)40206
|
Федоров а., Школьная к.
|
жоқ
|
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне кері тегін
тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар
қабылдау" мемлекеттік қызметінің
регламентіне
2-қосымша
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктің әрекетін сипаттау
Негізгі процесс әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Іс-әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы
|
аппаратының бас маман
|
Селолық округінің әкімі
|
аппаратының бас маман
|
Селолық округінің әкімі
|
аппаратының бас маман
|
2
|
Іс-әрекеттің (үдеріс, рәсім, операциялар) атауы және оларды сипаттау
|
Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу
|
Тұтынушы ұсынған құжаттарды қарастыру
|
Анықтаманы дайындау немесе ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау
|
Анықтаманы қарау немесе ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты қарастыру
|
Анықтаманы беру немесе ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап
|
3
|
Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
Құжаттарды тіркеу
|
Құжаттарды беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауға түскен құжаттарды ұсыну
|
Анықтаманың немесе ұсынған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы
|
Құжатқа қол қою
|
Анықтама, немесе ұсынған қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап беру
|
4
|
Орындау мерзімі
|
30 минуттан аспайды
|
1 жұмыс күн
|
1 жұмыс күн
|
1 жұмыс күн
|
30 минуттан аспайды
|
"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру
ұйымдарына және үйлеріне кері тегін
тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар
қабылдау" мемлекеттік қызметінің
регламентіне
3-қосымша
Білім бөліміне өтініш білдіргенде мемлекеттік
қызметті ұсыну сызбасы:
Достарыңызбен бөлісу: |