Шымкент қаласы білім бөлімінің 2014 жылдың 6 айда атқарылған жұмыстарының есебі



Дата23.02.2016
өлшемі75.33 Kb.
#3915
Шымкент қаласы білім бөлімінің 2014 жылдың

6 айда атқарылған жұмыстарының есебі.

2013 жылдың I тоқсанында мектептер саны -84, оқушы саны -104668, ал 2014 жылдың 5 айда үш ауданнан қосылған мектептермен – 128, оқушы саны-139060. Яғни, үш ауданнан білім мекемелерінің қосылуына байланысты мектеп саны да, оқушы саны да артып отыр. Кешкі мектептер саны-3. 2013 жылы типтік мектеп -71, ыңғайластырылған мектеп -13. 2014 жылы типтік мектеп -101, ыңғайластырылған мектеп саны – 24.



Қаржыландыру. 2014 жылға барлығы 29 млд  869 млн 997 мың теңге қаралып, оның ішінде 14 млд 555 млн 65 мың 2014 жылдың 6 айына қаралған. Қаралған қаржының 14 млд 529 млн 588 мың 922 теңгесі немесе 99,8% игерілді.






2013 жыл

2014 жыл 6 ай

Жергілікті бюджет

17 млрд 350 млн

530 мың теңге



12 млрд 427 млн

771 мың теңге




Облыстық бюджет

744 943,0 мың теңге

120 млн

Республикалық бюджет

2 620 242,0 мың теңге

2млрд 7 млн 294 мың

Барлығы

20 715 715,0 мың теңге

14 млрд 555 млн

65 мың теңге


Білім бөліміне қарасты жалпы білім беру мектептері саны 2013 жылы -84, 2014 жылдың I тоқсанында мектеп саны -128. Мемлекеттік балабақша 2013 жылы -73 болса, 2014 жылы - 80. 2013 жылы мектептен тыс мекеме саны-8, 2014 жылы мекеме саны -9. Бұл мекемелерде 2013 жылы педагог саны-12384, оның: 3514 жоғары, I санат - 2926, II санат - 2973, санатсыз – 2971 мұғалім. 2014 жылы -15458, оның ішінде жоғары санатты -3748, I санатты мұғалім саны - 38946 II санатты мұғалім саны 4035, санатсыз мұғалім саны -3781. Негізгі өсу үш ауданнан қосылған мектептерге байланысты.



Білім қорына бөлінген қаржы. 2013 жылға жалпы білім қорына, яғни жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы және оралман отбасылардың балаларына мектеп формасын, жазғы демалысын және бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 225597,0 мың теңге қаралып, 1,9% құрады. Оның: 156628,0 мың теңгесіне 4946 бала 75 асхана, 9 буфеті бар мектептерде (100%) ыстық тамақпен қамтылған, ал мұқтаж балаларды мектепке киім – кешекпен қамтамасыз етуге 49100,0 мың теңге қаралып, оған 4 900 бала, жазғы сауықтыру лагерімен 28 869,0 мың теңгеге 1413 бала қамтылды.

2014 жылы білім қорына 324млн 840 мың теңге қаралды, ол 2 пайызды құрап отыр. Оның: Ыстық тамаққа 6946 оқушыға 219465,0 мың теңге, киімге 366 балаға 5500,0 мың теңге, жазғы сауықтыру лагеріне 4415 баланы қамту үшін 99875,0 мың теңге қаралды.



Ағымдағы жөндеу. 2013 жылға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 177 772 мың теңге қаржы қаралса, 2014 жылы 272 млн 210 мың теңге қаралды.

Күрделі жөндеу. 2013 жылы 8 мектепке (№3,18,45,51 31,19,33,40) 702 825,0мың.теңге қаржыға және 12 балабақшаға (№2,44,122,47,68,70,86, 100,65,106,15,27) және «Ақ-су» сауықтыру лагеріне 1 144 507,0 мың. теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылға 29 мектеп пен 8 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Жаңа құрылыс. 2013 жылы 4 мектеп (Ворошиловка-1200, Ақтас-600, Жиделі-600, Құрсай-900 орындық), 3 балабақша (Самал-3-320, Тұлпар-320, Асар 280 орындық) құрылысы басталып, 2014 жылға өтпелі. 2013 жылдың қыркүйек айында Ақтас -600 орындық мектеп, қазан айында «Жиделі» е/м (600 орындық мектеп), 1 балабақша (Асар 280 ) құрылысы пайдалануға берілді.

Қайтару арқылы жаңадан ашылатын 2 балабақша (Күншығыс, Тұрлан м/а) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2013 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

2014 жылға өтпелі 2 мектеп (Ворошиловка-1200, Құрсай-900 орындық), 2 балабақшаға (Самал-3-320, Тұлпар-320 орындық) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Көкбұлақ -300 орындық, Бозарық -1200 орындық, Қаражол-900, Жыланбұзған -300 орындық мектеп, Сайрам -1200 орындық мектеп құрылысы 2014 жылдың маусым айынан бастап құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Қосымша құрылыс. 2013 жылы 6 мектепке (№15,48,54,58,6,42) қосымша құрылыс жүргізу жоспарланып, бүгінгі таңға №6,42,48 мектептеріндегі қосымша құрылыс, №54 мектептің спорт залы пайдалануға берілді. №1,15,58 мектептеріндегі қосымша құрылыстар 2014 жылға өтпелі, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы №22,94, мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары басталуда.

Апатты жағдайдағы мектептер. 2013 жылы 3(№1,12,36) мектептің жекеленген ғимараттары апатты жағдайда болып танылды. №1 орта мектепке ОБ 168 млн. теңгеге қайта құрымдау құрылысы жүргізілуде. 2014 жылы 5(12,36,105,118,124) ғимараттары апатты жағдайда деп танылған, №12,36,105,118,124 мектептеріне қайта құрылымдау жұмысына ЖСҚ дайындалып, құрылыс жұмыстарына конкурс өткізіліп, құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар №62 жалпы орта мектептің жекеленген ғимаратына сараптамалық қорытынды алынды. 2014 жылы күрделі жөндеу жұмысына ЖСҚ дайын, жөндеу жұмыстары маусым айында басталады.

Үш ауысымда оқытылатын мектептер. 2012 жылы 3 ауысымда оқитын мектептер болмады. 2013 жылы бала санының артуына байланысты 10 (22,49,57,58,59,69,76,80,83,85) мектеп үш ауысымда оқуда. 2014 жылы 3 ауысымда оқитын 11 мектеп (№49,57,58,59,69,76,83,85,82,91,111). №49,58 мектептеріне құрылыс жүргізілуде, №57,85 мектептері құрылысының ЖСҚ дайын, құрылыс жұмыстары басталады, №59,69,83 мектептерге ЖСҚ дайындалуда. №76 мектепке Сауле мөлтек ауданында 1200 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ дайындалуда. №91,111 мектептердің жанынан қосымша құрылыс салуға ЖСҚ дайын, келесі жылы құрылысы басталады. №82 мектепке қосымша құрылыс салуға 2015 жылға ЖСҚ дайындауға сұраныс беріледі.

Тасымал. 2013 жылы 10 мектепте (№12,19,55,56,58,61,72,80,83,88) тасмалдау жүргізілсе, 2014 жылы 12 (№12,55,56,58,61,72,80,83,88,73,98,120) жалпы орта мектептерінің оқушылары тасымалдануда.

Оқулық. Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай 2011 жылы 4,6,11 сынып, 2012 жылы 1,7,8 сынып оқушылары әлеуметтік жағдайына қарамай 100% оқулықпен қамтылды. Ал, 2013 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 1 сынып оқушыларын ағылшын тілі оқулығы және 2-9 сынып оқушылары толық оқулықпен қамтамасыз етілді.

Компьютер. Білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 100% қосылған, 2012 жылы 1 компьютерге 15 оқушыдан келді, ал 2013 жылы 1 компьютерге 13 оқушыдан келіп отыр.

Қала мектептері толық интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. 2012 жылы Шымкент қаласының 27 мектебі, ал 2013 жылы 34 мектебі «е-learning» бағдарламасына сәйкес толық жабдықталған.



Кабинет. 2012 жылы қала мектептерінде бүгінгі таңда заман талабына сәйкес жабдықталған биология кабинеті 34, физика кабинеті 52, лингофон кабинеті 126, химия кабинеті 26 болса, 2013 жылы 5 химия кабинеті қосылып, барлығы 31 химия кабинеті болды.

Спорт алаңшалары. Қала мектептерінде 2012-2013 оқу жылында 72 спорт зал, 14 спорт алаңшалары болды. Салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында 412 үйірмеге 23 438 оқушы сабақтан бос уақыттарында, қалаған спорт түріне қатысады. 2013 жылы облыстық бюджеттен 139 млн 539 мың теңгеге 12 мектептің (№3,17,23,25,39,40,45,51,62,65,66,78), жергілікті бюджеттен 58 млн 635мың теңгеге 5 мектептің (№13,26,34,59,83) аулаларына спорт алаңшалары орнатылды. 2014 жылы 21 мектепке спорт алаңшарын салуға жергілікті бюджеттен 365,920 млн теңге қаржы қаралып, мердігерді анықтауға конкурс өткізілуде.

Ұлттық бірыңғай тестілеу

Шымкент қаласында ҰБТ үш тестілеу орталықтарында 2014 жылдың 2 - 6 маусым аралығында өткізілді.

2013-2014 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 6428 мектеп бітіруші, олардың ішінде өзбек тілінде оқитыны 1111 бітіруші, естихан тапсырғаны 2480 оқушы, ҰБТ-ға өтініш бергені 3948 оқушы (ол, 74,6 %-ды құрайды).

Шымкент қаласы бойынша орта балл 80,1 ( 2013 жылы - 78,1 , + 2,0 балға жоғары).

«Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны қала бойынша 213 түлек болды, оның ішінде 100 үміткер өздерінің білімін дәлелдеп, «Атын белгі» белгісіне иегер атанды, ол 44,8 %-ды құрады. «Үздік» аттестатқа үміткер 84 бітірушінің 41-і (42,8 %) өз білімін дәлелдеді.

Инклюзивті оқыту бойынша

Шымкент қалалық психологиялық, дәрігерлік-педагогикалық комиссияның есебінде мүмкіндігі шектеулі 3 жаспен 18 жас аралығындағы -6312 бала есепке тіркелген.

Оның: 389 баласы арнайы жолдама алып үйде оқытылуда, 403-бала арнайы мектеп интернаттарда, 653-бала коррекциялық бала бақшаларда, 103-бала психолог-педагогикалық кабинеттерде білім алуда,72-бала оқуға жатпайды. 6312 баланың 1620 баласы коррекциялық қолдауға ие болып отыр. 4692 бала қамтылмады.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күнгі мәліметі қала мектептерінде 1271 балаға инклюзивті білім берілуде.

53 білім мекемелерінен кіріктірілген / интегрирлі/ сыныптар ашылып-249- оқушы білім алып коррекциялық қолдау көрсетілуде. 878- оқушы логопедтік топтарда, 144- оқушы арнайы сыныптарда білім алуда.

Инклюзивті білім беру қала деңгейінде 45,8 % пайызды құрап отыр.

Мектептер жанынан 24 логопедтік орталықтар ашылып, логопед және дефектолог мамандарына штат бөлінді. Инклюзивті білім беріп отырған мектептер көрсеткіші 59% пайызды құрады.

2014 жылы инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 23 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отырады.



Мектептен тыс мекемелер. Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2013 жылы 8 мектептен тыс мекемелер жұмыс істеп, оған 12917 оқушы тартылған болса, 2014 жылы мектептен тыс мекеме саны -9, тартылған оқушы саны - 13000. 2014 жылы 16 аула клубы жұмыс істеуде. 16 аула клубында жұмыс істейтін 23 түрлі үйірмелерге 2080 бала тартылған.

Ыстық тамақ. 2013 жылы мектептер саны -84, оның 3 кешкі мектеп. 81 мектептің 69 асхана, 12 буфет бар. Тұрмысы төмен отбасы балаларының 5275-і ыстық тамақпен қамтылған болса, 2014 жылы 128 мектептің 3 кешкі, 125 күндізгі мектеп. Онда - 91 асхана, 29 буфет бар. 5 мектепте асхана да, буфет те жоқ. Тұрмысы төмен отбасы балаларының 76100-і ыстық тамақпен қамтылған.

Балалардың әлеуметтік жағдайы. 2013 жылы білім мекемелерінде көп балалы отбасынан шыққан бала саны-10 273, аз қамтылған отбасынан – 3151, мүмкіндігі шектеулі бала-206, жартылай жетім бала -3821, оралман отбасынан-80. Қорғаншылықтағы бала саны-720, барлығы 18 251 бала. 2014 жылы көп балалы отбасынан шыққан бала саны- 5293, аз қамтылған отбасынан – 3317, мүмкіндігі шектеулі бала-585, жартылай жетім бала -3643, оралман отбасынан-67. Қорғаншылықтағы бала саны-298, барлығы 18426 бала.

Ал, 2013 жылы Шымкент қаласы бойынша 677 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындалса, 43 бала отбасыға патронаттық тәрбиеге берілген.



2014 жылы 759 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындалса, 37 бала отбасыға патронаттық тәрбиеге берілген.



Мектепке дейінгі білім беру.

2013 жылы мектепке дейінгі мекемелер саны – 205. Оның мемлекеттік-75, жекеменшік -98, мектеп жанындағы шағын орталықтар саны -32.

75 мемлекеттік балабақшада 25135 бала, 98 жекеменшік балабақшада 7714 бала және 32 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 2214 бала, барлығы 35063 бала тәрбиеленді.

2013 жылы мектепке дейінгі жастағы бала саны 124 775 –ке жетті. Оның 1-6 жастағы бала саны-94071, 3-6 жас аралығы 59419. 2012 жылмен салыстырғанда 1-6 жастағы бала саны – 6072, ал 3-6 жастағы бала саны – 3848-ге артып отыр.



2014 жылдың мамыр айында мектепке дейінгі мекеме саны 273-ке жетті. Оның, мемлекеттік-80, жекеменшік балабақша – 147, мектеп жанындағы шағын орталық-46.

80 мемлекеттік балабақшада қамтылған бала саны-25713, 147 жекеменшік балабақшада -13162, 46 мектеп жанындағы шағын орталықта-2823 бала қамтылған. Жалпы 41698 бала мектепке дейінгі мекемемен қамтылған. Оның ішінде “Балапан” бағдарламасы бойынша 37409 бала қамтылып, 69,7% құрап отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет