Күні:
Пән: физика
9-сынып
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән мұғалімі:СыдықоваБ
|
Тақырыбы:
|
«Динамика »тарауын қайталау
|
Мақсаты
|
Оқушылардың денелердің бір-бірімен әсерлесуін зерттейтін динамика тарауы бойынша білімдерін жүйелеу,қорытындылау.
|
Күтілетін нәтиже
| -
Динамика тарауы бойынша алынған білімді жүйелейді.
-
Берілген тапсырмаларды орындайды.
-
Оқушылардың берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауға үйренеді.
|
Керекті жабдықтар
|
оқулық, ресурс парақтары, жұмыс дәптері,суреттер топтамасы, бағалау парақтары, есептер жинағы, постерге критерий, Фличарт, өз жобаларын қорғау
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Диалогтық оқыту, зерттеушілік әңгіме, кеңейтілген тапсырмалар, сұрақтар
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
Ұйымдастыру:Оқушылармен амандасу. Көңілді музыка қосамын, оқушылардың зейінін өзіме аударамын; Ынтымақтастық орта қалыптастыру. «Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушы қызығушылығын ояту, «Бағдаршам» стратегиясы бойынша 3-топқа бөлу.
Сұрақтар:1.Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады? 2.Ньютонның І заңын тұжырымда.
3.Галилей мен Ньютонның қозғалысқа көзқарасы немен ерекшеленеді?
4.Ньютонның І заңын дәлелдейтін мысалдар келтір т.б.
|
Мұғаліммен амандасады. Оқушылар сабақ құралдарын тексеріп, орналасады.Топтарға бөлінеді.
Топ мүшелері сұрақтардың жауабын айтады.
|
Тұсау-
кесер
|
Оқулықпен, ресурс парақтарымен жұмыс.
Тақырыпты талқылау үшін суреттер топтамасы беріледі.
Ауырлық күші серпімділік күші
үйкеліс күші Архимед күші т.с.с
|
Сабақты болжап айтады.
|
Негізгі бөлім
|
№1 тапсырма:
«Физикалық диктант»
1. Сандық мәнімен және _______________ сипатталатын физикалық шама ___________ деп аталады.
2. Ньютонның ІІ заңы. Әрекет ететін күшке тура, ал ______________ кері пропорционал.
3. Ньютонның ІІІ заңы. Модульдері жағынан _________, ал бағыты______________.
4. Әлемдегі денелердің бір-біріне ___________ бүкіл әлемдік ________ деп аталады.
5. Денелердің _________ тартылу күшін _____________ күші деп атайды.
№2 тапсырма: «Жүйрік болсаң озып көр»стратегиясында оқушылар есептер шығарады
-
Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең?
-
Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.
-
Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?
-
1.5 м/с² жылдамдықпен үдейтін массасы 1 т машинаға әсер ететін тең әсерлі күшті есептеңіз
-
Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде, ол қандай үдеу алады?
-
Егер m 1 = m2 = 2кг , ал Ғ = 12Н болса , онда денелер қандай үдеумен қозғалады?
-
Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.
«Арқан тартыс» стратегиясы: мұнда оқушылар Динамика тарауы бойынша формулаларды жазып жарысады
-
«Қызықты динамика» атты постер қорғау
|
Оқушылар тақырыпты оқып тапсырманы жеке орындап,топта талдайды.
Оқушылар топтық жұмыспен есептер шығарады
Оқушылар формула жазады
Топтар өз постерлерін қорғайды
|
Қорытын-ды.
|
«Соңғы 5 минут» әдісімен аяқтаймын.
|
|
Үйге тапсырма
|
Дайындық сұрақтары
|
Үй тапсырмасын күнделікке жазады
|
Бағалау
|
«Мені таңғалдыр»
Постерге критерий
Топтар бір-бірін өзара саусақпен бағалайды
|
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |