Шығыс қазақстан өҢріндегі түркі дәуірі обаларының зерттелуі үмітқалиев Ұ. Ү



бет2/2
Дата15.03.2022
өлшемі3.11 Mb.
#456281
1   2
Умиткалиев У. У., Жармухаметов Д. А. Шығыс Қазақстан өңіріндегі түркі дәуірі обаларының зерттелуі

Жарықтас қорымы
Жарықтас қорымы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Аршалы ауылынан батысқа қарай 36 шақырым жерде орналасқан. Аршалы-Архат тас жолы бойында, Жарықтас ауылының оңтүстік батысында 200 м қашықтықта оңтүстіктің солтүстікке қарай тізбектеле орналасқан патша қорымдарымен ерекшеленіп тұрады.
Сонадай ақ, Жарықтас қорымында патша обаларынан өзге кіші обалар да орналасқан. № 1 обадан батысқа қарай 100 м қашықтықта ұзындығы 3 м, ені 2 м құрайтын тік тастардан тұрғызылған түркі дәуірінің қоршау ескерткіші анықталды (5-сурет). Қоршауға жалпақ тастар айналдыра қойылып ортасы ұсақ тастармен толтырылған. Жалпақ тастар О-Ш және С-Б бағытында орналасқан. Жалпық тастардың жалпы саны төртеу. Ескерткіштің қазба жұмыстарына дейінгі көрінісі: ескерткіштің жалпы биіктігі 10-15 см аралығында, беткі қабаты тас және шым қабаттарынан тұрады. Беткі қабатын ұсақ шөп басқан. Ескерткіштің оңтүстік жағында биіктігі 30-40 см құрайтын көк майса шөп өсіп тұр.
Қазба жұмысы бірінші кезекте ескерткіштің шым қабатын аршудан басталды. 10 см құрайтын шым қабатын аршып алғаннан соң ғұрыптық орынның барлық ерекшелігі анықталды. Сонымен бірге ескерткіштің бетінде жатқан тастардың барлығын тазалау нәтижесінде, ғұрыптық орынның жалпы көрінісі анықталды. Ескерткіштің жалпақ тастары орналасқан тұс пен оңтүстік жағында орналасқан тастар аралығында тастың жоқ екендігі анықталды. Ескерткіш екі бөліктен тұрады. Біріншісі жалпақ тастармен қоршалған ескерткіштің солтүстік-шығыс жағындағы бөлігі. Екіншісі ескерткіштің оңтүстік-шығыс жағында орналасқан, татар шашыраңқы түрде жатыр және бұл бөлігінде тек қана ұсақ тастар шоғырланған, үлкен жалпақ тастар байқалмайды. Ескерткіштің солтүстік батыс жағында орналасқан жалпық тастың ұзындығы 1,8 м, ені 15-30 см аралғында. Ескерткіштің батыс жағында орналасқан жалпық тастың ұзындығы 1,4 м, ені 15-25 см құрайды. Ал үшінші жалпық тас ескерткіштің шығыс жағында орналасқан, ұзындығы 1,5 м, ені 25-35 см. Сонымен бірге ескерткіштің шығыс жағында орналасқан 3-ші жалпақ тастың орта тұсында, оңтүстік шығыс бағытқа қарай созылып жатқан 4-ші жалпақ тастың ұзындығы 1,1 м, ені 20-25 см. Бұл тас 3-ші жалпақ тастың орта тұсында, астыңғы бөлігіне кіріп жатыр. Ескерткіш тұрғызылған сәтте 4-ші тас тік тұрғызылған. Кейіннен табиғи және антропогендік жағдайлардың әсерінен бұл ескерткіш көптеген өзгерістерге ұшыраған.
Қазба жұмысының екінші кезеңі ескерткіште орналасқан ұсақ тастарды тазалаумен басталды. Ұсақ тастар толығымен тазаланып алынғаннан соң ескерткіштің екі бөлігіне де қазба жүргізілді. Ұсақ тастардың көлемі әртүрлі болып келеді. Олар 10х15 см 30х40 см дейінгі аралықта. Ұсақ тастар ескерткіштің орта тұсы мен оңтүстік-шығыс жағында көптеп орналасқан. Сонымен бірге 2-ші жалпақ тастың оңтүстік-батыс жағында да ұсақ тастардың біраз бөлігі бар.
Ескерткіштің олтүстік-батыс жақ бөлігін қоршап жатқан жалпақ тастардың ішкі жағын тереңдігі 50 см дейін қазып алынды. Ескерткіштің бұл бөлігі қазып алынғаннан соң, екінші бөлігін қазу жұмыстары басталды. Екінші бөлігін ұзындығы 1,5 м, ені 1 м, биіктігі 60 см құрайтын шұңқыр қазылды. Қазба жұмыстары нәтижесінде ескерткіштің жалпы көрінісі және құрылыс анықталды, бірақ та ескерткіштен ешқандай артефакті табылған жоқ. №1 түркі ғұрыптық ескерткішінің жоспары сызылып алынды.



1-сурет. №10 Түркі ескерткіші. Шым қабаты аршылғаннан кейінгі көрініс



2-сурет. №10 Түркі ескерткіші. Үстінен сызылған сұлба



3-сурет. №10 Түркі ескерткіші. Тас мүсіннің сұлбасы



4-сурет. Түркі ескерткіші. Қазба жұмысынан кейінгі көрініс



5-сурет. №1 ғұрыптық орын. Жоспары мен кескіні.
Түркі дәуірі бүгінгі ұрпаққа өз мәдениетінің тамаша археологиялық және жазба ескерткіштерін қалдырды. Бұлар қазақ халқының тарихи мұрасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, бүгінгі күнге дейін сақталды. Тарихи-мәдени ескерткіштер жазба деректермен үндесіп, сол аймақтың тарихи оқиғаларынан сыр шертеді. Қазірде бұл ескерткіштерді қазақ даласының әр аймағына байланысты кешенді түрде зерттеуде мүмкіндік өте зор және қолға алынып, өз жемісін де бере бастады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет