Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтік жұмысы бойынша аналитикалық есебі
Өскемен қаласы
маусым, 2013 жыл
2013 жылдың бірінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі алқасының қаулыларымен, ҚР ТЖМ Операциялық жоспарымен, ҚР ТЖМ ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 2013 жылға арналған жұмыс жоспарымен, ШҚО ТЖД бастығының жанындағы Кеңес шешімдерімен алға қойылған міндеттерді орындауға негізделді. Сонымен қатар, өткізілетін шаралардың басымдылығы қалыптасқан жедел жағдайға байланысты анықталды.
Төтенше жағдайлардың қысқаша салыстырмалы талдауы
Ағымдағы жылдың талдау мерзіміндегі статистикалық деректер бойынша 579 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2012 жылғы осы мерзімге қарағанда 35 пайызға аз), соның ішінде ТЖ 63, бұл өткен жылдың есеп беру мерзіміндегіден 23,2 пайызға төмен (2012 жылы 82 ТЖ). Бұл ретте 56 адам мерт болды (2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстарғанда 18,8 пайыз аз).
ТЖ басым бөлігі өндірістік және тұрмыстық өрттерге келеді, ондағы жағдай мына негізгі көрсеткіштермен сипатталды:
- 544 өрт тіркелді, бұл 2012 жылғы мерзіммен салыстырғанда 43 пайызға аз;
- өртте 40 адам мерт болды, 2012 жылғы мерзіммен салыстырғанда 27 пайызға аз (2012 жылы – 56 мерт адам болған);
2012-2013 жылдағы қыс-көктем маусымы ерекше күрделі ауа-райы жағдайымен сипатталды. Желтоқсанның үшінші онкүндігінен бастап өңірде үнемі күрделі гидрометеорологиялық құбылыстар қар борасындары, борандар, дауылдар, ұзақ уақыт бойы 15 тәуліктен астам уақыт облыста -50 градусқа дейінгі төмен температура байқалды.
Қалыптасқан жағдай ең алдымен елді мекендермен көлікпен қатынауында өте ауыр болды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол қызметтері мен ТЖ департаменті бөлімшелерінің ауа-райына жүйелі түрдегі мониторингінің негізінде автокөліктің қозғалысы үшін облыс жолдарын жабу туралы уақтылы шешімдер қабылданып отырды. Қыс-көктем мерзімінде облыс жолдары барлығы 175 рет жабылды.
Таулы аймақтағы қар қорының көп болуы және қаңтар-наурыз айларындағы құбылмалы ауа-райы жалпы массасы 309935 текше метр 138 қар көшкінінің өздігінен жүруіне себепкер болды.
ШҚО ТЖД құтқару бөлімшелері әкімдіктер және жол қызметтерімен бірлесе отырып қар борасындарынан адамдар мен техниканы шығарды, шалғайдағы ауылдарға дәрігерлер жеткізілді, ауыр науқастар көшірілді. Барлығы ТЖ орындарынан 771 бірлік техника және 1931 адам шығарылды.
Қыс маусымындағы қауырт жедел жұмыстың нәтижесі ең алдымен адам өлімінің болмауына, шаруашылық жүргізу объектілерінің зақымдануына жол бермеу болды. Сонымен қатар, қатаң ауа-райы жағдайына қарамастан облыстағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде ауыр аварияларға жол берілген жоқ (жылу, су және электрмен қамту).
Қар қорының мол болуына қарамастан облыста су тасқыны күрделі салдарсыз өтті. Елді мекендерді масштабты су балу жағдайлары тіркелген жоқ.
Облыста өрт қауіпті кезеңнің басталуынан жалпы ауданы 4,5 га болатын 26 орман өрті тіркелді. 2012 жылдың осы мерзімінде 94 га ауданда 130 өрт тіркелген болатын. Дала өрттері 2 жағдай, 2012 жылғы бұл мерзімде 10 өрт тіркелген.
Суқоймалардағы жағдай тұрақты болып қалыптасты. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы суқоймаларында 4 адам қаза болды (соның ішінде 1 бала қаза болған) 2012 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 43 %-ға аз, онда 7 адам қаза болған. 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 9 адам құтқарылды.
2013 жылғы маусым айының жазғы мезгілде 1 адам суға батып, 3 адам құтқарылды соның ішінде 2 оқушы 16 жас.
Суқоймаларда адамдардың қаза болу себептері: ұйымдастырылмаған орындарда суға үсу, суда және мүзда қарапайым ережелерді бұзу, маскунемдік кезінде жүзу құралдарын жүргізу, жүзу білеу, балаларды қараусыз қалдыру.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін арттыру
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қызмет тиімділігін жоғарлату мәселесінде Департаментпен қызметтің барлық бағыттары бойынша іс-шаралардың үлкен кешені жүзеге асырылды.
Мониторинг және болжау жүйесі мемлекеттік мекемелермен және жергілікті атқару органдарымен өзара әрекеттесуде жүзеге асады. Облыстың болжау қызметтерімен жедел ақпараттық әрекеттесу ұйымдастырылған. БКДҚБ қызметкерлерімен 15 дауылды алдын ала ескерту қабылданып жұмыс жүргізілді. ШҚО бойынша ҚР ҚОҚМ «Казгидромет» ШЖҚ РМКФ-дан метеорологиялық және экологиялық мониторинг, ШҚ Аймақтық энергетикалық желілерінен облыстың энерго жүйелері жағдайының деректері тәулік сайын түсіп өңделеді. Өндірістік-экологиялық мониторингінің аймақтық автоматтандырылған өлшеу жүйесі тәжірибелік пайдалануға енгізілгендігі арқылы Өскемен қ. Экологиялық мониторингі тәулік сайын жүргізіледі. 2013- жылдың қаңтар-сәуір айларында қар жамылғысы жағдайының ғарыштық мониторингі тұрақты келіп түсіп өңделді. 2013 жылдың 5 сәуірінен бастап өрттердің деректері келіп түседі және мониторинг жүргізіледі, үнемі трансшекаралық төтенше жағдайлардың мониторингі жүргізіледі. Келіп түсетін ақпарат өңделуден өтеді, жедел жинақталады және жан жақты шараларды және басқару шешімдерін қабылдау негізінде жатады.
Мемлекеттік басқару органдарын, ұйымдарды және халықты қалыптасқан жағдай туралы ақпараттандыру мақсатында БКДҚБ-да дайындалған жедел ақпарат ШҚО әкімдігіне, ШҚО ҰҚКД, ШҚО Прокуратурасына, РДО, сондай-ақ БАҚ-қа және ШҚО ТЖД және облыстық әкімдіктің ресми сайттарына ары қарай ұсыну үшін ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне жіберіледі.
2013 жылдың есептік кезеңінде ТЖ шығу қаупі жағдайларында халықты ақпараттандыру және хабардар ету орталықтандырылған хабардар ету жүйесі арқылы ұйымдастырылып қамтамасыз етілді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс жергілікті атқару органдарымен тығыз байланыста жүргізіледі. ТЖ және дүлей апаттардан халықты қорғау бойынша іс-шаралар Аймақты дамыту жоспарына енгізілген. Сондай-ақ іс-шаралар моноқалаларды дамыту жоспарына қосылған. Маусым айында жергілікті атқару органдарының мекен жайларына Зыряновск және Серебрянск моноқалаларының даму жоспарларына түзету енгізу мақсатқа лайықтылық туралы ақпарат жіберілді.
2012-2013 жж. қысқа дайындық
Мына жоспарлар пысықталып, бекітілді: қолайсыз ауа-райы жағдайы және облыс жолдарындағы ТЖ кезіндегі жол ұйымдарының, ШҚО ішкі істер департаменті, ШҚО ТЖ департаменті бөлімшелерінің, ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы жеке құрамы, қалалар мен аудан әкімдерінің іс-әрекеттері; республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы бекеттер мен бағдарлардың орналасуы, ӨЖУ және ЖПУ бойынша ШҚО автомобиль жолдарын бекіту тізімі, «Облшығысжол» КМК ӨЖУ, «Қазавтодор» РМК ЖПУ, ШҚО республикалық маңызы бар жолдардағы жылыту бекеттерінің орналасуы туралы мәліметтер, ШҚО республикалық маңызы бар автожолдардағы ЖПУ, ЖПП және жылыту бекеттерінің орналасу сұлбасы.
Қар көшкіні жүру қаупі
Қар көшкіні қаупінің алдын алу мақсатында жолдардың қар көшкіні жүру қаупі бар жолдарды жабу туралы шешімдер дер кезінде қабылданды, халықты, кәсіпорындар мен ұйымдарды хабардар ету сұлбасы пысықталды, «Қазселденқорғау» ММ филиалының өндірістік-пайдалану учаскелерінің негізінде авариялық бригадалар құрылды. Көшкін жинағыштардағы қардың жиналу жағдайы мен 19 қадағалаушы қызмет көрсететін 207 қашықтан қар өлшеу 207 мөлшерқада орнатылған 24 қар өлшеу-көшкін бағдары бойынша қар жабынының биіктігіне ұдайы бақылау жасалады.
2012 жылғы желтоқсанның 4-нен 7-і аралығында Глубокое ауданының «Алтайские Альпы» тау-шаңғысы және «Изумрудный» демалыс базасы, Зырян ауданының «Орел» шаңғы базасы мен Риддер қаласының «СтарДаст», «Эдельвейс» тау-шаңғысы базасы және «Вертикаль» демалыс базасы спортшылар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар берілді. Тексеру актілері жасалды.
Катонқарағай ауданының «Собачья» және Зырян ауданының «Зубовск» тауларында саны 60 дана қар тоқтату қалқандары жөндеуден өткізілді;
Көшкiн жүру қаупi бар мерзiмде өздігінен қар көшкiнi жүру қаупін жою мақсатында қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстарын өткiзу үшін 2012 жылдың 23 ақпанынан 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін «УК Трансвзрывпром» ЖШС-мен №3 шарт жасалды.
Объектілері мен құрылыстары ТЖ аймағында орналасқан ұйым басшыларына және жеке үй иелеріне аудан әкiмдерiне 10 ескертулер, жеке тұлғаларға 266 ескерту берілді берілді.
Көшкiн жүру қаупi бар жерлерде 50 дана «АБАЙЛА. КӨШКІН ЖҮРУ ҚАУПІ БАР АУМАҚ» деп жазылған ескерту қалқандары мен плакаттары орнатылды.
Жалпы көлемі 36150 текше метр қар массасы 31 профилактикалық қар түсірілді.
Су тасқыны
Су тасқыны маусымына уақтылы дайындалу мақсатында облыстық әкімдіктің 2012 жылғы 10 қазандағы №242 қаулысымен «2012-2013 ж. күз-көктем маусымындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары» бекітіліп, оны орындау ұйымдастырылды.
2012 жылдың жаз-күз маусымында облыстық қалалары мен аудандарында 2013 жылға алдағы су тасқынына максималды дайындалу үшін шаралар қабылданды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 112,3 млн.теңге бөлінді. 41,8 км созылған өзен арнасын қоқыстардан, шөптерден тазарту және түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілді. Жаз уақытында суғару үшін пайдаланылатын және елді мекендерге апаратын шлюздер мен арналарды жабу бойынша жұмыс жүргізілді. 13 өзеннің қауіпті учаскелерінде қашықтығы 18,56 км жағалау бекіту жұмыстары жүргізілді.
2012 жылдың қазан айында барлық бөгеттер мен су қоймаларына тексеру жүргізілді. Коммуналдық меншіктің 17 су шаруашылығы объектілерін жөндеу үшін 559 млн.теңге қажет. Іс-шаралар жоспарына сәйкес су тасқыны маусымы алдында барлық бөгеттерде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылып, байланыс қамтамасыз етілді.
Облыс әкімінің 16.01.2013 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыстың қалалары мен аудандарын су тасқыны маусымына дайындау және гидротехникалық құрылыстарды тексеру бойынша 6 жұмыс тобы құрылды. Жұмыс топтарының бекітілген шығу кестесіне сәйкес 2013 жылғы 29 қаңтардан 3 ақпанға дейін ГТҚ және қалалар мен аудан әкімдіктерінің 2013 жылғы су тасқыны маусымына дайындығына тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындылары бойынша актілер жасалып, ал облыс әкіміне жинақ тексеру актісі жасалды.
Қалалар мен аудан әкімдіктері облыс халқын алғашқы кезектегі қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын және ұйымдармен 975 ниет шарты жасалды. Саны 197 тонна бензин, 240 тонна дизельді отын ЖЖМ, 55392 дана қап, 28 мотопомпа қоры құрылды. Облыстың қалалары мен аудан әкімдерінің 2013 жылға арналған қаржы қоры – 334208,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде ТЖ жоюға – 200356,0 және кезек күттірмейтін қажеттіліктерге 134624,0 мың теңге. Облыс өзендеріндегі мұз кептелістерін жою үшін жару жұмыстарымен шұғылданатын кәсіпорындар және «ШҚО авиация бөлімшесі» КМҚК тікұшақтарын жұмылдыруға ниет шарты жасалды.
Наурыз айында құрамында облыс басшылығы, ШҚО ТЖД басшылығы бар жұмыс тобы су тасқыны жағдайын бақылау үшін 4 рет облыс аумағын аралап ұшты.
Қалыптасқан жағдаймен танысу, өңірге су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге көмек көрсетуде ҚР Үкіметі деңгейінде шешім дайындау үшін талдау жүргізуге 2013 жылдың 4 наурызында Шығыс Қазақстан облысына ҚР ТЖ Министрі Владимир Карпович Божконың төрағалық етуімен жұмыс тобы келді.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 15 наурыздағы Қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне Үкімет резервінен 2013 жылғы су тасқыны маусымына 543 млн. 147 мың 500 теңге бөлінді. Су тасқыны жағдайы тұрақты.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖ департаменті облыстың 1300 кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікке бақылау жасайды (оның ішінде 476-сы шағын кәсіпкерлік кәсіпорыны). Бақылауда 85 тау-кен саласы, 3 көмір қазу, 30 металлургиялық, 206 химиялық және мұнай өңдеу, 31 жару жұмыстарын жүргізуші кәсіпорын, 50 геологиялық-барлау кәсіпорыны, 894 қазандық-газ бақылау, көтергіш құрылымдар және нан өнімдері кәсіпорындары және магистралды құбыр бойынша 1 кәсіпорын.
2013 жылдың 1-жартыжыдығында 446 тексеру жүргізілді, оның ішінде 8 кешенді.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативтік құжаттары талаптарының 3099 бұзушылығы анықталды.
Еңбекшілердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін анықталған бұзушылықтар нәтижесінде ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекторлардың талаптары бойынша кәсіпорын басшылары 29 объекті мен жұмыстарды уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
Жол берілген қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары үшін жауаптылыққа 149 адам, оның ішінде сомасы 4 352 788 теңгеге 138 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бекітілген Техникалық қайта жарақтану жоспарына сәйкес тозығы жеткен жабдықты ауыстыру жүргізілуде. Жоспарда 2013 жылдың 1-жартыжылдығында орындалуы жоспарланған 130 тармақтың толығымен 86 тармағы орындалды, қосымша 3 тоқсанның 5 тармағы орындалды. Уақтылы қаржыландырылмауы және зауыт-дайындаушылардың тапсырыстарды орындамағаны, жеткізу мерзімін өзгертуге байланысты орындалмаған тармақтар 3-4-тоқсанға ауыстырылды.
ШҚО-да 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламаға (бұдан әрі ҮИИДБ) сәйкес 23 басымды жоба бар. Қауіпті өндірістік объектілерга қатысты 15 жобаның жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат тоқсан сайын ұсынылады.
Техникалық қауіпсіздікті насихаттау бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы жалғастырылды, барлығы 22 ақпарат жарияланды, соның ішінде, республикалық«Взрывное дело» журналында - «Точка равновесия взрыва», Ресей Федерациясының «Безопасность труда в промышленности» журналында - «Оценка энергии карьерных массовых взрывов».
387 бірлік жобалық материалдар қарастырылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты 461 ақпарат дайындалып, жолданды, соның ішінде 125 жоғары тұрған органға, 15 жергілікті әкімдіктерге.
Құрамында қауіпті объектілері бар кәсіпорындарды декларациялау барысына бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды бақылау бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні міндетті сақтандыру келісімшарттары ШҚО бойынша декларациялауға жататын 81 объект иелерімен жасалды, 2013 жылға 1 кәсіпорын келісімшарт жасаған жоқ. Қазіргі таңда «Береке» ЖШС келісімшарт жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. 11 объектіде жұмыстар жүргізілмейді.
Өрт қауіпсіздігі
2013 жылдың өткен мерзімінде облыстың шаруашылық ету обьектілерінде өрт қауіпсіздігінің жоғарғы деңгейін ұстау мақсатында мемлекеттік өрт бақылаудың жұмысы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, ШҚО ТЖД МӨББ жұмыс жоспарларын, ҚР ТЖМ және ӨҚҚК нұсқауларын орындау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталды.
Бөлім барлығы тәуекел деңгейі жоғары 13 обьектіні тексерді, соның ішінде:
-
12 өнеркәсіптік кәсіпорын;
-
1 600 әлеуметтік-мәдениет мақсатындағы нысан;
Жіберілген өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке 1318 тұлға тартылды, оның ішінде жалпы сомасы 10 млн. 439 мың 476 теңгеге 214 айыппұл салынды.
Жеке және заңды тұлғалардың 191 өтініші қаралды, оның қорытындысы бойынша өтініш берушілерге тиісті жауаптар дайындалып, жолданды.
Мемлекеттік органдар мен барлық деңгейлі атқарушы билік органдарына обьектілердің өртке қарсы жағдайы туралы және өңірдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері бойынша 180 ақпарат жолданды.
Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша БАҚ-та 226 мақала жарияланды, телеарналарда эфирге 52 бейнесюжет, радиодан 152 сөз сөйлеу шықты.
Тұрғын секторындағы өрттердің алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық құндылықтарды сақтау мақсатында ведомстволық бағынысты бөлімшелерге үгіт-насихат-профилактикалық шараларды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар жолданды. Нәтижесінде аула аралауларымен 7 мың 561 адамды қамтыған 34 мың 048 үй және пәтер қамтылды.
Табиғи өрттердің туындауының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында ШҚО ТЖД МӨББ белгілі бір жұмыс атқарды.
Облыс әкімдігі 2013 жылға арналған облыс аумағындағы орман дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі Жоспарын бекітті.
«Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 542 қаулысын орындау мақсатында аудандық және қалалық әкімдіктер ландшафты өрттердің алдын алу және жою бойынша шаралар өткізген, жалпы адам саны 23972 саны 2268 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрған, мөлшері 90,5 тонна жанар-жағармай қорын құрған, азық-түлік, дәрі-дәрмектер және басқа да пайдаланылатын материалдар сатып алуға ақшалай қаражат салған.
Облыс аумағында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен шалғайдағы елді мекендер мен оларға жақын орналасқан орман дала аймақтарында өрттерді сөндіруді ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында өрт сөндірудің 69 ауылдық тіректі пункті (ТП) жұмыс істеп тұр, оның 48 ТП жергілікті атқару органдары қаражатынан, 16 ТП шаруа қожалығы есебінен, 5 ТП «Семей орманы» МТОР есебінен ұсталады.
ҚР Қорғаныс министрлігі және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныст обьектілерге, орман қорына іргелес және орман алаптары аумағында орналасқан обьектілерді, орман иегерлерінің, балалардың жазғы демалыс орындары, сауықтыру лагерьлерінің өрт қауіпті мерзімге дайындығын тексеру нәтижесі бойынша ҚР ТЖМ 2013 жылғы Операциялық жоспарына сәйкес аталмыш обьеткілердің өртке қарсы жағдайы туралы жинақталған ақпараттар дайындалған. ҚР ТЖМ Операциялық жоспарында көрсетілген шаралар тармақтары толық көлемде өтелген.
Жазғы демалыс мерзімінде балалардың жаппай демалу орындарында өрттерді алдын алу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Мектеп жанындағы лагерьлер мен қала сыртындағы балалар сауықтыру орталықтарына шығу кестелері бекітілді. Департаменттің құтқару техникалары мен жеке құрамы бөлімшелерінің қатысуымен конкурс-викториналар, спорттық жарыстар өткізіледі.
2013 жылдың өткен мерзімінде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінде 2037 өтініш және хабарлама тіркелген, соның ішінде:
-
ҚР ҚК 187-бабы бойынша «Біреудің мүлкіне қасақана зиян келтіру немесе жою» - 87;
-
ҚР ҚК 188-бабы бойынша «Біреудің мүлкіне абайсыз зиян келтіру немесе жою» - 350;
-
ҚР ҚК 251-бабы бойынша «Заңсыз түрде оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды жарылғыш заттарды және, жарылғаш қүралдарды алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» - 1;
-
ҚР ҚК 256-бабы бойынша «Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» - 236;
-
ҚР ҚК 292-бабы бойынша «Ормандарға зиян келтіру немесе жою» - 4;
-
Номенклатуралық іске шығарылған материалдар саны –1345;
-
ӨРЕА жағдайлар бойынша қозғалған әкімшілік өндірістер саны – 13.
2013 жылдың өткен мерзімінде өтініштер мен хабарламаларды қарастыру мерзімінің бұзушылықтары, сонымен қатар қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы прокурор қаулыларын бұзу жағдайлары болған жоқ.
Өрт деректері мен номенклатуралық іске шығарылған материалдар бойынша ШҚО ТЖД бөлімшелерінің анықтаушыларымен (инженерлі-инспекторлық құрамымен) жалпы сомасы 461736 теңгеге өрттің шығуына кінәлі 217 тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ТЖД МӨББ инженерлі-инспекторлық құрамының қызметкерлерімен (анықтаушыларымен) әкімшілік ықпал ету шараларынан басқа өрттердің шығуына кінәлі тұлғалармен өрт қауіпсіздігі шараларын бұзбаудың алдын алу сипаты жөнінде кеңестер өткізілді, өрт бойынша тексерулер біткеннен соң объект басшыларының мекенжайларына айқындалған бұзушылықтарды жою және объектілерде өртке қарсы тәртіпті қатаң сақтау мақсатында 15 ұсыныстар жолданды.
2013 жылдың 1-жартыжылдығында Өрт сынақ зертханасы мамандары ауқымды өрттер орнына барып өрттердің себебі бойынша 45 қорытынды берді. Өртке шығулар жылжымалы өрт-техникалық зертханамен (ЖӨТЗ) жүзеге асырылады. 10 аудандық бөлімшелерге шықты. Өрт шығу орындарынан 47 фото кесте, 250 фото, 14 бейнематериалдар жасалды.
Келісімшарт негізінде тәжірибелік көмек көрсету бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «ІРГИТАС», С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ШҚ облыстық "Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана", электротехникалық «ШығысЭнергоСервис» ЖШС зертхансымен жұмыс алға қойылған.
Екінші тқсанның мамыр айында "Национальный центр экспертизы и сертификации" ШҚ ОФ АҚ бірігіп өрт сынақ зертханасын аттестаттау өткізілді. "Свидетельство об оценке состояния измерений в лаборатории осуществляющей проведение испытаний для определения пожаровзрывоопасных свойств веществ и материалов" куәлігі берілді, онда зертхана қызметіне бекітілген өлшеулерді (сынақты) орындауға қажетті жағдайдың бар екені анықталған. Зертхананы аттестаттау ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ӨСЗ құзырына енетін мәселелер бойынша кеңес беру және өтініштерді қарастыру бойынша жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді.
Анықтау қызметкерлері ӨСЗ мамандарын қатыстыруды жоғарылату мақсатында ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерге өрттерді бағалау критериін көсетумен, сұрақтар тізбесін, ӨСЗ мамандарын жұмылдыруға қатысты қажетті құжаттарды даярлап, жолдады.
ӨСЗ жұмысы бойынша ұсыныстары бар және анықтау қызметінің мамандарын қатыстыру бойынша 2 талдау дайындалды, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарындағы ірі өрттер бойынша ұсыныстары бар шолу дайындалды.
АҚ іс-шаралары
ҚР Бас прокуратурасы бекіткен жартыжылдық жоспарға сәйкес барлығы бақылаудағы 54 субъекті, оның ішінде 7 санатталған субъекті тексерілді.
ММ субъектісі -37, оның ішінде тәуекелдің жоғары деңгейіндегісі-3, тәуекелдің орта деңгейіндегісі -5, тәуекелдің болымсыз деңгейіндегісі -29.
Жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер тәуекелдіәң жоғары деңгейіндегісі -9, орта деңгейіндегісі - 5, болымсыз деңгейіндегісі - 3.
АҚ іс-шараларын орындамағаны үшін 17 лауазымды тұлғаға 173100 теңге айып салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, индустриялық-инновациялық жобалар шеңберінде салынып жатқан және пайданауға енгізілген объектілердің аварияға қарсы беріктігін жоғарылату бойынша жан-жақты шаралар кешенін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен қ. сумен қамту және суәкеткі жүйелерінің инвестицияларын негіздеу» - «Ақбұлақ-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары келісілді.
Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Шығыс қазақстан облысы суқоймаларында қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында 2013 жылы жыл басынан бастап мынадай іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:
-
әңгімелер, дәрістер – 1593, қамтылуы 49144 адам;
-
елехабарлар/ бейнероликтер – 35/29316;
-
радиохабарлар – 10;
-
мақалалар, ескертпелер – 66;
-
«суға түсу кезіндегі судағы ережелер», «Мұздағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында таратылған плакаттар – 674 дана;
-
судағы, ұздағы қауіпсіздік ережелері бойынша таратылған видеоматериалдар – 80.
Бүкілхалықтық мерекелерді өткізу кезінде суқоймаларда адамдар өмірін қорғау күшейтіледі. 18-19.01.2013 жылы «Крещение Господне» мерекесін өткізу кезінде және діндарлардың шомылу уақытында адамдар өмірін қорғау ұйымдастырылды. Барлығы 8467 адам суға шомылу салтын өтті. Төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғалар орын алған жоқ.
«Қызыл Ту» Күршім мұз өткелінің және басқа мұз өткелдері мен өту жолдараның жұмысына жүйелі түрде бақылау жүзеге асырылды. Өткелдерге тыйым салынған орындарда тыйым салушы белгілер орнатылды.
Балықшылар мен демалушылармен судағы және мұздағы қауіпсіздік шаралары бойынша 554 нұсқаулық өткізілді.
Құтқару станциялрының жеке құрамы 2013 жылғы 1 наурыз Азаматтық қорғаныс күні мерекесін өткізуге қатысты.
2013 жылға облыста су тасқынына қарсы шаралар жоспарына және жоғары тұрған инстанция нұсқауларына сәйкес өзендер мен суқоймалардың жағдайына бақылау жасалады, сонымен қатар көктем мерзімінде су тасқыны мен су басуын болдырмау бойынша мерзімді алдын алу шаралары қабылданды. Жеке құрам, техника, жүзу құралдары, құрал-жабдықтар дайындалды.
Құтқару станцияларында Суда құтқару қызметінің жеке құрамының күшімен мектеп оқушыларымен және «Жігер» аула клубтарының мүшелерімен «жас құтқарушы» бағдарламасы бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылған және өткізілуде, барлығы 53 практикалық сабақ өткізілді.
2013 жыл басталғанан ШҚО мектептерінде көктем кезінде мұздағы қауіпсіздік шаралары туралы 4 интерактивтік сабақ өткізілді.
Облыстың барлық мектептері судағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі көрнекілік насихат құралдарымен қамтамасыз етілген. Стендтер, бұрыштар, қалқаншалар жабдықталған. Суқоймалардағы қауіпсіздік шаралары бойынша сандық үлгідегі бейнематериалдар бар. Суқоймасындағы қауіпсіздік шаралары бойынша сандық форматтағы бейнематериалдар бар. 2013 жылдың 18 наурызында Өскемен қаласында судағы қауіпсіздік шараларына арналған стендтер мен бұрыштар тексерілді.
Жыл басынан мектептерде және ақылы хауыздарда жүзу ісіне 122 бала үйретілді, соның ішінде 87 бала Суда құтқару қызметінің қызметкерлерімен үйретілді.
Суда зардап шеккен адамға көмек көрсету түлерін оқу мен жариялау мақсатында мектептер мен балалар үйлерінде ШҚО Суда құтқару қызметінің мамандарының белсенді қатысуымен Көкпекті ауданы мен Семей қаласында суда құтқару бойынша 4 спорттық жарыс өткізілді.
Ішкі істер, табиғатты қорғау полициясы, денсаулық сақтау органдарымен, «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Білім беру басқармасымен, «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» ММ-мен өзара іс-қимыл жоспары ұйымдастырлды.
Достарыңызбен бөлісу: |