Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы



Дата14.06.2016
өлшемі44.19 Kb.
#135986
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен   бекітілген «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі 2015 жылдың маусым айынан бастап пилоттық режимде ХҚКО-да көрсетіле бастады.

         Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн қызметті алушы өз қолымен мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш береді.

      Он алты жасқа толмаған немесе әрекетке қабілетсіз болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ата-анасының бірі немесе заңды өкілі береді.


      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1)ұлттық паспорттың көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, өтініш беру күніне олардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күннен артық болуы тиіс;

  бірлескен қолдаухат беру кезінде: баланың туу туралы куәлігінің немесе 16 жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
    2) Қазақстан Республикасында болудың заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі;
    3) оның азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімі ретiнде болуы мүмкiн кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында баспана берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда);

4) өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат.

    Оралмандардан, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған бұрынғы отандастардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы бар адамдар және бірге келген олардың отбасы мүшелерiнен төлем қабілеттілігін растау туралы құжат талап етілмейді;
      5) азаматтығы тиесілі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетіндегі соттылығы (соттылығының жоқтығы) туралы құжат;

      6) 14-тен 16 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға нотариалды куәландырылған келісімі;

      7) арыз берушіге баспана ұсыну туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт не шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның тұруына және тұрақты тіркеу есебіне қоюға нотариалды расталған келісім;

      8) Қазақстан Республикасының медициналық мекемесі берген медициналық куәландыру туралы анықтама;

      9) өлшемi 35x45 мм 4 фотосурет (фотосурет арыз берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлуі және адамның бетi фотосуреттiң жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиiс);

      10) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратындар неке туралы  куәліктің көшірмесін және жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      Мыналар:

1)заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалаудағы;

2)сотталғанға дейiн тұрақты тұратын жерi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;

3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;

4) оралмандарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерлерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды ұсынбаған;

5) шетелдiктердiң Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған;

6) ұлтаралық және дiни араздықты тұтандыратын;

7) әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;

8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;

9) террористiк қызметі, ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн соттылығы бар;

10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтінішпен жүгiнген кезде жалған құжаттар ұсынған не өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қажеттi құжаттарды дәлелсiз себептермен ұсынбаған;

11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру сәтiнде Қазақстан Республикасынан бес жылдың iшiнде шығарылған;

12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

13) Қазақстан Республикасынан уақытша шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып оралудың өздері мәлімдеген мерзiмнен кейін алты ай өткен соң оралмаған;


14) егер бұл неке соттың заңды күшiне енген шешiмiмен жарамсыз болып танылған жағдайда, тұруға ыхтиярхатты алу үшін негiз болған Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеге отырған;

15) Қазақстан Республикасына кiру үшiн қарсы көрсетiлiм болып табылатын аурулары бар қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіз болып табылады.



Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) қажеттi құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн;

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат және болжанатын тұрғылықты жері бойынша тіркеу.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол мемлекеттiк баж төлену күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінің 10 пайызын құрайды.

      Мемлекеттiк баж төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) беретiн Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.


ХҚКО Жаңақорған аудандық бөлімінің

реттеу зал басшысы Н.Амирбеков

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет