Шылым шегудің алдын алу
Сабақтың мақсаты: адам анатомиясы мен физиологиясы тұрғысынан шылым шегудің денсаулыққа зиян екендігі жайлы алғашқы ұғымды қалыптастару :
- жеке бас пен әдеп мәдениетіне баулу
- алған білімді талдау өмірде қолдана білуге үйрету
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
2. Сабақ тақырыбымен таныстыру
3. Шылым шегу жайлы біз не білеміз атты тест
1. Оқушылар барлығы сияқты болуы үшін шылым шегеді
2. Адам мазасызданған кезде шылым демалуға көмектеседі
3. Шылым шегетін адамдардың көпшілігі ләззат алып
тастағылары келмейді
4. Шылым шегу көп жағдайда жүрек ауруына себеп бола
алады
5. Жас өспірімдердің көпшілігі шылым шегуді кез-келген
уақытта қоя алады
6. Шылым шегуді әдетке айналдырмай тек қана қызық үшін
шегіп кейін қойғанның ешқандай қорқынышы жоқ
Жауаптары: 1-дұрыс 2-дұрыс емес 3-жоқ 4-ия 5-жоқ 6-жоқ
4. Шылым шегу барысында не нәрсе болады
Әңгіме. Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді жұтылатын түтіннің құрамында никотин көміртек тотығы синил қышқылының бөліктері және басқада сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы –никотин оның уы ағзаға еніп әуелі тітіркендіреді одан соң жуйке жуйесінде әсер етеді қан тамырлары тартылып сілекей қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе дене тырысып өліп қалуы мүмкін
5. Ауаның жылу жолы атты кестемен жұмыс
Шылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады сол кезде зиянды заттар шылым түтінімен бірге жоғары тыныс жолына түседі. Әдетте ондай нәрсе үйреншікті болғандықтан алғашында жөтел пайда болады бірақ егерде ш.ш тұрақталатын боса ағзаға енетін ауаны фильтрлеп өткізетін тітіркендіргіш кірпікшелер өледі. Зиянды заттар ағзаны тітіркендіріп көп жағдай да бронхиттің асқынған түріне әкеп соғады. Тыныс жолымен түтін бронха негіщне қарай жылжыған сайын никотинніәң зиянды әсері күшейе түседі.
6. Шылым шегуге арналған көрнекілік құрал арқылы саймандық жұмыс жасау шылым шегуші адамның сөздік бейнесін құрастыру.
Тәжірибелік жұмысты орындау үшін қақпағы бар пластикалық шөлмек, ұзындығы 5 см. резина түтігі шиыршықталған мақта, шылым, шырпы, пластилин.
Пластикалық шөлмектің қақпағын түтін диаметріне сәйкес етіп тесу керек. Ол саңлауға түтін ұшының бір ұшын салып, жан жағын пластилинмен бітеу керек. Түтіннің бір жақ шетіне шиыршықталған мақтаны салып, екінші шетіне мақта салу керек. Қақапағын жауып шөлмекті қосып, ішінен ауаның жартысын шығару керек. тТемекіні жағып, шөлмекке біртіндеп қысымды азацту керек. темекі түтіндей бастады.Шөлмек қабырғасы мен мақта шиыршықтарында смала жинала бастайды
Оқушыларға қойылатын сұрақ
Эксперементтен соң мақта шиыршықтары қандай болады Шөлмек қабырғалары ше Сіздердің ойларыңызша шылым шегуші адамның өкпесі қандай
Сұрақтар
1.ШШ кезінде адам өкпесіне түсетін газ жеңіл көліктің түтінінің құрамында болатын химиялық газбен бірдей Ол газ қалай аталады?
2. Ш Ш-нің өкпесімен қатар 2 –ші көп зақымданатын ағза мүшесі қалай аталады?
3. Тұрмыс өрттерінің басты себептері қандай Адам өліміне әкеп соғатын электро бұйымдар
4. Пассивті ш /ш дегеніміз не?
5. Жасөспірімдердің ш /ш –ден бас тартуының басты 3 себебін атаңыз?
8. Қортынды
ШШ-дің теріс салдарға әкеп соғатын себептерін атаңыз
1. тіл мен ерін сілемейлі қабаттарын зақымдайды
2. құрғақ жөтелдің болуы
3. ауыз құысының жағымсыз иістің шығу
4. ауыз қуысының инфекциясы
5. иіс сезу қвбілетінің нашарлауы
6. бет жұзді уақатынын бұрын әжім басу
7. тістердің сарғаюы
8. қалыпты тыныс алудың бұзылуы
9. түрлі ауруларға ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі
Сонымен, шылым шегудің нәтижесінде адам өз көркін жоғалтып, денсаулығын бұзады.
ЖҚТБ және АҚТҚ дегеніміз не ?
ЖҚТБ — жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. Бұл ауру адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) вирусы арқылы пайда болады. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышыиммун жүйесін әлсіретеді, соның нәтижесінде организм әртүрлі ауруларға қарсы тұру мүмкіндігін жоғалтады. ЖҚТБ терминімен АҚТҚ соңғы кезеңін белгілеген; ол адамның иммун жүйесінің зақымдалуымен сипатталады, соның салдарынан ілеспе өкпе, ішек-асқазан жолдары ағзалары, бас миы аурулары дамиды. Ауру өліммен аяқталады.
ЖҚТҚ аббревиатурасы жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ЖҚТБ дегенді білдіреді.
Синдром (белгі) — қандай да бір ауруды сипаттайтын симптомдар, белгілер жиынтығы.
Жұқтырылған — өмір сүру барысында жұқтырған ауру.
Қорғаныш тапшылығы — организмдегі иммундық жүйе белсенділігінің жеткіліксіздігі.
Қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тірі жасушаларды (лимфоциттер) зақымдайды және соларда дамиды. Тірі жасушалар вирустар бөлінетін және көбейетін «инкубатор» түрінде пайдаланылады. АҚТҚмөлшері өте кішкентай: ұзындығы 1 см болатын сызыққа 100 мыңға жуық вирустық бөлшектер орналасуы мүмкін. Вирус ұзақ уақыт жасырын (инкубациялық) кезеңде (зақымдану сәтінен бастап ауру белгісі пайда болғанға дейін) болатын баяу ағымдық ауруды тудырады. Сондықтан, о баста адам организміне енгенАҚТҚөзін ешбір білдірмейді. ЖҚТБжетілгенге дейін жылдар өтеді.
АҚТҚ (қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) зақымданудың негізгі себебі есірткіні инъекциялық қолдану болып табылады (80%), сонымен қатар жыныс жолдары арқылы зақымдалған адамдар мен АҚТҚ бар әйелдерден туылған балалар саны артып келеді.
4. Ауру ағымы
АҚТҚ жауыздығы мынада, ол организмге түсіп, ұзақ уақыт өзін білдірмейді және оны тек зертханалық тексеру кезінде ғана анықтауға болады. Адамның иммун тапшылығы вирусы туғызған аурулар ағымы бірнеше кезеңде көрінеді:
Бірінші кезең — АҚТҚ клиникалық белгісінің болмауы. Бұл кезең 2 ден 15 жылға дейін созылады. Бұл асимптомдық инфекция (жұқпа) деп аталады. Адам өзін сау сезінеді әрі сыртқа солай көрінеді, сөйте тұрып басқа адамдарға инфекция жұқтырады.
Екінші кезең — ЖҚТБ алды.Аурудың алғашқы симптомдарының көрінуімен сипатталады: лимфа түйіндердің ұлғаюы; дене салмағын жоғалту; қалтырау; әлсіздік.
Үшінші кезең — ЖҚТБ.Бірнеше айдан 2 жылға дейін созылады, науқастың өлімімен аяқталады. Зеңдер, бактериялық вирустар арқылы өмірге қауіп төндіретін ауыр аурулардың дамуымен сипатталады.
5. АҚТҚ-инфекциясының берілу жолдары
АҚТҚ жұқтырған адамда әртүрлі сұйықтықта вирус бірдей болмайды. Вирустың біршама саны басқа бір адамды зақымдау үшін жеткілікті. АҚТҚ инфекциясы қанда, шәуетте, қынаптық секретте, ми-жұлын сарысуында, емшек сүтінде болады. Демек, АҚТҚ-инфекциясының үш түрлі берілу жолы туралы айта аламыз:
жыныстық қатынас;
парентеральді (вирустың қанға түсуі);
вертикальді (АҚТҚ бар ананың жүктілігі, тууы, емізуі кезінде).
6. АҚТҚ- инфекцияның жұқпайтын жолдары
АҚТҚ-инфекция жұқпайды:
достық қарым-қатынаста және сүйгенде;
қол алысқанда;
мектеп құрал-жабдықтарын, компьютерді, асхана құралдарын, сыртқы киімді пайдалану кезінде;
сантехжабдықтарды, бассейн, душты пайдалануда;
қоғамдық көлікте;
жәндіктермен, соның ішінде қансорғыш;
өндірістік және үй жағдайындағы заттар арқылы;
ауамен тыныс алу арқылы;
АҚТҚ - инфекция тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсетін серігі болғанда, мүшеқап арқылы сексуалды қатынаста жұқпайды. Науқас адамға күтім жасау барысында да жұқпайды.
7. АҚТҚ - инфекциясын жұқтыру қатерінің дәрежесі.
Қауіп -қатер тобы АҚТҚ зақымдану мүмкіндігі жоғары адамдар бар. Бұл қатер дәрежесін анықтайтын адамның тәртібіне байланысты: сексуалды серіктер санының көптігі; мүшеқапсыз жыныстық қатынас; жыныс жолдары арқылы жұқтырған ауруы бола тұрып жыныстық қатынасқа бару; есірткіні күретамыр арқылы қабылдау барысында бір ине мен шприцті бірнеше адамның қолдануы.
Сондықтан ілсңз топқа мыналар жатады:
нашақорлар;
гомосексуалистер;
жезөкшелер;
ретсіз жыныстық қатынасқа баратын тұлғалар.
Әлемдегі бүгінгі жағдай қарапайым жеке тәртіп ережесін сақтамаған жағдайда біздің әрқайсымыз қауіп-қатер тобына жататынымызды көрсетіп отыр.
8. Алдын алу шаралары
АҚТҚ - инфекциясынан емдеуге немесе зақымданудың алдын алуға болатын дәрілер мен екпелер әлемде әлі күнге жасалған жоқ. Ауру нәтижесі өлімге әкеледі. Тек қауіпсіз тәртіп пен өз денсаулығына деген жауапкершілік қатынас адамның иммун тапшылығы вирусымен зақымданудан қорғайды.
Жыныстық жолмен зақымдану. Белгісіз жыныстық қатынасқа түспеген, есірткіні тамыр арқылы қабылдамаған адамда АҚТҚ зақымдану қатері жоқ.
Ерте жыныстық қатынасқа түсу қаламаған жүктілікке, венерологиялық аурумен, ЖҚТБ зақымдануға әкелуі мүмкін. Осы біздің балаларымызға керек пе? Олар ата-ана болуға дайын ба?
Сондықтан АҚТҚ зақымданудың алдын алудың негізі төмендегілер болуы тиіс:
Қауіпсіз және жауапты тәртіп, салауатты өмір салты.
Ерте жыныстық қатынастан бас тарту. Некеге тұрмай тұрып, жыныстық қатынаста болудан бас тарту нағыз терең қатынасты құруға, төзім мен өзін-өзін бақылауды дамытуға, жастық шағына қуануға, жұқпалармен зақымдану қорқынышынан сейілуге ықпал етеді, ерлі-зайыпты ретінде бірегей қатынасты сезінуге көмектеседі, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтыру үрейінен және оның салдарынан арылтады.
Неке адалдығын сақтау.
Кездейсоқ жыныстық қатынаста мүшеқапты пайдалану.
Жеке бас гигиенасын сақтау.
9. Салауатты өмір салты ЖҚТБ алдын алу негізі ретінде
Мыңдаған аурулар бар, алайда денсаулық біреу ғана (Л. Берне).
Адамдағы ең қымбат нәрсе — бұл өмір. Өмірдегі ең басты нәрсе - денсаулық. Өз денсаулығымызға күтім жасау арқылы біз болашақ ұрпағымыздың денсаулығы туралы ойлаймыз. Адам денсаулығы көптеген себептерге тәуелді: тұқымқуалаушылық факторлары, медициналық көмек, қоршаған орта және өмір сүру жағдайы. Өмір сүру салты әдеттерден, мінезден, адамның қажеттілігінен, оның материалдық және рухани жағдайынан, салт-дәстүрінен және т.б. қалыптасады.Өзіңді жақсы сезіну үшін салауатты өмір салтын ұстануға тырысу қажет. Бұдан бұрын да ұлы адамдар былай деген: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат сыйы» (Т.Карлейль). Салауатты өмір салты адамның организмінің даму заңдылықтары туралы ақпараттануымен, ненің зиянды, ненің пайдалы екендігін білуімен тығыз байланысты. Аурудың ішіндегі ең қауіптісі — надандық.Салауатты өмір салты жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудан, денені шынықтырумен айналысудан, дұрыс тамақтанудан, алкоголь мен есіртік қолданудан бас тартудан, әртүрлі күйзеліске қарсы тұра білуден тұрады. Пайдалы және зиянсыз әдеттер денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал етеді.
Денсаулық үшін дене шынықтырумен айналысу өте маңызды. «Гимнастика, дене жаттығулары, жаяу жүру өзінің жұмысқа қабілетін, денсаулығын сақтағысы, толыққанды және бақытты өмір сүргісі келетін әрбір адамның күнделікті тұрымыс режиміне енуі тиіс» (Гиппократ).
Адам денсаулығына алкоголь, шылым және есірткі қатерлі әсер етеді. Соның әсерінен ішкі ағзалар, тамырлар, ми зақымданып, ауыр дерттер пайда болады. Мұндай әдеттерден арылу өте қиын, әрі олар күнделікті өмірде «қажеттілікке» айналып кетеді.Оларды шектеу нәтижесінде пайда болған салдар соншалықты қауіпсіз: себебі адамның өзі олармен өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе зиянды әдеттерге бала кезден үйір болса, одан арылу өте қиын. Бала кезде организм жаңадан қалыптаса бастайдыжәне зиянды заттардың жойқын әсеріне қарсы тұра алмайды. Жиі ауыратын болады, ол ауыр жағдайда өтіп, аяғы өлімге әкеледі. Емдеуге болатын да аурулар бар: соңы өліммен аяқталатын тұмау, респираторлық сырқаттар. Ойланбай жасалған әрекеттер (ретсіз жыныстық қатынас, есірткіні инъекциялық қабылдау) болжауға келмейтін қиын жағдайға душар етуі әбден мүмкін. Біздің балаларымыздың өмірі енді ғана басталып келеді. Ол қиындықтарға, кездейсоқ жағдайларға, жеңістерге, жеңілістерге толы. Біздің әрқайсымыз өз балаларымыздың жарқын да бақытты болашағын жоспарлаймыз, ол жүзеге асуы үшін бүгінгі күннен бастап оларды өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын, ерік-жігері мықты тұлға ретінде тәрбиелеуге тиіспіз. Өз денсаулығына жоғары бағалауға тәрбиелеу —салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты осы.
10. АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ науқастарыжәне олармен өзара қарым-қатынас этикасы
ЖҚТБ тек медициналық емес, АҚТҚ жұқтырғандарға да, олардың туыстарына, жақындарына да, олармен байланысты барлық адамдар үшін де әртүрлі әлеуметтік салдары бар үлкен мәселе.
11. АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесінің құқықтық аспектілері
АҚТҚ-инфекциясының таралу мәселесізаңнамалық актілер қатарында қаралады. Сонымен, Қылмыстық кодекс ЖҚТБмен зақымдану қатерін туғызған тұлғаға үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолдануды қарастырады; өз ауруын біле тұра қасақана біреуге ЖҚТБ жұқтырған тұлға жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. «Бала тәрбиелеп отырған отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заң ЖҚТБ ауыратын, АҚТҚ жұқтырған балаларға 16 жасқа дейін зейнеткерлік жәрдемақы беруді қарастырады. Законами «денсаулық сақтау туралы», «Халықтың санитарлық игілігі туралы» Заңдар төмендегілерге кепілдік береді:
ЖҚТБ емдеу кезінде тегін дәрі-дәрмек беру;
кез келгенмедициналық мекемеде емделу;
АҚТҚ жұқтырған тұлғаларды жұмыстан босатуға, қабылдамауға, оқу орнынан шығаруға, балалар мекемесіне қабылдамауға жол бермеу;
азаматтардың медициналық куәландыру құқығына, оның ішінде анонимді (жасырын);
медициналық мекемелердегі тексерулердің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз ету.
ЕгерАҚТҚ/ЖҚТБ, нашақорлық, жыныс жолдары арқылы жұққан инфекциялар мәселелері бойынша сұрақтар туындаса, Сіздер Республикалық немесеоблыстық ЖҚТБ профилактикасы орталықтарында, наркологиялық және дерматовенерологиялық қызметтерден көмек ала аласыздар.
Тақырыбы: «Ғасыр обасы – ЖҚТБ, АҚТҚ және нашақорлық»
Мақсаты:
ғасыр дертіне айналған ЖҚТБ және АҚТҚ аурулары және нашақорлық туралы оқушыларға түсінік беру. Олардың адам ағзасына тигізер зияны, залалы жөнінде түсінік беру, сонымен қатар оқушыларды өз ойын жинақтап жеткізе білуге, тұжырым жасап, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету, осының негізінде адамгершілік, рухани қасиеттерін қалыптастыру. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Көрнекіліктер:Қанатты сөздер «Салауатты өмір сүр», «Болашағың өз қолыңда», «Өмір, сен қымбатсың маған», т.б.; оқушылардың тақырып бойынша салған суреттері.
·Сабақтың түрі: семинар-тренинг
·Барысы:
1. «Амандасу» жаттығуы
2. Кіріспе сөз
3. «Гүлдер алаңқайы» жаттығуы
4. Миға шабуыл
5. «Аралдар» жаттығуы
6. Көрініс «Айдынның сөзі»
7. «Вернисаж» жаттығуы
8. Тест
9. «Жүректен жүрекке..» жаттығуы
10.Қорытынды
Тренингтің жүру барысы:
Психолог: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің психологиялық тренинг сабағымыз «1-желтоқсан – дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне» арналып отыр. Адамзатты алаңдатқан кесапаттың Қазақстанда жылдан жылға өршуі үлкен қауіп тудыруда. Бүгінгі сабағымыз осы ғасыр дерттерінің пайда болуы, белгілері, жұғу жолдары және де олардың алдын алу, олармен күрес жөнінде болмақ.
«Амандасу» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен – Айшуақпын ақылдымын, мен Бахтиярмын – бақыттымын, т.б.
Кіріспе сөз: ЖҚТБ ауруының «ЖҚТБ – ХХІ ғасыр обасы» деп аталуы тегін емес. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы ашылған уақыттан бастап шамамен 30 жыл өтті (1981 ж.). Осы уақыт ішінде ЖҚТБ бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам адамның өмірін қиды. АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясының тек қана медициналық мәселе болудан қалғанына біраз болды. Ол адам өмірінің барлық қырларын жанап өтті: саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және білім.
Қазіргі уақытта АҚТҚ-инфекциясы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тіркелген. Бұл қауіпті вирусты жұқтырудан ешкім де сақтандырылмаған.
ЖҚТБ-ны ағзаның иммундық (қорғаныс) жүйесінің өмірлік маңызы бар жасушаларды жоятын адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тудырады.
АҚТҚ жұқтырған адамда аурудың белгілері бірнеше жыл бойы дамиды. Осы жылдар бойы ол кәдімгідей өмір сүруі мүмкін. АҚТҚ вирусы адамды аурулардан қорғайтын маңызды бөлшек болып табылатын қанның ақ жасушаларын зақымдайды. Олар зақымдалған кезде адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті бірден әлсіреп кетеді. Әдетте, сау иммундық жүйе оңай жеңетін «жеңіл» аурулар бұл жағдайда ауыр асқынулар тудыруы мүмкін.
«Гүлдер алаңқайы»жаттығуы
Нұсқау: балалар бір-бірінің соңынан тізбектеліп тұрады да, поезды бейнелеп қозғалады. Тоғай ішіндегі әр түрлі гүлдер өсіп тұрған алаңқайға келіп, әрқайсысы гүл тереді. Топты жинаған гүлінің түсіне қарай бірнеше шағын топтарға бөлеміз.
Барлығы оқушылар төрт топқа бөлінеді.
«Миға шабуыл»: Төрт топқа сұрақтар беріледі.
1-топ: «Балалар темекі шегуге неге әуес?»
2-топ: «Алкогольдің адам ағзасына тигізер әсері туралы не білесің?»
3-топ: «АҚТҚ/ЖҚТБ – жұқпалы ауру дегенді қалай түсінесің? » (белгілері, жұғу жолдары, т.б.)
4-топ: «Нашақорлық қандай дерт?»
Әр топ берілген сұраққа жауап жазып, қорғайды.
Келесі кезекте ЖҚТБ және нашақорлық дерттеріне байланысты оқушылардың жазған өлеңдері тыңдалады.
«Аралдар» жаттығуы (сергіту)
Нұсқау: Еденге 2-3 қағаз тасталады. «Арал» саны баладан біреуі кем болу керек. Балалар оларды айналып жүреді. Алақанды ұрған кезде олар екі аяқтарымен «аралды» басу керек. Кім үлгермесе немесе сыймаса сол ойыннан шығады, бір «арал» алынып тасталады. Бір арал қалғанша жалғастырады.
Психолог: Республикамызда ЖҚТБ-ға қарсы күрес жұмысын атқаратын арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Оның құрамында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнінже республикалық орталық, облыстық, қалалық ЖҚТБ орталықтары, кеңес беру және анонимді түрде тестіден өткізу бөлімшелері жұмыс жасап тұр. АҚТБ/ЖҚТБ дертінен емдеу де жүргізілуде.
Көрініс: «Айдынның сөзі» (орындайтын 6-сынып оқушылары)
«Вернисаж» жаттығуы (сурет салу)
Төрт топқа тапсырма беріледі.
1-топ: «Темекі шегетін адамның суретін салу»
2-топ: «Ішімдік ішетін адамның суретін салу»
3-топ: «Есірткі қолданатын адамның суретін салу»
4-топ: «Дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын адамның суретін салу»
Талдау.
Психолог: «Ғасыр обасы» деп аталатын осы ауруды дүниежүзі ғалымдары қанша бас қосып ақылдасса да, әзірге көзін жоюға шамалары келмеуде. Бұл аурудың үдеуінің бірден-бір себепшісі – есірткі. Есірткі шегушілер негізінен қылмыскерлер, олар өзін ғана құртпай, өзгелерді де құртады. Олар өзімшіл, ата-ана, бауыр, туыстарына жаны ашымайтындар, олар адам пішініндегі құбыжықтар деуге болады. Саналы адамзаттың көздеген мақсаты есірткі мен ЖҚТБ ауруына қарсы тұру, қоғамға, ел болашағына зиян келтіртпей, адамзаттың, қоғамның саулығын қорғау болуы керек. Бүгінгі таңда ЖҚТБ ауруы туралы естіп білгенімізге 30 жылдай уақыт болыпты, бірақ осы уақытқа дейін бірден-бір аурудан құлан таза емделіп жазылғанын естіген емеспіз. Ауруды зерттеп тексерген ғалым мамандардың айтуы бойынша, бұл аурудан қорғанудың бір-ақ жолы бар, ол – білім.
Осыған орай сіздердің ЖҚТБ ауруына байланысты білімдерінді тексерейік. (Тест «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?»)
«Жүректен жүрекке» жаттығуы. Тренингке қатысушылар жүрекшелерге тілектерін жазып, бір-біріне ұсынады.
Қорытынды: "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дейді ғой қазақ. Есірткіге жолаған жастың өмірі құздың жиегінде тұрады. Адамшылықтан айрылып, сана сезімнен жұрдай жан мақұлыққа айналады. Өз тағдырын отқа тастап қана қоймай, соның жалынымен айналасын шарпып ЖҚТБ жұқтырады. Жеңілтек бойжеткен де түбі соған ұрынары хақ. Қазақтың қыз-жігіті осы екеуінен қашық жүрсе құрдымға кетуден аман болады. Осыны естен шығармайық. Ел тағдыры да, өз тағдыры да жастардың қолында. ЖҚТБ сені ғана құртып қоймай ұрпағыңа да көр қазады. Оған шалдығушылар қатарында балалардың кездесуі өкінішті-ақ. Өмірге енді қадам басқан жасөспірімдер арасында бұл қатерлі дерттің таралуымен көп болып күрессек қана жеңіске жетеміз.
АҚТҚ/ЖҚТБ- ның алдын алу бойынша айлық жоспар
№
|
Тақырыбы
|
Түрі
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
|
ЖИТС-ке қарсы күрес айлығының ашылуы
|
|
|
|
|
АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша ұстаздардан тест алу
|
|
|
|
|
АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша оқушылардан тест алу
|
|
|
|
|
АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша ата-аналардан тест алу
|
|
|
|
|
«АҚТҚ/ЖҚТБ-дегеніміз не?»дәріс сабағы
|
|
|
Умерзакова
8-11 сынып
|
|
«Біз өмірді сүйеміз» қазақ,орыс,ағылшын тілінде эссе
|
|
|
7,8,10
|
|
«Өз өмірің,өз қолыңда»үгіттоп
|
|
|
5а,5ә
|
1
|
«Спорт және денсаулық»
флеш моб
|
|
|
7сынып
|
|
Дөңгелек үстел «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен
|
|
|
8
|
|
Дебат
|
|
|
9,10
|
|
«Салауатты ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда» ата-аналар отырысы
|
|
|
Умерзакова
|
2
|
«ЖҚТБ туралы не?білез»
Парақша тарату
|
|
|
6сынып
|
3
|
«Менің отбасым-сау отбасы»спорттық ойын
|
|
|
д/ш мұғалімдер
|
4
|
«ЖҚТБ мәселесі және олардан сақтану жолдар»
Санбюлетень
|
|
|
медбике
|
|
«Өмір үшін қауіпті-ЖИТС»»кітап көрмесі
|
|
|
кітапханашы
|
|
«ЖИТС-тің алдын алу»сурет көрмесі
|
|
|
Альжанов Е.Т
|
АҚТҚ/ЖҚТБ- ның алдын алу бойынша жылдық жоспар
№
|
Тақырыбы
|
Түрі
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
|
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша жұмыс жоспарын бекіту
|
|
қыркүйек
|
|
|
«Шамшырақ»стендін жаңарту
|
|
қыркүйек
|
|
|
«Сенім»жәшігінің жұмысын жандандыру
|
|
Жыл бойы
|
|
|
АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша ұстаздардан тест алу
|
|
Қараша
мамыр
|
|
|
АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша оқушылардан тест алу
|
|
Қараша
мамыр
|
|
|
АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша ата-аналардан тест алу
|
|
Қараша
мамыр
|
|
|
«АҚТҚ/ЖҚТБ-дегеніміз не?»дәріс сабағы
|
|
|
|
|
«Біз өмірді сүйеміз» қазақ,орыс,ағылшын тілінде эссе
|
|
|
|
|
«Өз өмірің,өз қолыңда»үгіттоп
|
|
|
|
1
|
«Спорт және денсаулық»флеш моб
|
дәріс
|
Қыркүйек
|
Грузницкая Л.Б..
|
|
«Денсаулық- байлықтан қымбат»
|
Дөңгелек үстел
|
|
|
|
«Мен сау болсам-елім сау»
|
Дебат
|
|
|
|
«Салауатты ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда» ата-аналар отырысы
|
|
|
|
2
|
«ЖҚТБ туралы не? білез»
|
|
Қазан
|
Алпысбай А.М.
|
3
|
|
Ашық тәрбие сағаты
|
Қараша
|
Балмағамбетова Ж.К.
|
Достарыңызбен бөлісу: |