«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы жұмыстары туралы



Дата24.07.2016
өлшемі138.58 Kb.
#218778
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы жұмыстары туралы

Ауданда 24 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 2 бастауыш, 4 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылардың саны 3294 оқушыны құрайды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 120 оқушыға аз.


Аудан мектептерінің жүйесінде 3 жыл ішінде өзгерістер болды. Халықтың көшіп-қону жағдайына байланысты 2007 жылғы қаңтарда Беген орта мектебі, 2008 жылғы тамызда Лесной бастауыш мектебі, 2009 жылы Черемушка бастауыш мектебі және 2010 жылы Стеклянка бастауыш мектебі жабылды. Осы мектептердің оқушылары үшін жақын орналасқан мектептерге тасымалдау ұйымдастырылды.
Ауданның шалғай орналасқан 10 елді-мекендерінен 260 оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылды. Оқушылар 8 орта мектептерге: Глуховка, Ү-Владимировка, Сосновка, Н.Баймұратов атындағы орта мектепке, Өндіріс, Мостик, Семияр және Беген орта мектептеріне тасымалданады. Тасымалдау күн сайын іске асырылады. Мектеп теңгерімінде тұрған 11 техника жұмыс істейді.     

Білім беру бюджеті. Білім беру бойынша 2011 жылғы бюджет 1093407,0 мың теңгені, оның ішінде жергілікті бюджет – 1000772,0 мың теңгені, республикалық бюджет – 92635,0 мың теңгені құрады. Қаражаттарды игеру 99,9 пайызды құрады.
Осы қаражаттың есебінде «Балапан» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік міндетті тапсырысты іске асыру жөніндегі іс-шаралар өткізіліп, оған 6990,0 мың теңге бөлінді, оның есебінде 100 баланы қамтитын 4 толық күнді шағын орталық пен 45 баланы қамтитын бала-бақшаның 2 тобы жұмыс істеуде, үйде оқитын мүгедек балаларды бағдарламалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 5096,0 мың теңге сомада 9 компьютер сатып алынды, 2011 жылғы наурыздан бастап жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға 55 балаға 7752,0 мың теңге сомада жәрдемақы берілді, аудан мектептерінің 401 мұғаліміне және мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаттары үшін еңбекакқылары 6322,0 мың теңге сомада, сонымен қатар, 1 шілдеден бастап білім беру қызметкерлерінің еңбекақылары 30 пайызға  арттырылды. 2011 жылы барлығы жоспарланған іс-шаралар толық орындалды. 

Материалдық-техникалық базаны нығайту. Ауданда 2011 жылы «Жол картасы» бойынша ауданның 5 мектебінде күрделі және ағымды жөндеу жүргізілді: «Сосновка орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің құрылыс шатыры мен ғимараттың төбе жабындысын күрделі жөндеуге 3668,0 мың теңге, «Н.Баймұратов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимарат төбе жабындысы мен қазандығын күрделі жөндеуге 17136,0 мың теңге, «Долон орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеуге 15338,0 мың теңге, «Ү-Владимировка орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ішкі инженерлік жүйелерінің, суық сумен жабдықтаудың санитарлық желілерін және канализацияның сыртқы жүйелерін күрделі жөндеуге 6311,0 мың теңге бөлінді. «Өндіріс орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің қазандығына ағымды жөндеу 1182,0 мың теңге сомада, «Ү-Владимировка орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын ағымды жөндеу мен аумақты жандандыру 9130,0 мың теңге сомада өткізілді. Өткізілген күрделі және ағымды жөндеудің жалпы сомасы 52765,0 мың теңгені құрады. Сосновка, Қоянбай, Семеновка, Баскөл орта мектептеріне 15929,0 мың теңге сомада 4 биология кабинеті, Глуховка орта мектебіне 3640 мың теңге сомада химия кабинеті және Кривинка орта мектебіне 3640 мың теңге сомада физика кабинеті сатып алынды. Сонымен қатар, Н.Баймұратов атындағы орта мектебіне және Борас орта мектеп-бақшасына балаларды тасымалдау үшін 25 орындық 2 ПАЗ-32053 автобус пен Беген орта мектебіне жалпы 10850,0 мың теңге сомада 11 орындық УАЗ 220695 сатып алынды.
Ағымды жылы «Березовка орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің  қазандығын, жылу беру жолының жылу беру мен сыртқы жүйелерін күрделі жөндеу, Глуховка, Семеновка, К-Владимировка орта мектептерінің жылу беру жүйелерін жалпы 89377,0 мың теңге сомада қайта құру жоспарлануда.
Ағымды жылы Ү-Владимировка, Глуховка, Беген орта мектептеріне балаларды тасымалдау үшін ескеріп қалған көліктің орнына 13800,0 мың теңге сомада 25 орындық ПАЗ-32053 автобустар сатып алынатын болады.
Семеновка, Канонерка, Сосновка орта мектептері мен Н.Баймұратов атындағы орта мектепке жалпы 16397,0 мың теңге сомада 4 химия кабинеті сатып алынатын болады. Мостик және Баскөл ауылдарында апат жағдайындағы мектептердің орнына мектеп құрылысы қажет. 

Мектепке дейінгі білім. Ауданда 95 баланы, оның ішінде екі жастағы 20 баланы қамтитын 1 Борас орта мектеп-бақшасы мектепке дейінгі мекемесі жұмыс істеуде.
Ауданның 24 мектебінде 30 мектепалды сынып ұйымдастырылып, оның ішінде 19 топ қазақ тілінді ұйымдастырылды. Мектепалды даярлық тобына барлығы 343 бала барады. 2011 оқу жылы Глуховка, Канонерка, Беген орта мектептерінде және Н.Баймұратов атындағы орта мектепте қосымша 100 баланы қамтитын 4 толық күнді шағын орталық ашылды.
23 қысқа мерзімді шағын орталықта 3-4 жастағы 582 баланы қамтитын 30 топ және 100 баланы қамтитын төрт толық күнді шағын орталық жұмыс істейді. Шағын орталықтарға барлығы 682 бала барады. 777 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды немесе 75,8 пайыз.
Тұрғындардың мектепке дейінгі білім беру қызметіне қажеттілігі жыл сайын артуда. 2012 жылғы 1 қаңтарда бала-бақшаға 164 өтініш тіркелінді.
Ағымды 2012 жылы Сосновка орта мектебінде 25 орындық толық күнді шағын орталығының ашылуы, 2012 жылғы наурыз айында Борас орта мектеп-бақшасында екі жастағы балалар үшін қосымша 15 орындық бір тобының ашылуы жоспарлануда.   

Ыстық тамақпен тамақтандыру. 23 мектепте ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылып, 95,8 пайызды құрады. Қазіргі уақытта 21 асхана жұмыс істейді, онда оқушылар ыстық және буфеттік тамақпен тамақтандырылады.
Асхана мен буфеттері жоқ мектептерде ыстық тамақпен тамақтандырудың альтернативтік үлгісі енгізілді, үзіліс 30 минутқа дейін ұзартылды. 3262 оқушы ыстық тамақпен тамақтандырумен қамтылды (99 %).
Бастауыш сыныптар оқушыларының саны 1193 оқушыны құрайды, оның ішінде 1-4 сыныптың 1161 оқушысы ыстық тамақпен тамақтандырумен қамтылды (97,3): оның ішінде бастауыш сыныптардың 968 (81,1%) оқушысы жергілікті бюджеттің қаражаты есебінде ақысыз тамақтандырылса, Жыланды орталау мектебінің 32 оқушысы бюджеттік қаражатының есебінде ақысыз буфеттік тамақтандырылады. 2011 жылғы 1 мамырда Белокаменка бастауыш орта мектебінде буфет ашылды.
2011 жылы аудан мектептері бойынша бюджеттің есебінде 24160,0 мың теңге, оның ішінде бір балаға күнделікті 20 граммнан есептегенде балға 4569,0 мың теңге жұмсалды. Аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларының саны 567, оның ішінде 501 бала жергілікті бюджеттік қаражаты мен жалпыға міндетті оқыту қорының есебінде, 66 оқушы альтернативтік тамақтандырудың есебінде тамақтандырылды.
«Туған елге тағзым» бағдарламасының аясында Сосновка ауылының тұрғыны К.К.Мукинов ыстық тамақпен тамақтандырумен қамтылған мектепалды даярлық тобының 29 балалары үшін демеушілік көмек көрсетті (31900 теңге бөлінді), 107 бала демеушілердің есебінде буфеттік тамақтандырумен қамтылды (57880 теңге бөлінді). Тамақтандыру құрамына сүт және сүт өнімдері мен дәрумендірілген кисель енгізілді.  

Оқу-әдістемелік жұмыстар. Жоспар бойынша 8-11 сыныптар арасында жалпы білім беру пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық туры өткізілді, оған 265 бала қатысып, оның ішінде 135 бала жеңімпаз атанды. Ең үздік жұмыстар облысқа іріктеу үшін жіберілді. Гуманитарлық пәндерінен жеңімпаздар 8-9 сынып оқушылары сәуірге шықырылатын болады. 2012 жылғы 27 қаңтарда 7 оқушы облыстық олимпиадаға қатысып, сертификаттармен марапатталды.
2011 жылғы 31 қазанда Беген орта мектебінің базасында «Шығармашыл ұстаз» атты фестиваль өткізіліп, онда Борас орта мектеп-бақшасының, Ү-Владимировка, Семеновка, Өндіріс, Бөдене орта мектептерінің мұғалімдері марапатталды. 23 қарашада Семияр орта мектебінің базасында қазақ тілі бойынша семинар, 2011 жылғы 28 қарашада Үлкен Владимировка орта мектебінде «Аймақты компоненті сабақтарда және сыныптан тыс іс-шараларда қолдану арқылы азаматтық тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Сонымен қатар, семинарға Семей қаласынан қонақтар қатысты.
2011 жылғы 1 желтоқсанда Кіші Владимировка орта мектебінің базасында «Азаматтық-патриоттық тәрбиелеу жүйесіндегі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану» тақырыбында аймақаралық семинар өткізіліп, оған Михайловск ауданының, сонымен қатар, Бородулиха, Новопокровск аудандарының өкілдері қатысты.
2011 жылғы 3 желтоқсанда аудан әкімі К.Б.Байгонусовтың Бесқарағай ауданының дарынды балаларымен кездесу өтті.
2011 жылғы 11 желтоқсанда Борас орта мектеп-бақшасының базасында «Мектепке дейінгі мекемелеріндегі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ойын элементтерін пайдалану» тақырыбында аудандық семинар және 2011 жылғы 13 желтоқсанда Баскөл орта мектебінде «Жас ұстаз» конкурс өткізілді. З.Г.Сон (Борас орта мектеп-бақшасы) Гран-при ұтып алса, А.С.Темирбекова (Семеновка орта мектебі) – 1 орынды, Ж.Кизатова (Үлкен Владимировка орта мектебі) – 2 орынды, О.Ю.Грошева (Канонерка орта мектебі) - 3  орынды иеленді.  

Тәрбие жұмыстары. Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімімен білім беру мекемелерінің кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-әрекеттеріне бақылау жасау іске асырылуда. Әрбір мектепте оқу жылдың басында әлеуметтік паспорт құрылып, онда мектеп әкімшілігі жағынан да, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аудандық ведомоствоаралық комиссиясы жағынан да маңызды бақылауды қажет ететін, барлық күн күрісі төмен отбасылар мен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер тіркелуде.  
Бүгінгі күні ауданда 0-ден 18-жасқа дейінгі 5582 бала бар.
2011-2012 оқу жылдарының басында 1-11 сынып оқушыларының саны 3184 оқушыны құрады, оның ішінде аз қамтылған отбасылардың 500 баласы, 71 қамқорлықтағы бала, 9 бала патронаттық тәрбиеленуде, үйде оқитын 23 мүгедек бала және 16 күн көрісі төмен отбасының 21 баласы бар.  
Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекциясының есебінде тұратын балалардың саны 13 адамды құрайды. Мектепішілік есебінде 29 оқушы тұр.
Аудан мектептерінде мектептен жалтарып жүрген балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қауіп» тобындағы кәмелеттік жасқа толмағандарды спорттық үйірмелердің сабақтарына қатыстыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.                                                                                                           
Білім беру мекемелерінде жасөспірімдер қылмысын алдын ала ескерту үшін педагогикалық патруль құрылып, жұмыс істеуде. Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімімен құқық сақтау, қоғамдық органдарымен бірлесе, қылмыстың, кезбеліктің алдын алу мақсатында апта сайын жұма, сенбі, жексенбі күндері, әсіресе кешкі және түнгі уақытта рейдтер жүргізіледі, өйткені құқық бұзушылықтар көбінесе осы уақытта жасалады.
2011 жылдың ішінде барлығы 83 рейд және 2011 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өткізілген «Мектепке жол» акциясын өткізген кезде 70 рейд өткізілді. «Жалпыға міндетті оқыту», «Қарау», «Алдын алу» тақырыптарында 3 рейд жүргізілді. Қамқоршылық және қорғаншылық органы және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекциясының қызметкерлері барлық күн көрісі төмен отбасыларды (17) аралады.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі аудандық комиссиямен 10 отырыс өткізіліп, онда ата-ана құқығынан айыру, оқушыларды жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды, сонымен қатар, күн көрісі төмен отбасылармен алдын алу әңгімелесулер өткізілді. 6 бала балалар үйіне, 3 бала көмек көрсететін мектеп-интернатқа жіберілді.
Ауданның 24 мектебінде салауатты өмір салтын насихаттау бойынша – 37 акция, 30- мектеп пен 18-мектеп аралық фестивалдары, 67- кездесу, 44- кеш өткізілсе, нашақорлықты насихаттау бойынша – 48 акция, 50- мектеп пен 26-мектеп аралық фестивалдары, 35- кездесу, 30-кеш; ВМЧ/СПИД-ті алдын ала ескерту мен сексуалдық мәдениетті баулу бойынша – 33 акция, 34-мектеп пен 15-мектеп аралық фестивалдары, 32- кездесу, 30-кеш өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған 20 іс-шара өткізіліп, оған 2289 оқушы мен 1023 ата-ана қатысты. Аз қамтылған отбасылардың 500 баласы, көп балалы отбасылардың 45 баласы мен қамқорлықтағы 34 бала материалдық көмек алды.
2011 жылғы жазғы кезеңінде 2874 бала мен жасөспірімдер демалумен, сауықтырылу мен жұмыспен қамтылумен қамтылды, бұл 97 пайызды құрады. 

Қосымша білім беру. Шығармашылық үйі балалардың бос уақыттарын сабақтан тыс ұйымдастырып, оқушыларды шығармашылық қабілеттіктерін дамытатын іс-әрекеттерге тартуда. Әрбір оқушы өздерінің қабілеттіктері бойынша жұмыспен қамтылған, күн көрісі төмен отбасылардың балалары мен дарынды балалар тартылды.
Шығармашылық үйінде «Шебер қолдар», «Дойбы», «Екі езу», «КВН» үйірмелері жұмыс істейді. Шығармашылық үйінің үйірмелері Ү-Владимировка орта мектебі мен Борас орта мектеп-бақшасының базаларында бар. Үйірмешілер барлық мектептен тыс іс-шараларға, аудандық іс-шараларға қатысады.
Шығармашылық үйінің мақсаты мен міндеті балалардың белсенді өмір жайғасымдарын, өнегелі мұрат жүйесі мен жалпы адамзат құндылықтарын  қалыптастыру, балалар-жасөспірімдердің әлеуметтік жанды бөлігін қорғау болып табылады. Өткен оқу жылы 120 оқушы үйірмеге қатысты.
Шығармашылық үйінің жетекшілері шахмат бойынша үйірме аралық жарыстарды ұйымдастырып, жүлдегерлер аудандық және аймақтық жарыстарға қатысады. Шығармашылық үйінің қызметкерлері балаларды қорғау Күні мерекесін өткізуге белсенді қатысты.
Бесқарағай аудандық Шығармашылық үйімен келесі іс-шаралар өткізілді: Ү-Владимировка орта мектебінде және Борас орта мектеп-бақшасында 5-9 сынып оқушылары арасында Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 66-жылдығына орай ең үздік оқуларына конкурс, Ү-Владимировка орта мектебі мен Борас орта мектеп-бақшасының 4-6 сынып оқушылары арасында Бірінші ханым С,А.Назарбаеваның туған күніне арналған үздік ашық хатқа конкурс өткізілді. Өндіріс орта мектебінің базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай ауданның оқушылары арасында шахмат турнирі, сонымен қатар, ауданның 5-11 сынып оқушылары арасында Жеңіс Күнінің 66-жылдығына орай «Жеңіс жарығы» тақырыбында үздік плакаты мен суретке конкурс өткізілді. Бесқарағай аудандық Шығармашылық үйімен 2011 жылғы мамыр айында Беген және Өндіріс орта мектептерінің базаларында КВН-нан аймақтық жарыстар өткізіліп, оған ауданның 11 мектебі қатысты, оның ішінде 7 мектеп, олар: Беген, Семеновка, Мостик, Өндіріс, Семияр, Қоянбай, Глуховка орта мектептері жартылай финалған өтті. Қыркүйек айында аудандық Мәдениет үйінде КВН ойындарының финалын өткізу жоспарлануда. Қазан айында Семеновка орта мектебінде жартылай финал өткізіліп, Өндіріс, Беген, Қоянбай, Семеновка және Мостик орта мектептері финалға шықты. Желтоқсан айында финал өтіп, Беген орта мектебі финалшы атанып, ауыспалы кубокқа ие болды.
2011 жылғы 1 қарашадан бастап 2012 жылғы қаңтарға дейін Шығармашылық үйінде қосымша үйірмелер ашылды: Қара-Мырза орталау мектебінің базасында «ағашпен ою» үйірмесінің жетекшісі – Матвеев (0,25 ставка), М-Владимировка орта мектебінің базасында «туристік» үйірмесінің жетекшісі – Е.А.Алипов (0,25 ставка), Н.Баймұратов атындағы орта мектептің базасында «қолөнер» үйірмесінің жетекшісі – Л.Ш.Есхожина (0,25 ставка), Березовка орта мектебінің базасында «шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі – Шалабаева, Беген орта мектебінің базасында «тоғыз құмалақ, дойбы» үйірмесінің жетекшісі Б.Амрин, М-Владимировка орта мектебінің базасында «ағышпен ою» үйірмесінің жетекшісі – Б.Б.Ихатов, Семеновка орта мектебінің базасында «бейнелеу өнері» үйірмесінің жетекшісі – А.Мусабекова, Кривинка орта мектебінің базасында «балшықтан мүсін» үйірмесінің жетекшісі – К.А.Нуртазин.
Шығармашылық үйінің өткен жылдармен салыстырғанда кеңейтілгеніне байланысты ғимарат қажет.

Спорт. Дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттау және енгізу Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселе болып табылады. Спортты дамыту бойынша барлық жұмыстар бұқаралық-спорттық іс-шаралардың әзірленген және бекітілген жылдық жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Дене шынықтыру сабағын өткізу және дене-шынықтыру – сауықтыру жұмысын ұйымдастыру үшін ауданда 65 спорттық құрылыстар бар, оның ішінде 20 спорт зал; 19-ы жалпы білім беретін мектептерде және 1 зал 16-КМ-де; 7-атқыш тир, 38 спорттық-сауықтыру құралдар, оның ішінде 25 алаң; 13 футбол алаңы бар.
Спортты дамыту жұмысының талдауы бойынша дене шынықтыру және спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауданда өткізілетін іс-шаралардың саны жыл сайын арттырылуда (2010 ж. – 32 бұқаралық-спорттық іс-шаралар, 2012 ж. – облыстық және аудандық деңгейде 43 іс-шараны өткізу жоспарлануда).
2011 жылғы кезеңінде Бесқарағай ауданының тұрғындары арасында дене шынықтыруды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, көпшілік спортты дамыту үшін Халық спортының шеңберінде аудандық спартакиада, Бесқарағай ауданы әкімінің жүлдесіне спорттың волейбол (ерлер, әйелдер), футбол, баскетбол, шағын футбол түрлері бойынша Чемпионаттар, ұйымдар мен мекемелердің мемлекеттік қызметшілері арасындағы спартакиадасының шеңберінде жарыстар, Спорт, Конституция Күндеріне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай жарыстар, сонымен қатар, Нурболат Тасбулатовтың естелігіне футболдан, Ф.Валиевтың естелігіне футзалдан, Владимир Абылкасымовтың естелігіне баскетболдан турнирлер, қысқы кезеңінде шайбалы хоккей бойынша, «Шаңғы шақырады» шаңғы тебуден және т.б. жарыстар өткізілді.  
Сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін назар аударылуда, «Мама, папа, мен – спорттық жанұя» атты спорттық іс-шаралар өткізіліп, онда мүгедек балалар ата-аналарымен қатысады. Іс-шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражаттар бөлінуде.
Бесқарағай аудандық білім беру мекемелерінде дене шынықтыру және спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау бойынша маңызды жұмыстар атқарылуда. 2011 жылы жалпы білім беретін мектептерде 1256 баланы қамтитын 53 спорттық секциялар ұйымдастырылды. Спорттық секциялардың жүйелерін арттыру жолымен дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс үлгілері жетілдірілуде.
Егер 2010 жылы 13 мектепте салауатты өмір салтының бағдарламасы бойынша мектептен тыс жұмыстары енгізілсе, 2011 жылы 18 орта мектепте енгізілді. Барлық жалпы білім беретін мектептерде денсаулық және спорт Күндері енгізілді. Денсаулық және спорт Күндері жеке 1-4, 5-9, 10-11 сыныптарында ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, материалдық-техникалық база нығайтылды, егер 2010 жылы 1 млн. 850 мың теңге сомада спорттық құрал-жабдықтар сатып алынса, 2011 жылы 2 млн. 480 мың теңге сомада сатып алынды, осыдан басқа спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға демеушілік көмек 850 мың теңгені құрады. Барлық жалпы білім беретін мектептерде әр түрлі сандары мен мүмкіндіктері бар, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кадрлық құрамы 38 адамды құрайды. Кадрлармен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды.  
2010-2012 оқу жылдарының кезеңінде «Бесқарағай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде спорттың 4 түрі, олар: еркін күрес, волейбол, дзю-до және жеңіл атлетика бойынша 214 бала оқыды.
Бесқарағай ауданында спорттың ұлттық түрлерін дамыту үшін Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне арналған, бес дистанция бойынша «Тұлпардың тұяғы» атты ат-спорттық жарыстар өтті. Сонымен қатар, ауданда бір жылдың ішінде тұрғындар арасында «Баланы қорға – оны спорттық секцияға жаздыр!» атты әр түрлі облыстық және аудандық акциялар, өскелең ұрпақ пен ауылдық жастары үшін «Жастар нашақорлыққа қарсы!», «Бесқарағай інжуін сақтайық» атты аудандық акциялар өткізіліп, онда ауданның жастары «Шошқалы» шипалы-сауықтыру көлінде демалды. Спорттың ұлттық түрлерін ұйымдастыру мен дамыту жүйелерін дамытып, жетілдіру үшін Беген ауылдық округінде тоғыз-құмалақтан бөлім ашылды. Барлық ауылдық округтерде жазғы кезеңде «Былғары доп» жүлдесіне жарыстар өткізіліп, ең үздік командалар финалдық кездесулерде кездесті.  
2011 жылы волейболшылардың құрама командасы Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатында облыстың 12 командасы арасында 2 орынды иеленсе, аудан командасы спорттың 12 түрі бойынша Халық спортының ойындарында облысымыздың 14 ауданның арасында жалпы командалық 7 орынды иеленді.  
Жас спортшылар-бескарағайлықтар 8 «Саулетай» облыстық балалар спорттық ойындарында Кубок пен естелік сыйлықтарға ие болып, 2 орынды иеленді.  
Сонымен қатар, 2011 жылы Бесқарағай ауданының мемлекеттік қызметшілері Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілерінің спартакиадасында көрінді. Ауданның волейболшылары спартакиадада бірінші орынды иеленіп, бесқарағайлықтар шағын футболдан, тоғыз-құмалақтан және бильярдтан 3 орынды иеленді. Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданының құрама командасы жалпы командалық есепте облысымыздың 14 ауданның арасында 2 орында.
2011 жылдың үздік спортшылары болып, стендттік ату бойынша халықаралық класстың спорт шебері – Виталий Куликов, Қазақстан Республикасының гир спорты бойынша спорт шебері Тимур Мушекенов, Қазақстан Республикасының волейболдан спорты шеберіне кандидат Асхат Елесузов атанды.
Барлық өткізілген бұқаралық-спорттық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында, облыстық және «Бесқарағай тынысы» аудандық газеттерінде, сонымен қатар, Бесқарағай ауданы әкімінің ресми сайтында жариялануда.

2011 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша. Осы оқу жылы ауданның 324 түлектері мектеп бітіруде. Ұлттық емтихан және Ұлттық бірыңғай тестілеу үлгілерінде қорытынды аттестаттауды тапсыратын оқушылардың саны 130 (39,8%) және 194 (60,1%)  құрайды.
«Алтын белгі» аттестатына 10 үміткер болды, олар: Үлкен Владимировка орта мектебінің 4 түлегі, Борас орта мектеп-бақшасының 2 түлегі, Семияр орта мектебінің 2 түлегі, Глуховка орта мектебінің 1 түлегі және Мостик орта мектебінің 1 түлегі, оның ішінде Үлкен Владимировка орта мектебінің 1 түлегі Назерке Молдабек және Борас орта мектеп-бақшасының 1 түлегі Асет Тулегенов растады. Үздік аттестатқа 6 үміткер бар, олар: Үлкен Владимировка орта мектебінің 1 түлегі, Семияр орта мектебінің 1 түлегі,  Глуховка орта мектебінің 1 түлегі, Н-Баймұратов атындағы орта мектебінің 1 түлегі және Канонерка орта мектебінің 2 түлегі үміттенеді, Үлкен Владимировка орта мектебінің түлегі Жанерке Асетова және Канонерка орта мектебінің түлегі Маржан Зейнекабылова растады.
2011 жылғы 6 маусымдағы тестілеудің қорытындысы бойынша ауданда орташа пайыз - 81,3 баллды құрады. 2010 жылғы ҰБТ қорытындысының талдауы бойынша ауданда орташа балл 88,1 баллды құрады. Глуховка, Семеновка, Сосновка, Өндіріс және Н-Баймұратов атындағы орта мектептердің оқушылары 75-тен төмен пайызды жинады.
ҰБТ өткізуге жергілікті бюджеттен 476 мың теңге қаражат қаралды. Оқушылар ҰБТ кезінде М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде тұрып, тамақтандырылды. Оқушыларды тасымалдау үшін жаңар-жағар майға 256 мың теңге бөлініп, 10 мектеп техникасы қатысты (3 Газель, 1 УАЗ көлігі, 6 автобус).

Кадрлар. Ағымды жылы ауданның жалпы білім беретін мектептерінде 515 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде 30 мұғалімде жоғары білімі, 167 мұғалімде бірінші санат және 184 мұғалімде екінші санат бар. Оқу жылдың басынан бастап 43 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2011-2012 оқу жылдары 12 жас маман жоғары оқу орындарынан келді. 6 маман 105,0 теңгеден көтерме жәрдемақы алса, 2 маман баспана алуға ауыл елді мекендерінің әлеуметтік саладағы мамандарды әлеуметтік қолдау үшін шараларды іске асыру үшін жергілікті атқарушы органымен бюджеттік несие алды.

Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының
міндетін атқарушы К.Шынгысбаева


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет