«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мм (Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, индекс 070400, телефон/факс: 8(72351)2-23-82, электрондық мекенжайы



Дата13.07.2016
өлшемі41.73 Kb.
#197715
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ (Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, индекс 070400, телефон/факс: 8(72351)2-23-82, электрондық мекенжайы: kadr@boroduliha.vko.gov.kz) Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің E-4 (№01-1-2) санатындағы бас маманы және Бородулиха ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөлімінің Е-4 (№ 01-5-1) бас маманы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 59 579 теңгеден 80 720 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: білімі – жоғары, мемлекеттік қызметте бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес келетін салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімге рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Бородулиха ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің E-4 (01-1-2) санатындағы бас маманының қызметтік міндеттері: Дербес бөлімдердің және ауылдық/кенттік округ әкімдіктерінің мемлекеттік қызметтерді ұсыну бағытындағы жұмыстарын ұйымдастыру, тұрақты мониторинг жүргізу. Көрсетілетін қызметтер сапасын жетілдіру бойынша ауданның меморгандарына әдістемелік көмектер көрсету.Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша ХҚКО-мен бірлесіп жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Ауылдық және кенттік округ әкімдіктері мамандарының электронды түрдегі шаруашылық кітабын толтыруына бақылау жасау. Барлық деңгейдегі сайлауларды дайындауды және өткізуді ұйымдастыру.Материалдарды жинау және аудандық әкімдік отырысына, салтанатты іс-шараларға, семинарларға, селекторлық кеңестерге қатысушыларды шақыру.

Бородулиха ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөлімінің Е-4 (№ 01-5-1) бас маманының қызметтік міндеттері: Іссапарлар бойынша, мемлекеттік қызметшілерге кезекті еңбек демалыстарын және әлеуметтік демалыстар беру бойынша құжаттар дайындау. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ШҚО бойынша басқармасына мемлекеттік қызметшілерге арналған сұраныстар дайындау және жіберу. Кадр есебі бойынша аудан әкімі аппаратының, ауылдық және кенттік округ әкімдері мен мемлекеттік қызметшілерінің, дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін қалыптастыру, есепке алу және сақтау, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес оларға өзгерістер, толықтырулар енгізу. Әскери міндеттілерді брондау бойынша жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының базасында, Облыс әкімі аппараты кадрларының біліктілігін көтерудің өңірлік орталығында ауданның мемлекеттік қызметшілерінің оқуын, қайта даярлануын және біліктілігін көтеруін ұйымдастыру. Қызметтік куәліктерді дайындауды және беруді ұйымдастыру. Аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарлама соңғы рет жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні.

Қажетті құжаттар тізбесі: уәкілетті орган белгілеген нысанда жазылған өтініш; 3х4 көлемдегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама; білімі туралы нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі; еңбек қызметін растайтын нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 6697 санымен тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жекебас куәлігі; құжаттарды өткізген кезде жарамды шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар тестілеуден өткендігі туралы сертификат (немесе нотариалды түрде куәландырылған сертификаттың көшірмесі).

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды өз қолымен немесе құжаттарды қабылдау мерзімі кезінде пошта арқылы, сондай-ақ электронды пошта арқылы тапсыра алады (құжаттардың түпнұсқас әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні қалғанға дейінгі мерзімнен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Бородулиха ауданы әкімі ресми сайтының ғаламтор-ресурсында және «Шығыс Қазаастан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналастырылады.

Әңгімелесу кандидаттарды хабардар еткен күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өткізіледі.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын үй-жай жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет