Шетырғыз селолық округі әкімінің 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата07.07.2016
өлшемі72.34 Kb.
#182837
Шетырғыз селолық округі әкімінің 2013 жылдың

9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі
Шетырғыз селолық округінде қазіргі таңда 860 тұрғын бар. 2 орта мектеп, 2 медпункт, 1 балабақша, 1 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана, 1 АТС, 3 кәсіпкер сауда-саттықпен, 2 монша патенттік жүйеде жұмыс жасайды. Тұмалыкөл селосында салынған 60 орындық М.Орынбасаров атындағы орта мектептің ғимараты жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығы бойынша

Биылғы 2013-2014 мал қыстату науқанына 2200 бас мүйізді ірі қара, 6000 бас қой-ешкі, 120 бас түйе, 1200 бас жылқы түскелі отыр. Шартты мал басын айналдырғанда 3680. Мал қыстату кезеңінен шығу үшін 92000 цн шөп, 240 тонна жем қажет. Қазіргі таңда шөп 115000 цн-ге жетіп отыр. Жем Қарғалы және Әйтеке би аудандарынан әкелінуде. Осы малдарға қажетті цн мал азықтық шөп дайындалып, тасылып алынды.

Үстіміздегі жылдың 9 айында, яғни 2013 жылдың 1 қазанына округ бойынша 4190 цн ет, 9437 цн сүт, 117 цн жүн және 38000 дана жұмыртқа өндірілді.



Бірдейлендіру жұмыстары 2013 жылдың 9 айында мал саны бойынша 756 бас бұзау, 34 бас бота және 2268 бас қозы малдары толық бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға 100 пайыз енгізілді. Округтегі барлық шаруа қожалықтары мен жекелеген тұрғындарға жылқы малын электронды түрде бірдейлендіру әдісі(чип) жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, мал иелерінің қызығушылығын тудыруда. Қазіргі таңда «Шәкір» шаруа қожалығы 178 бас жылқы малына бірдейлендіру әдісін(чип) жүргізіп отыр. Округтегі мал мамандары осы бірдейлендіру әдісін қолдану негізінде көптеген жұмыстар жасап жатыр.

Мал басын көбейту және асылдандыру мақсатында «Нұрдәулет», «Қайыңды», «Тұлпар», «Елеукен» шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқа алып мал бастарын асылдандыру жұмыстарымен айналысуда.

Мал басын асылдандыру, көбейту мақсатында қой шаруашылығын дамытуға агрокредиттік корпорациядан 500 бас қойға «Ермұхан» шаруа қожалығы 12,5 млн. теңге несие алды, Ырғыз ауданының шаруа қожалықтарынан 10 бас асыл тұқымды қошқар және 384 бас саулық сатып алды және көршілес Мұғалжар ауданының «Қайыңды» селолық округінен 2 бас асыл тұқымды бұқа алынып, сиыр табынына қосылды. Округтегі қоғамдық мал күтуге лизингке 7 бас асыл тұқымды бұқа алынып, аналық сиырларға қосылды. Округте 4 қоғамдық мал күтуі ұйымдастырылды.

Малдарға дәрігерлік профилактикалық жұмыстар, инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация уақытылы өз мәнінде жүргізіліп, бруцеллез ауруын тексергенде, 2012 жылы 3 бас оң нәтижесін берсе, биылғы жылы бруцеллез ауруы шыққан жоқ. Бұл ауданымыздағы ашылған вет. стансаның өз округімізге қарасты мал дәрігерлерінің жақсы жұмыс атқарғанын көрсетеді.

Округте қазіргі таңда 41 шаруа қожалығы жұмыс жасауда. Биылғы 2013 жылдың 9 айында 5 шаруа қожалығы ашылып отыр.

Мал өлекселерін залалсыздандыру орнының шұңқыры қазылып, іші кірпішпен өрілді. Төбесі плита таспен жабылып, пайдалануға берілді.

Лизингке техника алуда «Шәкір» шаруа қожалығы 1 МТЗ-82 тракторы, 1 рулон пресс, 1 шөп көтергіш және «Елеукен» шаруа қожалығы 1 МТЗ-82 тракторын алып отыр. Қазіргі таңда лизингке алған жаңа техника саны 4 МТЗ-82 тракторы, 3 рулон пресс, 1 шөп көтергішке жетіп отыр. Ауыл шаруашылығы техникалар паркі жылдан-жылға жаңаруда.

Облыс, аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне берілген график бойынша қатысып отырдық.

Тұрғындар көкөніс, бау-бақша егу үшін картоп 1,5 га, бау-бақша 0,6 га, көкөніс 0,5 га жерге егіліп, 157,5 цн картоп, 65 цн көкөніс, 84 цн бақша өнімдері алынды.

Салық базасы бойынша жер, мүлік, көлік салықтары уақытында жиналды. Тіркелген кәсіпкерлердің уақытылы патент алуын, шаруа қожалықтарының салықтарын уақытылы жиналуы қадағаланып отырылды. Ұсақ сауда саттық бойынша жаңадан бір кәсіпкер тіркеліп, қазіргі таңда патентті жүйеде жұмыс жасауда.



Округтегі азық-түліктің бағасы басты назарда. Негізінен айына бір рет аудан орталығынан меморандум жасасқан кәсіпкер Сунақбаева КАМАЗ автокөлігімен Шалқар қаласындағы базар бағасымен ұн, қант, макарон өнімдері мен көкөністер сатып халықтың ризашылығына бөленіп отыр.

Ауыл тұрғындарының малдарына қажетті мал азығын – шөпті қол жетімді бағаға сатып алуларын қамтамасыз ету мақсатында округтегі МТС «Қаратоғай» ӨК және 9 шаруа қожалығымен округ аймағында әр тюктің бағасы 180-200 теңге, рулон бағасы 3800 теңгеден аспауға меморандум жасастық. Және тұрғындар осы бағаға қолма-қол және қарызға сатып алып, шөппен толық қамтамасыз етілді.



Әскерге шақырылушыларды көктемгі шақыруда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге округтегі әскерге шақырылушылар уақытылы түгел жеткізілді. Күзгі шақырым бойынша 3 қазан күні жеткізілуге тиіс 34 әскерге шақырылушының 9-ы жоғары оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитындар, оқу орнынан анықтама әкеліп тапсыруда. Келісім-шарт бойынша әскери қызметке шақыру бойынша сарбаздар мен сержанттар құрамдарын жасақтау үшін округте үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жиналыстар, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес 2 әскери міндетті оқу-жаттығу жиынына іріктелінді. 1 Семейге барып, аяқтап келді.

Санитарлық тазалық айлықтары, сенбіліктер ұйымшылдықпен өткізілді.



2014 жылға басылымдарға (баспасөзге) жазылу бойынша округтегі мекеме басшыларының қатысуымен арнайы жиналыс өткізіліп, берілген басылым жоспары округтегі барлық мекемелерге бөлініп берілді. Пошта байланыс бөлімше меңгерушілеріне тапсырмалар берілді. Берілген жоспарды толық орындаймыз. 2014 жылға баспасөзге жазылу науқаны ұйымшылдықпен өткізілуде.

«Қаратоғай-Тұмалыкөл-Шалқар» бағытындағы көтерме жол уақытылы тексеріліп,

т тегістеліп, жолаушылардың жол қатынасы жоғары деңгейде ұсталып келеді.

«Көркейе бер, туған жер» акциясы аясында «Елеукен» шаруа қожалығы «Толағай» балабақшасын ағымдағы жөндеуден өткізуге қажетті заттарды 25 мың теңгеге алып берді. МТС «Қаратоғай» өндірістік кооперативі Қаратоғай орта мектебінің сынып терезесіне жалюз, Орынбасаров Нұрланбек М.Орынбасаров атындағы орта мектепке тел.факс, зейнеткер Қ.Орынбасаров та осы мектепке түрлі-түсті принтер аппаратын алып берді. Тұмалыкөл ауылына кіре берісіне «Серікбай», «Нұрзаман» шаруа қожалықтары бірігіп, көркейту жұмыстарын жүргізді. Құны – 75 мың теңге.

М.Орынбасаров атындағы орта мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында селолық әкімшілік ұжымы 25 мың теңгеге тал көшеттерін отырғызды.

Биылғы 2013 жылға Ақтөбе қаласындағы «Строй комплект - 2030» ЖШС Шалқар-Тұмалыкөл-Шетырғыз көтерме жолының Тұмалыкөл селосына кіре берісіне 70 (жетпіс) метр көтерме жолын қосуға жұмыс жасалынды, жұмыс толық аяқталған жоқ.

МТС «Қаратоғай» өндірістік кооперативі село тұрғындарының өтініші бойынша құрлық жерге мал су ішетін бөгет бөгеп берді, орындалған жұмысқа кеткен қаржы 1,0 млн теңге.



«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 764,0 мың теңге бөлініп, МТС «Қаратоғай» өндірістік кооперативі тазалық жұмыстарымен айналыса отырып, күл-қоқыс алаңын ретке келтірді.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша 93 мың теңгеге аз қамтылған отбасы балаларына төмендегі көмек көрсетілді. Оның ішінде:

Селолық әкімшілік аппараты Қаратоғай орта мектебі және М.Орынбасаров орта мектебінің аз қамтылған отбасы оқушыларына 25,0 мың теңгеге оқу құралдарын алып берді.

А.Жақанов осы акция барысында демеушілікпен 20,0 мың теңгеге М.Орынбасаров орта мектебіне канц.товарлар мен оқу құралдарын алып берді.

Қаратоғай орта мектебі 20,0 мың теңгеге аз қамтылған отбасы балаларына мектеп формаларын алып берді.

«Елеукен», «Жадырасын» шаруа қожалықтары аз қамтылған отбасы балаларына 23,0 мың теңгеге оқу құралдарын, кітаптар, мектеп формасын алып берді.

«Толағай» бала бақшасы 5,0 мың теңгеге аз қамтылған отбасының 1 баласына мектеп формасын алып берді.

Аудан әкімінің тапсырмасымен 4 мүгедек балаға 40,0 мың теңге қаражат жиналып, қайырымдылық көмек жасалды.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасымен 2013 жылдың 9 айлығы бойынша 2

жұмыссыз әлеуметтік жұмысқа, жоғары оқу орнын бітірген 2 маман кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жастар практикасына қабылданды. Округ әкімінің ұсынысы негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен 9 адам тұрақты, 29 адам (о.і. 5 жолдамамен) маусымдық жұмысқа орналастырылды. 50 жастан асқандар бойынша округте 61адам (кәсіпкерлерді қоса алғанда) тұрақты жұмыс жасайды.



Күзгі-қысқы дайындық жұмыстары

1.Округтегі мемлекеттік мекемелер қажетті қатты отынмен қамтамасыз етілді. «Толағай» балабақшасына түсірілген 16 тонна қажеттіліктің 70 пайызын құрап отыр. Себебі жылда жылу беру маусымының соңына қарай балабақшаға түсірілген көмір бітіп қалады, округ әкімінің сұранысы бойынша басқа мекемелерден там-тұмдап көмір алып беріледі және кітапханаға 29 тонна көмір түсіріледі де, жылыту аумағы одан бірнеше есе үлкен балабақшаға 16 тонна ғана көмір түседі. Қаратоғай орта мектебіне жаңадан 1 пеш салынды, 10 пеш жөндеуден өтті, «Толағай» балабақшасының жылу жүйесінің қазандығы жаңартылды, орта мектепке (Қаратоғай) ауыз су кіргізілді. Қаратоғай селосының өзінде ауыл тұрғындарының күшімен 85 үйге ауыз су кіргізілді.

Қаратоғай-Тұмалыкөл-Шалқар бағытындағы көтерме жол тегістеліп, жол жиегіндегі шөбі қырқылды.

Кондоминиум құру туралы: Округтегі 158 тұрғын үйдің, 156-сы жеке және 2 тұрғын үй селолық әкімшілік балансында. Барлық үйлер бір қабатты тұрғын үйлер. Сондықтан кондоминиум құру жұмысы бізде әзірге жоқ.

Мереке күндері мәдени көпшілік іс шаралары өз мәнінде қазақы ұлттық дәстүрмен ұдайы өткізіліп отырылады. Ұлыстың ұлы мерекесі –Наурыз мейрамында тай жарыс, тоқ бәйге, теңге алу, аударыспақ сияқты ат спортымен қатар басқа да спорт түрлерінен жарыстар өтті. Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына орай «Алтын қалам» атты әдеби музыкалық кеш өтті. Кеш қонақтары Тахау қызы Әсия апай мен баласы Дулат ағай.Аудандық және облыстық түрлі жарыстарға аудан атынан, округ атынан қалмай қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеміз. Шетырғыз селолық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары деңгейде.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет