Жалдау шарты Алматы қ. «24. 09. 2017» Біз төменде қол қоюшылар азаматша Бауыржанова М. Б. (жеке тұлға куәлігі) №036882403 іім 22. 08. 2014 жылы берілген әрі қарай Жалға беруші бір тарап, азамат Смагулов Б



Дата24.10.2019
өлшемі72.51 Kb.
#447275
шарт

Жалдау шарты

Алматы қ. «24.09.2017»

Біз төменде қол қоюшылар азаматша Бауыржанова М.Б. (жеке тұлға куәлігі) №036882403 ІІМ 22.08.2014 жылы берілген әрі қарай Жалға беруші бір тарап, азамат Смагулов Б.Н. (жеке тұлға куәлігі) №025571401 ІІМ 01.04.2017 жылы берілген әрі қарай Жалға алушы екінші тарап ретінде шарт жасастық.

I.Шарттың мәні

1.1. Жалға беруші ақылы негізде пәтерді жалға алушыға уақытша пайдалануға береді. Жалға беру объектісі мекенжайы : Алматы қ., «Сарыарқа» ТК №1 шағынаудан, 68/4 үй, 109 пәтер. Жалпы ауданы 84,6 шаршы метр болатын, 2 бөлмелі пәтер.

1.2. Жалға беруші осы Шарттың 1.1. көрсетілген пәтерді уақытша пайдалануға толықтай жабдықталған жиһазбен береді.

Ал жалға алушы 1.3. көрсетілген мерзіммен пәтерді уақытша пайдаланады.

1.3. Жалдау мерзімі «25»09.2019 жылдан «25»09.2020 жылға дейін.

II.Жалға берушінің құқықтары мен міндеттері

2.1. Жалға беруші осы Шартпен жалға беру объектісінің жалға беруге деген заңды құқықтарын растайды.

2.2. Осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап, жалға алушыға жалға беру объектісін тәулік бойы шартта көрсетілген негіздерге сәйкес пайдалануға беруге міндеттеледі.

2.3. Жалға беруші жалға алушыға объектіні жиһазбен, тұрмыстық техника, аудио-видео аппаратура, төсек орын және ас-үй жабдықтарымен бірге пайдалануға береді.



III. Жалға алушының құқықтары мен міндеттері
      1) жалдау ақысын аванс арқылы төлеуге;
      2) баланс ұстаушының жазбаша келiсiмiмен объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалдауға беруге рұқсат үшiн жалға берушiге өтiнiш жасауға;
      3) жалға берушiге шарттың мерзiмiн ұзарту, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе бұзу туралы ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
      9. Жалға берушi:
      1) шарттың жасалған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен астам емес мерзiмде қабылдап алу-беру актiсi бойынша жалдаушыға баланс ұстаушының объектiнi беруiн қамтамасыз етуге және оны бекiтуге;
      2) шартпен белгiленген тәртiпте жалдаушының объектiнi иелену және пайдалануына кедергi келтiрмеуге;
      3) шарт талаптарын немесе жалдау ақысының мөлшерiн өзгерткен жағдайда, бұл туралы жалдау ақысын төлеудiң кезектi мерзiмiне дейiн бiр ай бұрын жалдаушыға хабарлауға;
      4) жалдаушыға жалдау ақысын төлеудiң кезектi мерзiмiне дейiн 10 күннен кешiктiрмей мерзiмi өткен жалдау төлемдерi үшiн өсiмақылар мен айыппұлдар есептегенi туралы хабарламаны жiберуге мiндеттi.
      10. Жалдаушы:
      1) 24-нен кешiктiрмей ай сайын
         (жалдау ақысын төлеу мерзiмдерi)
жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдердi (айыппұлдарды, өсiмақыларды) төлеуге;
      2) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсiмпұлдарды) төлегеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде төлем тапсырмаларының (түбiртектердiң) көшiрмесiн бере отырып, тоқсан сайын жалға берушiмен есеп айырысуға салыстыруды жүргiзуге;
      3) қабылданған объектiнi шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;
      4) объектiнi тиiсiнше тәртiпте ұстауға, объектiге немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияларға зақым келтiруi мүмкiн әрекеттердi жасамауға;
      5) мүлiктi дұрыс жағдайда ұстауға, өз есебiнен ағымды жөндеу жүргiзуге және мүлiктi ұстау бойынша шығыстарды көтеруге, сондай-ақ тараптармен келiсiлген мерзiмдерде күрделi жөндеу жүргiзуге;
      6) жалдаушының кiнәсiнен және табиғи тозуға байланысты объектiнiң жекелеген элементтерi қалыптан шыққан жағдайда, өз қаражаты есебiнен жөндеу жұмыстарын жүргiзуге;
      7) жалға берушiнiң алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта орналастыруды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;
      8) объектiге және объект орналасқан жер учаскесiне жалдаушының, санитарлық қадағалау қызметi және Қазақстан Республикасы заңнамасының және объектiнi пайдалану мен қолдану тәртiбiне қатысты өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн кедергiсiз жiберуге, олар белгiлеген мерзiмдерде тiркелген бұзушылықтарды жоюға;
      9) шарт бойынша өз құқықтарын бермеуге, оларды шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде салмауға;
      10) жалдау шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр ай бұрын объектiнi жалдауды ұзарту ниетi туралы жазбаша өтiнiш беруге. Мұндай өтiнiштiң болмауы жалға берушiнiң объектiнi басқа заңды немесе жеке тұлғаларға жалға (жалдауға) беруге негiз бередi;
      11) шартты бұзған немесе шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған жағдайда, жалдаушы мен баланс ұстаушы қолдарын қойған және жалға берушi бекiткен қабылдап алу-беру актi бойынша баланс ұстаушыға он күнтiзбелiк күн iшiнде объектiнi қайтаруды қамтамасыз етуге;
      12) жалдаушының кiнәсi бойынша объектi пайдалануға жарамсыз жағдайға келтiрiлген жағдайда, өз қаражатының есебiнен қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыруға;
      13) объектiнi жұмыс iстемейтiн немесе қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйде (нормативтiк көрсеткiштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда, шығынды өтеуге мiндеттi.

IV. Жалдау ақысы мен есеп айырысу тәртiбi

      11. Объектiнi мүлiктiк жалдау үшiн жалдау (жалға алу) ақысының мөлшерi айына _100 000_ теңгенi құрайды (жалдау ақысының есебi шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын шартқа қосымшада келтiрiлген).


      12. Мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысы коммуналдық қызметтер үшiн төлемдердi, ағымдағы және күрделi жөндеуге арналған аударымдарды, объектiге көрсетiлген қызметтер және қорғау үшiн төлемдердi қамтымайды. Бұл төлемдердi жалдаушы тiкелей бағынысты қорғау, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және қызметтер көрсететiн басқа да қызметтерге не баланс ұстаушымен Шарт бойынша төлейдi.
      13. Ай сайынғы жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдердi (айыппұлдарды, өсiмпұлдарды) жалдаушы "Республикалық меншiк иелiгiнде тұрған мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер" 201501 бюджеттiк сыныптама кодына не "Коммуналдық меншiк иелiгiнде тұрған мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер" 201504 бюджеттiк сыныптама кодына бенефициар ________ БСК, бенефициар 104101 ЖСК аударады.
      14. Жалдау ақысының базалық ставкасы мен қолданылатын коэффициенттерi өзгертiлген жағдайда жалға берушiнiң талабы бойынша жалдау ақысының мөлшерi қайта қаралуы мүмкiн, бұл туралы жалға берушi жалдаушыға жалдау ақысын төлеудiң кезектi мерзiмiне дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жалдау ақысының өзгергендiгi туралы жазбаша хабарлайды.
      15. Жалдаушы шарттың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген жалдау ақысын төлеудiң мерзiмiн бұзған жағдайда, жалдаушы әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн төленбеген сомадан 0,5% мөлшерiнде өсiмпұл төлейдi.
      16. Осы шартта көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсiмпұл) төлеу жалдаушыны орындалмаған мiндеттемелерiн тиiсiнше орындаудан босатпайды.
      17. Жалдаушының бастамасы бойынша шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, аванспен төленген жалдау ақысы қайтарылмайды.

V. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу шарттары

      18. Жалдаушы шартты бұзғанға дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей бұл туралы жалға берушiнi жазбаша ескерте отырып, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы.


      19. Жалға берушiнiң талабы бойынша мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты бұзылуы мүмкiн және объект жалға берушiге мынадай:
      1) егер жалға берушiнiң жасаған жазбаша ескертуiне қарамастан, жалдаушы объектiнi шарттың талаптарын немесе объектiнiң мақсатын елеулi бұза отырып пайдаланған;
      2) егер жалдаушы шарт бойынша берiлген объектiнi нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;
      3) егер жалдаушы қасақана немесе байқаусызда объектiнi елеулi нашарлатқан;
      4) егер жалдаушы шартта белгiленген мерзiм өткеннен кейiн екi реттен астам объектiнi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын енгiзбеген;
      5) егер жалдаушы шарттың мерзiмдерiнде белгiленген мерзiмде, ал олар шартта болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне немесе шартқа сәйкес күрделi жөндеу мiндеттемесi жалдаушыға жүктелген жағдайларда ақылға қонымды мерзiмдерде объектiге күрделi жөндеу жүргiзбеген. Жалға берушi жалдаушыға өз мiндеттемелерiн ақылға қонымды мерзiмде орындау мүмкiндiгiн бергеннен кейiн ғана шартты мерзiмнен бұрын жоюды талап етуге құқылы;
      6) жалдаушыға басқа объектiнi оның жазбаша келiсiмiнен кейiн берген;
      7) мемлекеттiк мүлiк бойынша уәкiлеттi орган объектiнi алып қою туралы шешiм қабылдаған;
      8) жалға берушiнiң атына баланс ұстаушы жазбаша өтiнiш жазған жағдайларда қайтарылады.
      Шарт жалдаушының талабы бойынша мерзiмiнен бұрын мынадай:
      1) баланс ұстаушы шарттың талаптарына немесе объектiнiң мәнiне сәйкес жалдаушының пайдалануына объектiнi бермеген не объектiнi пайдалануға кедергi жасаған;
      2) объектiнiң баланс ұстаушысы шартпен белгiленген мерзiмде, ал олар шартта болмаған жағдайда - ақылға қонымды мерзiмдерде оған салынған объектiнi күрделi жөндеу мiндеттемелерiн орындамаған;
      3) жалдаушыға берiлген объектiлердiң оны пайдалануға кедергi жасайтын, олар шарт жасасқан кезде жалға берушiмен келiсiлмеген ақаулары болған және шартты жасасқан кезде объектiнi қараған және оның жұмыс iстейтiнiн тексеру уақытында анықталуы мүмкiн болмаған;
      4) егер объектi жалдаушының жауап беруi мүмкiн емес жағдаяттар салдарынан пайдалануға жарамай қалған жағдайларда бұзылды.
      20. Шартты мерзiмiнен бұрын бiр тарапты бұзу сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн. Сот шешiмi күшiне енгенге дейiн объектi жалдаушыда сақталады, ол шартқа сәйкес жалдау ақысын төлеудi жалғастырады.

VI. Ерекше жағдайлар

      21. Шарт әрбiр тарап үшiн бiреуден бiрдей заңдық күшi бар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде үш данада жасалады.


      22. Шартқа өзгерiстер мен толықтырулар тараптардың қосымша келiсiмге қол қою жолымен енгiзiледi. Егер оларды осыған уәкiлеттi тұлғалар жасаған болса шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың күшi болады.
      Барлық қосымшалар мен қосымша келiсiмдер осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      23. Егер жалдаушы өз қаражаты есебiнен және баланс ұстаушының келiсiмiмен және мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқару органдардың) жазбаша рұқсатымен объектi үшiн зиянсыз ажырамас жақсартулар жүргiзген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жалдаушы шарт тоқтатылғаннан кейiн осы жақсартулардың құнын баланс ұстаушы арқылы өтеуге құқығы бар.
      Жалдаушы жүргiзген объектiнiң ажырайтын жақсартулары оның меншiгi болып табылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жалға берушi мен баланс ұстаушының келiсiмiнсiз жалдаушы жасаған ажырамас жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.
      24. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) тапсырғаны үшiн жалдау ақысын есептеу объектiнi қабылдау-беру актiсi бойынша объектiнi баланс ұстаушыға қайтару сәтiне дейiн жүргiзiледi. Жалдаушы, баланс ұстаушы қол қойған және жалға берушi бекiткен объектiнi қабылдау-беру актiсi мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартының бұзылу және аяқталу фактiсiн растайтын құжат болып табылады.

VII. Дауларды қарау тәртiбi

      25. Осы шарттан немесе оған байланысты тараптар арасында туындауы мүмкiн даулар келiссөздер жолымен, ал келiсiмге қол жеткiзбеген жағдайда - сот тәртiбiмен шешiледi.

VIII. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктiк деректемелерi

       ЖАЛҒА БЕРУШI:                            ЖАЛДАУШЫ:


Басшы Бауыржанова М.                Смагулов М.Б
      (жалға берушi атауы)
Алматы қ., «Сарыарқа»

ТК №1 шағынаудан,



68/4 үй, 109 пәтер.  
      (орналасқан жерi)            
                                                   
_______________________________      ________________________________
      (ТАЖ)                                        (ТАЖ)
_______________________________       _______________________________
      (қолы)                                      (қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет