ПОӘК 042-18-24.1.06\03-2013
|
2-басылым
|
ші бет – ші беттің
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
|
3 деңгейдегі СМК құжаты «Пәннің оқу әдістемелік материалдары»
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-24.1.06\03-2013
|
2 басылым
|
«ПАРАЗИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАР- 1»
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
5В120100 - «ветеринариялық медицина» мамандығы үшін
СЕМЕЙ-2013
Мазмұны:
-
Глоссарий
-
Қолданылатын әдебиеттер
-
Дәріс және ЛЖС материалдары
1. Глоссарий
Адолескарий
|
(adolescaria; лат. adolescare - өскін, өсу) – кейбір трематодтардың инвазиялық личинкасы (фасциола, парамфистома және басқ.)
|
Акарацидтер
|
(грек. akari – кене + лат. caedeo – жою, қыру) – кенелерді жоюға қолданатын химиялық заттар
|
Ақтық, соңғы дефинитивтік иесі
|
дефинитивтік иесі – ересек сатысына дейін дами алатын және жынысты жолмен көбеюіне мүмкіндігі бар жануар түрі
|
Аралық иесі
|
паразиттің балаңқұрт сатысының тіршілік ететін, дамитын, жыныссыз (қарапайымдар) немесе партеногенетикалық (трематодтар) көбейетін жануар организмі
|
Арахнология
|
(arachnologia грек. arachne – өрмекші, өрмек тор + logos ілім) – өрмекшітәрізділерді зерттеумен шұғылданатын ілім
|
Аргазидтер
|
(argasidae; грек. argas - жылтыр + id суффикс ұрпақ, бала деген мағынада) - Parasitiformes тармағының иксодид кене тұқымы. Еліміздің барлық өңірлерінде мал мен құста тоғышарлық күнелтеді.
|
Аскаридоидты даму үлгісі
|
Ascaris, Parascaris және т.б. нематодтарға тән кәдімгі даму жолы. Личинкалары иесінің организмінде кезеңді гепатопульмоналды жолмен ауып, реакция тудырады
|
Биогельминт
|
(biohelmins; грек. bios – өмір + helmins – құрт) – міндетті түрде аралық иелерінің қатысуымен дамитын гельминт
|
Гельминт
|
(грек. helmins, helminthos – құрт) – кез келген сатысында мал денесінде тоғышарлық күнелтетін құрт
|
Гельминтоздар
|
(helminthoses; грек. helmins, helminthos + osis) – жануар, адам мен өсімдіктердің паразитарлық құрттар –гельминттер тудырған аурулары
|
Гельминтолярвоскопия
|
(helmintho-larvaskopia; грек. Helmins, helminthos + лат. larva личинка, балаңқұрт, scopia – көру, қарау). Гельминт личинкаларын нәжісте, қанда, бұлшық етте, көз жасында, тері ішінде, сондай-ақ сыртқы орта объектілерінің (шөп, су, азық, тағам түрлері) санитариялық тазалығын анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеу әдісі
|
Гельминтология
|
(helminthologia; грек. helmins, helminthos + logos - ілім) – тоғашар құрттар және олардың тудырған ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым саласы
|
Гельминтоовоскопия
|
(helminto-ovoskopia; грек. helmins, helminthos + лат. ovum жұмыртқа + scopia – көру, қарау) – гельминт жұмыртқаларын нәжісте, қанда, қырындыда, ішек жынында анықтау мақсатында жүргізілетін әдіс
|
Гельминология-лық зерттеу
|
Гельминтоздарды балауда, сондай-ақ мал, құс және адамның гельминттер фаунасын анықтауда қолданатын арнайы тәсіл
|
Геогельминттер
|
(geohelminthes; грек. ge – топырақ, helmins, helminthos – құрт) – өз дамуында аралық иелерінің қатысуын керек етпейтін гельминттер
|
Дегельминтизация
|
(dehelminthisatio: лат. de – арылту, ада қылу + грек. helmins – құрт, гельминт) – жануар организмін гельминттерден (жұмыртқа, личинка, ересек сатыларынан) сауықтырудың кешенді шарасы
|
Зооантропоноз-дар
|
жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық және инвазиялық аурулар тобы
|
Зоопаразиттер
|
жануардың ағзалары мен ұлпаларында күнелтетін паразиттер
|
Инвазиялық аурулар
|
жануартектес паразиттердің мал мен өсімдіктерде тудырған аурулары
|
Инсектицидтер
|
(лат. insectum – жәндік + caedo – жоямын) – зиянды жәндіктерді жоюға қолданылатын химиялық заттар
|
Инвазия көзі
|
организмінде паразиттердің көбейіп, одан басқа малдың немесе адамның жұқтыру қаупі бар ауру жануар
|
Инвазия экстенсивтілігі (ЭИ)
|
белгілі бейім мал тобы бойынша ауруға шалдыққан жануарлардың пайыздық үлесі
|
Комменсализм
|
(commensal, ком - ортақ + лат. mensa – тағам, азықтану) - бір организмнің екіншісінің есебінен зиянын тигізбей қоректенуі; симбиоздың бір түрі
|
Қанпаразиттері
|
адам мен жануарлардың қан айналым жүйесінде тіршілік етуге бейімделген әртүрлі зоологиялық таксондардың өкілдері. Бұл топқа эндоглобулярлық қарапайымдар (плазмодий, пироплазмидалар), трипаносомдар, риккетсиялар (анаплазма), гельминттер (шистосома, филярий личинкалары) және т.б. жатады
|
Личинка
|
әртүрлі типтерге жататын жануарлардың постэм-брионалды дамуында ересек сатысына дейін жетілуі үшін сыртқы және ішкі құрылысының метаморфоза нәтижесінде пайда болатын балаңқұрт сатысы
|
Матрикс
|
толық немесе жартылай сойып зерттеу барысындағы алынатын ішек жыны, ұсақталған, езілген мүшелер мен ұлпалар
|
Метацеркарий
|
қосымша иесінде тіршілік ететін трематоданың инвазиялық сатысы
|
Облигатты иесі
|
(лат. Obligatus – міндетті) – паразит тіршілігінің тарихи және экологиялық тұрғыдан (биологиялық тұғырығы, қоректік байланысы) қалыптасқан міндетті иесі. Паразит осы иеге және иесі осы паразитке морфологиялық және физиологиялық жағынан бейімделген
|
Онкосфера
|
таспа құрт өкілінің жұмыртқада дамитын личинка (балаңқұрт) сатысы; онкосфера – домалақ пішінді, алты ілмекпен қаруланған, көлденең сызықты әрленген қабықпен (эмбриофор) жамылған
|
Паразит
|
иесінің есебінен соның сөлімен, ұлпаларымен немесе ыдыраған қоректік заттарымен қоректенетін, оның ішкі немесе сыртқы мүшелерінде уақытша немесе тұрақты тіршілік ететін организм
|
Паразит иелері
|
паразиттің уақытша немесе тұрақты тіршілік етуіне және қоректенуіне қажетті жағдайлары бар жануар (адам, өсімдік) организмі
|
Паразитарлық аурулар
|
жануартектес паразиттердің тудырған аурулары. Қоздырушының түріне қарай: протозооздар (қарапайым тудырған), гельминтоздар (гельминттер тудырған), арах-ноздар (өрмекшітәрізділер, соның ішінде: кенелер тудырған) және энтомоздар (жәндіктер тудырған) болып жіктеледі
|
Паразитизм
|
әртүрлі организмдердің генетикалық тұрғыдан қоректік байланыс және бірі (паразит) екіншісін (иесі) биологиялық тұғырығы және қоректену көзі ретінде пайдаланатын, алайда екі симбионт әртүрлі деңгейде антогонистік қарым-қатынаста болып қалыптасқан бірлестігі
|
Паразитоздар
|
паразитарлық (инвазиялық) аурулар
|
Паразитоцидтік әсер
|
паразиттен сауықтыратын, паразитке қарсы емдік заттың ықпалы
|
Патентті кезең
|
паразиттің сыртқы ортаға өз тұқымын (жұмыртқа, балаңқұрт, ооциста) бөлетін кезеңі
|
Плероцеркоид
|
баулы цестоданың инвазиялық личинкасы
|
Презервация
|
жануарлар мен адамның ауру қоздырушыларымен залалдануына қарсы әртүрлі әдіс-амалдардың көмегімен жүргізілетін сақтық-дауалық шараларының кешені
|
Препатенттік кезең
|
паразиттің дефинитивтік иесі организміне енген уақыттан бастап оның сыртқы ортаға тұқым (жұмыртқа, личинка, ооциста) шашатын мерзімі
|
Реинвазия
|
белгілі аурумен дерттенген иесінің организміне (адам, жануар, өсімдік) осы зоопаразитоз қоздырушысының қайтадан енуі
|
Спорогония
|
(sporogonia; грек. Spora ұрық шашу + gone, goneia тұқым беру) – Sporozoa класы Coccidiida тармақ өкілдерінің ооцисталарында спорозоиттердің пайда болуы
|
Трансмиссивтік аурулар
|
(лат. transmissio - тасымалдау, берілу, өту) – кейбір инфекциялық және инвазиялық ауру қоздырушыларының буынаяқтылардың қатысуымен бір малдан келесіге тасымалдануы, таралуы
|
Шизогония
|
(грек. Shizo – ыдыратамын, бөлемін және тұқым беру, туу) – кокцидийлердің және т.б. жыныссыз жолмен дамуы
|
Эктопаразиттер
|
иесінің тері мен түк жамылғысында тіршілік ететін паразиттер
|
Эндопаразиттер
|
иесінің ішкі ұлпалары мен мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер
|
Әдебиеттер
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1 Сабаншиев М.С. және т.б. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары – Алматы, 2003. - 460б.
2 Есімбеков Ж.М., Ысқақов М.М., Дүйсенбаев С.Т. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы. Алматы, 2000. – 150б.
3. Кадыров Н.Т. Паразитология и инвазионные болезни с-х животных. Астана, 2000. - 560с.
4.Искаков.М.М. Ветеринарлық протозоология. Семей. 2007. 180 бет
Қосымша әдебиеттер
5 Шабдарбаева Г.С. Ветеринариялық гельминтология. Алматы, 2007. – 194б.
6 Ысқақов М.М., Ахметжанов О.Н., Сабаншиев М.С. Құс паразитоздары. (оқу құралы) Семей-2011. 168 б.
7 Ыбраев Б.К. Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың инвазиялық аурулары. Астана, 2008.-138б.
8 Ыбраев Б.К. және басқалары. «Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың инвазиялық аурулары». Әдістемелік құрал. Астана, 2009. - 52б.
9 Ыбраев Б.К. Гельминтоздарды балаудың негізгі әдістері. Астана, 2008.-52б.
10 Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. Ақмола, 1997. – 1 бөлім. – 90б.
11 Жануарлардың гельминтоздарын анықтау. Ақмола, 1997. – 2 бөлім. – 99б.
12 Бөлекбаева Л.Т. Балықтың инвазиялық аурулары. Астана, 2003 – 49б.
13 Абуладзе К.И. Паразитология и инвазионные болезни с-х животных. М., Агропромиздат, 1990 г.
14 Акбаев М.Ш. Паразитология и инвазионные болезни с-х животных. М., А1ропромиздат, 1998 г.
15 Абуладзе К.И. и другие. Практикум по диагностике инвазионных болезней с-х животных. М., Колос, 1984. - 483с.
16 Акбаев М.Ш. Паразитология и инвазионные болезни. Москва, Колос – 1999 – 460с
17. Искаков. М.М. Эймериозы сельхозяйственных животных. Алматы. 2006 г. 230 с.
Достарыңызбен бөлісу: |