Шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту



Дата02.10.2023
өлшемі342.71 Kb.
#479548
түріСабақ
Тезис Жадыра Құсайынова


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ОЯТУ
Құсайынова Ж.М.

Қазіргі кезде жалпы орта білім берудің мақсаты мен міндеттері, іс мазмұны едәуір өзгеріске ұшырап, жаңаша мәнге ие болды. Сондықтан сабақтарды жаңадан ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Қалай да оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын ояту керек.


«Қызығу — әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетіне қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады ғалымдар М. Беляев, Н. Морозова, С.Рубинштейн. Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен шұғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады.
Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Жоғарыдағы ұстанымдардың орындалуы үшін әр мұғалім өзі мен оқушының терең дәрежеде екенін естен шығармай, оны жеке тұлға ретінде қабылдап, оған беретін сабақтың оқыту әдістерін түрлендіріп жетілдіруі қажет. Үйреншікті, дайын әдіс-тәсілдер бүгін баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп кою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру — осының бәрі бүгінгі қажеттілік.
Шығармашылық дербестік жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан – жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл – ой және адамгершілік қуаты оның ерік – жігерін, ойлау, елестет қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс – әрекетінде көрініс табады. Ол жеке тұлғаның қоғамдабеделін көтеруде және оның өз – өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.
Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Шығармашылық ойлауды дамыту үшін мектеп оқушыларын өнімді тапсырмалар үлкен маңызға ие. Қазақ тілі сабақтарында өнімді жұмысқа қол жеткізу үшін келесідей тапсырмаларды қолдануға болады: мағынасы ұқсас немесе қарама-қарсы сөздерді таңдау; әңгімені жалғастыру; сөздерді, сөз тіркестерін ойлап табу; берілген сөзбен сөйлем құрастыру, сурет бойынша, схема бойынша, ұсынылған сөз тіркесімен сөйлем құрастыру; сұрақтар бойынша, суреттер бойынша, өз әсерлері негізінде әңгіме құрастыру; әңгімеге ауызша сурет салу; әңгіме, әңгіме бөліктеріне, суретке ат қою және
Шығармашылық ойлауды дамытуда мұғалім көп еңбектену керек. Бастауыш сыныптардағы кез-келген сабақта, әсіресе қазақ тілі сабақтарында үш шартты орындауға үлкен мән беремін. Біріншісі - дұрыс сөйлесім ортасын қамтамасыз ету, екіншісі – оқушылардың өз беттерінше ауызша және жазбаша сөйлесімдері үшін алғышарттар жасау, үшіншісі – сөздікті белсендендіру.
Мазмұны бойынша бірдей тапсырманы балалар оларға қандай формада ұсынылатынына байланысты әртүрлі қабылдайды. Ойындар, жарыстар, ребустар, сигналдық карталар, саяхат-ойындар, жұмбақтар, әзілдер, сөзжұмбақтар - сабақты қызықты әрі әсерлі өткізуге көмектеседі.
Сабақтарда осындай ойындарды пайдалануға болады:

  1. Сөздік қорды дамытатын әдістер

«Жоғалған әріп»


-йын, а-айын, айна-айын, тел-дид-р (ойы, ағайын, айналайын, теледидар)

«Шашыраңқы сөз»


Барқыз, алам, шақұ, ушықо (Қарбыз, алма, ұшақ, оқушы)\

«Адасқан дыбыстар»


Ас (аю) отыр партада
Екi қолы қалтада
Апай қабақ (сабақ) сұраса
Ұйықтап қапты, - Масқара!

Наурыз келді алақай,


Кел билейік, қалақай (балақай),
Бізде қарап тұрмайық,
Қойға (тойға) шашу шашайық!

«Сөз ішінде сөз тап»


Аспан (сан, сана, ас, аспа, аса, Асан, сапа, сап)
Қалам (қал, ала, ал, лақ, қала, мал)
Жаңбырлы (жал, жар, аң, ар, бар, жыр, бар)



  1. Жұмбақтар

Қазіргі кезде сабақ барысындажұмбақты шешу оқушылардың ой-өрісі, логикалық ойлау қабілетін дамытатын –ұтымды әдіс. Әдебиеттен басқа пәндерде де жұмбақтар, жұмбақты тапсырмалар қолданса,оқушының ой-өрісін дамытып, тәрбие береріміз анық.Білімге деген ынтасын арттырып, сергіту жаттығу түрінде қолданса тиімді екенін байқаймыз.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады .
(Күн)
Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады.
(Жел)
Үстім жолақ
Тісім-орақ
Күшім мол-ақ.
Барып тұрған қайсарлық,
Өзің айтшы, қайсы аңмын?
(Жолбарыс)
Қимылдаса қос шебер
Қыруар іс тындырар.
(Қол)
Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,
Байлауынан бір босамас қызық ат.
(Тіл)
Бұл жұмбақтар балалардың дүниетанымын кеңейтеді. Білімге деген ынтасын арттырып, ой салады. Кейбір жұмбақтар әзіл –оспаққа, логикалық ой-өрісін дамытуға да құрастырылады. Ой ұшқырлығын талап етеді.
Мысал келтірсек :
• Әзіл-оспақ түріндегі жұмбақтар
Төрт қызметші
Бір патша.
(Үстел)
Адам есектен неге құлайды?
(Жерге)
• Логикалық жұмбақтар
Екі адам шахматты 2 сағатта ойнаса,бір адам неше сағат ойнайды.
(2 сағат)
Торда он екі құс бар, оның он бірі басқа жаққа ұшып кетті.
Торда неше құс бар?
(12, өйткені ешқайсысы ұша алмайды)



  1. «Синкуейн» әдісі.

Синквейн - дидактикалық мақсататрда, тиімді әрі әсерлі сөз дамыту мақсаттарында қолданысқа енді. Кейбір әдіскерлердің ойынша «синквейн» оқушыларға күрделі ақпаратты синтиздеуде, олардың тұжырым жасау және (лексикалық қабілеттерін бағалауда тез шешімін табуға «синквейн» ыңғайлы деп санаған), сөздік қорын дамытуына тиімді, пайдалы деп танылған.
(«Бес жолды өлең»)
Бірінші жол-тақырыптың атауы (Зат есім)
Екінші жол- тақырыпты сипаттайтын сөз (әдетте сын есім айтыңдар)
Үшінші жол-тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (әдетте етістік алынады)
Төртінші жол-тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
Бесінші жол- бір сөз –тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Үлгі:
Тақырыптың аты: жұмбақ
Сипаты: қызықты; ойлы
Қимылы: айтамыз; жасырамыз; ойланамыз
Нақыл сөз: Жұмбақ-ұйқасты сөздер тізбегі
Тақырыпқа синоним сөз: Жасырын



  1. Көлемді мәтіндермен шығармашылық жұмыстар

Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет.

  • Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;

  • Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;

  • Ертегіні ұжым болып тыңдау;

  • Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;

  • Қиялдау арқылы сурет салғазу, рөлмен ойнату;

  • Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.

  • Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау.

Бастауыш сынып балаларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар шындық өмірді қиялдағымен біріктіре отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін. Олар ағаштардың немесе хайуанаттардың сөйлесетініне сенеді. Бұл жастағы балалар естіген ертегі – әңгімелер желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.Мысалы: «Ертеде бір түйе болыпты. Ол кіп – кішкентай екен. Оны өзінен үлкен жануарлар мазақтай беріпті. Әсіресе шыбын көп күліпті. Бірде шыбын түйе көлеңкелеп жатқан ағаштың бұтағына отырып алып, оны мазақтай бастайды...»
Түйе не істеді?
Балалардың жауабы әр түрлі болады: ... Сонда шыбын түйенің бетіне түкіріп жіберді, шыбын тұншығып қалды. Немесе: Түйе шыбынды қуды. Ұстап аламын деп, қолын соза – соза бойы өсіп кетті.т.б



  • Елестету.

Берілген мәтіндегі бір көріністі көз алдарына елестету. Оқушылар тыныш отырады, көздерін жұмып, әрбір мен айтқан нәрсені елестетуге тырысады.
Мысалы: Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап – жасыл. Бір топ бала өзенге қарай жүгіріп барады... Оқушылар осындай кез келген көріністі көз алдарына елестете алады, өздері сол елестен үлкен қуанышқа бөленеді. Олардың алғашқы әсерлері мынадай сөздерден байқалады «кино көргендей болдым», «суретке түсіріп алғандай болып елестеттім» т.б.



  • Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.

  • Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою.

  • Шығарма, мәтін құрастыру.

- тақырып бойынша
- жоспар бойынша
- тірек сөздер бойынша

  • Өлең құрастыру

- дайын өлең жолдарының бір, екі жолдарын беру
- дайын ұйқастарды ұсыну
2 – 3 сыныптарда:
Жаңбыр жауды далаға.
Жаңбыр жауды қалаға.
Жаңбыр жауды ауылға
Жаңбыр жауды бауға да.



  • Кейіпкерлерге мінездеме беру

  • Рөлге бөліп оқу.

  • Шығарманың мазмұнына сурет салғызу.

  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындар.

  • Автор туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызу.

Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Шығармашылық қабілетті барлық сабақта дамытуға болады.



  1. Грамматиканы шығармашылықпен оқыту

Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі тапсырмаларды түрлендіре беріп отырудың пайдасы көп. Мысалы: Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр немес тірек сызба арқылы сөйлемдер құрастыр деген сияқты тапсырмаларды үнемі беріп отырса, оқушының ой қиялының дамуына әсер тиеді.

Сонымен, шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту нәтижесінде:


Бала оқулық көлемінен шығып ойланады.
Шығармашылық жұмысын қорғап, пікір айта біледі.
Тәжірибелік жұмыстарға қызығып, зерттеу іс – әрекетін жүргізді.
Алған білімін өмірде тиімді пайдалана білуге үйренеді.
Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянады;
Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады;
Оқуға ынта-ықыласы артады;
Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренеді;

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.


Пайдаланған әдебиеттер


1 Мағжан Ә. «Сындарлы оқытудың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ролі» https://multiurok.ru/files/ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abiliettierin-damy.html
2 Протасова Е.М. Развитие творческих способностей младших школьников на уроках русского языка. https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/russkii-yazyk/2017/03/05/razvitie-tvorcheskih-sposobnostey-mladshih-shkolnikov-na
3 Байболат Г. Жұмбақ шешу- оқушылардың ой-өрісін дамытады https://zhaszhurnalist.wordpress.com/2015/12/23/

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет