ШәКӘрім қҰдайбердіұЛЫ



Дата11.03.2022
өлшемі4.21 Mb.
#456158
шежіре 6сабақ-1646197674004

  • Әділ Құттыбаев ЖҚ211

Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. 

Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

  • Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
  • Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады.
  • «түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі»
  • Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегі еш теңдесі жоқ шығарма. Оны ауызекі тілде жұрт «Шәкәрім шежіресі» деп атап кеткен.
  • Шәкәрім, араб, орыс, түрік, шағатай тілдерін толық меңгеріп, түрік мемлекетік бай кітәпханасында білімін жетілдірген, ғалым, сөз зергері. Көлемді ғылыми еңдегі: «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар» шежіресін жазғанда, орыстың Спасский, Аристов, Маевский сыяқты жазушыларының жазған шежірелерімен және басқа да жазылған шежірелер мен салыстырып, салт-дәстүр, жырларда аты аталған елге танымал тұлғалардың өмір сүрген уқытындағы ел аузында сақталғен әңгімелер мен жарлар да жазылған оқиғаламен байланыстыра қарап, шындыққа жақындары мен сәйкестендіре жазған.
  • Хакім Абайдың Шәкәрімге «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегін жазуға бағыт бергендігі. Нақтылай кетсек, осы шежіре туралы тапсырма алғанда Шәкәрім 19 жаста екен. Арғы-бергі тарихымызды түгендеп, танымдық жүйеге енгізудің басы осылай басталған. Ол ағаның ініге бұйыра салған ағымдағы шаруалардың бірі емес, нағыз ғылыми ізденіс пен терең талдаулардан тұратын үлкен шығармашылық кеңістік болатын.
  • Асылы, Абайдың өзі де кезінде «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деп қалам тербегені бар. Сондықтан, қазақ даласында пайда болған Шәкәрім қажының баламасыз ғылыми еңбегі – «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» ұлы Абайдың мақаласының заңды жалғасы деуге толық негіз бар. 

Басқада шығармашылығы

  • «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. 

Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі

  • Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі
  • (1866-1937)
  • Әлихан Бөкейхан
  • Х1Х ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде «Женщина в киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған. «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың тарихилығы, «Қобыланды» жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған»,- делінген.
  • 1911 жылы шыққан Шәкәрім жазған қазақ шежіресі жайлы Әлихан: «Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкәрімнің бұл кітабы – қазақ шежіресінің тұңғышы, қазақ шежіресін білмек болған, аға-іні, іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкәрім кітабын әбден білмей қадам баспа» - деп ерекше көңіл бөліп, ұрпаққа жол көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет