-
Осы Әдістеме Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына және “Шымкентцемент” АҚ-ның Жарғысына сәйкес әзірленген және онда “Шымкентцемент” АҚ (одан әрі – «Қоғам») орналастырған Қоғамның акцияларын сатып алу тәртібі және акцияларды шығару кезінде Қоғамның олардың құнын айқындауының әдістемесі белгіленеді.
-
Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуы осы Әдістеменің талаптарына сәйкес оларды кейін сату, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің құқықтарын тиісті түрде сақтау мақсатымен (Қоғамда акционерге тиесілі Қоғамның акцияларын сатып алу міндеттемесі пайда болған жағдайда) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның Жарғысына қайшы келмейтін басқа мақсаттарда жүзеге асырылады.
-
Қоғамның орналастырылған акцияларын Қазақстан Республикасының резидент емес акционерлерінен сатып алуы Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген талаптарды ескеріп Қазақстан Республикасының резидент емес акционерлері үшін қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады.
-
Қоғамның өзі шығарған акцияларын осы Әдістемеде қарастырылмаған негіздер бойынша сатып алуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және (немесе) сауда саттықты ұйымдастырушылардың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
-
Қоғамның сатып алған акциялары оның акционерлерінің Жалпы жиналысының кворумын айқындау кезінде ескерілмейді және онда дауыс беруге қатыспайды.
-
Қоғамның сатып алған орналастырылған акциялары бойынша дивиденд есептелмейді және төленбейді.
-
Осы Әдістеме Бағалы қағаздарды шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Акционерлер осы Әдістемемен Қоғамның атқарушы органының орналасқан жерінде таныса алады.
ІІ. ТАРАУ. ҚОҒАМНЫҢ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ -
Осы Әдістеменің күші Қоғамның өзі орналастырған акцияларын сатып алуының мына жағдайларына таралады:
-
Қоғамның бастамасы бойынша;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда акционердің талап етуі бойынша;
-
акционердің өтініші бойынша.
-
сот шешімі бойынша
-
Мақсатқа сай болуы шартымен, Қоғамның Бас директоры Қоғамның орналастырған акцияларын Қоғамның сатып алуы туралы шешім қабылдау жөніндегі өтінішпен Қоғамның Директорлар Кеңесіне жүгінуге құқылы. Бұл орайда Қоғамның Бас директорының өтінінішіне акцияларды сатып алу туралы ұсыныстар қоса берілуге тиіс, оларда:
-
Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуының мақсатқа лайықтығының негіздемесі мен мақсаты;
-
Қоғамның сатып алуына ұсынылып отырған Қоғамның орналастырған акцияларының саны мен түрі;
-
орналастырылған акцияларды сатып алудың бағасы немесе сатып алу бағасын айқындау әдісі;
-
сатып алудың басқа жағдайлары қамтылу керек.
-
Бас директордың өтінімімен келіскен жағдайда, Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуы туралы шешім қабылдауға құқылы.
-
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Әдістемеде көзделген жағдайларда Қоғам өзі орналастырған акцияларын сатып алуға құқылы емес.
-
Егер Қоғамның өзі орналастырған, сатып алатын акцияларының саны акцияларды сатып алу сату мәмілесі (мәмілелері) жасалғанға дейін олардың жалпы санының бір пайызынан асатын болса, Қоғам республикалық «Егемен Казакстан», «Казахстанская правда» газеттерінің бірінде немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялау арқылы өзінің акционерлеріне осындай сатып алатыны туралы хабарлауға міндетті.
-
Қоғамның өзі орналастырған акцияларын сатып алатыны туралы хабарландыруында оның сатып алатын акцияларының түрлері, саны, оларды сатып алу бағасы, жағдайлары, Қоғамның сатып алатын акцияларын сатуға өтінімдерді қабылдау мерзімі мен акцияларды сатып алудың жүзеге асырылатын мерзімі және Қоғамның оларды сатып алудан бас тартуына негіз беретін оның аяқталуы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
-
Қоғам белгіленген мерзімде акцияларды сатуға өтінім берген және акцияларды сатуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейінгі күнгі 00:00 сағаттағы жағдай бойынша осындай сипатта болған акционерлердің ғана акцияларын сатып алады.
-
Егер Қоғамның орналастырылған акцияларын сатуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, акционерлердің мәлім еткен акцияларының саны Қоғамның сатып алуына жарияланған акциялардың санынан асатын болса, бұл акциялар акционерлерге тиесілі акциялардың санына бара бар, Қоғамның есептеп шығаратын бара бар коэффициентінің негізінде акционерлерден сатып алынады.
-
Қоғамның орналастырылған сатып алатын акцияларының саны орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс, ал орналастырылған акцияларды сатып алу шығыстары Қоғамның өз капиталы мөлшерінің он пайызынан аспауға:
-
Орналастырылған акциялар акционерлердің талап етуі бойынша сатып алынатын жағдайда – Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында акционерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша өзіне тиесілі Қоғамның акцияларының сатып алынуын талап етуге құқық беретін бір немесе бірнеше шешім қабылданған күндегі жағдай бойынша;
-
Орналастырылған акциялар Қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын жағдайда – Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылданған жағдай бойынша.
-
Қоғамның сатып алатын акцияларының саны және акцияларды сатып алуға бөлетін қаражаты осы Әдістеменің 18 тармағының 1) – 2) тармақшаларында көрсетілген шарттардың ең азынан аспауға тиіс.
-
Қоғамның акцияларын оның акционерлерінен сатып алу кезінде негізге алынатын Бара бар коэффициенті мына жолмен есептеледі:
-
К = Q / Tq, мұндағы:
К – бара бар коэффициенті;
Q – Қоғамның шығаруына жарияланған акциялардың жалпы саны;
Tq – сатып алуға мәлімделген Қоғамның сатуға мәлімделген орналастырылған акцияларының жалпы саны.
-
Қоғамның акционерден сатып алатын акцияларының түпкі саны акционердің сатып алуға мәлімдеген акцияларын бара бар коэффициентіне көбейту жолымен есептеп шығарылады. Егер жоғарыда сипатталған есептеуді қолданудың нәтижесінде Қоғамның акционерден сатып алатын акцияларының саны акциялардың толық санына тең болмаса, онда Қоғамның осындай акционерден сатып алатын акцияларының саны кем не артық жағына қарай жинақталады.
-
Қоғамның өзі орналастырған акцияларды сатып алуы Қоғамның акционердің жеке басын, оның әрекет қабілеттілігін, оған меншік құқығымен тиесілі Қоғамның акцияларының санын куәландырып, тараптар Акцияларды сатып алу сату шартына және акцияларды шығару/есепке жатқызу туралы бұйрықтарға қол қойғаннан кейін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен акцияларды сатып алу сату мәмілесін тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.
-
Акцияларды шығару/есепке жатқызу туралы бұйрықтар (одан әрі – Бұйрықтар) Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде акцияларға меншік құқығын акционердің жеке шотынан Қоғамның сатып алынған бағалы қағаздарының шотына қайта тіркеу үшін негіз болады.
-
Бұйрықтар бір дана, Сатып алу сату шарттары – екі дана (бірі Қоғамға беріліп, екіншісі акционерде қалады) етіп жасалады. Қоғамның тарапынан қол қойылған бұйрықтар Тіркеушіге беріледі.
-
Бұйрықтарды қабылдайтын Тіркеушінің маманы құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді және оларды Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі деректермен салыстырады.
-
Егер құжаттардағы деректемелер Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі деректемелерге сәйкес келмесе, акционер деректемелерді өзгерту туралы бұйрықтарын шығарады.
-
Акцияларды сатып алу сату шартында сатып алынатын акциялар үшін төлем ретінде ақша аудару үшін акционердің (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның) банктік деректемелері туралы мәліметтер немесе сатып алынатын акциялар үшін төлем ретінде акционерлер қолма қол ақша ала алатын орын туралы мәліметтер (жеке тұлғалар болып табылатын акционерлер үшін), нақты тұратын жері және байланыс телефоны міндетті түрде қамтылуға тиіс.
-
Осы Әдістеменің 23 тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеу Қоғамның офисінде немесе тіркеушісінде жүзеге асырылады.
-
Қоғамның өзі орналастырған акцияларын сатып алуы жөніндегі құжаттарды ресімдеу кезінде өздерінің акцияларын сатқысы келетін акционерлерден жеке басын куәландыратын мерзімі өтіп кеткен жарамсыз құжаттар, уақытша берілген жеке бас куәліктері, сондай ақ ескі үлгідегі төлқұжаттар қабылданбайды.
-
Акцияларды сатып алу бойынша акционермен түпкілікті есеп айырысу Акцияларды сатып алу сату шартында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
ІІІ. ТАРАУ. ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН АКЦИЯЛАРДЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША САТЫП АЛУ -
Егер Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында және Қоғамның Жарғысында басқасы белгіленбесе, Қоғам өзі орналастырған акцияларды Қоғамның Директорлар Кеңесінің шығарған шешімінің негізінде акционердің келісімімен өзінің бастамасы бойынша сатып алуға құқылы.
-
Мына жағдайларда Қоғам өзінің орналастырған акцияларын сатып алуға құқылы емес:
-
- егер тиісті акциялар орналастырудың нәтижелері туралы есебі Уәкілетті органда әлі бекітілмеген шығарылымның акциялары болса, онда осы акцияларды орналастырудың нәтижелері туралы есебі бекітілгенге дейін;
-
- егер акцияларды сатып алудың нәтижесінде Қоғамның өз капиталының мөлшері Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында белгіленген ең аз жарғылық капиталдың мөлшерінен кем болса;
-
- егер сатып алу күнінде Қоғам ҚР банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілеріне сай келсе немесе Қоғамның аталған белгілері сатып алуға талап етілетін не ұсынылатын барлық акцияларды сатып алғаннан кейін пайда болса;
-
- егер сот немесе Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысы Қоғамды тарату туралы шешім қабылдаса;
-
- акционерлердің бірінші Жалпы жиналысы өткізілгенге дейін;
-
- ҚР қолданыстағы заңнамасында немесе Қоғамның Жарғысында көзделген басқа жағдайларда.
-
Егер Қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын оның орналастырған акцияларының саны олардың жалпы санының бір пайызынан астам болса, онда акцияларды сатып алу сату мәмілесін жасамас бұрын ол өзінің акционерлеріне осындай сатып алатыны туралы хабарлауға және кейін орналастырған акцияларын осы Әдістеменің 2 тарауында белгіленген тәртіппен сатып алуға тиіс.
-
Қоғамның Директорлар Кеңесінің орналастырылған акцияларды сатып алу туралы шешімінде сатып алынатын акциялардың түрі, саны, бағасы, оларды сатып алу шарттары, сатып алуға өтініштердің қабылданатын мерзімі, акцияларды сатып алудың жүзеге асырылатын мерзімі және Қоғам оларды сатып алудан бас тартуға құқылы болатын оның аяқталуы көрсетілуге тиіс.
-
Қоғамның орналастырған акцияларын сатып алуға өтініштер қабылданатын мерзім өткеннен кейін, Қоғамның жауапты қызметкерлері акционерлердің сатып алуға мәлімдеген Қоғамның акцияларының санын Қоғамның сатып алуға жариялаған акцияларының санымен салыстырып, бара бар коэффициентін есептеп шығарады (қажет болғанда).
-
Акцияларды Қоғамның сатып алған бағалы қағаздары есебіне жатқызу туралы акционерлердің тізілімінен жасалған үзінді жазбаның негізінде Қоғамның жауапты қызметкері ақша аудару үшін Қоғамның бухгалтериясына Өкімді (одан әрі Өкім) дайындап, онда акционердің толық атауы немесе аты жөні, оның жеке басын куәландыратын құжаты, СТН және ақшаны есепке жатқызу үшін банктік деректемелері көрсетіледі. Сонымен қатар Банктің жауапты қызметкері Өкімге қоса Акцияларды сатып алу сату шарттарының түпнұсқаларын береді.
-
Бухгалтерия Өкімде көрсетілген деректерді Акцияларды сатып алу сату шартында көрсетілген мәліметтермен тағы да салыстырып, акционердің Акцияларды сатып алу сату шартында көрсеткен деректемелеріне ақшаны аударады.
-
Акцияларын сатып, сомаларын ұзақ уақыт бойы сұрамаған тұлғалардың сомалары, сұрағанға дейін олардың ағымдағы/жинақ шотында қалады.
-
Директорлар Кеңесі сатып алған акцияларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қоғамның Жарғысына қайшы келмейтін кез келген тәсілмен іске асыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
-
Қоғам өзінің шығарған акцияларын сатып алуды жүзеге асыратын мерзім өткеннен кейін, Тіркеуші Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімін жүргізу жүйесінен түпкі Үзінді көшірмені жасайды.
IV. ТАРАУ. АКЦИЯЛАРДЫ АКЦИОНЕРДІҢ ТАЛАП ЕТУІ БОЙЫНША САТЫП АЛУ
-
Қоғамның өзі шығарған акцияларын акционердің талап етуі бойынша сатып алуының тәртібі. Қоғам орналастырылған акцияларын акционердің талап етуі бойынша сатып алуды өз акционерінің талап етуі бойынша жүзеге асырады, бұл талап оған мына жағдайларда берілуі мүмкін:
-
Қоғамның акционерлерінің Жалпы жиналысы Қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаса (егер акционер Қоғамды қайта ұйымдастыру мәселесі қарастырылған акционерлердің Жалпы жиналысына қатысса және оған қарсы дауыс берген болса);
-
егер акционер ірі мәміле жасасу туралы шешіммен және (немесе) Қоғамның жасауына мүддесі бар мәмілені жасасу туралы шешіммен келіспесе;
-
акционерлердің Жалпы жиналысы Қоғамның жарғысына осы акционерге тиесілі акциялар бойынша құқықтарды шектейтін өзгерістер мен толтықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаса (егер акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің Жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол бұл жиналысқа қатысса және аталған шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе).
-
Осы Әдістеменің 41 тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер болған жағдайда акционерлердің Жалпы жиналысында немесе Директорлар Кеңесінде тиісті шешім қабылданған күннен бастап отыз күннің ішінде акционер Қоғамға жазбаша өтініш жіберу жолымен өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы талап қоюға құқылы.
-
Акционердің өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы өтінішінде сатып алу туралы нақты әрі бір мағыналы талап, акционердің сатып алуға ұсынатын акциялардың саны мен түрі, сондай ақ акционердің мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілуге тиіс.
-
Акционердің өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы өтініші Қоғамның ресми орналасқан жерінің мекен жайы бойынша оның Бас офисіне жіберілуге тиіс.
-
Аталған өтінішті алғаннан кейін отыз күннің ішінде Қоғам акционердің акцияларын сатып алуға міндетті.
-
Қоғамның Директорлар Кеңесі акционердің акцияларды сатып алу туралы талабын Қоғам акционердің өтінішін алған күннен кейін 20 күнтізбелік күннің ішінде қарауға тиіс.
-
Осы Әдістеменің 41 тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер болмаған жағдайда, сондай ақ заңнамада белгіленген және Қоғамның өзі орналастырған акцияларын сатып алуына тыйым салатын басқа жағдайларда Қоғамның Директорлар Кеңесі акционердің акцияларын сатып алудан бас тартуға құқылы, бұл жағдайда Қоғамның Директорлар Кеңесі тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде акционерге акцияларды сатып алудан бас тартылғаны және бас тартудың себептері көрсетілген құлақтандыруды жіберуге тиіс.
-
Қоғамның Директорлар Кеңесі акцияларды сатып алу туралы шешім қабылдаған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде акцияларын сатып алу туралы өтініш берген акционерге Қоғамның Директорлар Кеңесінің оған тиесілі акцияларын Қоғамның сатып алатыны туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама, акцияларды сатып алу сату мәмілесін ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі, сондай ақ акционердің тұратын жеріне ең жақын орналасқан Қоғамның аймақтық филиалының немесе акционер жүгінуге құқылы болатын есеп айырысу касса бөлімінің мекен жайы мен телефондарының нөмірлері қамтылған құлақтандыру жіберіледі.
-
Қоғамның акцияларды сатып алуы осы Әдістеменің 2 және 3 тарауларының 24 – 32 тармақтарында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріліп жүзеге асырылады.
V. ТАРАУ. АКЦИЯЛАРДЫ АКЦИОНЕРДІҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША САТЫП АЛУ
-
Қоғамның орналастырылған акцияларын акционердің өтініші бойынша сатып алуының тәртібі, бұған Қоғамның акцияларды өзінің бастамасымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда акционердің талап етуі бойынша сатып алу жағдайлары жатпайды.
-
Өзіне тиесілі Қоғамның акцияларын сатқысы келетін Қоғамның акционері өзіне тиесілі акцияларын Қоғамның сатып алуы туралы өтініш беруге құқылы.
-
Акционердің өзіне тиесілі акцияларын Қоғамның сатып алуы туралы өтініші жазбаша нысанда жазылуға тиіс және онда акцияларды сатып алу сату мәмілесін жасау туралы нақты әрі бір мағыналы ұсыныс болуға, акционердің сатуға ұсынатын акцияларының саны, сатудың ұсынылатын бағасы және мәміленің басқа да елеулі шарттары, сондай ақ акционердің мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілуге тиіс.
-
Акционер өзіне тиесілі акцияларын сатып алу туралы өтінішін Қоғамның Бас офисіне жіберуге тиіс.
-
Акционердің ұсынып отырған акцияларын сатып алу туралы өтінішін Директорлар Кеңесі акционердің өтініш берген күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға тиіс. Акционердің Қоғамға өтініш беруген күні Қоғамның Бас офисі кеңсесінде акционердің өтініші тіркелген күн болып табылады.
-
Қоғамның Директорлар Кеңесі акционердің өтінішінде көрсетілген акцияларды сатып алумен/мәміленің шарттарымен келіспеген жағдайда, Қоғамның Директорлар Кеңесі акционердің ұсынып отырған акцияларын сатып алудан бас тартуға немесе мәміленің шарттары бойынша келісімге келу үшін Қоғамның Басқармасына акционермен келіссөз жүргізуді тапсыруға құқылы.
-
Сатып алудың шарттары бойыша келісімге келу үшін Қоғамның Басқармасы акционермен келіссөз жүргізетін жағдайда, Қоғамның Директорлар Кеңесі акцияларды сатып алу немесе сатып алудан бас тарту туралы түпкілікті шешімді Қоғамның Бас директорынан Қоғамның акционермен келіссөз жүргізуінің нәтижесі туралы ақпаратты алған күннен бастап он бес күннің ішінде қабылдайды.
-
Қоғамның Директорлар Кеңесі акцияларды сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, өзіне тиесілі акцияларды сатып алуға ұсынған акционерге құлақтандыру жіберіледі, онда Қоғамның Директорлар Кеңесінің оның акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама, сатып алудың бағасы, акцияларды сатып алу сату мәмілесін ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі, сондай ақ акционер Қоғамның акцияларын сату ниетін қанағаттандыру ниетімен жүгіне алатын орындардың мекен жайлары мен телефондарының нөмірлері, сондай ақ сатып алу сату шартын жасау үшін акционер келуге тиіс болатын мерзім және Қоғам акцияларды сатып алудан бас тартуға құқылы болатын оның аяқталу күні көрсетілуге тиіс.
VI. ТАРАУ. АКЦИЯЛАРДЫ АКЦИОНЕРДІҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША САТЫП АЛУ БАҒАСЫН АЙҚЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
-
Акцияларды акционердің өтініші бойынша сатып алу бағасын айқындау әдістемесі мына төмендегідей сатылармен жүргізіледі:
-
Сатып алудың өткізілетін күні айқындалады.
-
Сатып алу өткізілетін күннің алдындағы айдың соңғы күніндегі Қоғамның активтерінің баланстық құны (A) айқындалады.
-
Сатып алу өткізілетін күннің алдындағы айдың соңғы күніндегі Қоғамның міндеттемелерінің жалпы құны (О) айқындалады.
-
Қоғамның өз капиталының бағалау құны (К) Қоғамның активтерінің баланстық құнының (A) және Қоғамның міндеттемелерінің жалпы құнының (О) айырмасы ретінде айқындалады:
K = А – О
-
Қоғамның акциясының құны (P) Қоғамның өз капиталының бағалау құны (K) мен орналастырылған акциялары санының (n) (сатып алынған акциялардың шегерімімен), бөліндісінің мәні ретінде айқындалады:
P = K / n
-
Акциялардың құнын акционердің талап етуі бойынша есептеу әдістемесі акциялардың құнын компанияның бастамасы бойынша есептеу әдістемесіне ұқсас.
-
Акцияларды акционердің өтініші бойынша сатып алу. Қоғамның шығарылған акцияларын акционердің өтініші бойынша сатып алуының бағасы тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленеді.
VII. ТАРАУ. АКЦИЯЛАРДЫ СОТТЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША САТЫП АЛУ
-
Шығарылған акцияларды соттың шешімі бойынша сатып алудың тәртібі
-
Заңды күшіне енген соттың шешімі болған жағдайда, қоғамның Директорлар Кеңесі егер соттың шешімінде басқа мерзім көрсетілмесе, соттың шешімі Қоғамға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қоғамның акционеріне тиесілі акцияларды сатып алу туралы шешім қабылдауға міндетті. Соттың шешімі Қоғамға келіп түскен күн соттың шешімі тіркелген күн болып табылады.
-
Соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін Қоғамға келіп түскен жағдайда, қоғамның Директорлар Кеңесінің акцияларды сатып алуы үшін он бес күн мерзімі соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап есептеледі.
-
Директорлар Кеңесі акцияларды сатып алу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінің ішінде акционерге қоғамның Директорлар кеңесінің Қоғамның оның акцияларын сатып алуы туралы шешім қабылдағаны туралы хабарландыру, сатып алудың бағасы, акцияларды сатып алу сату мәмілесін ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қамтылған құлақтандыру жіберіледі.
-
Соттың шешімі бойынша Қоғамның акцияларды сатып алуының тәртібі акционердің өтініші бойынша акцияларды сатып алу тәртібін регламенттейтін осы Әдістеменің 5 тарауының нормаларымен реттеледі.
-
Акцияларды сатып алу бағасын айқындау әдістемесі
-
Егер соттың шешімінде басқасы айқындалмаса, қоғамның шығарылған акцияларын соттың шешімінің негізінде сатып алуының бағасы тараптардың уағдаластығы бойынша белгіленеді. Қоғамның Директорлар Кеңесі қоғамның басшылығына қоғамның шығарылған акцияларын сатып алуының бағасы бойынша келісімге келу үшін акционермен келіссөз жүргізуді тапсыруға құқылы.
-
Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуының бағасын айқындау кезінде Қоғам қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады, сондай ақ қоғамның өз капиталының мөлшерін, қоғамның даму жоспарына, заңнама талаптарына және бағалы қағаздардың бағасын айқындауға әсер ететін басқа факторларға сәйкес оның келешек өзгеруін ескереді. Акцияларды сот шешімі бойынша есептеу әдісі компания ынтасымен есептеу әдісіне барабар.
VIII. ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР -
Осы Әдістеме Акционерлердің Жалпы Жиналысы бекіткен күннен бастап күшіне енеді.
-
Егер Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қоғамның Жарғысының өзгеруі нәтижесінде осы Әдістеменің жеке баптары оларға қайшы келетін болса, Әдістеме қолданыстағы заңнамаға және Қоғамның Жарғысына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Қоғамның Бас директоры
____________________
Энтони Кеннет Макли мырза
М.о.
Қоғамның Бас бухгалтері
___________________
Тажибаева Гаухар ханым
Достарыңызбен бөлісу: |