Шымкент қалалық білім бөліміндегі 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының есебі Білім бөліміне қарасты мекемелер



Дата23.02.2016
өлшемі144.75 Kb.
#2910
Шымкент қалалық білім бөліміндегі 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының есебі
Білім бөліміне қарасты мекемелер.

2014 жылы Шымкент қаласындағы мектептер саны - 128 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны - 80, мектептен тыс мекемелер саны - 9.

2015 жылы мектептер саны - 127 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны - 82, мектептен тыс мекемелер саны – 9.




Жылдар

Мектептер

Балалақшалар

Мектептен тыс мекемелер

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

2014

128

148351

80

24377

9

15545

2015

(9 ай)


127

156767

82

24524

9

15804

2014 жылы типтік мектеп – 99, ыңғайластырылған мектеп саны – 26. Түзету мекемесінде 2 мектеп орналасқан.



Қаржыландыру. 2015 жылға білім саласын дамытуға 31 млд. 694 млн. 099 мың теңге бөлінген, оның ішінде ағымдағы жылдың 9 айына 24 млд. 066 млн. 760 мың теңге қаралып, қаржының 99,96% игерілді.




Бюджет түрі

2014 жыл (мың теңге)

2015 жыл (мың теңге)

1

Жергілікті бюджет

22 941 967,0

24 032 901,0

2

Республикалық бюджет

6 620 476,0

5 534 636,0

3

Облыстық бюджет

627 995,0

2 126 562,0




Барлығы

30 190 438,0

31 694 099,0


Білім қорына бөлінген қаржы. 2015 жылы білім қорына 470 млн. 091 мың теңге қаралды, ол 2,2 %-ды құрап отыр. Оның ішінде, 324 млн. 891 мың теңгеге әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 8184 оқушы және туберкулез дертіне шалдыққан 2387 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде, 103 млн. 500 мың теңгеге 4500 бала бала қала сыртындағы лагерлерде жазғы демалыспен қамтылды. Ал, 41 млн. 700 мың теңге әлеуметтік жағдайы төмен 4170 балабаға қажетті киім-кешек, оқу құралдарымен жабдықтау үшін бөлінген.
Педагог кадрлар




Жылдар

Ұстаздар саны

Жоғары санат

І-санат

ІІ-санат

Санатсыз

1

2014 жыл

15691

3981

25,4%

3628

23,1%

4427

28,2%

3655

23,3%

2

2015 жыл

(9 ай)



16112

4234

26,3

3835

23,8

4561

28,3

3482

21,6

Шымкент қаласының 2015 жылы біліктілікті арттыруға облыстық бюджет есебінен 2510 мұғалімге 146 858 мың теңге қаржы қаралып. Оның ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы базасында үш деңгейлік (3 ай) курстарға 761 мұғалім (оның ішінде 726 мұғалім, 35 мектеп басшылары), қысқа мерзімді курстарға (2 апта) 1749 мұғалімді жіберу жоспарланған. Қазіргі таңда біліктілігін арттыру курстарына жіберу жоспарланған 2510 мұғалімнің ішінде 1916-ы курстардан өтті.

Күрделі жөндеу. 2014 жылға 29 мектепке, 8 балабақшаға және 3 әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 40 мекеменің – 2 мектебінде (№25, 38) ЖСҚ-да қаралған қаржы 2015 жылға өтпелі.

Ал, 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 929 млн 176 мың теңге қаржы бөлініп, ол қаржыға 6 мектепке (№№21,25,41,43,44,65) және 7 балабақшаға (№№24,41,69,70,75,97,118) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді



Жаңа құрылыс. 2014 жылдың желтоқсан айында 2 балабақша (Самал-3-320, Тұлпар-320 орындық) және 3 мектеп (Ворошиловка елді-мекеніндегі 1200, Құрсай ш/а-900, №105 жом – 300 орындық) құрылысы пайдалануға берілді.

2014 жылдың маусым айында құрылыстары басталған Ақтас-2 – 200 орындық, Көкбұлақ -300, Бозарық-1200, Қаражол-900, Сайрам-1200 орындық мектеп және Гаражная-80, Нұртас-320, Қазығұрт-330, Жангелдин-320, Самал-2-320, Бозарық-320, Ерімбетов-320 орындық балабақшалардың құрылысы 2015 жылға өтпелі. 2015 жылға өтпелі құрылыстардың ішінде 3 балабақшаның құрыстары аяқталып, 1 балабақша (Гаражная-80 орындық) тамыз айында, 2 балабақша (Жангелдин-320, Қазығұрт-330) қыркүйек айында пайдалануға берілді. Сонымен қатар Ақтас-2 – 200 орындық, Көкбұлақ -300, Сайрам-1200 орындық мектептері қыркүйек айында пайдалануға берілді.



Қосымша құрылыс. 2014 жылы №15,58 мектептердің қосымша құрылыстарының және БЭСМ-3 мәжіліс залының жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, 2015 жылы №22, 94 мектептердің қосымша ғимараттарының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Апатты жағдайдағы мектептер. 2014 жылы 6 (№№1, 12, 36, 105, 118, 124) мектептердің ғимараттары апатты жағдайда деп танылып, соның ішінде №1, 105, 124 мектептерінің қайта құру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

2015 жылы 4 (№№12, 34, 36, 118) мектептер апатты жағдайда деп танылған. Аталған мектептерде қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылдың қыркүйек айында 3 мектеп құрылысы (12,36,118) пайдалануға берілді. Ал, №34 мектептің құрылысын 2016 жылы тапсыру жоспарланған.



Үш ауысымда оқытылатын мектептер. 2014 жылы 3 ауысымда оқитын 10 мектеп (№49, 57, 59, 69, 76, 82, 83, 85, 91, 111).

2015 жылы 3 ауысымда 9 мектепте білім берілуде (№57, 59, 69, 76, 83, 85, 82, 91, 111). Аталған мектептерде үш ауысымдылықты жою үшін төмендегі жұмыстар атқарылуда: №57,85 мектептердің құрылысы басталып, а.ж. қараша айында пайдалануға беріледі. №69,76 мектептерге ЖСҚ дайындалып, облыстық білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасына тапсырылды. №91, 111 мектептердің жанынан қосымша құрылыс жұмыстары басталып, 2016 жылы тапсыру жоспарлануда. №59,82,83 мектепке қосымша құрылыс салуға 2015 жылы ЖСҚ дайындалып 2016 жылға құрылысын бастауға құжаттары тапсырылды.



Тасымал. 2014 жылы 10 (№55,56,58,61,72,73,83,88,98,120) жалпы орта мектептерінің оқушылары тасымалдануда.

2015 жылы 8 (№55,58,61,72,73,88,98,120) жалпы орта мектептерінің оқушылары тасымалдануда. Қазіргі таңда тасымал жұмыстары тоқтатылып, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап тек №49,89,58 мектептердің оқушыларын тасымалдау жүргізілуде.



Оқулық. Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай 2011 жылы 4, 6, 11 сынып, 2012 жылы 1, 7, 8 сынып, 2013 жылы 2, 9 сынып оқушыларының оқулығы және 1-ші сыныптың ағылшын тілі, 5-ші сыныптың информатика оқулықтарымен қамтылды. 2014 жылы 2-сынып ағылшын тілі оқулығы, 3, 10-сынып оқушыларының оқулығы және 6-сынып информатика пәні оқулықтары мекемелерге толық жеткізілді. 2015 жылы 4, 5, 6,11-сынып оқушыларының оқулығы, 3-сыныптың ағылшын тілі, 7-сыныптың информатика оқулығы алынып, білім мекемелеріне жеткізілді.

Компьютер. Білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 100% қосылған, 2015 жылы 1 компьютерге 15 оқушыдан келіп отыр. 2015 жылға республикалық бюджеттен 10 000 дана компютерге сұраныс берілген болатын. Сұраныс орындалған жағдайда міндеттемеге сәйкес 1 компьютерге 9 оқушыдан келетін болады.

e-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

2014 жылы 36 мектебі «е-learning» бағдарламасына сәйкес толық жабдықталған.



Жобаның негізгі мақсаттары:

  • үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  • мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру;

  • байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту;

  • оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету.

Е-Learning-те оқушылар үшін оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модулдер және жүйелер бар.


Кабинет. 2014 жылы 387 интерактивті тақта, 159 лингафон кабинеті, 47 биология, 63 физика, 57 химия кабинеттері жабдықталды. 2015 жылға 43 интерактивті тақта мен 9 лингофон кабинетін алу жоспарлануда.


Жылдар

Лингафондық кабинеттер

Интерактивті тақталар

Физика кабинеттері

Химия кабинеттері

Биология кабинеттері

2013

126

356

52

31

34

2014

159

387

63

57

47

2015

9 ай


159

387

63

57

47


Ұлттық бірыңғай тестілеу. 2014-2015 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 6519 мектеп бітіруші, олардың ішінде өзбек тілінде оқитыны - 1084 бітіруші, емтихан тапсырғаны 2576 оқушы, ҰБТ тапсыруға өтініш бергені - 3943 оқушы (ол, 72 пайызды құрайды). Оның ішінде 22 оқушы ҚР БҒМ 22.05.2015 жылғы №320 бұйрығына сәйкес ҰБТ-дан босатылды.

Шымкент қаласы бойынша орта балл 81,8 ( 2014 жылы - 80,1 + 1,7 балға жоғары).




Жыл

Мектеп саны

11- сынып бітірушілер саны

ҰБТ-ға қатыс-

қаны

Орта балл

0-49 аралығында балл жинаған оқушы саны

100-125

аралығында балл жинаған оқушы саны

«Алтын белгі» иегерлер саны

2014

125

6428

3928

80,1

350

635

100

2015

123

6519

3921

81,8

337

728

81


Мектептен тыс мекемелер. Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты мектеп оқушыларының сабақтан бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2015 жылы 9 мектептен тыс мекеме жұмыс істеуде. Ондағы оқушылар саны - 12190.

Үйірме жұмысы туралы. 2014 жылы қаламызда жұмыс істейтін 15 аула клубында 23 түрлі үйірмелерге 3614 бала тартылған. Ал, 2015 жылы 1285 үйірмелерге 43569 бала тартылып отыр.

Жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихатттау мақсатында 91 спорт зал, 32 спорт алаңшалары жұмыс істеуде. 415 спорттық секцияларға 33965 бала қамтылған.



Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс. 2015 жылы аудандық ішкі істер бөліміне жасаған қылмысы мен тәртіп бұзушылық себептерімен 73 оқушы есепке тіркелген. (2013 жылы бұл көрсеткіш-56 болған).

Білім мекемелерінде мектеп инспекторлары мен психологтар бірлесіп алған сауалнаманың нәтижесі бойынша 2014-2015 оқу жылында құқық бұзуға бейім девиантты мінез-құлықты 226 оқушы мектепішілік есепке алынып, тәлімгерлер бекітілді.

2015 жылы ұрлық – 32, тонау – 27, бұзақылық – 27, құқық бұзуға бейім – 40, наркологиялық есепте – 6 тіркелген.

Инклюзивті оқыту бойынша. Шымкент қалалық психологиялық, дәрігерлік-педагогикалық комиссияның есебінде мүмкіндігі шектеулі 7 жаспен 18 жас аралығындағы – 4662 бала есепке тіркелген, соның ішінде 1898-і, яғни 40,7% инклюзивті оқытумен қамтылған. Міндеттеме бойынша 25%.

62 білім мекемелерінен кіріктірілген (интегрирлі) сыныптар ашылып 591 оқушы білім алып коррекциялық қолдау көрсетілуде. 1307 оқушы логопедтік топтарда білім алуда.



Балабақшадағы инклюзивті оқыту. Шымкент қаласы бойынша 3-7 жастағы мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала саны – 2543. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, 2014 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің №893 Жарлығына, «2015 жылы инклюзивтік білім берумен қамтылған мектепке дейінгі жастағы балалардың үлесін 8,5 %-ға жеткізу» бойынша Шымкент қаласы білім бөлімі және Шымкент қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесімен мектепке дейінгі мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізілді.

2015 жылдың сараптамасының нәтижесі бойынша 13 мектепке дейінгі мекемелеріне (№5, 20, 29, 36, 40, 48, 55, 65, 69, 93, 95, 99, 118) логопед штат бірлігі бөлу үшін мектепке дейінгі мекемелердің жарлығына өзгерістерді еңгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.



Бүгінгі күні, Шымкент қаласында 13 (№26,30,36,39,45,47,49,58,66,70,73, 97,100) бөбекжай балабақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына 19,5 логопед штат бірлігі беріліп, инклюзивті оқытуға 201 (9,1%) бала қамтылған.

Ыстық тамақ. 2015 жылы 123 мектептің 95-де асхана, 23 буфет бар. 5 мектепте асхана да, буфет те жоқ. Шымкент қаласы бойынша жалпы тұрмысы төмен отбасылардан 97229 бала ыстық тамақпен қамтылған.

2015 жылы жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген 324 млн. 891 мың теңгеге әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 8184 оқушы және туберкулез дертіне шалдыққан 2387 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.



Балалардың әлеуметтік жағдайы. 2015 жылы көп балалы отбасынан шыққан бала саны – 15503, аз қамтылған отбасынан – 4879, мүмкіндігі шектеулі бала – 786, жартылай жетім бала - 4686, оралман отбасынан – 46. Жалпы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 788, барлығы 26688 бала.

2015 жылы 748 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындалса, 40 бала отбасыға патронаттық тәрбиеге берілген.





Мектепке дейінгі білім беру. 2015 жылы 1 қыркүйек айына Шымкент қаласында мектепке дейінгі мекемелер саны 296 (мемлекеттік балабақшалар - 82, 4 жекеменшік балабақшалар - 170, мектеп жанында шағын орталықтар - 44).

82 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерінде 24524 бала, 170 жекеменшік балабақшаларда 19294 бала және 44 жалпы орта мектептер жанындағы шағын орталықтарында 2550 бала қамтылған.

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 46368 бала қамтылған. Ал, «Балапан» бағдарламасы бойынша 45011 бала қамтылып, ол 77,1 %-ды құрап отыр.





2014 жыл

2015 жыл

(9 ай )

Мектепке дейінгі мекемелер

мекеме

саны

бала саны

мекеме

саны

бала саны

Мемлекеттік

80

24377

82

24524

Жекеменшік

170

19294

170

19294

Мектептер жанындағы шағын орталықтар

45

2706

44

2550

Барлығы:

295

46377

296

46368

Қамту пайызы

(«Балапан» бағдарламасы бойынша)

 

45020

77,1%





45011

77,1%


Білім саласындағы өзекті мәселелер
1. «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес құрылысы 2016 жылға үш аусымда оқытылатын 2 мектептің (№82,83 жом) Жобалау сметалық құжаттары дайындалмаған.

Шешімі: «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес құрылысы 2016 жылға құрылысы жоспарланған үш аусымда оқытылатын №83 жалпы орта мектебінің (Қайнарбұлақ-1200 орындық) жер мәселесі бойынша мемлекеттік актісі рәсімделуде. Аяқталу мерзімі тамыз айы. Жергілікті бюджеттен ЖСҚ-на қаржы қаралған.

Ал, К.Қасымұлы атындағы №82 жалпы орта мектебінің (Жаңаталап-600 орындық) жер мәселесі бойынша мемлекеттік мұқтаждыққа алу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен ЖСҚ-на қаржы қаралған.


2. Сауле ш/а №76 мектепте оқитын балаларымыз дене шынықтыру сабақтарын далада өтуде, әр түрлі мәдени шаралар өтетін мәжіліс залы жоқ.

Шешімі: №76 мектеп жанынан асхана, спорт, мәжіліс залдары және шеберхана құрылыстарын салуға ЖСҚ дайындалуда, 2015-2016 жылдарға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
3. Шымкент қаласында 9 жалпы орта мектеп (№№22, 57, 59, 69, 76, 83, 85, 82, 91, 111) 3 ауысымда білім береді.

Шешімі: Жоғарыда көрсетілген мектептердегі үш ауысымдылықты жою үшін төмендегі жұмыстар атқарылуды. №57,85 мектептердің құрылысы басталып, а.ж. қараша айында пайдалануға беріледі. №69,76 мектептерге ЖСҚ дайындалып, облыстық білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасына тапсырылды. №91, 111 мектептердің жанынан қосымша құрылыс жұмыстары басталып, 2016 жылы тапсыру жоспарлануда. №59,82,83 мектепке қосымша құрылыс салуға 2015 жылы ЖСҚ дайындалып 2016 жылға құрылысын бастауға құжаттары тапсырылды.


Бөлім басшысы Ы. Мадиев


Орын.: Қ.Досжанов

Тел.: 56-86-33

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет