«Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды шешендік өнер сайысы Мақсаты, міндеттері



Дата29.09.2023
өлшемі19.12 Kb.
#479214
«Бала би» интеллектуалды шешендік өнер сайысы



«Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды шешендік өнер сайысы

Мақсаты, міндеттері:

  1. Қатысушылардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру.

  2. Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

  3. Білімдерін жоғарылату.

  4. Тез шешім қабылдауға бейімдеу.

  5. Ел алдында жасқанбай өз ойын жеткізуге үйрету.

  6. Дарынды шешендерді марапаттау.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер! «Жас Ұлан» ұйымы ұйымдастырып отырған «Бала би» интеллектуалды шешендік өнер сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 9-10 сынып оқушылары қатысқалы отыр. Сайыс кезеңдеріне келетін болсақ:
1-бөлім: Сәлем – сөздің атасы (Бұнда сайыскерлеріміз өздерін таныстырады).
2-бөлім: Ұлылар сөзі (Бұл бөлімде қазақтың ұлы би-шешендердің, жыраулардың жыр-толғаулары беріледі. Қатысушылар сол толғаулардың авторларын атаулары тиіс).
3-бөлім: Көрініс көрсету (Бұл бөлімде сайыскерлер шешендік сөздерден көрініс көрсетеді).
4-бөлім: Ұшқыр ой (Бұл бөлімде сайыскерлерге негізгі тақырып және қосалқы тақырып ұсынылады. Қосалқы тақырып бойынша сайыскерлер мәселені шешу жолдарын ұсынады, талдайды, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдейді. Қосалқы тақырыпқа байланысты берген жауабы, дәлелдері, ойын жеткізе алуы, тапқырлығы бағаланады).
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін билерімізді сайлап алсақ.
1.
2.
3.
Билер әр бөлім бойынша бағалап, қорытындысында жалпы ұпайларды айтарсыздар.
Жүргізуші: Ендеше сайыс ережелерімен таныс болсақ, сайысымызды бастайық. Сайысымызды бірінші болып бастайтын 9-сынып оқушылары. Ендеше сөз кезегі сіздерде. Келесі 10-сынып оқушылары.
Жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ұлылар сөзі» деп аталады. Бұнда сіздерге би-шешендердің, жыраулардың жыр-толғауларынан үзінділер беріледі. Сол үзінділердің авторларын атауларыңыз керек. Әр топқа 5 сұрақ қойылады.

  1. Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы. Төле би

  1. Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар...
Әйтеке би

  1. Ей, Қатағанның хан Тұрсын,

Опасызға лағінет болсын.
Кінәсіз халықты жылатқан,
Жер Тәңірі сияқтысың...
Марғасқа жырау

  1. Таза, мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады...
Асан Қайғы

  1. ...Еңсесі биік боз орда,

Еңкейе кірер күн қайда?
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?
Доспамбет жырау
Жүргізуші: Ендігі кезек 10-сынып оқушыларында.

  1. Күндердің күні, Абылай,

Жаяулап келер жұртыңа.
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа...
Бұқар жырау

  1. Күлдір де күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екеміз.
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз!
Ақтамберді жырау

  1. Еңсегей бойлы ер Есім,

Есім сені есірткен,
Есіл де менің кеңесім...
Жиембет жырау

  1. Менің атым – Байғыз қарт,

Көзге түсер сиқым жоқ.
Орынсыз күлер күлкім жоқ.
Есепсіз ұйықтар ұқым жоқ.
Дулат Бабатайұлы

  1. Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшірерсің. Қазыбек би
Жүргізуші: Үшінші бөлімде әр топ шешендік сөздерден көрініс көрсетеді. Ендеше сайыскерлердің көрінісін тамашалайық.
Жүргізуші: Соңғы бөліміміз төртінші бөлім «Ұшқыр ойға» да келіп жеттік. Бұл бөлімде сайыскерлерге негізгі тақырып және қосалқы тақырып ұсынылады. Қосалқы тақырып бойынша сайыскерлер мәселені шешу жолдарын ұсынады, талдайды, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдейді. Ендеше негізгі тақырыбымыз «Балалар арасындағы қылмыс», қосалқы тақырып «Балалар қылмысын алдын-алу шаралары». Өз ойларыңыз бен дәлелдеріңізді келтіріп, оқуларыңыз сұралады. 7 минуттай уақыт беріледі.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегі билерге беріледі.
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет