Шығыс Қазақстан облысы АӨК дамуының 2012 жылғы 9 айдағы қорытындылары Мал шаруашылығы



Дата25.02.2016
өлшемі44.86 Kb.
#22846
Шығыс Қазақстан облысы АӨК дамуының 2012 жылғы 9 айдағы қорытындылары
Мал шаруашылығы

Шаруашылықтардың барлық санаттарында биылғы жылғы 9 айда тірі салмақта өндірілген ет 137,2 мың тонна немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 4 % артық, сүт 594,4 мың тонна, өсім 2,1% болды. Жұмыртқа өндіру 108,3 млн. дана немесе 2012 жылдың тиісті кезеңінен 28,8 %-ға, жүн өндіру 4,52 мың тонна немесе 2,3 %-ға кеміді.

Жұмыртқа өндірудің өткен жылғыдан төмендеуі Черемшанка құс фабрикасының банкроттығына және «Восток Бройлер» ЖШС-ның (Семей құс) жұмыртқа өндіруден құс етін өндіруге ауысуына байланысты болды.

Талдау жасалып отырған кезең ішінде сиырлар саны 4,2%, құс 15,9%, жылқы 4,4 % және шошқа 1,4 % өсті. МІҚ 867,14 мың басты құрады немесе 0,1 % кем, қой мен ешкі саны 2628,5 мың басты құрап, 0,9 % кем шықты.

Малдың тұқымдық сапасын және өнімділігін жақсарту үшін облыста асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын 232 субъект құрылып, жұмыс істеуде, оның ішінде ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы - 47, сүт бағытындағы - 25, қой шаруашылығында - 64, жылқы шаруашылығында - 7, марал шаруашылығында - 11 және омарта шаруашылығында - 36.

Асыл тұқымды ірі қара малдың жалпы мал табынындағы үлес салмағы 6,9 %, қой мен ешкі 8,6%, жылқы – 7,2%, марал 72% құрайды.

Ет өндіру көлемін арттыру үшін «Етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы аясында облыста 7 репродуктор шаруашылық құрылды.

Аталған бағдарлама аясында облысқа 9 айда 518 бас мал төлі әкелінді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 7200 бас ұрғашы мал және 240 бас ұрықтандырушы бұқа сатып алу жоспарланды. Бүгінгі күнге дейін сатып алынғаны 6029 бас құнажын және 332 бас ұрықтандырушы бұқа, бұл жоспардың тиісінше 84 және138% құрайды.

МІҚ малын бордақылау үшін облыста 42,7 мың басқа арналған 261 мал бордақылау алаңы бар, оның ішінде 3,7 мың басқа арналған 16 алаң 2012 жылы құрылды.

Сүт бағытындағы мал шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін облыста 13,9 мың басқа арналған 54 сүт тауарлы ферма ашылды, оның 2-і биылғы жылы Глубокое ауданында («Бұлғынов» ШҚ) және Семей қаласында («Нур» ШҚ) құрылды.

Облыс халқын жұмыртқамен қамтамасыз ету үшін Семей қаласындағы «Ақтөбе Ертіс» ЖШС-да құс фабрикасының құрылысы басталды, ол 138,6 мың бас тауыққа арналған және жылына 43 мың дана жұмыртқа өндіреді. Фабрика жобада көрсетілген қуатпен жұмыс істеуге 2014 жылы көшеді.

Мал шаруашылығы өнімін өндіру бойынша 2012 жылға жоспарланған міндеттер орындалатын болады немесе ет өндірудің жылдық көлемі 229 мың тоннаны, сүт 726 мың тоннаны, жұмыртқа 135 млн. дананы және жүн 4,8 мың тоннаны құрайтын болады.

2012 жылға жоспарланған МІҚ, қой мен ешкі саны 2011 жылдың деңгейінде болады, басқа мал түрлері және құс саны арттырылады.


Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы жылмен салыстырғанда 3.3 % артып, 1216,1 мың га құрады. Дәнді және бұршақ дақылдары 543.12 мың га, майлы дақылдар – 376.5 мың га, картоп – 23.7 мың га және көкөніс 8.8 мың га. Мал азықтық дақылдар 261,9 мың гектар немесе 2011 жылғыдан 25 % немесе 44,1 мың га артық.

Ылғал ресурстарын сақтау технологиясы 347 мың га қолданылды, бұл өткен жылғыдан 20 % артық.

Суармалы жерлердің тиімділігін арттыру үшін соңғы 4 жылда олардың аумағы 20 мың гектарға арттырылды. Суарудың озық тәсілдері қолданылуда. Бүгінгі күні облыста 7,5 мың га жерге жаңбырлатып суару, 700 га жерге тамшылатып суару енгізілді. 15 су шаруашылығы нысаны бойынша ЖСҚ әзірленді, соның нәтижесінде суарылатын алаң 60 мың гектарға кеңейетін болады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда. 12 қазанға дейін дәнді дақылдар егістігінің 97 % орылып, 630 мың тонна астық бастырылды. Орташа түсім 12,1 ц/га құрайды.

Келесі жылғы егіске қажетті 99,7 мың тонна дәнді дақыл тұқымы қалдырылды.

Барлығы 381,2 мың тонна картоп, 186 мың тонна көкөніс 62,2 мың тонна бақша дақылдары немесе картоптың 96,4 %, көкөністің 96 % және бақша дақылдарының 99,6 % жиналды.

Жалпы облыс бойынша 2041,9 мың тонна пішен орылды немесе тапсырма 105,5% орындалды. Пішендеме 66,6 мың тонна, бұл тапсырманың 104 %, сүрлем 212,1 мың тонна немесе 109,3 %.

Болжамдарға сәкес, 2012 жылы дәнді дақылдардың тазартылғаннан кейінгі салмақтағы жалпы көлемі 593 мың тонна болады, картоп, көкөніс және бақша дақылдары тиісінше 382 мың тонна, 192 мың тонна және 55 мың тонна.

Күнбағыс өндіру көлемі 2011 жылғы деңгейде жоспарланды және ол 211 мың тоннаны құрайды.

Ауыл шаруашылығының 2012 жылғы 9 айдағы жалпы өнім көлемі 139,7 млрд. теңгені құрайды. Жалпы өнімнің күтілетін физикалық көлем индексі - 101,1%.

Облыстың тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі 14 саланы қамтиды, оларда 887 кәсіпорын бар, оның ішінде 87 кәсіпорын ірі және орта деп саналады.

Тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындары 9 айда 49,2 млрд. теңгенің тауарлы өнімін шығарды. Физикалық көлем индексі (ФКИ) 123,2% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және азық-түліктік тауарлар шығару көлемін бұдан әрі арттыру үшін 2012-2015 жылдары облыста ет, сүт, май, мал майы, кондитер, нан-тоқаш өнімдерін шығаратын қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша 13 жобаны іске асыру жоспарланды. Олардың ішінде барынша ірі жобалар: «Май» АҚ-да «Престеу цехын қайта жаңалау», Риддер қаласындағы «Шемазат» ЖШС-да «Ет және балық цехының жабдықтарын жетілдіру», Ұлан ауданы «Ертыс Агропродукт» АҚ-да «5 мың тонналық ірі ет өңдеу кешенін салу». Аталған жобалар іске асқан жағдайда дайын өнім өндіру көлемі артып, сүт өндіру үлесі 21,3%-ға және ет өндіру үлесі 26%-ға дейін артады.


АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру

2012 жылға 17,5 млрд. теңгеден астам сомаға жоспарланған 132 инвестициялық жобаның ішінде 10 қазанда 6,6 млрд. теңгеге 91 жоба іске асырылды.

Одан басқа, облыстың АӨК-де 2017 жылға дейін жүзеге асуы тиіс 23,4 млрд. теңгенің 62 көшпелі инвестициялық жобасы көзделіп отыр.

2012 жылы индустрияландыру картасына 3 жоба енгізіліп, қазіргі уақытта олар іске асырылу үстінде. Олар:

- «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-да «Құс фабрикасын жаңалау және жетілдіру» жобасы. Жобаның бірінші бөлімі орындалды. Бұл 2012 жылдың соңында өндірістік қуатты 17 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.

«Восток бройлер» ЖШС-да «Құс фабрикасын қайта құру» жобасы аяқталып қалды. Бірінші кезек бойынша 95% орындалды.

Аягөз қаласындағы «Мұхамеджанов» ЖК-де «Тамшылатып суаруды енгізу және 500 тонналық көкөніс қоймасын салу» жобасы бойынша сыйымдылығы 500 тонналық көкөніс қоймасы салынды. Қаражаттың тапшылығына байланысты тамшылатып суару жүйесін құру 2013 жылға қалдырылды. Қазіргі уақытта «Темір банк» АҚ арқылы қаражат алу мәселесі шешіліп жатыр.



Биылғы жылғы тамыз айында облыстың үйлестіру кеңесі АӨК дамыту бойынша құны 6 млрд. теңгеден астам болатын 15 жобаны қарады. Аталған жобалар бекіту үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жіберілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет