Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 204 қаулысы
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 қазанда 2556 нөмірімен тіркелді
Шығыс Қазақстан облысы
аумақтарын аймақтарға бөлу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, 26-2-бабына, «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 6027 бұйрығына сәйкес, «Теректі ауылдық округінің Қарашілік ауылында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 тамыздағы № 2190, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-14-135 қаулысының, Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 22 тамыздағы № 05-00/4-601 хатының негізінде, аусылдың енуінің және таралуының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын мынадай аймақтарға бөлу жүзеге асырылсын:
1) Күршім ауданы Теректі ауылдық округінің Қарашілік ауылы аумағын қамтитын 3 шақырымдық радиустағы аусыл эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймақ;
2) Күршім ауданының Күршім, Сарыөлең, Қалғұты, Маралды, Абай, Құйған, Балықшы, Боран, Қалжыр, Ақбұлақ, Төсқайың және Теректі ауылдық округтерінің аумақтарын қамтитын 300 шақырым радиустағы буферлік аймақ;
3) Көкпекті ауданының Үлгілімалшы, Самар, Казнаковка, Ново-Тимофеевка, Теректі, Миролюбовка ауылдық округтерінің, Катонқарағай ауданының Большенарым ауылдық округінің, Зайсан ауданының Біржан, Қаратал ауылдық округтерінің аумақтарын қамтитын 350 шақырым радиустағы бақылау аймағы;
4) Шығыс Қазақстан облысының белгіленген аймақтан тыс жатқан аумақтары қолайлы аймаққа жатқызылсын.
2. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» (Д. М. Селиханов), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелері (К. А. Тоқтасынов, келісім бойынша), осы қаулының 1 тармағында көрсетілген аудандардың және ауылдық округтердің әкімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г. В. Пинчукке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Шығыс Қазақстан облыстық
аумақтық инспекциясының бастығы К. Тоқтасынов
Достарыңызбен бөлісу: |