«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті



Дата23.02.2016
өлшемі131.6 Kb.
#4101
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 464 қаулысымен
бекітілген

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы мемлекеттік қызмет регламентінде мынадай түсініктер мен қысқартулар қолданылады:


      1) мемлекеттік қызметті алушы – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалары бар, тиісті білім беру мекемелері жоқ елді мекенде, сонымен қатар жалпы білім беру мекемелеріне тегін жеткізу мен үйлеріне қайтаруды қамтамасыз ету үшін мектептен 3 шақырымнан астам жерде тұратын ата-ана немесе заңды өкіл;
      2) уәкілетті орган – мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);
      3) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім оқу бағдарламасын, сондай-ақ оқушы мен тәрбиеленушіге қосымша білім бағдарламасын жүзеге асырушы оқу орны;
      4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) мемлекеттік қызмет көрсетуші мүдделі мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер (кіші жүйелер);

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау.


      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес кенттің, ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – атқарушы орган) көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      6. Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама беру Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нәтижесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Жергілікті атқарушы органдардың мекен-жайлары туралы ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген, жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.


      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты Ақтөбе облысы әкімдігінің www.aktobe.gov.kz ресми порталынан, аудан және Ақтөбе қаласы әкімдіктерінің интернет-ресуртарынан алуға болады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері Стандарттың 7- тармағында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар ұсынылған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға ұсынады;
      2) уәкілетті орган маманы құжаттарды тіркейді, қолхат береді және құжаттарды уәкілетті орган басшысына ұсынады;
      3) уәкілетті орган басшысы құжаттарды қарайды, шешім қабылдайды және орындаушыға жолдайды;
      4) уәкілетті орган маманы анықтама немесе бас тартуды дайындайды және уәкілетті орган басшысы қол қоюға ұсынады;
      5) уәкілетті орган басшысы анықтамаға немесе бас тартуға қол қояды және орындаушыға жолдайды;
      6) уәкілетті орган маманы анықтаманы немесе бас тартуды тіркейді және алушыға береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушыға осы Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті беру күні жазылған, барлық құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.


      13. Мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға ұсынады.
      14. Уәкілетті орган тұтынушы құжаттарының мазмұны жайлы мәліметтерді қорғау мен сақтауды қамтамасыз етеді.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мына құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) әкімдіктің әлеуметтік мәселеге жетекшілік ететін маманы (ҚФБ 1);
      2) анықтаманы беру туралы шешім қабылдайтын әкім (ҚФБ 2).
      16. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдер) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің және қарым қатынасының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1- қосымшасында көрсетілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      18. Қабылданған шешiмдерге және мемлекеттiк қызмет көрсету барысындағы іс-әрекетке (әрекетсiздiкке) жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіппен бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысына жүктеледі.



«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын
балаларды жалпы білім беру ұйымдарына
және үйлеріне тегін тасымалдауды
ұсыну үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы 1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)

1

Iс- әрекеттердің (жұмыстар барысы, ағыны) нөмірі

1

2

3

4

1

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган маманы (ҚФБ 1)

Уәкілетті орган басшысы (ҚФБ 2)

Уәкілетті орган маманы (ҚФБ 1)

Уәкілетті орган басшысы (ҚФБ 2)

Уәкілетті орган маманы (ҚФБ 1)

3

Iс-әрекеттердің (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның)
атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды тіркеу, қолхат беру

Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдау

Анықтама немесе дәлелді бас тартуды дайындау

Анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Анықтаманы немесе бас тартуды тіркеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- әкімшілік шешiм)

Құжаттарды басшыға ұсыну

Құжаттарды орындаушыға жолдау

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды басшыға қол қоюға ұсыну

Орындаушы маманға анықтаманы немесе бас тартуды жолдау

Алушыға анықтаманы немесе бас тартуды беру

5

Орындалу мерзiмi

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күн ішінде

3 жұмыс күн ішінде

1 жұмыс күн ішінде

30 минуттан аспайды

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)

Уәкілетті орган маманы

(ҚФБ 1)


Уәкілетті орган басшысы

(ҚФБ 2)


1. Құжаттарды тіркеу, қолхат беру

3. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау

2. Құжаттарды басшыға ұсыну

5. Анықтамаға қол қою

4. Анықтаманы дайындап, басшыға қол қою үшін ұсыну


6. Анықтаманы тіркеу және алушыға беру


3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)

Уәкілетті орган маманы

(ҚФБ 1)


Уәкілетті орган басшысы

(ҚФБ 2)


1. Құжаттарды тіркеу, қолхат беру

3. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдау

2. Құжаттарды басшыға ұсыну

5. Бас тартуға қол қою

4. Бас тартуды дайындау және басшыға қол қоюға ұсыну


6. Дәлелді бас тартуды тіркеу және алушыға беру


«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын
балаларды жалпы білім беру ұйымдарына
және үйлеріне тегін тасымалдауды
ұсыну үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша

Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет