Шар қаласы әкімі Т.Садыковтың Шар қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Шар қалалық округте аудан әкімімен бекітілген 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы басшылыққа алынып, жұмыстар атқарылуда.
Округ аумағы 25390 га. Шар қаласының әкімшілік аумағының құрамына 3 теміржол бекетін қосып есептегенде, 7 елді мекен кіріп, онда 13 ұлттық өкілдері құралған, 9684 адам тұруда. Зейнеткер саны 1086 адам, Ұлы Отан соғысы ардагерлері-3,тыл еңбектер саны-75, Ауған соғысына қатысқандар-15, Чернобыль апатына қатысқан-5 адам, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірі-13 адам.
2015 жылы дүниеге 212 нәресте келіп, қайтыс болғандар саны 54 адам. Миграция бөлімінің есебі бойынша қала аумағына 240 адам көшіп келсе, кеткендердің жалпы саны 398.
Қала округінде 3 орта, 1-мектеп бала бақша, 1 негізгі мектептер, 2 бастауыш мектеп, 1 Жарма технологиялық колледжі, 2 балабақша, Шар қалалық ауруханасының шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын оған қарайтын 3 денсаулық мекемелері, теміржол поликлиникасы, Мәдениет үйі мен кітапхана, аудандық саз және спорт мектептерінің филиалдары, полиция бөлімі мен № 2 аудандық сот, халыққа қызмет көрету орталығы /ЦОН/, Шар қаласы күндізгі жартылай жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі және мал дәргерлік станция және бизнес көмек көрсету орталығы /ЦОП/ жұмыс істеп халық игілігіне қызмет көрсетуде.
Қала аймағында 186 субъект, оның ішінде 15 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның ішінде 7 белсенді, 100 жеке кәсіпкерлер, 48 шаруа қожалығы, 23 мемлекеттік кәсіпорындар мекемелер тұрақты жұмыс істеуде.
Жұмыспен қамтылған адамдардың саны 5463, оның ішінде өнеркәсіп бойынша 650, ауылшаруашылығында 240 адам, орта және шағын бизнесте 355, мемлекеттік мекемелерде 958, басқа жұмыстарда 3260 адам.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 18 шілдеде
№ 815 қаулымен бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден белсенді шаралардың қатысатын адамдардың оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуі және оларға мемлекеттік қолдау шараларды көрсетуді ұйымдастыру жөнінде жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері қала аумағында 325 адам жұмысқа тартылды.
Округта әлеуметтік жұмыс орнына арқылы-10 адам қамтылды.Тіркелген жұмыссыздар саны 20 адам, округта жастар тәрбиесі бойынша жұмыстар істелінді.
Аз қамтылған азаматтарды қолдауға бағыттылған әлеуметтік төлемдер төленуде. Сонымен қатар өткен жылы қала тұрғындарының 60 адамына тұрғын үй көмегі, 10 адамға материалдық көмек көрсетілді.
2014 жылы енгізілген Өрлеу шартты ақшалай көмек пилоттық жобасы бойынша 22 жанұядағы алушыға 3 млн.498 мың.теңге тағайындалып төленді.
Қалада өнеркәсіп және транспорттық сала дамыған, сонымен қатар ауылшаруашылығы, электрэнергиясін және суды өндіру және тарату қызметтері де тұрақты жүргізіледі.
Өндірістік өнімдерді шығарумен Казахцемент ЖШС, «Қамкор Локомотив» Ж.Ш.С. Шар локомотив жөндеу депосының филиалы, «Горводхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, ВК РЭК және теміржол электростанциялары, жеке кәсіпкерлер С.Рапиев, Д.Дерр, А.Какимова айналасады.
Транспорт, құрылыс және байланыс саласын алатын болсақ, онда «Шар көлігі» ЖШС, Аягуз Локомотив пайдалану депосының Шар бөлімшесі, теміржол жөндеу жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шар-ПМС филиалы, Жарма аудандық байланыс бөлімінің қалалық цехы мен теміржол байланыс бөлімшесі қалыпты жұмыс атқарып отыр.
2015 жылдың 11 айында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 8 млр.476,8 млн.теңгеі құрап, 2014 жылына сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млр.56 млн.теңгеге кеміді. Бұның басты себептері цементке сұраныстың түсуінен және Қамқор-Локомотив депосындағы ескі тепловоздардың орнына және тепловоздар келуіне болуда.
Қала бойынша су құбырының ұзындығы 32 шақырым, 99
сутартқыш мұнара жұмыс істеп тұр. Бұл кәсіпорынға 2015 жылдың
12 айында су пайдаланғандары үшін жеке тұлғалардан 4 млн.485 мың.теңге, заңды тұлғалардан 9 млн.415 мың.теңге, барлығы
13 млн.895 мың.теңге қаржы түсті.
Жылдан жылға су құбырына қосылған мекемелер мен тұрғын үйлер саны көбейуде. Былтырғы жылы аудандық бюджеттен «Горводхоз» кәсіпорнына 10,0 млн.теңге бөлініп, Қабанбай, Абай көшелеріне 5,5 км су тартылып, 9 сутартқыш мұналары қойылды.
Тек қана былтырғы жылы 107 үйге су құбыры қосылды. Қала бойынша барлық 478 тұрғын үйлер мен мекемелерге су құбыры қосылып отыр. Сонымен қатар сумен жабдықтау қызметі биылда жалғасады.
Ауыл шаруашылық жалпы өнім көлемі өсуде. 2016 жылдың
1 қаңтарына округте 6400 бас ірі қара малы, 14570 қой, ешкі 967 бас жылқы, 4900 бас құс болса, мал басы өткен жылдың мөлшерінен барлық түрлері өсіп отыр.
Сонымен қатар былтырғы өткен 2014 жылдың 11 айымен салыстырғанда мал шаруашылық өнімі артып, барлық түрлерінен өсуде. Осы мерзімге 992 тонн ет, 6461 тонн сүт, 486 мың. дана жұмыртқа алынып, төл алу бойынша барлық түрлерінен орындалды.
«Жұмыспен қамту-2020», бағдарламасының 2 бағыт шеңберінде несие серіктестік арқылы 3 жобаға 8,8 млн.теңге несие алынып, оған сауынды сиырлар сатып алынды.
Округта ауыл шаруашылық техникаларда жаңарту бағытында АҚ «Казагрофинанс» қоры арқылы жұмыстар қолға алынып 4 шаруа қожалығы 15,0 млн.теңгеге трактор, ауыл шаруашылық машиналары алынды.
Ауыл шаруашылық мал бастарының тұқымдық түрлендіруге
10 шаруа қожалығы қатысып 10 бас асыл тұқымдық бұқашықтар сатып алынды. Округта 1 шаруа қожалығы,1 жеке кәсіпкер «Джайлау» бағдарламасымен жұмыс істеуде. Округке агроөнеркәсіптік кешенді дамытудын салааралық «Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша «Сыбаға»-22, «Құлан»-5, «Алтын Асық»-
40 бас малдарын сатып алу жоспары берілген. Бұл жоспарлар орындалған жоқ.
Бірақ биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасымен жұмыс істеу қолға алынып «Даурен» шаруа қожалығы басшысы Абдраимов Ш., «Дастан» шаруа қожалығы басшысы Мухаметкалиев М. асыл тұқымды құнажындарды алу үшін жұмыстар жасауда.
Округта ветеринариялық іс-шараларда жүзеге асырылуда.
Жыл бойы бруцеллез ауруына 4058 бас ірі қара малы, 12500 бас қой, ешкі, туберкулез ауруына қарсы 16900 бас ірі қара малы тексеріліп, оң нәтиже берген жоқ. Аса қауыпты аурулар Сибирь жарасы, аусыл және қарасанға қарсы ірі қара, қой ешкі малдары егілді. Шаруа қожалықтарда 10500 м² дизенфекция жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілді.
Шар қаласы округінде 2015 жылға жоспарланған құрылыс жұмыстары бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржылар толықтай игерілді, атап айтқанда Б.Тұрсынов атындағы 300 орындық орта мектепке бөлінген 6530, млн.теңге толықтай игеріліп, 2015 жылғы 1V тоқсанда мемлекеттік қабылдаудан өтіп пайдалануға берілді.
«Ақбота» бала бақшасына күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген 9 млн.28 мың.теңге қаражат толықтай игерілді.
Жарма технология колледжіне жаңадан жылу қазандығын орнатуға 1,5 млн.теңге бөлініп, толықтай игеріліп, қазіргі таңда нәтижесін беруде.
Шар қаласына орталық алаңды абаттандыру үшін бөлінген
5,0 млн.теңге толықтай игеріліп пайдалануға қабылданды.
Қала, елді мекендердің көше жарығына бөлінген атап айтқанда Тәуелсіздік, Сүлейменов-К.Әубәкірұлы көшелеріне 3,0 млң.теңге, Көшек ауылына 2,5 млн.теңге жиыны 5,5 млн.теңге қаражат көздері игеріліп, пайдалануға қабылданды.
Жеке тұрғындардан құрылыс жұмыстарын жүргізуге түскен өтініштер бойынша қала әкімінің 37 өкімі берілді, оның ішінде тұрғын үй құрылысын салу үшін 12 адам өтініш берсе, соның 10-ны тұрғын үйін салып қабылдаудан өткізді, 2015 жылға бөлінген 400 м² тұрғын үй жоспары 600 м² тұрғын үй қабылданып жоспар 150 пайызға орындалды.
Әлеуметтік нысандар, шаруашылық кешендерін салу бойынша 4 нысан пайдалануға қабылданып, 10 жұмыс орны ашылды. Қалғандары қосымша құрылыс салу бойынша. Жер қатынастарын реттеу бойынша қала әкімінің 70 өкімі берілді, оның ішінде жеке меншік жер пайдалану құқығына-28, жалға алу құқығына-22, тұрақты жер пайдалану құқығына-4, жер телімін бөлу, нысаналы мақсатын өзгерту, өкімнің күшін жою бойынша-13, құжаттары дұрыс рәсімделмеуі себепті-3 өкім жер телімін беруден бас тарту туралы, 8- жер телімі құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін берілді.
2015 жылғы елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша өткізілген 3 айлық барысында Шар қаласы әкімшілік аумағында ауқымды жұмыстар атқарылды. 3 айлық барысында рұқсат етілмеген 4 қоқыс төгетін орын тазаланып қалыпқа келтірілді. Жалпы көлемі-550 м³ қоқыс шығарылды, 1400-дей тұрғын үй аулалары,12 мекеме, 8 -тынымбақ алаңдары қала көшелерінің бойындағы қоқыстар тазартылды. Өзен, теміржол торабының маңайларына тазарту жұмыстары атқарылды. Сенбілікке жалпы 2400 адам қатысты. Әр сенбілікке белсене қатысқан «Горводхоз» коммуналдық мемлкеттік мекемесінің ұжымы, жұмыспен қамту орталығынан бөлінетін адамдар /биржа/ арқылы атқарылған жұмыстар нәтижелі болды. Көгалдандыру бойынша 180 түп ағаштар отырғызылды,800 м² гүлзарлар жасалды.
Жұмыс тобы қалалық әкімшілік аумағында сенбіліктердің өтеуін, ұйымдастырылуын қадағалап және тазалықты сақтау ережелерін орындамайтын қала тұрғындарымен, жеке кәсіпкерлер, мекеме, кәсіпорын басшыларымен түсінік жұмыстарын жүргізді. Баспасөз бетіне 4 мақала берілді. Тазалықты сақтамағандарға әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес Шар полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары тарапынан 12 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып ҚРӘҚБК-нің 434 бабы 1 бөлімімен іс құжат жинақталып Жарма ауданының № 2 сотына жолданып әр қайсына 10 айлық есептік көрсеткіште барлығы 237840 теңге айып-пұл салынды.
Округта 15 жауапкершілік шектеулі серіктестігі, оның 7 белсенді жұмыс істелуде, 4 жұмыстары уақытша тоқтатылып тұр.Одан басқа ешқандай мәліметтер жоқ 3 кәсіпорын,1 кәсіпорын жаңадан ашылды.
Округ бойынша жергілікті салықтын түсімі орындалды. 2015 жылы 11 млн.56 мың.теңге салық жиылды, немесе жоспар 100 пайызға орындалды. Әлеуметтік ынтымақтастық бойынша кәсіпорын шаруақожалықтары кәсіпорындар әр түрлі әлеуметтік мәселелер (ыстық тамақпен қамту, жол жөндеу, санитарлық тазалық, блім, мәдениет, спорт салалары) т.б. бойынша 9 млн.теңгеге меморандумдар мен шарттар жасалып 2015 жылы 6 млн.
80 мың.теңгенің жұмыстары атқарылды.Меморандум 64,5 пайызға орындалды. Меморандум негізінен орындалмауы ірі кәсіпорындары «Қазақцемент», «Сары Тас», «Қамқор Локомотив» кәсіпорындарынан болып отыр. Бұл кәсіпорындарда экономикалық дағдарысқа байланысты сұраныстың болмауынан өнеркәсіп өнімдер азайып кетті. «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша былтырғы жылы 4 жоба жоспарланған,2 жобасы орындалды. Олар Астана қаласындағы «Шар құрылыс» жеке кәсіпкер Бектемирова Ж.К. Карелин орта мектебінің озат оқушыларына стипендия төлеп берді. Сонымен қатар жаңадан салынған Б.Тұрсынов атындағы орта мектептің ашылуына байланысты Тұрсыновтың туыстары мен мектеп түлектері 450 мың. теңге мөлшерінде мектепке демеушілік жасады. Сонымен қоса әлеуметтік-экономикалық жағдайын, дамыту жоспарын инвестиция тарту, ауыл шаруашылық дамыту бойынша, сауда және қызмет көрсету объектілері оның қайта өндеу цехтарын ашу жұмыстары баяу жүруде.
2015 жылы мәдени-көпшілік жұмыстардың ішінде есте қалатын жыл болып аталып өтілді. өйткені «Жеңістің 70 жылдығы», «Қазақ Хандығының 550 жылдығы», «Конституцияның 20 жылдығы», Қазақстан халқы Ассамблея 20 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы мерей тойларына арналған жоспар бойынша 34 іс-шара өтті.
Ерекше есте қалатын іс-шара Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы арнайы ашылған қаланың орталық алаңында мемориалдық ескерткіш Себебі Жарма ауданынан соғысқа аттанған 11 батырдың сүреттері мен есімдері және Шар округінің соғысқа қатысқан 1504 адамның есімдері мрамор тасқа қашалып жазылды.Тізімді оқыған қала тұрғындары ерекше ризашылығын білдіріп рахметін айтып жатты.
Сонымен қоса мәдениет үйінің жанада құрылған ардагерлер халықтық өнерпаз ұжымы былтырғы жылы қалада өткізілген мәдение іс-шараларға белсене қатысып келеді. Хордың құрамында 23 адам бар. Хордың мүшелері әр ұлттың өкілдерінен құрылған. Ардагер халықтық өнерпаз ұжымы атақтарын 3 мәрте қорғады. Былтыр хордың құрылғанына 20 жыл мерей тойларын қала көлемінде аталып өтілді. Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жұмыстар атқарылуда. Жазғы аудан әкімінің жүлдесіне арналған спартакиада да қала округі 259 ұпай жинап үшінші орын алды.
Қалада жыл ішінде ауданнан берілген жоспар аясынан басқада қалалық мекемелер мен кәсіпорындар арасында жарыстар өтіп тұрды.
Былтырғы жылы ардагерлерді еске алу үшін волейболдан Ә.Әліповпен К.Керейбаевтың турнирі өтті. Ардагерлер спортшымыз Караханов Марат Сағындықұлы Израилде өткен самбодан әлем чемпионатына барып өз салмақ дәріжесі бойынша 2 орынды иеленіп қайтты.
Қала әкімі жанынан ардагерлер Кеңесі төрағасы Мусатаев К., ақсақалдар Кеңесі Ирбаев С., әйелдер кеңес Агеева Г., жастар ұйымы жұмыс істеуде.
Былтырғы жылы мамыр айында Жарма ауданының келісім орталығының филиалы ашылды. Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік мәнді шараларға қатысып өздерінің сын ескертпелерін айтып, әкімшілік жұмыстарына көмектесуде.
2014 жылы 14 қаңтардағы № 1542 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына байланысты «Шар қаласы әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі 2015 жылы 686 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 157 халыққа қызмет көрсету арқылы, 529 әкімшілік арқылы өтті. Сонымен қоса заң тұлғалардан 17 жеке тұлғалардан 370 өтініш түсіп, толық орындалды.
2016 жылы қаланың мүмкіндіктері мен нақты әлеуетін ескере келіп, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша төмендігі іс-шаралар жоспарланып отыр.
Қаладағы жастар салауатты өмір салтын үстау үшін биылғы жылы спорт модуль құрылысы салынбақ.
-Қаланың орталық алаңына жаңадан су бұрқақ /фантан/ салынады.
-Қаладағы «Горводхоз» мекемесіне 15,0 млн.теңге қаржы бөлініп, таяу арада «Камаз» жүк тасығыш автокөлік алынады.
-Вокзал алаңына күрделі жөндеу, қаланың негізгі көшелерін орта жөндеуден өткізу және абаттандыру жұмыстары жоспарлануда.
-Шар қаласына кіреберісіне арка орнатылады.
Жоспарға сай үйлерге су тарту жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |