Науаи мемлекеттік педагогика институты



Дата15.06.2016
өлшемі71.5 Kb.
#137525
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ

НАУАИ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Шет тілдер факультеті
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы




Тақырып:

Әдебиет сабақтарында халық ойындарынан пайдалану.
Орындаушы: Ташбекова Ғайниса
Ғылыми жетекші: Кумакбаева Г.К.

۞ Науаи ۞



Тақырып: Әдебиет сабақтарында халық ойындарынан пайдалану.
Жоспар:
1.Әдебиет сабақтарында халық ойындарынан пайдалану
2.Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі ролі.
3.Ойын сабақтарының тиімділігі
4.Сабақ процесінде ұлттық ойын түрлерінен

пайдалану жолдары


Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына үлкен де бай мұра қалдырған.

Соның бірі ұлттық ойындар халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көз-қарастың,мінез-құлқының қалыптасуы құралы деп те ерекше бағалаған. Бала кішкентайынан ата-ананың талап етуімен және өз еркімен әртүрлі ұлттық ойындарға қатысып өзінің икемділігін тапқырлығы мен батылдылығын байқатқан.

Қазір бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Тоғыз құмалақ қуыршақ асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар арасында тараған ұлттық ойындар негізінде халық әртүрлі жсау арқылы денешынықтыру негізін қалады.

Мұның әлеуметтік тәлбиелік мәні де болды.Ұлттық ойындар кейіннен спорттық ойындар ұласты.

Қазақ халқының көне батырлар мен ғашықтар жыр дастарымда ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығын айқын көрінеді.

Мәселен: «Қобыланды», «Алпамыс батыр», «Ер тарғын» сияқты эпостық жырларда елі сүйген батырлардың жұртшылық,сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысып одан кейін көп кісі қатысқан ойын сауықтарда өздерінің мергендік, балуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері туралы жан-жақты әңгімеленеді. Зерттеулерге жүгінсек «домбырамен күй шерту» аттың құлағында ойнау,су мен ойнау, «аң сүйген», тоғыз құмалақ,асық ойнау сияқты қазақ тіліндегі сөз тіркестері бұл ойындардың халықтық көне мәдениетінің куәсі ретінде өте ерте заманда пайда болып біздің ата-бабаларымыздың кеңінен пайдаланған ұлттық ойындардың сан ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді.

Халық ауыз әдебиетін зерттеген көрнекті ғалым филология ғылымының докторы В.Ухатов өзінің «Қазақтың халық өлеңдері атты іргілі монографиясында «Ерте заманнан бастап балалар әртүрлі салтқа байланысты өтетін қазақтың ойын-тойларына қатысып жүрген.Олар жылдың басы Наурыз күндерінде бір жұмаға соғылатын үйлену тойларын да үлкендермен бірге қызықтап соның басы қасында болған деп халқымыздың ұлттық ойындарында орындалатын балалар өлеңдерінің ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Сондай-ақ жаздың жайма шуақ кеңшілігін пайдаланған ұзақты күн ойын соңында болып талай күлкілі ойын түрлерін ойлап тапқан. Солардың ішінде «Асау мәстек», «Соқыр теке», «Үй артында қалағаш» сияқты ойындар балалардың дүниетанымын кеңейтеді, денелерін шынықтырады. Ойын сөздері де қызық, әрі күлкілі:

Әлі ер екеніңді білейін

Ешкі сойып берейін

Тақия алсаң еңкейіп

Құламасаң теңкейіп

Ерлігіңе сенейін.

Жан қотыр «мәстекке»мас алмай құлап жатқан құрбыларын балалар осылайша қолтықдап күлкі етеді. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы.

Қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған. Мұнымен ойын сапасы жоғалмайды.

Сол себепті де әр халықтың ұлттық ойындарына тән ерекшелік ретінде белгіледі. Жастарды тәрбиелеудің ерекшеліктерін есепте алып қажеттігін атап өткен жөн. Садақ атуға,асық ойнау ойындары баларды нысанаға дәл тигізуге үйретеді. Асық ату ойыны көз жетілігін мергендікті танытады, баланың бойында еріктілікті, ұстамдылықты қалыптастыруға қарсыласын сыйлай білуге адамның және басқа да ізгі қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады.

Қазақ халқының ұлттық ойындары тұрмыстың және қоғамдық ойындар болып шартты түрде екіге бөлінеді.

Сондай-ақ ұлдар мен қыздарға арналған ойындар да бар. Жылқышы, аңшы мамандықтарына сай байланысты ойындар тек ұлдарға ғана тән. Мұндай ойындарға бәйге, түйе жарыс, жорға, садақ ату 5-10 шақырымға ат жарысы тағы басқалар жатады.Ұлттық ойындардың мұндай түрлеріне 8-11 жастағы балалар қатысуға рұқсат етіледі. Ойынға қатысқанға дейін шабандоз балалар ат жарысына бәйгіге қатысу мақсатында көп тер төгіп әзірленеді. Мұның бәрі баланы ұқыптылыққа өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелейді.

Ұлттық ойындардың осындай түріне қатысқан балалар көне заманнан келе жатқан ата-баба өнерінің зыр-сырына қанығып ат құлағында ойнауға үйренеді. Қазақтың ұлттық ойындарының ерекшелігі сонда оларды сабақ кезінде де, сабақтан тыс үзіліс кезінде де қолдануға болады. Осы ерекшеліктеріне қарай ойындарды үш үлкен топқа бөлуге болады,көңіл көтеру ойындары спорттың ойындар ойлау ойындары.

Көңіл көтеру ойындарының басты ерекшелігі басқа ойындарды қайта-ламайтындағында болса екінші бір ерекшелігі бұл ойындар балалардың нағыз шығармашылық есебі іспетті. Бұл ойындар кезінде өнердің сан қилы жырда, күмбірлеген күйде де жарасымды әзіл күлкіде өмірге өте еніп, психологиялық драматизмге толы басқа да талғам түрлері сынға түседі. Балалар осы ойындарға қатыса отырып, ата-анасынан алған дағдыларын іс жүзінде жүзеге асырады. Соның негізінде балалар нені айтып,нені орындағанын байқап көптеген құбылыстардың мән маңызын ой елесінен өткізіп ой-өрісін көз қарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.1

Қазақтың ұлттық ойындарының бай қазынасын оқушыға орта білім көлеміне сәйкес білім негізін үйрету – ұстаздың негізгі міндеті.Бұл міндетті жүзеге асыру үшін білім берудің жаңа жүйесін жан – жақты игеру қажет.Ол үшін мұғалім сабақ кезеңдері мен құрылысы типтері, жаңа сабақ түрлері мен онда қолданылатын әдебиеттерді, қолданылатын материалдың сапасы мен дидактиканың мақсатын және жаңа оқу жүйесіне көшудегі биік талапқа қаншалықты жауап бере алатындығын тексере зерттей, салыстыра оқытуға міндетті. Мұғалім білімді болса, одан білім алған оқушылар да білімді болып шығады.Білімді, тәжірибелі шебер мұғалімнің міндеті – оқу процесінде оқушыларды пәнге еліктіру. Әрине, бұл процесс оқушы, ана тілі сабағында ұлттық ойындарды қызықты, әрі мазмұнды етіп өтуіне байланысты.

Оқу процесін халықтық педагогика негізінде ұйымдастырудың тәрбиелік те, білімдік те үлесі ұлан-ғайыр.

Халық зердесіне терең үңілсек,ұрпақ тәрбиесі қай елдің,қай кезеңнің болсын толғақты мәселесі болып отыр. Бұл көкейтесті мәселе ғасырлар бойы тек халықтың өткен тәжірибесіне сүйенгенде ғана сәтті шешімін тауып отырған. Ол-халықтың кәсібімен,салт-дәстүрімен,тілімен,тарихы-мен,өнерімен біте қайнасып,тарихи кезеңдер ерекшелігіне,қоғам тану сатыларына қарай жетіліп,ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.

Халық мұрасының танымдылық тәрбиелік мәні - ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана,адам өмірінің рухани-эстети-калық қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағыт-талған, баланың жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын дәстүрлер көп-ақ.

Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиып терген мол тәжірибесі бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Халықтың ана тілін,салтын,дәстүрін бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу үшін халықтың педагогиканы оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп алу-бүгінгі күннің талабы. Адам жас кезінен бастап өзін халықтың бір мүшесі ретінде сезінеді, оның өз тағдыры халық тағдырына ортақ және оны ары қарай дамытушы болғандықтан, ұлттық келбетінен айыру деген сөз. Баланы мектепке әзірлегенде, оның тілінің дамуына, дұрыс сөйлеуіне көңіл аудару басты мәселенің бірі.
Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі ролі.

Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жас өспірімдік шақтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналған. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, шаттану ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған.

Ұлттық ойындардың қырықтан астам түрлері бар. Оларға мысалы: «Көз жұмбақ»,«Ақ боран», «Белбеу тастау», «Күзем алу», «Бастаңғы», «Сиқырлы таяқ», «Алтыбақан», «Тұзақ құру», «Сақина тастау», «Бәйге», «Теңге ілу», «Соқыр теке», «Айгөлек», «Аударыспақ», «Ақ серек,көк серек», «Әуе таяқ» т.б.

«Көзжұмбақ» ойыны. Оқушылардың қызыға ойнайтын ойындарының бірі. Ойын оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға жәрдемдесіп, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Ойын барысына мұғалім бастан-аяқ араласып отырады.

Мұғалім; -Балалар бастарыңды төмен салып, көздеріңді жұмыңдар (сәл кідірістен кейін дауыс ырғағын бәсеңдете), зейін салып тыңдаңдар... Мен бір сан ойлап оған 5-ті қостым. Сонда 8 саны шықты. Мен қандай санды ойладым? Ойлаған санымды тауып, саусақтарыңмен көрсетіңдер. Балалар көздерін жұмған күйі тапқан сандарын саусақтарымен көрсетті.

Мұғалім парта аралап жауапты дұрыс көрсеткен оқушылардың саусақтарын ұстады да;

-Дұрыс!


-Жарайсыңдар! Осылай!-деп, белгі берді. Қателескен оқушыларға ойын шартын тағы бір қайталап түсінтірді. Осылайша бәрін тексеріп шыққан соң;

«Қолдарыңды түсіріңдер!» деген команда берді де, сәл кідіріс жасап, ойынды әрі қарай жалғастырды;

Алтыға төртті қосу... Одан тоғызды азайту... Оған бес қосу... Тағы екіні қосу... Енді ойлаңдар, соңғы шыққан саннан нешені шегергенде үш саны қалады.

Мұғалім осы тәсілді сөйлемдердегі сөздердің санын, әр сөздегі дыбыс санын, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыраттыруда да пайдаланды. Мысалы, «Самат» деген сөзде неше дыбыс бар? Осы сөзде неше дауысты дыбыс бар? Дауыссызы қанша? «Алма мектепке келді» сөйлемінің соңғы сөзі неше дыбыстан тұрады?.

«Айгөлек» қимыл ойынының үлкен тәрбиелік мәні бар. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Қаз-қатар, қол ұстасып құлаштарын керіп тұрады.

Бір топтың ойын бастаушысы өлеңнен айгөлек-ау айгөлек, айдың жүзі дөңгелек деп екінші топтың тізбегін үзіп өтуге тиіс. Егер ол үзіп өтсе осы топтың бір адамын алып кетеді.Ойын екі топтың біреуінің адамы таусылғанда аяқталады. Себебі олар баланы дене даму жағынан да шынықтырып тәрбиелейді.

Олардың арасында әсіресе ежелгі заманннан шөбершіктің жоғары үлгісі үстінде халық қастерлеген ат ойындарының үлкен патриоттық мәні бар. Бұл ойындарға уақыт сынынан өткен денсаулығы мықты, шыдамды балалар ғана қатысқан. Ойын барысындағы мықты бәскелестік баланың көз-қарасының күш-қайратымен әдіс-айласимен және басқа да психологиялық ерекшеліктерімен кеңірек танысуға болады.

Ақыл-ойды дамытатын «он бір қара жұмбақ» деген тәрбиелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі бар. Оның басты ерекшелігі - есеп сұрақтарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Бұл ойын бастауыш сынып оқушылары арасында кең тараған. Оқушы сұрақтарға жауап берген кезде сөздердің әріптеріне сәйкес келуі керек.

Мысалы:

Бір дегенім-білім,



Екі дегенім-егеу,

Үш дегенім-үсті,

Төрт дегенім-төсек,

Бес дегенім-бесік,

Алты дегенім-асық,

Жеті дегенім-жетік,

Сегіз дегенім-серке,

Тоғыз дегенім-торға,

Он дегенім-оймақ.

Он бір қара жұмбақ - деп саналады. Бала ұлттық ойындарға қатысу арқылы жалпы білімдер жүйесін меңгереді. Ұлттық ойындардың тағы бір соқыр теке ойыны. Бұл ойында ойыншылар шеңберін айналып тура қалып ортасынан бір баланы шығарып оның көзін көрместей етіп байлайды. Көзі байланған ойыншыны әр адам бір түртеді. Түрткен адамды білсе, сол адамның көзін байлайды.

Мысалы: «Аталар сөзі ақылдың көзі»тақырыбымен өткізілген кездесу кейінде бала тәрбиесінде озат тәжірибе жинақтаған әулеттер үлгі етіледі. Балаға жеті атасына дейінгі әкелерінің даңқты өмір жолын айту, елінде даңқ қалдыру арқылы ұрпақ тәрбиесіндегі тарихи сабақтастықты тәрбиелеу мақсат етіледі.

Қай халық болмасын,үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Жанған отын сөндірмей түтінін түтететін артында тұяқ қалмауы кімге де болса үлкен қайғы қасірет.

Сондықтанда «Балалы үй базар, баласыз үй - қу мазар» деген халқымыз.

Қазақтың батырлар жырларындағы басты мәселенің бірі – бала туралы перзентсіздік бақытсыздық жырланады.

Қорқыт жырлауында үлкен пайда ұлы барды ақ отауға,қызыл отауға баласы жоқтарды қараша үйге кіргізеді. «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Мұңлық-зарлық», «Сейфулмәлік» жырларында да перзентсіздіктің қаншалықты адамға қайғы екенін жыр еткен. Бір перзенттің жолында ата-бабамыздың бар дүние байлығын, мансабын құрбан еткен. Отбасының бақытын баламен өлшеуді жөн көрген халқымыздың «бесіксіз үйде береке жоқ»деп топшылауы да тегін емес. Бұл отбасы ошағымыздың түтіні сөнбесін деген жеке бастың тілегімен туған мақал емес, халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісін ойлап, қам жеуден туған мақал.

Қазақ халқы «бір баласы бардың шығар шықпас жаны бар,көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар»- деп көп балалы болуды бақыт санаған.Көп балалы үйді « әлеумет өскен-өнген жандар»- деп құрмет тұтқан.

«Бала адамның бауыр еті»- деген халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған. Бала өмірдің жалғасы, көз қуаты, шаңырақ иесі деп ұрпақты болуға ұрпақ тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.

Қазақ ұл баланың дүниеге келуін «Ұл туғанға күн туған», - деп ерекше бақыт санаған шаңырақтың иесі ұл бала деп білген. Ал қызға «дүниенің тұздығы, бастауы» деп қараған.

Фариза Оңғарсынова «Бабам қазақ өлеңінде»:

Бабам қазақ қашаннан бала сүйген.

Мұрагерім болса деп мақсат қылып,

ұя дауысы шыққанда қараша үйден,

Атын сойып той қылған,

ат шаптырып сүйіншіге ұл туса бермей көп,

әзер болса астында аты қалған.

Қыз туғанда қырсықтың келгені - деп қырын қарап жатып алған.

«Сыйлағаны құдайдың деп бабаларымыз балаға ұрпағым, мирасым, шаңырақтың иесі, мұрагерім»- деп қарап үлкен сенім артқан.

Бала болсаң болғандай бол айналаңа қарағандай бол. Ұрпағым адам қымбатты деген қағиданы берік ұстаған бабаларымыз ұрпақ жалғастырып үбірлі-шүбірлі болуды арман еткен. Болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ісіндегі басты тұлға тәрбиені педагогтар мен ата-аналар.2

Қазіргі заман талаба баланың жеке басын қалыптастыру оның көкірегін оятып ата-бабадан қалған асыл мұрасын тұрмыс – салт өнегесін, әдет-ғұрып дәстүрін баланың сәби мағынан бойына сіңіру адамгершілік ізеттілік эстетикалық сезім әрекеттерін қалыптастыру, ол үшін педагог өзі жан-жақты білімді,өзбетінше ізденгіш шығармашылық пен еңбектетін баланың ішкі дүниесін сезіне білетін болуға тиіс.

Балаларға бесік жыры өлеңін үйрету үшін қуыршақты уату дидактикалық ойынын үйретіп,ол арқылы балаға бесікті қалай жабдықтауға болатыны айтылып көрсетіледі.

Сонымен балаларға туыстық қатынас жөнінде түсінік берілді: әже, ата, нағашы, апа-жезде, аға-жеңғе, бөле, жиен т.б.

Мұнан балаларға халқымыздың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін қастерлеуге ата-баба дәстүрін оны әрі қандай жалғастыратын бүгінгі біздің-болашағымыз.




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. 5-11 сыныптар. А., 1999 жыл.

  2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985 жыл.

  3. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1969 жыл.

  4. Ақшолақова Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., 1969 жыл.

  5. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997 жыл.

  6. Жұмажанова Т. Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995 жыл.

  7. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003 жыл.

  8. Қ.Бiтiбаева. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары. Алматы, 1990 ж.

  9. Нұрмаханов Ж., Дайырова Ә. Орта мектепте лириканы оқыту. Алматы, 1991 жыл.

  10. «Қазақ тiлi мен әдебиетi» (журнал). 1991 жылдан берi қарай.

  11. Алпыспаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы,1995 ж.

  12. Қоңыратбаев.Ә. 4-7 сыныптарда әдебиетті оқыту методикасы. Алматы. 2001 ж.

  13. Мемлекеттік білім стандарты. Алматы, 2000 жыл.

  14. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдасы. Алматы, 2000 жыл

  15. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. Алматы, 1979 ж.

  16. Дайырова Ә. Орта мектепте І. Жансүгіров творчествосын оқыту. Алматы, 1969 ж.

  17. Қалиев С. Мектепте Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. Алматы, 1974 ж.

  18. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1981 ж.

  19. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. Алматы, 1981 ж.

  20. Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. Алматы, 1999 жыл.



1 А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. 93 бет.

2 Қазақ тілі мен әдебиеті жураналы. 6-сан.2000 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет