Қазақстан Республикасы азаматтарының
шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың
арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына
отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру
үшін шақыруларын қарау және куәландыру
Ережесін бекіту туралы
2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру Ережесі бекітілсін.
-
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) заңда белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік басылымындарда және «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық республикалық орталығы» шаруашылық басқару құқығы бар республикалық мемелекеттік кәсіпорынының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. осы бұйрықтың орындалуын бақылау міндеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
қорғау министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
қорғау министрінің
____________ № __________
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру
үшін шақыруларын қарау және куәландыру
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландырудың осы Ережесі 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ол Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландырудың тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеге сәйкес негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарайды және куәландырады.
3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) туыстар – үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;
2) өтініш беруші – шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін өтініш белдіретін Қазақстан Республикасының азаматы;
3) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
-
Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыруларын қарау мен куәландырудың тәртібі мен мерзімі
4. Өтініш беруші шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін осы Ереженің қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Өтінішке:
1) Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес шақыру;
2) шақырылып отырған туыстарының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері қоса тіркеледі.
5. Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің шақыртуын куәландырады. Шақыру жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғасының аты-жөні, әкесінің аты, қызметі көрсетілген және оның қолымен мөртаңба белгісі қойылған 1 данада куәландырылады.
6. Бас тарту негізі болып осы Ереженің 4 тармағында көзделген құжаттардың болмауы болып табылады.
Қазақстан Республикасы
азаматтарының шетелдерде тұратын
этникалық қазақтардың арасынан
туыстарын Қазақстан Республикасына
отбасын біріктіру мақсатында
қоныстандыру үшін шақыруларын
қарау және куәландыру
Ережесінің 1-қосымшасы
_______________
(кімге)
________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
_______________
(кімнен)
ӨТІНІШ
Шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін менің шақыруымды қарауды және куәландыруды сұраймын.
Өтінішке:
-
шақыру;
-
шақырылып отырған туыстарының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері қоса тіркеледі.
___________________ ______________________
(қолы) (күні, айы, жылы)
Қазақстан Республикасы
азаматтарының шетелдерде тұратын
этникалық қазақтардың арасынан
туыстарын Қазақстан Республикасына
отбасын біріктіру мақсатында
қоныстандыру үшін шақыруларын
қарау және куәландыру
Ережесінің 2-қосымшасы
_______________
(кімге)
________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
_______________
(кімнен)
ШАҚЫРУ
_____________________________________________________________
(қаланың немесе ауданның атауы, өтініш берілген күннің мерзімі)
Қазіргі уақытта тұратын ________________________________________
(мемлекеттің/елдің атауы)
__________________________________________ _____ (жазумен) адамнан
(аты-жөні, әкесінің аты)
тұратын отбасы мүшелерімен қоса менің осы шақыруымды қарауыңызды және куәландыруыңызды сұраймын.
Аты-жөні, әкесінің аты
|
Туыстық дәрежесі
|
Азаматтығы
|
Туылған күні
|
Тұрғылықты жерінің мекен-жайы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасына көшіп келген жағдайда оларды тұрғын үймен, тамақпен, медициналық қызмет көрсетумен және басқа да арнайы жағдайлармен қамтамасыз етуге міндеттенемін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болудың белгіленген ережелерін сақтауы үшін жауапкершілік жүктеймін.
________________________
(қолы)
«Куәландырылды»
Уәкілетті
органның басшысы _______ _______________________________
(қолы) (аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
________________________________________
(мөртаңба орыны)
Достарыңызбен бөлісу: |