МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Дәлелдеу теориясының ұғымы мен мазмұны
1. Дәлелдеу теориясының жүйелілігі
2. Дәлелдеу теориясының негізі мен негіздемесі
3. Қылмыстық іс жүргізушіліктің таным объектісі
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің жалпы сипаттамасы
1. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеме түсінігі
2. Дәлелдеме бастаулары
2. 3. Дәлелдемелердің өзіндік ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
1998 жылдың 1-қаңтарына бастап күшіне енгізілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі еліміздің аумағында сот ісін жүргізу тәртібін бекітеді және ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген [1, 3.].
Қылмыстық істер бойынша өндірістің негізгі мазмұны болып олар қозғалғаннан бастап жоғары тұрған сот сатысында қаралғанға дейін дәлелдемелермен жұмыс жүргізу болып табылады, олар өз кезегінде қылмыстық іс жүргізу үрдісінің әрбір нақты сатысының алдында тұрған міндеттермен айқындалатын шектер мен нысандарда жүзеге асырылады. «Барлық іс жүргізу қатынастары қалай болсада дәлелдеу қызметімен байланысты болады, осы өрістегі барлық құқықтар мен міндеттер олардың іс жүргізу құзіретіндегі бөлігіне қатысты ғана маңызға ие болады. Әрине барлық қылмыстық іс жүргізуді тек дәлелдеу деп есептеу қате болар еді. Дәлелдемелер және дәлелдеу туралы нормалар сот өндірісінің міндеттерін және оның қағидаттарын, мемлекеттік органдардың құзіреттерін, қылмыстық іс жүргізу процесінің қатысушыларының құқықтары, міндеттерін және олардың құқықтарына кепілдік беретін, тергеу және сот әрекеттерінің тәртібін, қылмыстық іс жүргізудің барысында қабылданатын шешімдер жауап беруге тиісті талаптарды айқындап, бекітетін, нормалар ажырамас байланыста болады. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу туралы ғылымда әртүрлі ғылымдардың атап айтар болсақ, логиканың, психологияның, криминалистиканың, сот медицинасының, психатрияның және т.б. жетістіктері пайдаланылады. Дәлелдеу теориясының дамытылуында тергеу және сот практикасын зерттеу маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |