ШәКӘрім шығармаларын оқытуда гипермәтіндік технологияны қолдану



бет1/3
Дата02.10.2023
өлшемі23.15 Kb.
#479551
түріҚұрамы
  1   2   3
ГИПЕРМӘТІНДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОРАЛХАН БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ


ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДА ГИПЕРМӘТІНДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Көркем шығарманы түсіну - көп қырлы және көп деңгейлі үрдіс, ол оқырманның тілдік және жалпы мәдени дамуына тәуелді, өйткені мәтінді оқу мен түсіну барысында мәтінді мағыналы ететін сол оқырман. Ю. М. Лотманның айтуынша: «Мәдени жадтың көлемі мен оның құрамы тіпті бір дәуірдің оқырмандары арасында айтарлықтай әр түрлі болады. Сондықтан дәйексөз, әсіресе ол «...» белгісімен ерекшеленсе, тұспал жасай отырып, оқырман аудиториясын «өзімдікі – бөтен», «жақын – алыс», «түсінетін – түсінбейтіндерге» бөледі. Бұл жағдайда мәтін «керек қылған адам түсініп алар» қағидасы бойынша өмір сүреді. Сонымен қатар, оқырманды мәтінге жақындатудың көп сатылы жүйесін құратын қос сілтеме жағдайы өте жиі кездеседі: кейбіреулер мәтінді авторлық ойдың тікелей көрінісі ретінде ғана қабылдайды («бөтен оқырман»), басқалары мәтінде тұспал бар екенін түсінеді, бірақ оны шеше алмайды, ал үшінші топтағылар мәтіндегі дәйексөзді белгілі бір сыртқы мәтінмен байланыстыра алады және осы салыстырудан туындайтын мағынаны тани алады. Төртіншілері болса, бұл дәйексөздің нені тұспалдап тұрғанын бірден танып, оның эмоционалды-мәдени ореолын, «семантикасының төркінін» анық түсініп оқиды» [1].


Мектепте оқытылатын мәтіндердің жартысынан көбі - отандық классикалық әдебиет үлгілері. Ал бұл шығармалардың дені өткен ғасырлар мен дәуірлерден. Сәйкесінше, шығармада суреттелетін тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр мен наным-сенімдер де, тіпті жеке сөздер де білім алушыға таныс емес болуы әбден мүмкін. Осылайша көркем шығарма әлемі заманауи оқырман үшін түсініксіз болуы - анық заңдылық.
Әдебиетте әр ақынның өз орны бар. Шәкәрім - қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі ірі тұлғаның бірі. Шығыс, батыс классиктерінің шығармашылығын жете танып, мұсылмандық ілім-білімді де еркін меңгерген ақын, түркі халықтарының тарихын терең білетін ғұлама ғалым, әдебиеттің көптеген жанрларында да туындылар қалдырған қаламгер. Шәкәрімнің ақындық жолының бір арнасы - өлеңдері мен поэмалары. Жалпы білім беретін мектептің әдебиет пәнін оқыту бағдарламасына Шәкәрімнің осы өлеңдері мен поэмалары енген. Мектептің әр түрлі сыныптарында «Адамдық борышың», «Жолама қулар маңайға», «Сөз жазып, сөз өлшемек», «Өмір», «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Бір Аллаға сыйынған адам өлмес», «Кәрілік туралы» өлеңдері мен «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» поэмалары оқытылады.
Өзімнің тәжірибемде 10-сыныптағы оқушыларға Шәкәрім өлеңдеріндегі сөздерді кездейсоқ таңдаумен жинақтап (архаизмдер мен сирек кезедесетін сөздерді қоспағанда), оқушыларға түсіндірмелі сөздікті қолданбай, анықтамасын беруді тапсырдым. Нәтиже таң қалдырды: жетінші сынып оқушылары сөздердің үштен бірін ғана өз бетінше және дұрыс түсіндіре алды, қалған үштен екісі мүлдем білмеді немесе оларды «тисе терекке, тимесе бұтаққа» принципі бойынша түсіндірді. Осы жағдай мені көркем шығарма әлемі заманауи оқырман үшін түсініксіз болуының, соның салдарынан меңгерілмей қалуының алдын-алу шарасын, нақты әдістемені іздестіруіме әкелді.
Сандық ғасырда өмір сүріп жатқан digital native (сандық болып туған)-ұрпақтың компьютерлік технологиялар арқылы оқытылуы – ұтымды жол. Сондықтан Шәкәрім шығармаларын гипермәтіндік технологияларды қолдану арқылы танытудың артықшылықтары көп болып шықты.
Компьютерлік гипермәтінді құру мұғалімнің мүмкін болатын оқу реакцияларын болжауына септігін тигізеді, бұл біріншіден, оқушылардың оқу деңгейі мен әдебиеттік дамуларына, екіншіден, сыныптағы әдебиетті оқудың алдыңғы тәжірибесіне негізделген. Сонымен қатар, гипермәтінмен жұмыс жасау барысында мұғалім автордың артынан емес, оқушылардың оқу ассоциацияларына қарай қозғала алады.
Мәтінді түсінудің белгілі 3 деңгейі бар екенін білеміз: тілдік (лингвистикалық), семиотикалық және референттік.
Сөздердің лексикалық мағынасын қарапайым білмеу жалпы мәтінді түсінбеуге әкеледі. Мәтінді танудың

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет