Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №265 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3070



Дата01.07.2016
өлшемі13.69 Kb.
#170448
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 265 қаулысы
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3070 нөмірімен тіркелді


Профилактикасы мен диагностикасы

бюджет қаражаты есебінен жүзеге

асырылатын жануарлардың

энзоотикалық ауруларының тізбесін

бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Шығыс Қазакстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «2» қазандағы

№ 265 қаулысымен

бекітілді

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының

тізбесі

Әр түрлі жануарларға ортақ аурулар: трихофития, сальмонеллез.

Жылқы ауруы: маңқа.

Ірі қара мал ауруы: гиподерматоз.



Қой және ешкі аурулары: псороптоз.

Шошқа аурулары: Ауески ауруы, шошқа тілмесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет