«таза ауыл!» байқауын өткізу туралы ереже



Дата13.07.2016
өлшемі27 Kb.
#197511
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы, Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 70 жылдығын мерекелеу арналған Бородулиха ауылдық округі бойынша аумақты абаттандыру және тазарту бойынша ісшара жоспары шеңберінде

«ТАЗА АУЫЛ!» байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

 

1. Байқау ұйымдастырушысы


«ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Бородулиха ауданы ІІБ, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының және оның «Жас Отан» жастар қанатының, жұртшылық кеңесінің (ары қарай Ұйымдастыру комитеті) көмегімен.    

2. Байқаудың мақсаты


Ауылдың экологиялық жағдайын және сыртқы келбетін жақсарту.

3. Байқаудың міндеттері


- абаттандыру бойынша кең ауқымды науқанға меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер мен ұйымдарды тарту;
- жеке сектор аумағын абаттандыру, санитарлық тазарту және жақсарту бойынша жұмысты жандандыру.

4. Өткізу тәртібі


Аумақты абаттандыру және тазарту бойынша байқауды өткізу Бородулиха ауылдық округінің аумағындағы мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпкерлер, ауыл тұрғындарының арасында келесі аталымдар бойынша өткізіледі:
«Ең үздік жеке меншік үй»,
«Ең үздік көппәтерлі үй»;
«Ең үздік көше»;

«Ең үздік зейнеткердің үйі»;


«Ең үздік мекеме»;
«Ең үздік кәсіпкерлік объектілерінің келбеті»  
Ұлы Отан Соғысы Жеңісіне 70 жылдығын, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын, мерекелеуге байланысты келесі көшелер Абай, Ф.Середин, П.Борков көшелері бойындағы ең үзді үйлер номинациялар бойынша анықталады.

Байқауға қатысу үшін нысанның фотографиясын, мекенжайы көрсетілген ақпаратын, иесінің мәліметтерін, сондай-ақ атқарылған жұмыстың түрі мен көлемі сипаттамасы қоса ұсынылған өтінімді ұйымдастыру комитетіне (Бородулиха ауылы, Достық көшесі, 152-Бородулиха ауылдық округі әкімінің аппараты, тел/факс.2-13-54) тапсыру қажет.  


Екіайлық аяқталардың алдында ұйымдастыру комитеті нысандарға тексеру жүргізіп, бағалайды.

5. Қатысуға өтінімдерді тапсыру мерзімі

2015 жылдың 15 мамыр –1 шілде аралығында

6. Жеңімпаздарды марапаттау



Жеңімпаздар абаттандыру жөнінде қорытынды шығару бойынша салтанатты жиында грамоталармен және бағалы сыйлықтармен наградталатын болады. Іс-шараның демеушісі аудандық мәслихаттың депутаты, «Раушан» ш/қ басшысы Т.А.Оразаев.     

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет