Шығыстың аристотелі атанған ұлы бабамыз Әл Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,- деп көрсеткен. Бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілікті үрдіс екені белгілі



Дата11.04.2023
өлшемі21.35 Kb.
#472077
ситалиев азамат эссе


МКҚК «Жаңақала колледж
арнаулы пән мұғалімі
Ситалиев Азамат
Менің жұмыс орыным МКҚК «Жаңақала колледжі». Мен Арнаулы пән оқытушысы болып қызмет атқарамын. Мен өз колледжіммен мақтана аламын, себебі біздің колледждің жетістіктері өте көп. Ол жетістіктердің барлығы колледждегі ұстаздармен, директордың арқасында өз кезеңдерінде жетістіктерге жетіп отырған. МКҚК «Жаңақала колледжі» түрлі саладағы мамандықтар бар. Біздің колледжден Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану, Дәнекерлеу ісі(түрлері бойынша), Есептеу техникасы және ақпараттық желілер(түрлері бойынша), Электр жабдықтары(түрлері және салалары бойынша), маман иелері шығады. Біздің колледжімізде сапалы білім алуға көптеген мүмкіндіктер бар. Студенттердің бос уақыттарында түрлі жарыстарға қатысып, білім жағынанда спорт жағынанда шыңдалып отырады. Біздегі мұғалімдердің барлығы сауатты, білімді, өз мамандықтарын жете түсіне білген мамандар. Колледж тәртібі барлық мұғалімдер бірдей формада жүреді. Сондай-ақ колледж студенттері колледж қабырғасында форма киіп жүреді. Шығыстың аристотелі атанған ұлы бабамыз Әл – Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,- деп көрсеткен. Бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілікті үрдіс екені белгілі. Барлық ұстаз білім мен тәрбиені қатар алып жүруі керек.
МКҚК «Жаңақала колледжі» оқуға түскен, түскісі келетіндер өкінбейтіндеріңе кәміл сенемін. Сондықтан ойланбастан біздің колледжге оқуға түсуге кеңес беремін.
Біздің колледж көп жылдық тарихы бар колледж. Жаңақала колледжі 1963 жылы 16 қаңтарда Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесінің кәсіптік-техникалық білім беру Бас басқармасының №10-шы бұйрығы бойынша Казталовка ауданында 300 оқушыға арналған Казталов ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі ретінде ашылып, оған №8 реттік саны берілді. Жаңа оқу орнына Молдован КСР-нан, Марий, Коми, Татар, Чуваш, Башқұр, Удмурт Автономиялы облыстарынан оқушы жастар тартылды. Жаңақала ауданының 1972 жылы 10-наурызда қайта құрылуына және №167-ші Мәстексай училищесінің таратылуына байланысты №8 училище Жаңақала училищесі аталып, іргелес Казталовка, Орда, Жаңақала ауданы үшін жұмысшы мамандар даярлайтын оқу орнына айналды. Аудан мекемелерінің бір орталықтан басқарылуы көзделіп, 1980 жылы училище аудан орталығы Жаңақалаға көшірілді. 1981-1982 оқу жылынан бастап оқу жылы үш жылдық мерзімге ұзартылып, оқушылар қалаған мамандықтарына қоса орта білім алып шығатын болды.1984 жылы оқу орны 480 оқушыға арналған үлгілі жобамен салынған жаңа ғимаратқа көшірілді. Онда 480 орындық оқу корпусы, 150 орындық 2 жатақхана, 150 орындық 16*18 м залы, 120 орындық асханасы бар қоғамдық-тұрмыстық комплекс болды. Оқу орны көптеген өндірістік оқу құралы мен ауылшаруашылығы техникаларымен қамтылды. 2012 жылдан Жаңақала колледжі- мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны деп аталды.
Колледж басшылары болып: 1963-1980 жылдары Лепесов Есенғали Көшмұхамбетұлы, 1980-1985 жылдары Такеев Әнуар Сейтімұлы, 1985-1987 жылдары Базаров Ермек, 1987-1989 жылдары Хамзин Әбілхайыр, 1989-2009 жылдары Әубекеров Бақтығали қызмет атқарса, 2009 жылдан бастап Жәрдемалиев Серік Жүсіпбекұлы басшылық жасап келеді.
1961 жылы 28 мамырда дүниеге келген. 1984 жылы Алматы қаласы, Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын бітірген. Біліктілігі инженер-педагог. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Құрмет грамотасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасарының Алғыс хатымен марапатталған. Серік Жүсіпбекұлы колледж директорының қызметі барысында колледж көптеген жетістіктерге жетті: 2014 жылы Республикалық «Шұбар доп» волейбол жарысының бас жүлдесі, 2015 жылы облыстық КТК Жайдарман ойындары байқауда жүлделі ІІІ орынға ие болды.
2015 жылғы Республикалық Ұлттық бизнес рейтингінің қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы» атағына ие болды.
Колледждің инженер-педагогикалық құрамы үнемі шеберліктерін шыңдау, тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі деңгейдегі шараларға қатысып отырады.
Жардемалиев С.Ж -"Қазақ елінің үздік ұстазы" жинағына енді.
Тұғыш елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев : «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»,- деп көрсеткен . Бүгінгі таңның жас ұрпақтарына ,өткеннен үлгі аларлықтай тарихты көре аламыз.
Бақтыгереева Жумагуль Темирбулатовна-Республикалық "Тәуелсіздік -тұғырым" республикалық байқауда көркем сөз жанрда шәкірт тәрбиелегені үшін Алғыс хат, республикалық "Ustaz tilegi" -ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдстыруымен өткен "Қазақ тілі және әдебиет" пәнінен олимпиадада ІІ дәрежелі диплом-"ХХІ ғ қазақ әдебиеті" сабағы Қазақ тілі және әдебиеті"Oqu zaman" журналында жарық көрді. USTUDY тест орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен «Пед.Олимпиада - 2021» республикалық пәндік олимпиада ІІ дәрежелі диплом.
Ғайнуллин Сұлтан Абзалұлы- Worldskills Kazakstan» облыстық чемпионатының "Автокөлікті жөндеу слесары" құзыреттілігі бойынша шәкірті Талапкалиев Б «Үздік маман» аталымы.
Нурмуханова Г.И.- "Дана Абай, дара Абай" мақаласы «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар республикалық педагогикалық журналына," Кітап-рухани байлық." тақырыбындағы мақаласы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналында жарық көрді.
Кадыржанова Алмагул Кадыржановна-"Электрондық оқыту-заман талабы" тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясында "Білім беру үрдісінде ақпараттық технологиялар" тақырыбында мақаласы тыңдалып, жинаққа енді.USTUDY тест орталығының ұйымдастыруымен информатика пәні мұғалімдері арасында өткен «Пед.Олимпиада - 2021» республикалық пәндік олимпиада І дәрежелі диплом. "Кристал және аморфты денелер" тақырыбындағы сабағы "Физика және астрономия" республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналына, "Интернеттен ақпарат іздеу" материалы республикалық әдістемелік педагогикалық журналына шықты.
Есмағұлов Марат Паритұлы- самбо күресінен Чехия республикасының Прага қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, VІІ Азияда ойындарының олимпиада алаугері, Самбо күресінен Түркістан қаласында спорт шеберлері арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері, «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» Республикалық бірлестігінің «Құрметті спорт ардагері» медаль иегері, республикалық "Білім шыңы" білікті ұстаз еңбегі жинағына енді. USTUDY тест орталығының ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында өткен «Пед.Олимпиада - 2021» республикалық пәндік олимпиада І дәрежелі диплом. ҚР БжҒМ "Алтынсарин" атындағы төсбелгі иегері.
Оразакаева Анар Утегалиевна- «Горизонт» Халықаралық өнер және білім академиясы «Қазақстанның үздік мұғалімі» атты педагогтер арасындағы Халықаралық байқауының І санатты жеңімпазы, тақырыбы: «Үздік математика мұғалімі - 2021».
Қазақстан Республикасы Педагогтар қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру ісінің үздіктері - 2021» байқауының «Үздік жас педагог» жеңімпазы.
-«Білім-Өркениеті» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Үздік жас маман» атты республикалық байқауға қатысып, арнайы төсбелгі және І дәрежелі Дипломмен марапатталып, автобиографиясы кітап жинаққа енгізілді Республикалық "Алгебра" Блиц-турнирінің 1 орын,Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен математика пәні ұстаздарының арасында өткен олимпиада ІІ-орын "Математика пәнін оқытудағы жаңа педагогикалық технологияларды қолдану" сабағы "UZDIK USTAZ" республикалық ғылыми-әдістемелік журналына,"Тригонометриялық функциялардың графигі және оның қасиеттері" сабағы "Жарқын болашақ" республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарық көрді.
Рахимова Райса Бекбулатовна - USTUDY тест орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілі мұғалімдері арасында өткен «Пед.Олимпиада - 2021» республикалық пәндік олимпиада І дәрежелі диплом.
Ишангалиева Гулжайна Абуовна-«Віlim orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы, Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік жас маман» республикалық байқауы ІІ дәрежелі диплом, «Үздік жас маман -2018» төсбелгі, жинаққа енді. ККО орталығы «Қазақстан ұстаздар» қоғамы ұйымдастырған “Информатика” пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасы ІІ дәрежелі диплом "TURBOSITE бағдарламсы" тақырыбындағы сабағы "Жарқын болашақ" республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарық көрді.
Сатканова Анаргул Кайратовна -«Білім-Өркениеті» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік жүз тарихшысы» атты республикалық байқауға қатысып арнайы төсбелгі және ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталып, автобиографиясы кітап жинаққа енгізілді "Орта Азия халықтарының ежелгі ошақтары" сабағы,"Алтын Орда кезеңіндегі мәдениет" тақырыбындағы сабағы Қазақстан тарихы республикалық әдістемелік журналына шықты USTUDY тест орталығының ұйымдастыруымен Тарих (Қазақстан тарихы/Дүние жүзі тарихы) пәні мұғалімдері арасында өткен «Пед.Олимпиада - 2021» республикалық пәндік олимпиада І дәрежелі диплом.
Осыншама жетістіктерге толы білімді мамандармен жұмыс жасау мен үшін үлкен жетістік.
 Қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев:
«...біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді»,-дегендей білімізді шыңдап , жетілдіріп , сауатты жас мамандардың санын көбейте берейік.
 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет