Шын мәнінде солай ма? Әрине олай емес



Дата19.03.2024
өлшемі15.09 Kb.
#496085
түріБағдарламасы
Солай ма


Шын мәнінде солай ма?
Әрине олай емес. 6В022 – «Түркітану» мамандығының білім бағдарламасында оқытылатын пәндердің 40 пайзын жалпы білім беруші пәндер құрайды. Москва мемелекеттік университетінің білім бағдарламасын қарасақ, мұнда тек 12-15 пайызын ғана ООД құрайтынын көреміз.

Ағылшын тілінде lifelong learning деп аталатын үздіксіз білім беру жүйесі әлемдік тәжірибеде көптен қалыптасқан жүйе және оның мазмұны жалпы қазақстандық аудиторияға да таңсық емес. Үздіксіз білім беру соңғы жылдары отандық педагогиканың негізгі бағытына айналғаны жасырын емес. Мұның негізгі кезеңі балабақшадан басталып, одан кейін орта мектепте, мектептен кейін колледж немесе жоғары оқу орнында жалғасады. Жоғары оқу орнынан кейін магистратура және одан кейін докторантура мен аспирантура, ал оны бітіргеннен кейін түрлі салаларда қалыптасқан біліктілікті арттыру курстары немес қайта даярлау дәрістері болып жалғаса береді.


2021 жылғы 8 шілдеде «Өмір бойы оқу (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 471 қаулысы жарияланды. Қазақстанда үздіксіз білім беру жүйесінің бірнеше принципі бар. Олардың ішінде барлық категориядағы ел азаматтарына олардың жасына, жынысына қарамастан білім алудың барынша қолжетімді болуы, әр түрлі деңгейдегі білім беру салаларының бір-бірімен жалғасқан түрде әзірленуі, азаматтардың қажеттіліктеріне сай қашықтықтан білім алу, онлайн дәрістер т.б. қамтамасыз ету, білм беру мекемелеріндегі оқу бағдарламаларының заманауи еңбек нарығының сұранысына, әлемдік стандарттарға сай келуі сияқты басымдықтар бар.

Қазақстанда білім беру жүйесінде шешімін толық таппаған өзекті мәселелер жетерлік. Бұл сарапшылар тарапынан да жиі көтеріліп, айтылып келеді. Біріншіден ел азаматтары арасында дипломның емес білімнің культін қалыптастыру қажет. Қазір мектеп бітірген көп жасты қандай мамандықтың болашағы жарқы екендігі емес, қандай мамандық бойынша мемлекеттік грантты ұтып алуға болатыны, диплом алып шығуға мүмкіндік беретін сала қызықтырады. Бұл сапасыз кадрлардың, өзі білім алған сала бойынша еңбек етпейтін азаматтардың көбеюіне жағдай жасауда. Сондай-ақ, азаматтардың арасында жоғары оқу орнын бітірмей еңбек ету қиын деген түсінік қалыптасып, сырттай немесе күндізгі формада білім алса да жаппай диплом алуға ұмтылу кең таралған. Бұл өз кезегінде білімнің емес дипломның культ ретінде қалыптасуына жол ашады.


➢ Әр университеттің өз стандарты болады.Жалпы кредит көлемі: 120-180 кредит
МЫСАЛ: Чикагодағы Иллинойс университеті -Сәулет ғылымының бакалавры – 122 кредитке құрылған. Мұндағы міндетті пәндер – 92 кредит (математика,Академиялық жазу, өнер тарихы курсы,Архитектуралық студия, сәулет теориясы,Статистика, заманауи тәжірибе және т.б. Элективті пәндер – 27 кредит
Қосымша таңдау пәндері – 2-3 кредит
Бірінші курс студенттеріне арналған диалогтық семинар – 1 кредит

Заман талабына сай білім беру тәсілдерінің икемділігі, заман талабына сай өзгеріске ұшырап отыруы да маңызды. Осы мақсатта жан-жақты емес, нақты бір саланы бүге-шігесіне дейін жетік білетін маман дайындайтын жүйе қалыптастыру аса маңызды. Осы күнге дейінгі білім бағдарламаларында қосалқы пәндердің (орыс және ағылшын тілдерін оқыту, философия, саясаттану тб) алғашқы курстар бойынша негізгі мамандықпен қоса оқытылуы жалғасып келеді. Негізі мұндай пәндер орта білім деңгейінде базалық деңгейде оқытылса, жоғары оқу орнында өзінің маманданған саласына қатысты пәндердің көбірек енгізілгені студенттің кәсіби маман ретінде жетілуіне септігін тигізер еді. Өйткені жоғары оқу орнының алғашқы курстарында оқыған қосалқы қоғамдық пәндер оның жалпы танымын арттырғанымен, маман ретінде жетілуіне пайдасы шамалы.

ГОСО бойынша «ЖБП (ООД) циклінің көлемі жалпы көлемнің 23%-дан аспайды, яғни жоғары білімнің білім беру бағдарламасы немесе 56 академиялықнесиелер. Оның ішінде 51 академиялық кредит пәндерге бөлінгенміндетті компонент: Қазақстанның жаңа тарихы, философия,қазақ (орыс) тілі, шет тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде), дене шынықтыру,Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану,мәдениеттану, психология)»-деп көрсетілген. Ал БП (БД) циклі жалпы білім беру көлемінің кемінде 47%-ын құрайды . Яғни жоғары білімнің білім беру бағдарламасы немесе кемінде 112академиялық кредитті алады. КП (ПД) циклі жалпы көлемнің кемінде 25%-ын құрап, 60академиялық кредитті қамтиды. Қорытынды аттестаттау 12%-ды қрайды, сонымен жалпы саны-240 кредит шығады.


Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет