Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2011 жылдың 1 жартжылдығында атқарған жұмыстары туралы



Дата03.07.2016
өлшемі97.28 Kb.
#174945



Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының

2011 жылдың 1 жартжылдығында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының

2011 жылға арналған іс-шаралар жоспары Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/315-ІV сессиясының шешімімен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына», Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 693 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына» және Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының 2011 жылғы 6 қаңтардағы

№ 4 бұйрығымен бекітілген 2011 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес жасалған. Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жұмыстары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен мемлекеттік бағдарламаның негізгі басымдықтарын сақтай отырып жүргізілуде.
Іс-шаралар жоспарының орындалуын құқықтық қамтамасыз ету
Мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 67 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды.

2010 жылдың 17 мамырында облыс әкімдігінің отырысында «Өскемен қаласы әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Тілдерді қолдану мен дамытудың

2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының орындаудағы жұмысы туралы» мәселе қаралып, № 473 қаулы қабылданды.

2011 жылдың 28 ақпанында «Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді одан әрі дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің» кезекті отырысы өткізілді. Үйлестіру кеңесінде «Риддер қаласы әкімдігінің тіл заңнамаларын орындаудағы қызметі туралы», 2011 жылдың 16 маусымында «Облыстың жалпы білім беретін мектептері мен кәсіптік-техникалық мектептерінде мемлекеттік және орыс тілдерін оқытудың сапасы туралы» және «Облыстың жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде мамандар даярлаудың қазіргі жағдайы және олардың үлесін арттыру шаралары туралы» мәселелер қаралды, үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелерге жіберілді.


Мемлекеттік басқару органдарындағы тілдік даму
2011 жылдың 1 жартыжылдығында жоспарға сәйкес біршама жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік тілдің үлес салмағын арттыру бойынша ай сайын мемлекеттік органдардың құжат айналымына мониторинг жүргізіліп отырылды.

1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыстың аудандары мен қалалардағы мемлекеттік органдардың құжат айналымында кіріс және шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 88,9 пайыз болды. Бұл көрсеткіш облыстық басқармаларда 86,8 пайызды құраса, облыс әкімі аппартатында 83,9 пайызды құралды. Жалпы облыс көлеміндегі мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы 86,7 пайызды құрады. Ал республикалық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық департаменттерде 73,3 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында «Тілдерді қолдану мен дамытудың

2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірдегі орындалуы және алдағы міндеттер туралы» тақырыбымен тіл активі өткізіліп, облыста мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың жағдайы талданды, алдағы кезеңге міндеттер белгіленді.

Мемлекеттік органдарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тіл заңнамаларын орындауға қатысты қаулыларының орындалуын тексерудің кестесіне сәйкес үстіміздегі жылдың қаңтар айында Риддер қаласы әкімдігі мен құрылымдық бөлімшелері (15 мемлекеттік орган) және мамыр айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде тексерулер жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша кеңестер өткізіліп, кемшіліктерді жою шаралары белгіленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» № 931 қаулысының 5.1-тармағындағы «Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электронды құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі» деген талабының орындалуына қадағалау жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарға рейдтер ұйымдастырылды.

Сонымен бірге халыққа қызмет көрсету салаларының мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу бойынша осы сала мекемелеріне (ХҚКО, қазпошта, телеком, банк, коммуналдық төлем мекемелері, ауруханалардың тіркеу бөлімдері т.с.с.) рейдтер жүргізіліп, тіл заңнамалары талаптарын орындау бойынша ұсыныстар жасалды.

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі және тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығымен бірлесе отырып жыл басынан бері 1068 мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді білуден тестілеуден өтті. Тестілеуден аудан және қала әкімдері, олардың орынбасарлары, аппарат басшысы, әкімдіктің бөлім бастықтары мен ауылдық округ әкімдері өтті.

Үстіміздегі жылдың 7 маусымында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2010 жылғы 17 мамырдағы «Өскемен қаласы әкімдігінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау бойынша жұмысы туралы» № 473 қаулысының орындалуы бойынша «Бақылау күні» өткізілді. «Бақылау күнін» дайындау барысында облыс әкімдігінің қаулысын орындау бойынша қала әкімдігінің әлі де болса жеткіліксіз жұмыс атқарып отырғандығы атап өтіліп, қаулыны толыққанды орындаудың хаттамалық тапсырмасы берілді. Қаулының бақылау мерзімі 2011 жылдың 15 қарашасына дейін ұзартылды.

Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында мемлекеттік органдар мен мекемелердің және ұйымдардағы аудармашылар мен мемлекеттік тілде іс жүргізетін мамандардың 3 рет біліктілікті арттыру курстары облыстың жоғары оқу орындарының негізінде ұйымдастырылып, 55 маман курстан өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес облыстың сәуір және мамыр айларында облыстың 9 ауданы және қалаларында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша акив жиналыстары өткізіліп, талдау жасалды және жаңа кезеңге жұмыс бағыттары анықталды. Олқылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Аудан және қала әкімдіктерінің мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға баса назар аударуына қол жеткізілді.
Білім беру мен тіл оқыту салаларындағы тілдік даму
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарына мемлекеттік тілді оқыту үшін 2010-2011 оқу жылында 8, оның ішінде 1 облыстық және 7 аудандық мемлекеттік тілді тілді оқыту орталықтары жұмыс істеді. Аталған орталықтарда 185 мемлекеттік органның 2484 тыңдаушысы және 31 мемлекеттік емес мекемелердің 1228 тыңдаушысы, барлығы 216 мекеменің 3712 қызметкері мемлекеттік тілді оқыды.

ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығында 1047, Курчатовта 165, Риддерде 403, Бородулихада 252, Глубокоеде 185, Зырянда 137, Шемонаихада 175, Бесқарағайда 130 тыңдаушы жалпы жиыны 2484 тыңдаушы оқып шықты. Соның ішінде облыс бойынша 1228 мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді оқыды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы XV сессиясының шешіміне сәйкес облыстың елді мекендеріндегі 329 мектептің негізінде 651 үйірме ашылып, 7980 тыңдаушы дәріс алды. Бүгінгі күні облыс бойынша 30 мыңнан астам ересек адам мемлекеттік тілді оқыту үйірмелерінің тыңдаушылары болып табылады.

Жалпы облыстағы оқу орындары мен мектептердегі тіл үйрету үйірмелерін қоса есептегенде облыста 240 мыңнан астам тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.

Сонымен қатар қазір облыстағы 81 этномәдени бірлестіктердің жанынан өзге ұлт өкілдерінің ана тілін үйренуіне арналған жексенбілік мектептер мен үйірмелер құрылған. Сол үйірмелердегі 103 топта 15 ұлт өкілдерінің 1408 тыңдаушысына ана тілдері және басқа да тілдер оқытылды. Өскемен қаласындағы «Возрождение» жексенбілік мектебіндегі 46 топта 15 ұлттың 773 өкілі ана тілдерін, соның ішінде 7 топта 140 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқыды.

Мамыр айында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Семей педагогикалық институтында «Мемлекеттік тілді оқытудағы ақпараттық технологиялардың маңызы» атты көшпелі ғылыми-практикалық конфереренция өткізілді. Конференцияда ғалымдар мен мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлері мемлекеттік тілді оқытудың тиімді, озық әдістерін пайдалану бойынша пікір алмасып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

ШҚО мемлекеттік тілдің оқыту орталығының әдіскерлері әзірлеп, республикалық конкурста 1 орын алған мемлекеттік тілді қашықтықтан оқытудың бағдарламасы қазір қолданысқа енгізілуде.

Мамыр айының 22-де облыстық барлық жексенбілік мектептерінде оқу жылының қорытындысы шығарылып, ана тілін үйренуде үздік жетістіктерге жеткен 15 оқушыға «Алтайская бухта» демалыс орнындағы «Тіл лагерінде» дем алу үшін басқарманың тегін жолдамасы табыс етілді. Оқушылар «Тіл лагерінде» маусым айының 27-нен 7 шілдегі дейін өз демалыстарын мемлекеттік тілді және қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйренумен ұштастырды.

Жексенбілік мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында маркерлік тақталар мен проекторға арналған экрандар табыс етілді.

2011 жылдың мамыр айында барлық мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының негізінде 2009-2010 оқу жылының қорытынды сынақтары жүргізілді. Барлық оқыту орталықтарының мәліметтері бойынша қазақ тілін меңгерудің деңгейі 62 пайызды құрады.

Сонымен бірге маусым айының 20-нан 1 шілдеге дейін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының негізінде мекемелер мен ұйымдарда тілек білдірген азаматтарға қазақ тілін жедел бағдарламамен үйрету курсын ұйымдастырып, «Кәнеки, қазақша сөйлесейік» акциясы өткізілді, соның нәтижесінде 359 тыңдаушы оқумен қамтылды.

Облыстың әртүрлі мекемелері мен оқу орындарында мемлекеттік және басқа да тілдердің дамуына бағытталған іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылдың 24 ақпанында қазақ-түрік лицейімен бірге мемлекеттікң тілді білуден «Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасы, 16 наурызда қазақ жастарының арсында орыс тілін білуден «Өзге тілдің бәрін біл...» облыстық конкурсы өткізілді. 6 сәуірде Өскемен қаласындағы «Арай» балабақшасында облыстың мектепке дейінгі мекемелеріндегі өзге ұлт тәрбиеленушілері арасында «Бала шақтан-болашаққа» облыстық конкурсы, 27 сәуірде облыстың жоғары оқу орындары студенттерінің арасында мемлекеттік тілді білуден облыс әкімінің жүлдесі үшін «Тіл-Тәуелсіздік» кепілі» атты облыстық конкурс өткізіліп, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Түс түлек командасы» Бас жүлдені 3 рет иеленді. Маусым айының 9-да өзге ұлт жастарының арасында «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары өткізілсе, маусымның 29-да мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға ынталандыру мақсатында журналистер мен баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының арасында «Мемлекетік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты облыстық конкурс өткізілді. Бұл өткізілген конкурстар мен байқаулардың басты мақсаты мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, қолдану аясын кеңейту, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

1 жартыжылдықта ономастика саласында да біршама жұмыстар атқырылды.

29 наурызда Өскемен қаласында Риддер қаласының, Глубокое, Зырян, Ұлан, Шемонаиха аудандарының, 26 сәуірде Семей қаласында Курчатов қаласы, Абай, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай, Үржар аудандарының, 13 мамырда Көкпекті ауданында Катонқарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Жарма аудандарының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары, ғалымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Өзгерген атаулар, жаңарған ұғымдар» атты көшпелі өңірлік семинарлар өткізілді.

Мамыр және маусым айларында «Мекенжай тіркелімі» бойынша облыстағы елді мекендердің атауларын түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қала және аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту, сәулет бөлімдерімен семинарлар өткізілді.



Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарындағы, денсаулық сақтау мен тұрғындарға қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму
Шығыс Қазақстан облысының 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпанның 21-нен 21 наурызға дейін «Тілім менің-тірегім, елім деп соғар жүрегім» атты ұлты қазақ азаматтарының тегін, әкесінің атын және жалқы есімдерін реттеу бойынша айлық өтікзілді. Айлық барысында 2287 адам аты-жөнін өзгертуге тілек білдіріп, 663-і өзгерген аты-жөнімен жаңа тууы туралы куәліктер алды.

Наурыз айының 22-нен 22 сәуірге дейін «Тілге құрмет-Тәуелсіздікке құрмет» айлығы өткізілді. Айлықтың мақсаты мемлекеттік тіл саясатын насихаттай отырып, көрнекі ақпарат пен жарнамаларды «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 21-бабының талаптарына сәйкес ресімдеуге қол жеткізу болды.

Айлық барысында 37 дөңгелек үстел, 112 рейд ұйымдастырылды. Бұл рейдтерге мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, прокуратура органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Рейдпен 2853 нысан қамтылып, көрнекі ақпарат пен жарнамаларды ресімдеуде 438 бұзушылық анықталды. Айлық барысында 271 нысанда көрнекіліктер заң талабына сәйкестендірілді.

Рейд барысында халыққа қызмет көрсету салаларындағы мемлекеттік тілді қолданудың жағдайына рейдтер ұйымдастырылып, жақсарту бойынша ұсынымдар жасалды.

Сонымен қатар ақпан айының 25-де «Мемлекеттік тіл-отбасы құндылығы» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізіліп, отбасында мемлекеттік тілді үйренудің уәждері мен проблемалары талқылауға түсті. Отбасында мемлекеттік тілді үйренудің озық тәжірибелері, әдістемелік негіздері айқындалды.

Сәуір айының 20-да «Көрікті жарнама-көркем тіл» атты конкурс, қорытындысы бойынша «дөңгелек үстел» өткізіліп, көрнекі ақпарат пен жарнамаларды мемлекеттік тілде ресімдеудегі проблемалар және оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасу болды. Конкурс бойынша көрнекі ақпарат пен жарнаманы ресімдеуде Заң талаптарын қатаң сақтаған жарнама агенттіктері мен көркемдеуші орталықтар, жекелеген мекемелер грамоталармен марапатталды.



Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында 1 жартыжылдықта 10 тақырыптық хабарлар, 42 бейне сюжет, баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 387 материал жарияланды. 1-жартыжылдықта облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының екі тапсырысты беттері шығарылды.
ШҚО өңірлік іс-шаралар жоспарын қаржыландыру
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2011 жылға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша

1-жартыжылдықта қарастырылған қаражатты игеру 99,4 пайызды құрады.


Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет