ӨЖСӨж тақырыбы



Дата14.03.2024
өлшемі21.79 Kb.
#495486
Реферат эссе


Алихан Бөкейхан Университеті
ӨЖСӨЖ

ТақырыбыЖаратылыстану ғылымдарының философиясы мен әдістемесі

Орындаған: Алиманова Алида, БТ – 301


Қабылдаған : Аймханова Г.Қ

Семей 2023 - 2024


Жоспар :

  1. Жаратылыстану ғылымдарының философиясы мен әдістемесі

  2. Пайдалыңған әдебиеттер

Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе отырып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бұл орта ғасыр мен жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетінде басымдылыққа ие болды.
Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету құқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сұрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін ХХ ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мұндай көзқарас бұқара халық тұрмақ, саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. ХХ ғасырдың басында философтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бұл жолдың апатқа бастайтынын ашық айтты. Бұл ХХ ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.
Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену – осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бұндай көзқарас ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы – мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.
Әлемді философиялық тұрғыдан түсіндіру: болмыс туралы ілім. Әлем – адамнан тыс өмір сүретін табиғи ортаны бейнелейді. Табиғи процестер мен құбылыстар жеке – жеке емес, бір – бірімен байланыста өмір сүреді. Әлем – біртұтастық, өйткені ондағы жеке элементтер бір – бірімен гравитация күшімен байланысқан.
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол «бол, «болу» сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен дүниетанымдық «әлем деген не?» сұраққа жауап беруге болады.
«Болмыс» туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.
Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір – бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде, болмыс – құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский).
Орыстың діни философиясы болмыс мәселесін зерттеуде христиан дінінің, Платон, Гегель, Шеллинг философиясының идеяларына сүйенеді. Болмыс – рухани құбылыс. Онда хаоспен қатар гармония да, зұлымдылық пен қатар ізгілікте бар.
Қазақ халқының «сұм дүние», «опасыз дүние», «жалған дүние» деген байырғы ұғымдарында да болмыс туралы пікір қорытылған. Келтірілген түсініктерді жинақтап, болмыс дегеніміз дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады. Ол шексіз көп материалдық пен рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді.
Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе – болмыс, яғни ол заттар мен руханилық әлемі, өтпелі мен мәңгілік. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді. Болмыс – адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді.
Руханилық – бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйенеді. Физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері бола отырып, бір – бірімен тығыз байланыста болады.
Әлемді философиялық тұрғыдан түсіндіру: материя туралы ілім.
Материя – ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған.
Материя жөніндегі алғашқы пікірлер дүниенің біртұтас негізін түсіндіре бастаған көне дүние философтарының балаң ізденістерінде кездесіп отырды. Мәселен, Фалес дүниенің негізін – су, Гераклит – от, Демокрит – атом деп қарастырған. Ал Эмпедокл әлемнің түп негізі – төрт элементтен – судан, жерден, ауадан және оттан тұрады деген.
Аристотельдің пайымдауынша, материя – бұл мүмкіндіктегі болмыс. Нақты заттар осы болмысқа форманың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Материяның басқа жағдайға көшуін Аристотель – қозғалыс, процесс («кинесис») деп атаған.
Қайта өркендеу дәуірінде материя физикалық денелердің жиынтығы деп қаралып, онда заттардың әртүрі жекелендірілді.
XIX ғасырдың ортасында адам мен басқа тірі табиғаттың бірлігін түсіндіретін Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы пайда болды, 1986 ж. Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады. Радий элементі (В.Рентген), электрон (У.Томсон), табиғи радиоактивтілік (А.Беккерель) ашылды. 1916 жылы А.Эйнштейн қозғалыстың, уақыт пен кеңістіктің байланысын көрсететін жалпы салыстырмалық теорияны ұсынды.
Яғни, материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі – ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасу үстінде. Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір – бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды. Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.
Қазіргі жаратылыстанудың негізгі сипаттық белгілері. Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны түсінікті. Психология жоғары орында тұр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда барлық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен тұйықтасады. Физика Химия Биология Психология Циклділік – бұл Табиғаттың өзіне тән қасиет. Табиғаттағы заттардың айналымы баршаға белгілі. Қазіргі жаратылыстануды Табиғат туралы жаратылыстық ғылымдардың жиынтығы деп қана емес, құрауыштары (жаратылыстық ғылымдар) бір – бірімен соншалықты тығыз байланысқан, бір – бірінен шығатын, нағыз біртұтастықты көрсететін бірыңғай жүйе ретінде түсінуге болады. Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар – астрономия, космология, космогония және физика. Ғылымның күрделі творчествалық іс деп саналуының бір себебі сол,онда тәжірибеден теорияға көшетін бір өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы - салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы. Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс – тәсілдері, яғни ғылыми әдіс шешуші роль атқарады. ХVІІ ғасырда яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір – біріне қарама – қарсы екі методологиялық программасын: эмпириктік және рационалистік әдістерін тұжырымдады. Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи үлкен рөл атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Интернет желісі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет