"Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті



Дата10.07.2016
өлшемі107.13 Kb.
#189351
Качир ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 4 қаңтардағы
№ 1/1 қаулысымен   
бекітілген      

"Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің
(отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру"
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысы, Качир ауданы, Тереңкөл селосы, Тургенев көшесі, 85а мекен-жайы бойынша "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.


      Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген мекен-жайлар бойынша селолық округ әкіміне жүгінеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға – мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушылар) көрсетiледi.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" № 394 қаулысымен бекітілген "Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру" стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
      6. Уәкiлеттi органның және селолық округ әкiмiнiң жұмыс кестесi: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
      7. Мемлекеттiк қызмет алушы алатын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға мемлекеттiк қызмет алушының (отбасының) тиесiлiгiн растайтын анықтама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:


      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң шектi ең көп уақыты бiр мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме стандарттың 16-тармағында қарастырылған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі әрекеттер
(өзара қызметтер) тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.


      11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:
      тұтынушы уәкілетті органға жүгінгенде:
      1) уәкілетті органның жауапты адамы;
      2) уәкілетті органның сектор меңгерушісі;
      селолық округі әкіміне жүгінгенде:
      1) селолық округ әкімі аппаратының жауапты адамы;
      2) селолық округтің әкімі.
      12. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірліктер бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды адамдардың жауапкершілігі

      14. Уәкілетті органдардың, селолық округ әкімі аппаратының лауазымды адамдарына және селолық округтің әкіміне мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.



"Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
өтініш берушінің (отбасының)   
тиесілігін растайтын анықтама беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне 
1-қосымша            

Качир ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының тізбесі

р/с №

Ауылдық округі әкімі аппаратының толық атауы

Елді мекен атауы

Байланыс телефоны

Заңды мекен жайы

Сайт мекен жайы

1

"Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Байқоныс а.,
Қызылтаң а.,
Тілеубай а.

(871833)95490

Байқоныс а, Гвардейский к., 15

жоқ

2

"Береговой ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Береговой а.,
Осьмерыжск а.,
Зеленая Роща а.,
Луговое а.,
Тихомировка а.

(871833)94396

Береговой а., Намазбаев к., 1

жоқ

3

"Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Березовка а., Малые–Березняки а.

(871833)98642

Березовка а., Советов к., 1

жоқ

4

"Бобровка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ

Жаңабет а.,
Жасқайрат а.,
Бобровка а.

(871833)93450

Жаңабет а., 60 лет Октября к., 25

жоқ

5

"Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Львовка а.

(871833)40637

Львовка а., Киров к.,25

жоқ

6

"Воскресен ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ

Воскресенка а.

(871833)23131

Воскресен а., 70 лет Октября к., 1

жоқ

7

"Жаңа-Құрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ

Трофимовка а.,
Тегістік а.,
Покровка а.,
Жаңа - Құрылыс а.

(871833)91597

Трофимовка а., М-Горького к. 13

жоқ

8

"Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ

Ивановка а.,
Новоспасовка а.

(871833)40390

Ивановка а., Советов к., 21

жоқ

9

"Калиновка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Калиновка а.,
Қызылдау а.,
Қаратал а.

(871833)21386

Калиновка а., Победы к., 50

жоқ

10

"Коммунар ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ

Фрументьевка а.

(871833)40738

Коммунар а., Школьная к., 29

жоқ

11

"Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Октябрьск а.,
Мотоғұл а.,
Первомай а.,
Лесное а.,
Благовещенка а.

(871833)97585

Октябрьск а., Панфилова к., 3

жоқ

12

"Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Песчаное а.,
Қарасуық а.

(871833)26897

Песчаное а., Шоссейная к., 5

жоқ

13

"Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Тереңкөл а,
Ынталы а.,
Юбилейное а.

(871833)21494

Тереңкөл а., Тургенев к., 85а

жоқ

14

"Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Федоровка а.,
Конторка а.,
Воронцовка а.

(871833)40206

Федоров а., Школьная к.

жоқ

"Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға


өтініш берушінің (отбасының)   
тиесілігін растайтын анықтама беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне 
2-қосымша            

Уәкілетті органға жүгінген кездегі құрылымдық-функционалдық
бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы)

1

№ Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағымының) реттік нөмірі

1

2

3

2

Бірліктердің атауы

Уәкілетті органның жауапты адамы

Уәкілетті органның сектор меңгерушісі

Уәкілетті органның жауапты адамы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қажетті құжаттарды қабылдайды, анықтаманың не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды

Анықтаманың не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қояды

Алушыға анықтаманы не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Анықтаманың не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Анықтама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Анықтама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау мерзімі

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3



Селолық округ әкіміне жүгінген кездегі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) іс-әрекеттерінің сипаттамасы.

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағымының) реттік нөмірі

1

2

3

2

Бірліктердің атауы

Селолық округ әкімі аппаратының жауапты адамы

Селолық округтің әкімі

Селолық округ әкімі аппаратының жауапты адамы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қажетті құжаттарды қабылдайды, анықтаманың не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды

Анықтаманың не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қояды

Алушыға анықтаманы не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Анықтаманың не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Анықтама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Анықтама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау мерзімі

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3



"Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
өтініш берушінің (отбасының)   
тиесілігін растайтын анықтама беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне 
3-қосымша            

Уәкілетті органға жүгінген кездегі мемлекеттік
қызметті ұсыну үдерісінің кестесі



Ауылдық округ әкіміне келу кезіндегі мемлекеттік
қызмет көрсету үрдісінің сызбасы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет