«Шығыс Қазақстан облысы Андреевка ауданы Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
(Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Михайличенково ауылы Октябрьдің 60 жылдығы көшесі, индекс: 070400, телефон/факс: 87235327325, электрондық мекенжайы: kadr@boroduliha.vko.gov.kz)
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Е-G-3 (№ 14-13-1) санатының бас маманына конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.
Функциялық міндеттері: Іс қағаздарын жүргізу. Аудандық және ауылдық Әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын бақылау. Анықтамалар беру. Тұрғындар есебі. Шаруашылық кітаптарын жүргізу. Әскери міндеттілермен, әскерге жастарымен және әскерге шақырылатындармен жұмысты жүргізу. Ауылдық округ Әкімінің өкімі мен шешімінің жобасын дайындау. Жеке істерді жүргізу. Арнайы тексерістен өту үшін мемлекеттік қызмет құжаттарының қалыптасуын және дайындығын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік жанды жік тұрғындаррымен жұмыс жүргізу (қарттар, жалғыз бастылар, мүгедектер, бейберекеттер). Мекен жайлық көмекті және тұрғын үй жәрдемақысын рәсімдеу. Жұмыссыз тұрғындардың қабылдауын жүргізеді.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын біліктілік талаптары:
Жоғары кәсіптік Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес еңбек өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ақырғы хабарлама жарияланғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні.
Қажетті құжаттар тізбесі: нысан бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен нысан бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру кезіне жарамды шекті мәннен төмен емес нәтиже көрсеткіштерімен тестілеуден өткені туралы сертификат.
Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде, сонымен қатар электрондық почта мекен-жайына бере алады (құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында орналастырылады.
Әңгімелесу кандидаттарды хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өткізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке құжаттарды есебінен жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |