Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №264 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3071 нөмірімен тіркелді



Дата13.06.2016
өлшемі13 Kb.
#133301
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 264 қаулысы
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3071 нөмірімен тіркелді
«Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 98 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. «Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2574, 2012 жылғы 1 маусымдағы № 63 (16692) «Дидар», 2012 жылғы 2 маусымдағы № 63 (19203) «Рудный Алтай» газеттерiнде жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасында:

4 тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) ауылшаруашылық өндірісіне рационализаторлық әзірлемелерді енгізу бойынша қызметтер;».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет