«Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі» пәнінің дәріс тезистері



бет1/15
Дата11.10.2024
өлшемі192 Kb.
#504589
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәрістік кешен (5) 2


«Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі» пәнінің дәріс тезистері


апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат

1

Дәріс 1: Сәби және мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі негіздері
Дәрістің мақсаты: Сәби және мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі негіздері студенттерге үйрету.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2. Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың жасерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы.
3. Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің
амалдары.
4. Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі сабақтарының, жаттығуларының түрлері.
5. Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әдістемелік ерекшеліктері.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өміріне өте үлкен маңызы бар. Өйткені осы кезеңде адамның денсаулығы, әр түрлі қабілеттері, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Баланың денесін шынықтыру, өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, гигиеналық әдеттерді бойларына сіңдіру үшін осы бір балалық балғын шақ өте бір қолайлы кезең.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері үш үлкен топқа бөлінеді: білім беру , денсаулықтарын нығайту, тәрбиелеу. Ағзаның дамуы екі түрлі болады: дене дамуы және функциялық даму. Дене дамудың көрсеткіштері: адамның бойы, салмағы, кеуде клеткасының көлемі, дене мүшелерінің ұзындығы т.с.с.
Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттерін дұрыс орындау үшін үш топ дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады: 1) негізгі гимнастика; 2) қозғалмалы ойындар; 3) спорттық түрі жаттығуларының қарапайым түрлері;
Дене тәрбиесі сабақтарының, жаттығуларының негізгі түрлері: таңертеңгілік гимнастика, дене тәрбиесі сабақтары, қозғалмалы ойындар, сергектік сәттері, дене мәдениеті мерекелері, өзбетімен дене жаттығуларын орындау.
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

  1. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі дене тәрбиесінің маңызы.

  2. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі дене тәрбиесінің міндеттері.

  3. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы.

  4. Баланың тірек-қимыл жүйесі, қимылы, қозғалысы.

  5. Баланың дамуына қимыл, қозғалыстардың әсер етуі.

  6. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің амалдары.

  7. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі сабақтарының, жаттығуларының түрлері.

  8. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әдістемелік ерекшеліктері.

Әдебиет: негізгі [1-8], қосымша [1,2,4,6]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет