Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының



Дата17.06.2016
өлшемі83.87 Kb.
#142848



Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының

2012 жылдың 2 жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының

2011 жылға арналған іс-шаралар жоспары Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/315-ІV сессиясының шешімімен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына», Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 693 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына» және Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының 2011 жылғы 6 қаңтардағы

№ 4 бұйрығымен бекітілген 2011 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес жасалған. Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жұмыстары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен мемлекеттік бағдарламаның негізгі басымдықтарын сақтай отырып жүргізілді.
Іс-шаралар жоспарының орындалуын құқықтық қамтамасыз ету
Мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 67 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды.

2010 жылдың 17 мамырында облыс әкімдігінің отырысында «Өскемен қаласы әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімдерінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен «Тілдерді қолдану мен дамытудың

2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының орындаудағы жұмысы туралы» мәселе қаралып, № 473 қаулы қабылданды. 2011 жылдың 15 қарашасында қаулы бақылаудан алынды.

2011 жылдың 16 маусымында «Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді одан әрі дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің» кезекті отырысы өткізілді. Үйлестіру кеңесінде «Облыстың жалпы білім беретін мектептері мен кәсіптік-техникалық мектептерінде мемлекеттік және орыс тілдерін оқытудың сапасы туралы» және «Облыстың жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде мамандар даярлаудың қазіргі жағдайы және олардың үлесін арттыру шаралары туралы» мәселелер қаралды,

2011 жылғы 26 желтоқсанда осы үйлестіру кеңесінде «Облыс тұрғындарының лингвистикалық капиталын дамытуда және толерантты тілдік орта құруда Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы», «Мемлекеттік тілді қолдануда ұнамсыз таптаурын пікірлерді бейтараптандыру және тілдік орта қалыптастырудағы электронды бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуеті туралы» және «Қоғамдық көліктерде мемлекеттік тілді қолданудың қазіргі жағдайы және оны кеңейту шаралары» туралы мәселе қаралды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданып, орындауға жауапты тұлғаларға жіберілді.

Мемлекеттік басқару органдарындағы тілдік даму
2011 жылдың 2 жартыжылдығында жоспарға сәйкес біршама жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік тілдің үлес салмағын арттыру бойынша ай сайын мемлекеттік органдардың құжат айналымына мониторинг жүргізіліп отырылды.

1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыстың мемлекеттік органдарының жалпы құжат айналымындағы кіріс және шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 85,8 пайыз болса, 2 жартыжылдықта 91,7 пайызды құрады.

Мемлекеттік органдарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тіл заңнамаларын орындауға қатысты қаулыларының орындалуын тексерудің кестесіне сәйкес үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында Шемонаиха ауданы әкімдігі мен құрылымдық бөлімдері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті, ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаментінде тексерулер жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша кеңестер өткізіліп, кемшіліктерді жою шаралары белгіленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» № 931 қаулысының 5.1-тармағындағы «Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электронды құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі» деген талабының орындалуына қадағалау жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарға рейдтер ұйымдастырылды.

Сонымен бірге халыққа қызмет көрсету салаларының мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу бойынша осы сала мекемелеріне (ХҚКО, қазпошта, телеком, банк, коммуналдық төлем мекемелері, ауруханалардың тіркеу бөлімдері т.с.с.) рейдтер жүргізіліп, тіл заңнамалары талаптарын орындау бойынша ұсыныстар жасалды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бірыңғай ұлттық тестілеу орталығымен бірге мемлекеттік стандарт бойынша 1 жартыжылдықта 340 мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өткізілсе, 2 жартыжылдықта 2305 мемлекеттік қызметші тестілеуден өткізілді.

2011 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің №110 Жарлығымен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Облыстың барлық мемлекеттік органдарында, мекемелерде, ұйымдарда Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын таныстыру және түсіндіру мақсатында жұмыстар жүргізілді.



Білім беру мен тіл оқыту салаларындағы тілдік даму
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарына мемлекеттік тілді оқыту үшін 2010-2011 оқу жылында 8, оның ішінде 1 облыстық және 7 аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыс істеді. Аталған орталықтарда 185 мемлекеттік органның 2484 тыңдаушысы және 31 мемлекеттік емес мекемелердің 1228 тыңдаушысы, барлығы 216 мекеменің 3712 қызметкері мемлекеттік тілді оқыды.

ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығында 1047, Курчатовта 165, Риддерде 403, Бородулихада 252, Глубокоеде 185, Зырянда 137, Шемонаихада 175, Бесқарағайда 130 тыңдаушы жалпы жиыны 2484 тыңдаушы оқып шықты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының шешіміне сәйкес облыстың елді мекендеріндегі 329 мектептің негізінде 651 үйірме ашылып, 7980 тыңдаушы дәріс алды. Бүгінгі күні облыс бойынша 30 мыңнан астам ересек адам мемлекеттік тілді оқыту үйірмелерінің тыңдаушылары болып табылады.

Жалпы облыстағы оқу орындары мен мектептердегі тіл үйрету үйірмелерін қоса есептегенде облыста 240 мыңнан астам тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.

Сонымен қатар қазір облыстағы 80 этномәдени бірлестіктердің жанынан өзге ұлт өкілдерінің ана тілін үйренуіне арналған жексенбілік мектептер мен үйірмелер құрылған. Сол үйірмелердегі 103 топта 15 ұлт өкілдерінің 1408 тыңдаушысына ана тілдері және басқа да тілдер оқытылды. Өскемен қаласындағы «Возрождение» жексенбілік мектебіндегі 46 топта 15 ұлттың 773 өкілі ана тілдерін, соның ішінде 7 топта 140 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқыды.

Қазан айында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы «Мемлекеттік тілді оқыту: оқу жылының қорытындысы және алдағы міндеттер» тақырыбында семинар-кеңе өткізді. Семинар-кеңестің жұмысына ғалымдар, оқыту оталықтарының директорлары мен әдіскерлері қатысып оқытудың жаңа технологиялары бойынша тәжірибе алмасты.

Қазіргі кезде облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының әдіскерлері дайындаған мемлекеттік тілді қашықтықтан оқытудың бағдарламасы қолданысқа енгізілуде.

Екінші жартыжылдық кезінде мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту мақсатында әртүрлі іс-шаралар өткізілді. 14 шілдеде көркемсөз оқу шеберлерінің

О. Бөкей атындағы облыстық байқауы жазушының туған жері Катонқарағай ауданында өткізілді.

18 шілдеден 18 тамызға дейін облыс көлемінде «Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, ең алдымен өз тіліңді дұрыста» атты айлық өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты мемлекеттік тілді насихаттау және көрнекі ақпарат пен жарнамаларды ресімдеуде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабының талаптарын сақтауға қол жеткізу болды. Айлық барысында 23 дөңгелек үстел өткізіліп, қала және аудандардың тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің мамандары, прокуратура органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан 114 рейд ұйымдастырылды. Рейдпен 2143 нысан қамтылып, 376 бұзушылықтар анықталды, оның 294-і заң талаптарына сәйкестендірілді.

12 тамыз күні өзге ұлт жастарының арасында мемлекеттік тілді білуден «Мемлекеттік тілді білу-ҚР азаматының парызы» атты облыстық конкурс өткізілді. 24 тамызда мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты командалық түрдегі облыстық конкурс өткізілді. Сонымен бірге екінші жартыжылдықта «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» және мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2011» облыстық олимпиадасы өткізілді.

Өткізілген барлық конкурстардың мақсаты мемлекеттік тілді және Шығыс Қазақстан халқының басқа тілдерін дамыту және мемлекеттік тіл мен басқа тілдерді үйреуге деген қызығушылықты арттыру болды.



Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарындағы, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Ел бірлігі-тәуелсіздік тұғыры» атты Шығыс Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі өткізілді. Барлық аудандар мен қалаларда, облыстық басқармалар мен департаменттерде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған әртүрлі іс-шаралар өткізілді. 23 қыркүйекте «Ғасырлар ескен есілім-жырлармен жеткен есімің» тақырыбында жыршылардың облыстық мүшайрасы өткізілді. Қазан айында Семей қаласында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының «Бір Отан, бір тіл-Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық форумы өткізілді. Форумға облыстың аудандары мен қалаларынан 500-ден астам жастар қатысты. Форумның екінші күні жастар Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйінде болып, Шәкәрім және Абай рухына тағзым етіп қайтты.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар мен студенттердің арасында «Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз» акциясы өткізілді.

18 қараша күні Семей қаласында Алаштану ғылыми-зерттеу орталығымен бірге «Алаш мұраты және мемлекеттік тіл» тақырыбында халыққаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Оған ғалымдар мен журналистер, жазушылар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты өте көп шаралар белгіленіп, өткізілді. Барлық аудандар мен қалаларда салтанатты жиындар, акциялар, жастардың аға буын өкілдерімен кездесулері өткізіліп, арнайы телехабарлар берілді, аудандық және қалалық, облыстық газеттерде арнайы айдармен беттер шығарылды, мемлекеттік тілді білуден конкурстар пен викториналар ұйымдастырылды. 14 желтоқсан күні барлық мемлекеттік органдарда, мекемелерде ,ұйымдарда Мемлекеттік тіл күні өткізіліп, мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға белсене қатысқан тіл жанашырлары қала және аудан әкімдерінің, облыстық басқармалар мен департамент, мекеме, ұйым басшыларының грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында 2011 жылдың 2 жартыжылдығында электронды бұқаралық ақпарат құралдарында 12 тақырыптық хабарлар, және 52 бейнесюжеттер көрсетілді. Облыстық, қалалық және аудандық газет беттерінде мемлекеттік тіл саясаты мәселеріне байланысты 273 мақала жарияланды.
Іс-шаралар жоспарын қаржыландыру

Шығыс Қазақстан облысының 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындауға 2 жартыжылдықта бөлінген қаражат 100 пайызға игерілді.

Басқарманың 2 жартыжылдықта атқарған жұмыстары төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:


  • мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі жоспардағы 70,5%-дың орнына 70,6%-ды құрады;

  • орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі жоспардағы 87%-дың орнына 88%-ды құрады;

  • ағылшын тілін меңгерген ересектердің үлесі 2%-дың орнына 2,1%-ды құрады;

  • мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген ересектердің үлесі 2%-дың орнына 2,1%-ды құрады;

  • қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейі жоспардағы 55,0%-дың орнына 55,8%-ды құрады;

  • ұлттық мәдени бірлестіктер жанында ана тілдерін үйренуге тартылған этнос өкілдерінің үлесі жоспардағы 20,0%-ды құрады;

  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының талаптарына сәйкес көрнекі ақпаратты ресімдеудің дәрежесі жоспардағы 55,0%-дың орнына 56,2%-ды құрады;

  • іс жүргізуде жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлесі жоспардағы 80,0%-дың орнына 90,9%-ды құрады.

Жыл бойында мемлекеттік тіл саясатын өңірде жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері болған жоқ.

Тұтастай алғанда 2011 жылы мемлекеттік тіл саясаты бойынша жүргізілген жұмыстар, соның ішінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар конституциялық қағида негіздері - қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен нығайтуға, ұлттар арасындағы достық пен өзара түсінушілікті арттыруға қызмет етті.


Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет