Оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары



бет1/4
Дата05.06.2023
өлшемі62.38 Kb.
#474692
түріСабақ
  1   2   3   4
Оқушылардың сауаттылығын арттыру


Батыс - Қазақстан облысы
Бөрлі аудандық білім беру бөлімі

Оқушылардың сауаттылығын
арттыру жолдары

Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінің


бастауыш сынып мұғалімі
Майманов Нуркан Джаныбекович
2015 ж

Мақсаты : Бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамыту барысында жұмыстарды ұйымдастыру арқылы сауаттылығын арттыру; Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау;Білімге деген қызығушылығын дамыту ; Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеру ;


Міндеттері:
-үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау. 
2.Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау
3. Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау.


Күтілетін нәтиже: Оқушының танымдық көкжиегі кеңейеді, шығармашылық белсенділігі артады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді, оқуға деген ынта-ықыласы оянады;




Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Жоспары

  3. Сабақ кестесі

  4. Мониторинг

  5. Қорытынды

  6. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын.
Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды, ал қоғамға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры үлгермеуші балаларға әкеп соқтырады.
Әрине үлгермеуші балалардың пайда болуы көптеген үлгермеуші себептерге байланысты.
Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізуге болады.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарылату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызығушылығына байланысты.
Оқушыларының сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет