Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 9 ай ішіндегі жұмыстары туралы Спорт



Дата01.07.2016
өлшемі47.52 Kb.
#169557
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  2011 жылғы 9 ай ішіндегі жұмыстары туралы

Спорт. Бесқарағай ауданында «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру – салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың саны арттырылып, тұрғындардың жалпы санынан 15,7 пайызды құрайды.

Ауданда дене шынықтырудан сабақ өткізу, дене шынықтыру-сауықтырылу жұмыстарының өткізілуін ұйымдастыру үшін 56 спорттық имараттар-жабдықтар бар, оның ішінде 21 спорт зал, ауданның жалпы білім беретін мектептерінде 19 спорт зал, 16-кәсіптік лицейде 1 зал және «Бесқарағай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде 1 зал, 6 атқыш тир, 18 спорт алаңдары мен 11 футбол алаңы бар. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің құрамы – 35 мұғалімді құрайды, оның ішінде барлық мұғалімдерде кәсіптік білімдері бар. 2011 жылғы 9 айдың ішінде Бесқарағай ауданының аумағында білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің көпшілік-спорттық іс-шаралардың жылдық жоспарына сәйкес ауданның ауыл жастары үшін волейбол бойынша әкім Кубогы, шағын футбол бойынша аудан Чемпионаттары (3 тур) мен ерлер командалары арасында волейбол бойынша Чемпионаты, спорттың қысқы түрлерін дамыту үшін үстел теннисі бойынша ауданның біріншілігі, сонымен қатар, 7-ші Қысқы Азиялық ойындарды мерекелеу үшін шаңғыдан, шайбалы хоккейден жарыстар мен Ф.Валиевтың ескерткішіне шағын футболдан халықаралық турнир, «Наурыз-мейрамын» мерекелеуге арналған ардагерлер арасында шахмат турнирі өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай ауданның жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 2011 жылдағы спартакиадасының аясында шаңғыдан, шайбалы хоккей бойынша жарыстар және ұлдар мен қыздар арасында волейболдан, баскетболдан аймақтық және соңғы жарыстар өтті.

 

Бесқарағай ауданында спортты дамыту бойынша 2011 жылғы жұмыстарды талдау



Дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттау және енгізу Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселе болып табылады. Спортты дамыту бойынша барлық жұмыстар бұқаралық-спорттық іс-шаралардың әзірленген және бекітілген жылдық жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Дене шынықтыру сабағын өткізу және дене-шынықтыру – сауықтыру жұмысын ұйымдастыру үшін ауданда 65 спорттық құрылыстар бар, оның ішінде 20 спорт зал; 19-ы жалпы білім беретін мектептерде және 1 зал 16-КМ-де; 7-атқыш тир, 38 спорттық-сауықтыру құралдар, оның ішінде 25 алаң; 13 футбол алаңы бар.
Спортты дамыту жұмысының талдауы бойынша дене шынықтыру және спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауданда өткізілетін іс-шаралардың саны жыл сайын арттырылуда (2010 ж. – 32 бұқаралық-спорттық іс-шаралар, 2012 ж. – облыстық және аудандық деңгейде 43 іс-шараны өткізу жоспарлануда).
2011 жылғы кезеңінде Бесқарағай ауданының тұрғындары арасында дене шынықтыруды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, көпшілік спортты дамыту үшін Халық спортының шеңберінде аудандық спартакиада, Бесқарағай ауданы әкімінің жүлдесіне спорттың волейбол (ерлер, әйелдер), футбол, баскетбол, шағын футбол түрлері бойынша Чемпионаттар, ұйымдар мен мекемелердің мемлекеттік қызметшілері арасындағы спартакиадасының шеңберінде жарыстар, Спорт, Конституция Күндеріне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай жарыстар, сонымен қатар, Нурболат Тасбулатовтың естелігіне футболдан, Ф.Валиевтың естелігіне футзалдан, Владимир Абылкасымовтың естелігіне баскетболдан турнирлер, қысқы кезеңінде шайбалы хоккей бойынша, «Шаңғы шақырады» шаңғы тебуден және т.б. жарыстар өткізілді.  
Сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін назар аударылуда, «Мама, папа, мен – спорттық жанұя» атты спорттық іс-шаралар өткізіліп, онда мүгедек балалар ата-аналарымен қатысады. Іс-шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражаттар бөлінуде.
Бесқарағай аудандық білім беру мекемелерінде дене шынықтыру және спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау бойынша маңызды жұмыстар атқарылуда. 2011 жылы жалпы білім беретін мектептерде 1256 баланы қамтитын 53 спорттық секциялар ұйымдастырылды. Спорттық секциялардың жүйелерін арттыру жолымен дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс үлгілері жетілдірілуде. Егер 2010 жылы 13 мектепте салауатты өмір салтының бағдарламасы бойынша мектептен тыс жұмыстары енгізілсе, 2011 жылы 18 орта мектепте енгізілді. Барлық жалпы білім беретін мектептерде денсаулық және спорт Күндері енгізілді. Денсаулық және спорт Күндері жеке 1-4, 5-9, 10-11 сыныптарында ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, материалдық-техникалық база нығайтылды, егер 2010 жылы 1 млн. 850 мың теңге сомада спорттық құрал-жабдықтар сатып алынса, 2011 жылы 2 млн. 480 мың теңге сомада сатып алынды, осыдан басқа спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға демеушілік көмек 850 мың теңгені құрады. Барлық жалпы білім беретін мектептерде әр түрлі сандары мен мүмкіндіктері бар, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кадрлық құрамы 38 адамды құрайды. Кадрлармен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды.  


2010-2012 оқу жылдарының кезеңінде «Бесқарағай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде спорттың 4 түрі, олар: еркін күрес, волейбол, дзю-до және жеңіл атлетика бойынша 214 бала оқыды.
Бесқарағай ауданында спорттың ұлттық түрлерін дамыту үшін Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне арналған, бес дистанция бойынша «Тұлпардың тұяғы» атты ат-спорттық жарыстар өтті. Сонымен қатар, ауданда бір жылдың ішінде тұрғындар арасында «Баланы қорға – оны спорттық секцияға жаздыр!» атты әр түрлі облыстық және аудандық акциялар, өскелең ұрпақ пен ауылдық жастары үшін «Жастар нашақорлыққа қарсы!», «Бесқарағай інжуін сақтайық» атты аудандық акциялар өткізіліп, онда ауданның жастары «Шошқалы» шипалы-сауықтыру көлінде демалды. Спорттың ұлттық түрлерін ұйымдастыру мен дамыту жүйелерін дамытып, жетілдіру үшін Беген ауылдық округінде тоғыз-құмалақтан бөлім ашылды. Барлық ауылдық округтерде жазғы кезеңде «Былғары доп» жүлдесіне жарыстар өткізіліп, ең үздік командалар финалдық кездесулерде кездесті.  
2011 жылы волейболшылардың құрама командасы Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатында облыстың 12 командасы арасында 2 орынды иеленсе, аудан командасы спорттың 12 түрі бойынша Халық спортының ойындарында облысымыздың 14 ауданның арасында жалпы командалық 7 орынды иеленді.  
Жас спортшылар-бескарағайлықтар 8 «Саулетай» облыстық балалар спорттық ойындарында Кубок пен естелік сыйлықтарға ие болып, 2 орынды иеленді.  
Сонымен қатар, 2011 жылы Бесқарағай ауданының мемлекеттік қызметшілері Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілерінің спартакиадасында көрінді. Ауданның волейболшылары спартакиадада бірінші орынды иеленіп, бесқарағайлықтар шағын футболдан, тоғыз-құмалақтан және бильярдтан 3 орынды иеленді. Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданының құрама командасы жалпы командалық есепте облысымыздың 14 ауданның арасында 2 орында.
2011 жылдың үздік спортшылары болып, стендттік ату бойынша халықаралық класстың спорт шебері – Виталий Куликов, Қазақстан Республикасының гир спорты бойынша спорт шебері Тимур Мушекенов, Қазақстан Республикасының волейболдан спорты шеберіне кандидат Асхат Елесузов атанды.
Барлық өткізілген бұқаралық-спорттық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында, облыстық және «Бесқарағай тынысы» аудандық газеттерінде, сонымен қатар, Бесқарағай ауданы әкімінің ресми сайтында жариялануда.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет