Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2016 жылғы « » ақпандағы
№___ қаулысына қосымша
жоба
Жиналыстар, митингiлер, шерулер,
пикеттер мен демонстрациялар өткiзу
тәртiбiн қосымша реттеу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы аумағында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртібі қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» №196 шешімінің күшін жойылсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы _______________
Аудандық мәслихат
хатшысы А. Налибаев
Жаңақорған аудандық мәслихаттың
«___»____________20___ жылғы
№______шешіміне қосымша
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің
қосымша тәртібі
1. Осы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі (әрі қарай - Тәртіп) 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
1. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге арналған арнайы орындар
2. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу үшін келесі арнайы орындар белгіленсін:
1) Жаңақорған кенті, Бексұлтан Байкенжеев көшесі бойында орналасқан орталық стадионның алдындағы алаңқай;
2) Жаңақорған кенті, Абай Құнанбаев көшесі бойында орналасқан «Жаңақорған жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі алдындағы алаңқай.
3. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, демонстрациялар өткізу үшін келесі арнайы маршруттар белгіленсін:
1) Жаңақорған кенті, Шохан Уалиханов көшесі мен Незамиддин Иллялетдинов көшесінің қиылысынан бастап Незамиддин Иллялетдинов көшесі мен Бексұлтан Байкенжеев көшесінің қиылысына дейінгі аралық;
2) Жаңақорған кенті, Сығанақ көшесі мен Абай Құнанбаев көшесінің қиылысынан бастап Абай Құнанбаев көшесі №104 үйдің тұсына дейінгі аралық.
4. Бейбіт пикеттер өткізу үшін арнайы орындар белгіленбейді.
2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібіне
қосымша талаптар
5. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар (әрі қарай – шара) өткізу туралы өтініш оларды өткізудің белгіленген күнінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі.
6. Өтініште шараны өткізудің мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі.
Өтініш жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнама талаптарына сәйкес берілуі мүмкін.
Аудан әкімдігіне тікелей жүгіну барысында өтініш берушіге өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі.
7. Өтініштің берілген мерзімі аудан әкімдігіне тіркелген күннен бастап есептеледі.
8. Шараны өткізу туралы өтінішті еңбек ұжымының, қоғамдық ұйымдардың немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының 18 жасқа толған уәкілдері береді.
Уәкілеттікті рәсімдеу Қазақстан Респуликасының азаматтық заңнамаларымен бекітілген тәртіппен жасалады.
9. Аудан әкімдігі өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.
10. Аудан әкімдігі басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс жасауын, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен орнын ұсынады.
Қабылданған шешімге қолданыстағы заңнамада бекітілген тәртіппен шағым жасауға болады.
11. Шара өткізу туралы өтініш беру барысында 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабының талаптары бұзылған жағдайда жіберілген қателерді жою туралы ұсыныспен аудан әкімдігімен ресми жауап беріледі.
Жаңадан түскен өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен уақытынан бастап есептеледі.
12. Егер шараның өткізілу мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімдікті, тектік астамшылықты, республиканың конституциялық құрылымын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, аудан әкімдіктері бұларды өткізуге тыйым салады.
13. Бұқаралық шараларды темір жол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқада энергия көзімен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.
14. Бас тартылған жағдайда ұйымдастырушыларға барлық дайындық рәсімдерін тез арада тоқтату шараларын қабылдау және бұл жөнінде әлеуетті қатысушыларды тиісті түрде хабардар ету жазбаша түрде көрсетіледі.
15. Егер ұйымдастырушылар дайындық шараларын тоқтату жөніндегі шараларды өздігінен қабылдамаса аудан әкімдігі шараны өткізуге рұқсат беруден бас тартылғандығы туралы ақпаратты, санкцияланбаған шараға қатысқаны үшін жауапкершіліке тартылатындығы туралы ескертумен бірге өзінің ресми интернет-ресурстарына, сондай-ақ, ұйымдастырушылар заңсыз шараға шақыру, шақырту орналастырған (орналасқан) басқа да ресурстарға орналастыруға құқылы.
16. Аудан әкімдігі ұйымдастырушылардың келісімі бойынша қоғамдық тәртіпті, көліктің, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу мақсатында, сондай-ақ, шаралардың нысаны, өткізілу орны мен уақыты тура келіп, алайда басқа шараның бағыты мен мақсатына сәйкес келмеген жағдайда белгіленген мерзімге бұрын немесе бір мезгілде түскен шараны өткізу туралы арыздардағы шараның өткізілу уақытын, орнын (маршрутын) және өткізілу тәртібін өзгертуге құқылы
Ауадн әкімдігінің ұсынысы нақты сипатта болуы тиіс, дегенмен бірнеше нұсқаны қамти алады.
17. Шара мақсаттарына сәйкес өтініште көрсетілген мерзімде, уақытта шартты орындарда (белгіленген маршрутпен) өткізіледі.
18. Егер шараның нысанын өзгерту қажеттілігі туындаса, шараны ұйымдастырушы тиісті рұқсатты алу үшін аудан әкімдігіне жүгінуі қажет.
19. Шараны өткізу барысында өтінішке қол қойған ұйымдастырушыда айырмалық белгілер болуы тиіс, бекітілген тәртіпке сәйкес өзі келіп және шараның өткізілуіне толық жауапкершілік алады.
20. Шараны өткізу барысында ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, басқа да нормативтік актілерін, қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
21. Шараны ұйымдастырушылар мен аудан әкімдігі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін, медициналық қызметті, өрт қауіпсіздігін және төтенше жағдайлар туындағанда қатысушыларды эвакуациялауға шаралар қабылдайды.
22. Шара өткізілетін орындарда алкогольді сусындарды ішу, есірткі құралдарын, психотроптық және оларға ұқсас заттарды пайдалануға тыйым салынады.
Шараны ұйымдастырушылар мас және есірткі пайдаланған тұлғалардың шараға қатысуына жол бермеуге міндетті.
Шараға қатысушыларға өзімен бірге қару, жарылғыш заттар, улы, есірткі заттарын, алкогольдік сусындарды, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өміріне қарсы, тәртіпсіздікті арандату, митингіге кедергі келтіру және т.б. жағдайда қолданылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды алып жүруге тыйым салынады.
23.Шараны ұйымдастырушылар оны өткізу барысында дауыс күшейткіштер, транспаранттар, ұрандар және басқа да материалдарды дайындау және (немесе) пайдалану, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, кімге де болмасын тіл тигізетін көпшілік алдында сөз сөйлеулерге жол бермеуі тиіс.
24. Пикетке шығушыларға рұқсат етіледі:
пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;
көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;
пикеттің тақырыбына сәйкес қысқа ұрандар мен лозунгілерді айқайлап айтуға.
25. Қоғамдық тәртіпті сақтау және пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі жекелеген пикетке қатысушылар бір-бірінен шамамен 50 метр қашықтықта орналасуы қажет.
26. Шараның өткізілуі барысында ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі заңнамаларға сәйкес қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауды, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу және оларға жол бермеуді қамтамасыз етеді, қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған басқа да қызметтерді атқарады.
27. Ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметтерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты талаптары барлық азаматтарға, шараға қатысушы мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларына міндетті болып табылады.
28. Азаматтардың бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың, ұйымдастырушылардың, қатысушылардың барлық іс-әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |