Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі74 Kb.
#3112
Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңы


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 жылғы 19 маусым, N 9-10, 68-құжат


МАЗМҰНЫ

      Ескерту. ҚР 1997.06.19 N 134 заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.

      Ескерту. Актiнiң нысаны мен тақырыбы өзгердi, кiрiспе алып тасталды, бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықтан", "Жарлықта", "Жарлық", "Жарлықтың", "жарлықтың" деген сөздер тиiсiнше "Заңнан", "Заңда" "Заң", "Заңның" деген сөздермен, "шетел азаматтарының", "шетел азаматтары", "Шетел азаматтарының", "шетелдiк азаматтың", "шетелдiк азаматтар", "шетел азаматтарына", "шетел азаматына", "Шетел азаматтары", "шетелдiк азаматтардың", "шетел азаматтарын", "Шетел азаматының", "Шетел азаматы" деген сөздер тиiсiнше "шетелдiктердiң", "шетелдiктер", "Шетелдiктердiң", "шетелдiктiң", "шетелдiктерге", "шетелдiкке", "Шетелдiктер", "шетелдiктердi" "Шетелдiктiң", "Шетелдiк" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.01.12 N 227 Заңымен.

I бөлiм. Жалпы ережелер

1-бап
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы
туралы заңдар

      Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдiктердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.


      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.
      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.01.12 N 227 Заңымен.

2-бап
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдар

      Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер болып танылады.


      Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады. 

3-бап
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық
жағдайының принциптерi

      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген мiндеттердiң бәрi жүктеледi. Қазақстан Республикасының заңдары мен   халықаралық шарттарында  қарастырылған жағдайлар бұған жатпайды.


      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бiрдей болады.
      Шетелдiктердiң өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мiндеттерiн орындауынан бөлiп алуға болмайды.

4-бап
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген
шетелдiктер

      Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген  тәртiппен  рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдiктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.


      Оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндеттi шарты мұндай рұқсатты алуға үмiткер адамның Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауы болып табылады.
      Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негiзде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбiрленушi деп танылған шетелдiктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледi. Олар белгiленген тәртiппен тiркелуге және өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 N 227 Заңымен.

5-бап
Баспана беру

      Қазақстан Республикасы адам құқықтары бұзылуының құрбандары болған шетелдiктерге баспана құқығын бередi.


      Саяси баспана беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Президентi шешедi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.01.12 N 227 Заңымен.

II бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң
негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi

6-бап
Еңбек қызметi және демалыс

      Шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгiлеген негiз бен тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен шұғылдана алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актiлерiмен шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiндегi шектеулер белгiленуi мүмкiн. Z


      Шетелдiктер жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметiнiң белгiлi бiр түрiмен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты мiндеткерлiкте болады.
      Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бола алады. Бұл ретте, заңды тұлға құрмай шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
      Қазақстан Республикасында жүрген шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде демалыс алуға құқылы.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 164, 2007.01.12 N 227 Заңдарымен.

7-бап
Денсаулық сақтау

      Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, денсаулық сақтау саласында азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттiлiкте болады. P091937


      Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органы белгiлеген тәртiппен дәрiгерлiк көмек көрсетiледi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.16 N 186-IV Заңымен.

8-бап
Әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.


      Егер зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақы тағайындау үшiн белгiлi бiр еңбек стажы талап етiлсе, шетелдiктерге Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте олардың шетелдегi жұмыс стажын есептеуге болады. V021899
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.06.19 N 134-I Заңымен.

9-бап
Тұрғын үй құқығы, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес
құқықтар

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.


      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер жеке меншiк құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетелдiктердi қоспағанда) және басқа мүлiкке, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторлық құқығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие бола алады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей пайдаланады.
      Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды пайдалануға құқылы.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.03.01 N 160 Заңымен.

10-бап
Бiлiм алу

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мектепалды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алуға құқығы бар.


      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi алуына, егер олар осындай деңгейдегi әрбiр бiлiмдi бiрiншi рет алып тұрса, құқық берiледi.
      Шетелдiктердiң мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуына құқық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
      Бiлiм беру ұйымдарына қабылданған шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң құқықтарына ие болады және мiндеттерiн мойнына алады.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-бап
Мәдениет жетiстiктерiн пайдалану

      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мәдениет жетiстiктерiн пайдалануға құқылы. Олар тарих және мәдениет ескерткiштерiне, басқа мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.



12-бап
Қоғамдық бiрлестiктерге қатысу

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден басқа қоғамдық бiрлестiктерге, егер бұл олардың жарғыларына (ережелерiне) қайшы келмейтiн болса, кiруге құқылы.



13-бап
Ар-ождан бостандығы

      Қазақстан Республикасында жүрген шетелдiктерге Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей ар-ождан бостандығына кепiлдiк берiледi.


      Дiни нанымға байланысты дұшпандық пен өшпендiлiктi өршiтуге тыйым салынады.

14-бап
Некелiк және отбасылық қатынастар

      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық  шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және мiндеткерлiкте болады. Z990387, Z980292, Z980311



15-бап
Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк

      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктерге тұрғын үйiне, жеке басының ары мен намысына тиiспеуге кепiлдiк берiледi.



16-бап
Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және
тұрғылықты жер таңдау

      Шетелдiктер Қазақстан Республикасының шетелдiктердiң болуына рұқсат етiлген аумағында еркiн жүрiп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады. Жүрiп-тұрудағы және тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттiк берiлген органдарының актiлерiмен белгiленедi.



17-бап
Салықтар мен алымдар

      Егер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасындағы шетелдiктерге Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей негiзде салықтар мен алымдар салынады.



18-бап
Шетелдiктердiң құқықтарын қорғау

      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау үшiн сотқа және басқа мемлекеттiк органдарға өтiнiш жасауға құқылы.


      Шетелдiктер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларда, сотта Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей процессуалдық құқықтарды пайдаланады.

19-бап
Сайлау құқығындағы шектеулер

      Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер өкiлдi және басқа сайланбалы мемлекеттiк органдарға және қызметке сайлай да, сайлана да алмайды, сондай-ақ республикалық референдумдарға қатыса алмайды.



20-бап
Әскери мiндеттiлiкке қатыстылығы

      Әскери мiндеттiлiк Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге қолданылмайды.


      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 N 227 Заңымен.

III бөлiм. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келуi
және Қазақстан Республикасынан кетуi

21-бап
Қазақстан Республикасына келудiң, Қазақстан Республикасынан
кетудiң, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк
жүрiп өтудiң ережелерiн белгiлеу

      Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келуiнiң, олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өтуiнiң ережелерiн осы Заң және Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де актiлерi белгiлейдi.



22-бап
Қазақстан Республикасына келу

      Егер Қазақстан Республикасының тиiстi тараппен келiсiмiнде өзгеше тәртiп белгiленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi өзгеше тәртiп белгiлемесе, шетелдiктер жарамды паспорт пен оны алмастыратын құжаттармен Қазақстан Республикасының келу визасы болған жағдайда Қазақстан Республикасына келе алады.


      Шетелдiкке Қазақстан Республикасына келуге:
      а) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделерiне орай;
      б) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
      в) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
      г) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса;
      д) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      e) егер ол террористiк әрекетi үшiн сотталған болса не сот оны аса қауiптi рецидивист деп таныса;
      ж) егер ол, оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан шығып кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;
      з) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзған фактiлерi анықталған болса;
      и) егер ол келу туралы өтiнiш хатпен жолданған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе, тыйым салынуы мүмкiн.
      Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген шетелдiктерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
      Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы шақырылған шетелдiктердiң сақтауын бұрын бiрнеше рет қамтамасыз етпеген жеке және заңды тұлғалар тарапынан шетелдiктердi Қазақстан Республикасына шақыру туралы берiлген өтiнiш хаттар қаралмайды.
      Қазақстан Республикасына келу кезiнде шетелдiктерге Қазақстан Республикасының Үкiметi көздеген тәртiппен көшi-қон карточкалары берiледi. 
      Келу визаларын немесе оларға сәйкес келетiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi немесе жекелеген жағдайларда бұған арнайы уәкiлдiк берiлген Қазақстан Республикасының өкiлдерi бередi.
      Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тараптардың шақыруы немесе Қазақстан Республикасының рұқсат беруге бұған уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдарының рұқсаты виза беру үшiн негiз болып табылады.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 N 227, өзгерiс енгiзiлдi - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  23-бап


Қазақстан Республикасынан кету

      Шетелдiктер қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген  кету визалары болған жағдайда сол паспорттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жасалған келiсiмде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан кетедi. .P110200


      Қазақстан Республикасынан кету шетелдiкке мына жағдайларда:
      а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса - iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;
      б) егер ол қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;
      в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса - мiндеттемелер орындалғанға дейiн рұқсат етiлмейдi.
      г) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Шетелдiктiң Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттемелердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
      Ескерту.  23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

24-бап
Транзиттiк жүрiп өту

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өтушi шетелдiктер белгiленген маршрут бойынша Қазақстан Республикасынан кетудiң шекаралық мекенiне транзиттiк жүрiп өту ережелерiн сақтай отырып барады және Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген рұқсат болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тек Қазақстанның транзиттiк визаларында көрсетiлген мекендерде ғана аялдай алады.



IV бөлiм. Шетелдiктердiң жауапкершiлiгi, болу мерзiмiн
қысқарту, қуып жiберу

25-бап
Құқық бұзғандық үшiн жауапкершiлiк негiздерi

      Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкiмшiлiк және басқа құқық бұзған шетелдiктерге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленгеннен басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей негiздерде жауапкершiлiк жүктеледi.



26-бап
Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзғандық үшiн
жауапкершiлiк

      Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзған, яғни тұруға құқық беретiн құжаттарсыз тұрған немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатқан, тiркелудiң немесе жүрiп-тұру мен тұрғылықты жер таңдап алудың белгiленген тәртiбiн сақтамаған, өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткеннен соң кетуден жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн орындамаған шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.


      Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн өрескел бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.

27-бап
Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту

      Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған шетелдiкке оның Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетелдiктiң Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.


      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.01.12 N 227 Заңымен.

  28-бап


Қазақстан Республикасының шегiнен қуып жiберу

      Шетелдiк мына жағдайларда:


      а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;
      б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;
      г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн.
      Шығарып жiберу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдары немесе сот қабылдайды. Шетелдiк осы шешiмде көрсетiлген мерзiмде Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жiберу туралы сот шешiмiнiң орындалуы Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасалына отырып, өз бетiмен кетуi арқылы жүргiзiледi. Егер өзiне қатысты шығарып жiберу туралы шешiм қабылданған адам шешiмде көрсетiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол прокурордың санкциясы бойынша ұсталуға және мәжбүрлеу тәртiбiмен шығарып жiберiлуге тиiс. Бұл орайда, шығарып жiберу үшiн қажет болатын мерзiмге ұстауға жол берiледi. Ол Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде орналастырылады.
      Мәжбүрлеу тәртiбiмен шығарып жiберу туралы сот шешiмiн орындауды жүзеге асыратын халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пунктерiнде шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билiгiнiң өкiлiне шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды ресми түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының шекара қызметi органдарына бередi.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 164, 2001.11.10 N 255, 2007.0112. N 227, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

V бөлiм. Қорытынды ережелер

29-бап
Осы Заңның азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде қолданылуы

      Осы Заңның ережелерi, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.



30-бап
Осы Заңның қолданылу аясын шектеу

      Осы Заңның ережелерi шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң басшылары мен қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген артықшылықтары мен иммунитеттерiн қозғамайды.



31-бап
Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.



      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет