Шымкент қаласы А. Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім береті мектебі 9 «Б» оқушысы Найзабеков Арсен Мінездеме



Дата06.04.2023
өлшемі13.27 Kb.
#471865
Практика мінездеме оқушыға


Шымкент қаласы
А.Молдағұлова атындағы
29 жалпы орта білім береті мектебі
9 «Б» оқушысы Найзабеков Арсен
Мінездеме
Найзабеков Арсен сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды.Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Жалпы, Арсен сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Арсен өз білімі жан-жақты жетілдіреді.Сабаққа әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Арсен мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүрген оқушы. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай, өте белсенді. Болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Осы сыныпты алғаннан бері, қазақ тілі мен әдебиеті сабағына өте жақсы дайындықпен келеді. Сабақта берілген тапсырмаларды орындап қана қоймай, өзінің ойын ашық жеткізе біледі. Өзіне берілген тапсырмаларға үлкен жапаукершілікпен қарайды. Болашақта білімді де білікті, еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенімдімін.
Практикант: Жүсіп А.Н
Пән мұғалімі: Кольчикбаева Ж.М

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет