Орындаған:
ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ — ұйымның меншікті қаражатын, оның кірісін қалыптастыру, экономикалық қызметті қаржыландырудың қарыз көздерін тарту, осы қызмет барысында құралатын табысты бөлу, оны ұйымды дамыту мақсатына пайдалану.
Экономикалық қызметті дамыту оның тиісінше қаржымен қамтамасыз етілуін, яғни бастапқы капиталды талап етеді, бұл капитал ұйым құрылтайшыларының салымынан құралады және жарғылық капитал нысанын қабылдайды. Бұл кез келген ұйым мүлкінің құралуының аса маңызды көзі болып табылады. Жарғылық капиталдың құралуының нақты тәсілдері ұйымдық-құқықтық нысанның таңдалуына байланысты.
Ұйымды құру кезінде жарғылық капитал негізгі қорларды сатып алуға айналым қаражатын қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметті жүргізу үшін қажетті мөлшерде құралады, лицензиялар, патенттер, ноу-хау сатып алуға салынады, оларды пайдалану табыс құраудың маңызды факторы болып табылады. Нарық жағдайында істейтін Ұйымның қаржы қызметінің негізгі шарттары: бастапқы капитал өндіріске салынады, осы өндіріс барысында өткізілген өнімнің бағасымен тұлғаланатын құн жасалады. Өнім өткізілгеннен кейін ол ақшалай нысанға — өндірілген тауарларды өткізуден ұйымның есептесу шотына түсетін ақшалай түсім нысанына ие болады.
Ақшалай түсім — әлі табыс емес, бірақ өнімді өндіруге жұмсалған қаражаттың орнын толтыру және ұйымның ақша қорлары мен сақтық қаржы қорларын жасақтау көзі. Негізгі өндірістік қорлар мен бейматериалдық активтердің тозуы ақшалай нысанды қабылдағаннан кейін тозымпұлдық аударым түрінде құралатын қордың жасақталуымен байланысты.
Ақшалай түсім түскенге дейін бұл шығын ұйымның ақшалай қаражаты есебінен қаржыландырылады және өндіріске алғы төлем (аванс) ретінде салынады. Тауарларды өткізуден ақша түскеннен кейін айналым қаражаты қалпына келеді, ал ұйымның өнімді өндіруге жұмсаған шығынының орны толтырылады. Шығынның өзіндік құн ретінде оқшаулануы өнімді өткізуден алынған ақшалай түсім мен жұмсалған шығынды салыстыруға мүмкіндік береді. Қаражатты өнім өндіруге салу таза табыс алуды көздейді, егер ақшалай түсім өзіндік құннан асып түсетін болса, онда ұйым оны пайда түрінде алады.
Ұйымның қаржы қызметі қатынас ретінде экон. қызметтің бір бөлігі болып табылатындықтан ол бейкоммерц. ұйымдар үшін қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану, коммерц. ұйымдар үшін өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларына мүдделілік, оның нәтижелері үшін жауапкершілік Ұйымның қаржы қызметін бақылау қағидатына негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |