Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары



Дата23.02.2016
өлшемі31.51 Kb.
#10894
ШЕРУЛЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары

1992 ж. (х. 1412 ж.) шағбан айында Джидда қаласында шейхқа мынадай сұрақ қойылды: «Ерлер мен әйелдер қатысатын әмірлерге қарсы бағытталған шерулерді Исламға шақырудың құралы деп қарастыруға және де осындай шеруге қатысу барысында қаза тапқан адамды шахид немесе Аллаһ жолында жүрген адам деп санауға бола ма?»

Жауап: «Мен ерлер мен әйелдер қатысатын шерулерді қандай да бір мәселелерді шешудің құралы деп есептемеймін, мен оларды бүліктердің, жамандықтың, бір адамдардың өшпенділігін оятудың және басқа адамдардың құқықтарының бұзылуының себепшісі деп қарастырамын. Шариғи әдістер деп шариғатқа сәйкес іске асырылатын хат алмасуды, игі насихаттарды және жақсылыққа шақыруды айтады. Бұл әдістердің мәнін ислам ғалымдары, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары және оларға таза жүрекпен ілескендер түсіндірген, ал олар, жоғарыда айтқанымыздай, хат алмасудан, әңгімелесуден және «Әмір пәлен нәрсені істеді», немесе «Оның күнәсынан пәлен нәрсе орын алды» деп мінберлерден жарияламай, әмірмен байланыс орнатудан тұрады, ал көмек сұрап Аллаһқа жалбарыну керек».

Шейх Абд әр-Рахман Абд әл-Халикке жауап беріп, шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баз былай деді: «Өзіңіздің «Шариғат басқаруы туралы тараулар» атты кітабыңыздың 31-ші және 32-ші беттерінде сіз: «Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шерулерді ислам шақыруының құралы ретінде пайдаланды», - деп айтып өтесіз, алайда маған бұл жөнінде ешқандай нұсқаулар мәлім емес, сондықтан бұл жөнінде кім айтқанын және мұны сіз қандай кітаптан тапқаныңыз жайлы хабарлауыңызды сұраймын.

Егер де мұның Сүннетте ешбір мысалы болмаса, онда сіз өз сөзіңізден бас тартуыңыз керек, ал мен бұған нұсқайтын бірде-бір хадис немесе басқа да бір дереккөз көріп тұрған жоқпын. Шерулер қандай зиян әкелетіні белгілі болғандықтан, бұған сахих нұсқаулар болған жағдайдың өзінде де, бұзақылық таратушы адамдар өз мақсаттары үшін шерулер ұйымдастырмауы үшін, оларда нақты не айтылғандығын толық түсіндіру керек.

Аллаһтан сіз бен бізге пайдалы ілім беруін, жүректерімізді және барлық амалдарымызды салиқалы етуін және бізді тура жолмен жүрушілердің және онымен өзгелерді де жетелейтіндердің қатарынан етсін деп сұраймын. Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын».1

«Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздан шейх Абд әр-Рахман Абд әл-Халикке.

Аллаһ Сізге Өзіне ұнайтын амалдарды жасауға көмектессін және сіздің қолыңызбен Өз дініне көмектессін, әмин.

Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!

Мен сіздің кітабыңызды алдым және сіз менің ұсыныстарыммен келісетіңізді қуанышпен қабылдадым. Аллаһтан сізге бұдан да артық деңгейде қолдау көрсетуін және Ол сізді тура жолмен жүрушілердің және өзгелерді де тура жолға жетектейтіндердің қатарына қоссын.

Мен сіздің шерулер туралы жазғандарыңызбен танысып шықтым, ал сіз келтірген нұсқадағы дерек әлсіз деректер санатына жатады. Өйткені оны жеткізушілердің бірі - Исхақ бин Абу Фәруа; ал оның жеткізгендері шариғи дәлел ретінде қолданыла алмайды. Алайда бұл дерек сахих болған жағдайда да, онда Ислам тарихының ең алғашқы, яғни мұсылмандар Мәдинаға әлі көшпеген, ал шариғат әлі толық қалыптаспаған кезеңі туралы айтылып жатқанын ұмытпау керек.

Алайда үндеу немесе тыйым салу мәселелерінде, басқа да діни істердегідей, Мәдинаға көшкеннен кейін қалыптасқан шариғатттың ережелеріне негізделу керек. Ал жұма және айт намаздарына, сондай-ақ басқа да, күн тұтылуда оқылатын, немесе жаңбыр тілеу сияқты Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үндеген болуы мүмкін намаздарға келер болсақ, олар мұсылмандық діни рәсімдерге жатады және олардың шерулерге ешқандай қатысы жоқ.

Аллаһтан бізге, сізге және барлық бауырларымызға бұдан да көбірек пайдалы білім беруін, жүректерімізді және барлық амалдарымызды салиқалы етуін және бізді, сізді, сондай-ақ барлық мұсылмандарды бүліктермен байланысты болған адасушылықтардан және шайтанның азғыруынан сақтауын тілеймін. Расында, ең жақсысы - Аллаһқа ғана тілектермен жалбарыну.

Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!» 2


Алынған көзі: «Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне жауаптары», құрастырушы шейх Мухаммад бин Хусайн бин Саад әл-Суфран әл-Кахтани, редакциясын басқарған Сауд Арабиясы Корольдігі Ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан, Кувейт, 2008 ж

1 «Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың пәтуалар жинағы», 8/245.

2 «Шейх Абд аль-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың пәтуалар жинағы», 8/246.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет